ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6694
Асламбек Мерғалиев ТМҰ мемлекеттерінің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді ◾️ Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жоғары соттарының екінші конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ұйымға қатысушы елдердің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. ◾️ Әзербайжан Жоғарғы Сотының төрағасы Инам Каримовпен және Қырғызстан Жоғарғы Сотының төрағасы Медербек Сатыевпен, Өзбекстан Жоғарғы Соты төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Усмановпен, Түркия кассациялық сотының төрағасы Өмер Керкезбен және Түркия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Зеки Йигитпен келіссөздер жүргізілді. ◾️ Кездесулерге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымының өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сенімді нығайту және бауырлас елдер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту үшін тиімді алаң ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Қазақстан ТМҰ-ын түркі әлемі мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімді нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастырады. Біздің елдеріміздің сот жүйелерінің ынтымақтастығы практикалық мазмұнмен және жаңа бірлескен бастамалармен толыға отырып, дәйекті түрде дамып келеді», – деп атап өтті ол. ◾️ Кездесуге қатысушылар сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Ұйым елдері арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи моделін қалыптастыруға ТМҰ мемлекет басшыларының елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. ◾️ Мемлекет көшбасшыларының қолдауының арқасында құқықтық және сот салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын айтып өтті. ◾️ Келіссөздер барысында тараптар алдағы конференцияда қаралатын сот төрелігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ◾️ Инвесторларды сотта тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және соттардың қызметінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. ◾️ Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, үздік тәжірибелермен және озық практикалармен алмасуға, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінде сот қызметінің тиімділігін арттыруға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























