ТРК Президента » публикация №12366
🇰🇿🇲🇪 Қазақстан мен Черногория Президенттерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөзі өтті 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді. 🔹Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді. 🔹Осы орайда Президент елордамызда Черногорияның дипломатиялық миссиясын ашу, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды күшейту жөніндегі қарымта қадамдардың маңызын атап өтті. @ptrkkz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























