POLISIA.KZ » публикация №17406
🛡️ Қарағандыдағы кибер-күзетші: робот-ит қоғамдық қауіпсіздікті күзетуде Қарағанды қаласында қоғамдық орындарды патрульдеу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында қолданылатын робот-ит пилоттық режимде сынақтан өткізілуде. Заманауи құрылғы бейнебақылау және бейнеталдау жүйелерімен жабдықталған. Атап айтқанда, ол тұлғаларды тану, іздеуде жүрген және хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды анықтау үшін ақпараттық дерекқорлар бойынша тексеру жүргізу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар кешен автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тіркеп, алынған ақпаратты операторларға жібере алады. Тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істеу үшін робот шаммен, жарық сигналдарымен және дауыс зорайтқышпен жабдықталған. Сондай-ақ ол патрульдеу аумағында әртүрлі жылдамдық режимдерінде қозғала алады. Сынақ жұмыстары Қарағанды қаласының Орталық саябағында өткізілді және қала тұрғындарының қызығушылығын тудырды. Тестілеу кезеңінің қорытындысы бойынша технологияның тиімділігі мен оны одан әрі қолдану мүмкіндігі бағаланады. *** 🛡️ Кибер-страж в Караганде: роботизированный комплекс помогает обеспечивать безопасность В Караганде в пилотном режиме тестируется роботизированный комплекс робот-собака, который используется для патрулирования общественных пространств и помощи полиции в обеспечении правопорядка. Устройство оснащено системами видеомониторинга и видеоаналитики, включая распознавание лиц и проверку данных по информационным базам для выявления разыскиваемых и пропавших граждан. Также комплекс способен фиксировать государственные номерные знаки автомобилей и передавать информацию операторам. Для работы в любое время суток робот оборудован фонарем, световыми сигналами и громкоговорителем. Он может передвигаться по территории патрулирования в разных скоростных режимах. Испытания прошли в Центральном парке Караганды и вызвали интерес у жителей города. По итогам тестового периода будет оценена эффективность технологии и возможность ее дальнейшего использования. 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























