UKIMET » публикация №24520
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды. Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады. ➖ На заседании Проектного офиса внедрения нового Налогового кодекса под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрена одна из наиболее обсуждаемых норм нового Налогового кодекса – порядок применения льготы по НДС в отношении сельскохозяйственной продукции, продукции рыбоводства и промыслового рыболовства, использованных в целях облагаемого оборота по нулевой ставке. Речь идет о норме статьи 484 Налогового кодекса, предусматривающей уменьшение на 80% суммы НДС, относимого в зачет по такой продукции при экспорте. В ходе обсуждения с отраслевыми ассоциациями, сельхозтоваропроизводителями и экспортерами было отмечено, что сохранение возможности полного возмещения НДС по экспортным поставкам станет дополнительной мерой поддержки отечественных аграриев и позволит сохранить конкурентоспособность казахстанской продукции на внешних рынках. По итогам заседания Проектного офиса принято решение, что для экспортеров сельхозпродукции не будет применяться корректировка суммы НДС, относимого в зачет. То есть данная норма статьи 484 Налогового кодекса будет отменена. Обоснованность требований на возврат НДС будет подтверждаться налоговой проверкой с применением так называемого «методапирамиды», который позволяет проследить всю цепочку движения товара и уплаты налога – от сельхозпроизводителя до экспортера. При положительных результатах такой проверки экспортер сможет получить возврат ранее уплаченного НДС в полном объеме. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























