ҚТЖ PRESS » публикация №13348
🎟Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалай қайта алуға болатынын еске салады ▶️Іссапардан немесе сапардан кейін есеп беру үшін қажет болатын отырғызу талонын жоғалтып алатын жолаушылар жиі кездеседі. Алайда мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ — құжатты бірнеше минут ішінде қайта алуға болады. ▶️«Жолаушылар тасымалы» АҚ отырғызу талонының көшірмесін алу үшін bilet.railways.kz сайтында арнайы онлайн қызмет қолжетімді екенін еске салады. ▶️Отырғызу талонын қайта алу үшін: • bilet.railways.kz сайтына кіріңіз; • «Жолаушыларға» бөлімінен «Отырғызу талоны» қызметін таңдаңыз; • билет нөмірін немесе жол жүру құжатын рәсімдеу кезінде пайдаланылған құжаттың деректерін енгізіңіз; • тексеруден өтіп, отырғызу талонын электронды форматта жүктеп алыңыз. ▶️Алынған құжатты мобильді құрылғыға сақтауға, электрондық поштаға жіберуге немесе қағазға басып шығаруға болады. ▶️Сонымен қатар отырғызу талонын жол жүру кезінде жолсеріктен алуға немесе теміржол билет кассаларында қайта рәсімдеуге болады. Ол үшін электронды билет нөмірін, пойыздың жөнелтілген күнін және отырғызу станциясын көрсету қажет. ▶️Отырғызу талоны тек сапар аяқталғаннан кейін ғана қалыптастырылады. Егер жолаушы билет сатып алғанымен, пойызбен жол жүрмеген болса, пайдаланылмаған билет бойынша отырғызу талоны берілмейді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























