🇰🇬 21-27 маусым аралығында Бурабай курорттық аймағында өтетін «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің командалары қатысады. Аталған халықаралық іс-шарада Кеңес Одағының Батыры Дайыр Асанов атындағы қырғыз ұлттық әскери лицейінің тәрбиеленушілері де бақ сынамақ. Бауырлас елдің жас патриоттары халықаралық жиынға қатысушыларға сәттілік, әділ бәсеке және жарқын жеңістер тілейді. 🇰🇬 На международный военно-патриотический молодежный сбор «Айбын-2026», который пройдет в Щучинске с 21 по 27 июня, съедутся команды из Азербайджана, Беларуси, Кыргызстана, России и Узбекистана. Воспитанники Кыргызского национального военного лицея имени Героя Советского Союза Даира Асанова пожелали своим сверстникам удачи, честной борьбы, новых друзей и ярких побед. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🔹 Қазақстан мен Таиланд экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады 🔸 Казахстан и Таиланд обсудили новые возможности экономического сотрудничества 🔹 Kazakhstan and Thailand Discussed New Opportunities for Economic Cooperation @PressMFAKZ
🇰🇿🇲🇪Черногория Президенті Яков Милатовичті ресми қарсы алу рәсімі 📍Тәуелсіздік сарайы **** 🇰🇿🇲🇪Официальная церемония встречи Президента Черногории Якова Милатовича 📍Дворец Независимости
Қазақстан ІІМ есірткі қаупіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейтуде Алматы қаласында Орталық Азия елдері мен Пәкістандағы жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша сарапшылар тобының өңірлік кездесуі өтті. Іс-шараға есірткі мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылмен айналысатын мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және салалық ведомстволардың өкілдері қатысты Толық ақпарат сайтта. *** МВД Казахстана усиливает международное сотрудничество в борьбе с наркоугрозами В Алматы состоялась региональная встреча экспертной группы по вопросам новых психоактивных веществ в странах Центральной Азии и Пакистане. Мероприятие объединило представителей государственных органов, международных организаций и профильных ведомств, занимающихся противодействием незаконному обороту наркотиков и прекурсоров Подробнее на сайте. 📱 POLISIA.KZ
🎟Нацперевозчик напоминает пассажирам, как восстановить утерянный посадочный талон ▶️Во время командировки или деловой поездки пассажиры нередко сталкиваются с ситуацией, когда после завершения путешествия не могут найти посадочный талон, необходимый для отчетности. Однако в таком случае не стоит беспокоиться — восстановить документ можно самостоятельно всего за несколько минут. ▶️АО «Пассажирские перевозки» напоминает, что для получения дубликата посадочного талона доступен специальный онлайн-сервис на сайте bilet.railways.kz. ▶️Чтобы восстановить посадочный талон, необходимо: • перейти на сайт bilet.railways.kz; • в разделе «Для пассажиров» выбрать услугу «Посадочный талон»; • указать номер билета либо данные документа, использованного при оформлении поездки; • пройти проверку и скачать посадочный талон в электронном формате. ▶️Полученный документ можно сохранить на мобильное устройство, отправить на электронную почту или распечатать при необходимости. ▶️Кроме того, посадочный талон можно получить непосредственно в поезде, обратившись к проводнику во время поездки, а также восстановить его в билетных кассах. Для этого пассажиру необходимо предоставить номер электронного билета, дату отправления и станцию посадки. ▶️Следует учитывать, что посадочный талон формируется только после совершенной поездки. Если пассажир не воспользовался поездкой, получить посадочный талон по неиспользованному билету невозможно.
🎟Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалай қайта алуға болатынын еске салады ▶️Іссапардан немесе сапардан кейін есеп беру үшін қажет болатын отырғызу талонын жоғалтып алатын жолаушылар жиі кездеседі. Алайда мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ — құжатты бірнеше минут ішінде қайта алуға болады. ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ отырғызу талонының көшірмесін алу үшін bilet.railways.kz сайтында арнайы онлайн қызмет қолжетімді екенін еске салады. ▶️Отырғызу талонын қайта алу үшін: • bilet.railways.kz сайтына кіріңіз; • «Жолаушыларға» бөлімінен «Отырғызу талоны» қызметін таңдаңыз; • билет нөмірін немесе жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде пайдаланылған құжаттың деректерін енгізіңіз; • тексеруден өтіп, отырғызу талонын электронды форматта жүктеп алыңыз. ▶️Алынған құжатты мобильді құрылғыға сақтауға, электрондық поштаға жіберуге немесе қағазға басып шығаруға болады. ▶️Сонымен қатар отырғызу талонын жол жүру кезінде жолсеріктен алуға немесе теміржол билет кассаларында қайта рәсімдеуге болады. Ол үшін электронды билет нөмірін, пойыздың жөнелтілген күнін және отырғызу станциясын көрсету қажет. ▶️Отырғызу талоны тек сапар аяқталғаннан кейін ғана қалыптастырылады. Егер жолаушы билет сатып алғанымен, пойызбен жол жүрмеген болса, пайдаланылмаған билет бойынша отырғызу талоны берілмейді.
⚡️ ІІМ: Бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталды 2026 жылдың бес айында 266 мал ұрлығы фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% төмен. Сонымен қатар қылмыстың осы түрін ашу көрсеткішінде оң динамика байқалады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар 258 адам ұсталып, 58 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Ұрланған 1730 бас малдың 1007-сі иелеріне қайтарылды. Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ МВД: За пять месяцев пресечена деятельность 58 групп скотокрадов За пять месяцев 2026 года зарегистрировано 266 фактов скотокрадства, что на 11% меньше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. При этом отмечается положительная динамика в раскрытии данного вида преступлений. В результате принятых мер задержано 258 лиц, причастных к совершению скотокрадств, а также пресечена деятельность 58 преступных групп. Из 1730 голов похищенного скота владельцам возвращено 1007 животных. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🎥 Асламбек Мерғалиев ТМҰ мемлекеттерінің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді 🎥 Асламбек Мергалиев провел ряд встреч с руководителями судебных делегаций государств ОТГ
Асламбек Мергалиев провел ряд встреч с руководителями судебных делегаций государств ОТГ ◾️ В рамках Второй конференции высших судов Организации тюркских государств (ОТГ) Председатель Верховного Суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев провел ряд двусторонних встреч с руководителями судебных делегаций стран-участниц Организации. ◾️ Состоялись переговоры с председателями верховных судов Азербайджана Инамом Каримовым и Кыргызстана Медербеком Сатыевым, первым заместителем председателя Верховного суда Узбекистана Алишером Усмановым, председателями Кассационного суда и Государственного совета Турции Омером Керкезом и Зеки Йигитом. ◾️ Приветствуя участников встреч, А.Мергалиев отметил особую роль Организации тюркских государств как эффективной площадки для развития взаимовыгодного сотрудничества, укрепления доверия и расширения партнерских связей между братскими странами. Казахстан рассматривает ОТГ как важный механизм укрепления взаимодействия и доверия между государствами тюркского мира. Сотрудничество судебных систем наших стран последовательно развивается, наполняясь практическим содержанием и новыми совместными инициативами», – подчеркнул он. ◾️ Участники встреч также отметили значительный вклад глав государств ОТГ в укрепление многостороннего сотрудничества и формирование современной модели взаимодействия между странами Организации. ◾️ Подчеркивалось, что благодаря поддержке лидеров государств открываются новые возможности для углубления сотрудничества в правовой и судебной сферах. ◾️ В ходе переговоров стороны обсудили актуальные вопросы развития правосудия, которые будут рассмотрены на предстоящей конференции. Особое внимание было уделено вопросам обеспечения эффективной судебной защиты инвесторов, цифровизации судопроизводства, внедрения современных технологий и использования инструментов искусственного интеллекта в деятельности судов. ◾️ По итогам переговоров стороны подтвердили готовность к дальнейшему укреплению профессионального взаимодействия, обмену передовым опытом и лучшими практиками, а также реализации совместных инициатив, направленных на повышение эффективности судебной деятельности и укрепление верховенства права в государствах ОТГ.
Асламбек Мерғалиев ТМҰ мемлекеттерінің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді ◾️ Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жоғары соттарының екінші конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ұйымға қатысушы елдердің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. ◾️ Әзербайжан Жоғарғы Сотының төрағасы Инам Каримовпен және Қырғызстан Жоғарғы Сотының төрағасы Медербек Сатыевпен, Өзбекстан Жоғарғы Соты төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Усмановпен, Түркия кассациялық сотының төрағасы Өмер Керкезбен және Түркия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Зеки Йигитпен келіссөздер жүргізілді. ◾️ Кездесулерге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымының өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сенімді нығайту және бауырлас елдер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту үшін тиімді алаң ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Қазақстан ТМҰ-ын түркі әлемі мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімді нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастырады. Біздің елдеріміздің сот жүйелерінің ынтымақтастығы практикалық мазмұнмен және жаңа бірлескен бастамалармен толыға отырып, дәйекті түрде дамып келеді», – деп атап өтті ол. ◾️ Кездесуге қатысушылар сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Ұйым елдері арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи моделін қалыптастыруға ТМҰ мемлекет басшыларының елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. ◾️ Мемлекет көшбасшыларының қолдауының арқасында құқықтық және сот салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын айтып өтті. ◾️ Келіссөздер барысында тараптар алдағы конференцияда қаралатын сот төрелігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ◾️ Инвесторларды сотта тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және соттардың қызметінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. ◾️ Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, үздік тәжірибелермен және озық практикалармен алмасуға, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінде сот қызметінің тиімділігін арттыруға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
❗️Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Вьетнам Социалистік Республикасы шетел азаматтарының елге кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында «Алдын ала ақпарат ұсыну жүйесін» (Pre-arrival Information – PAI) пилоттық режимде іске қосқанын хабарлайды. 🇻🇳Вьетнам тарапының мәліметінше, аталған жүйе шетел азаматтарына Вьетнамға сапар алдында қажетті ақпаратты онлайн режимде алдын ала ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және әуежайлардағы жолаушылар ағынын оңтайландыруға бағытталған. ✈️PAI жүйесі қазіргі уақытта Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді және алдағы уақытта Вьетнамның Нойбай, Дананг, Камрань және Фукуок халықаралық әуежайларында, сондай-ақ мемлекеттік шекарадағы басқа да өткізу пункттерінде кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. ➿Бұл ретте, PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті талап болып табылмайтынын және виза рәсімдеу функциясын атқармайтынын атап өткен жөн. Жүйе тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсынуға арналған. 🌐 Вьетнам билігі шетел азаматтарына тіркелуді тек ресми портал – prearrival.immigration.gov.vn арқылы жүзеге асыруды және жалған интернет-ресурстардан сақ болуды ұсынады. @PressMFAKZ
❗️Министерство иностранных дел Республики Казахстан информирует, что Республика Вьетнам в пилотном режиме запустила систему предварительного предоставления информации о прибытии (Pre-arrival Information, PAI) для иностранных граждан. 🇻🇳По информации вьетнамской стороны, новая система позволяет иностранным гражданам до поездки в онлайн-режиме направлять сведения о своем прибытии во Вьетнам. На основе предоставленных данных иммиграционные органы заранее проводят необходимые проверки, что способствует сокращению времени прохождения пограничного контроля и снижению очередей в международных аэропортах. ✈️ В настоящее время система функционирует в пилотном режиме в международном аэропорту Таншоннят. В дальнейшем планируется ее поэтапное внедрение в международных аэропортах Нойбай, Дананг, Камрань и Фукуок, а также на других пунктах пропуска через государственную границу. ➿При этом система PAI не является обязательным требованием для въезда во Вьетнам и не выполняет функции оформления либо рассмотрения визовых заявлений. Она предназначена исключительно для предварительного предоставления информации о поездке. 🌐 Власти Вьетнама рекомендуют иностранным гражданам пользоваться только официальным порталом prearrival.immigration.gov.vn и соблюдать осторожность в отношении мошеннических интернет-ресурсов. @PressMFAKZ
🔴 Талдықорғанда “синтетика” таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз айналымнан 260 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Толық ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔴 Семейную пару, подозреваемую в распространении наркотиков, задержали в Талдыкоргане По результатам следственных действий из незаконного оборота изъято 260 гр мефедрона. Подозреваемые водворены в изолятор временного содержания. Проводится дальнейшее досудебное расследование. Подробнее на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🕹 Бүгін – Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күні 1992 жылғы 19 маусымда Қорғаныс министрінің директивасы негізінде Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері құрылды. 🕹 Сегодня – День Войск противовоздушной обороны 19 июня 1992 года на основании директивы министра обороны были созданы Войска противовоздушной обороны. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
🇰🇿🇲🇪 Черногория Президенті Яков Милатовичтің Қазақстанға ресми сапары 📰Кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз! 🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі. @ptrkkz
✉️Глава государства направил письмо Премьер-министру Пакистана Шахбазу Шарифу 🇰🇿🇵🇰Касым-Жомарт Токаев поздравил Премьер-министра Исламской Республики Пакистан Шахбаза Шарифа с успешными результатами дипломатических усилий, которые способствовали подписанию Меморандума о взаимопонимании между США и Ираном. Президент высоко оценил конструктивную роль Пакистана в содействии достижению этого исторического соглашения, отметив дальновидное лидерство Шахбаза Шарифа и его последовательную приверженность принципам мирного урегулирования конфликтов. Глава государства подчеркнул особое значение достигнутых договоренностей для обеспечения долгосрочной стабильности на Ближнем Востоке и в мире в целом. Он также выразил уверенность, что Исламабад продолжит вносить весомый вклад в укрепление региональной безопасности и доверия между государствами. В завершение Президент подтвердил готовность Казахстана к дальнейшему расширению многопланового сотрудничества с Пакистаном и пожелал Премьер-министру успехов в его ответственной деятельности. t.me/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Шахбаз Шарифті АҚШ пен Иран арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды. Сондай-ақ Президент Исламабад өңірлік қауіпсіздік пен мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға елеулі үлес қосуын жалғастыра беретініне үміт артатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Пәкістанмен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растап, Премьер-министрдің жауапты қызметіне табыс тіледі. t.me/aqorda_resmi
🩺 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс. Мемлекет осындай отаншыл, адал азаматтарға әрдайым қолдау көрсетеді» @ptrkkz
📢 МКК салық төлеушілерге ықтимал алшақтықтар туралы Push-хабарламалар жіберді Алдын алу жұмыстары аясында салық төлеушілерге (салық агенттеріне) Салық төлеушінің кабинетіне хабарламалар жолданды. Ықтимал алшақтықтар келесі бағыттар бойынша анықталды: 🔹 бейрезиденттердің табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы (101.04-нысан); 🔹 халықаралық шарттар ережелерін қолдану; 🔹 бейрезиденттерден жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде ҚҚС (300.00-нысан); 🔹 декларацияларды толтыру кезіндегі арифметикалық қателер. МКК салық төлеушілерге мәліметтерді тексеріп, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше жоюды ұсынады. Келесі кезеңде камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар туралы хабарламалар қалыптастырылады. ——— 📢 КГД направил налогоплательщикам Push-уведомления о возможных расхождениях В рамках профилактической работы налогоплательщикам (налоговым агентам) направлены уведомления в Кабинет налогоплательщика. Выявлены возможные расхождения по вопросам: 🔹 ИПН с доходов нерезидентов (форма 101.04); 🔹 применения международных договоров; 🔹 НДС при приобретении работ и услуг у нерезидентов (форма 300.00); 🔹 арифметических ошибок в декларациях. КГД рекомендует проверить сведения и при необходимости самостоятельно устранить несоответствия. Следующим этапом будут сформированы уведомления по результатам камерального контроля.
📌Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені сөзсіз – Мемлекет басшысы @ptrkkz
📌«Мен осы жылдың басында медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы Заңға қол қойдым» – Біздің Президент @ptrkkz