Ертең Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау жөнінде заң жобасы қаралады. Жалпы Келісім былтыр 27 маусымда Минск қаласында жасалған еді. Оның негізгі мақсаты - ЕЭО мен БАО арасындағы сауда қатынастарын дамыту және нығайту, сондай-ақ қазақстандық тауарларды Таяу Шығыс нарығына шығару үшін қолайлы жағдайлар жасау. Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері мемлекетіміздің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі ретінде саналады. Сол себепті тиісті құжат қос тарап үшін сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды арттыру үшін берік негіз болмақ. Толығырақ заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев айтып берді. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 6
Архив материалов источника ҚР Парламенті Мәжілісі, страница 6. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
📆17 маусым күні сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді. Депутаттар Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы заң жобасын қарайды. Сондай-ақ депутаттар назарына бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Бұдан бөлек, жалпы отырыстың күн тәртібіне ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі хаттамаларды ратификациялау туралы жобалар енгізілген. Сонымен қатар салалық депутаттар комитеттер бірқатар жаңа құжаттарды жұмысқа қабылдау туралы мәселені қарайды. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бар. 📢📢Тікелей эфирді Мәжілістің mazhilis.parlam.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook-тегі парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарының эфирінен көре аласыздар. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды да қарай жүріңіздер. __ 📆17 июня в 10:00 состоится пленарное заседание Мажилиса. Депутаты рассмотрят проект ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития». Также на рассмотрение выносится законопроект о ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны. Кроме того, в повестку пленарного заседания включены проекты ратификации протоколов по вопросам сотрудничества государств – членов ОДКБ. Также профильные комитеты рассмотрят вопрос о принятии в работу ряда новых документов. В их числе проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о займе (Программа инклюзивного и устойчивого экономического роста) между Республикой Казахстан и Азиатским Банком Инфраструктурных Инвестиций», а также проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов». 📢📢Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте mazhilis.parlam.kz, YouTube-канале и странице Мажилиса в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly. Следите за обновлениями в наших социальных сетях. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал Мәжіліске келді. Шетелдік қонақты Мәжіліс депутаты, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Айдос Сарым күтіп алды. Тараптар…
Қазақстан Республикасындағы Португалия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал Мәжіліске келді. Шетелдік қонақты Мәжіліс депутаты, «Қазақстан-Португалия» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Айдос Сарым күтіп алды. Тараптар парламентаралық бағыттағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Португалиялық дипломатқа ілтипат білдірген Айдос Сарым Португалиялық дипломатты қарсы ала отырып, Айдос Сарым Қазақстанның Португалиямен қол жеткізілген мазмұнды ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалайтынын және бұл мемлекетті Оңтүстік Еуропадағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарайтынын атап өтті. Ол сондай-ақ бүгінгі күні тараптар бірқатар маңызды екіжақты құжаттарды қарастырып жатқанын жеткізді. Қазақстан экономикалық және техникалық ынтымақтастық туралы, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, адамдарды экстрадициялау, сотталған адамдарды беру және реадмиссия мәселелері жөніндегі келісімдерге қол қоюға ерекше мән береді. Өз кезегінде Жозе Атаиде Амарал Португалияның Қазақстанмен екіжақты форматта да, халықаралық алаңдар аясында да ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Сонымен қатар тараптар сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрлық және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында Мәжілістің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарай жүріңіздер. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстоунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы…
Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Башимов ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және үйлестірушісі Кэри Джонстоунмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы бірлескен жұмыстарын, ұлттық заңнаманы жетілдіру, зардап шеккендердің құқығын қорғау және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту барысын талқылады. Марат Башимов Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін іске асыру және адам саудасына қарсы күрес саласындағы озық тәжірибелерді алмасу шеңберінде ЕҚЫҰ-мен ықпалдастықтың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Кэри Джонстоун адам саудасына қарсы іс-әрекетке қатысты Қазақстан заңнамасындағы өзгерістерді, сондай-ақ қол жеткізілген нәтижелерді оң бағалады. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ тиісті заңнаманың іске асырылуы мәселелерін талқылады. Тараптар Мәжіліс пен ЕҚЫҰ арасындағы адам саудасына қарсы іс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және осы саладағы бірлескен күш-жігерді нығайтуға мүдделі екенін білдірді. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында Мәжілістің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қарай жүріңіздер. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Мәжіліс жаңа халықаралық келісімдерді қарайды Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттар назарына бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары…
Мәжіліс жаңа халықаралық келісімдерді қарайды Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттар назарына бірқатар халықаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады. Олардың қатарында 2025 жылғы 27 маусымда Минскіде қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) пен оған мүше мемлекеттер және Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім бар. Құжат сауда байланыстарын нығайтуға және қазақстандық тауарларды БАӘ нарығына шығару үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұдан қоса, күн тәртібіне 2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы заң жобасы енгізіліп отыр. Сондай-ақ депутаттар Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы мәселелері жөніндегі құжаттарды қарайды. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Марлен Маматалиев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мәртебелі мейманды қарсы алған…
Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Марлен Маматалиев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ пен қырғыз халықтарын ортақ тарих пен рухани-мәдени құндылықтар, сондай-ақ ғасырлар бойғы бауырластық біріктіретінін атап өтті. Ал Президенттеріміз Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың саяси ерік-жігерінің, сындарлы саясатының арқасында қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Ерлан Қошанов парламенттер басшылары деңгейінде әріптестіктің маңызды тақырыптары тұрақты түрде көтеріліп жүрген Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің рөлі ерекше екеніне назар аударды. Мәжіліс төрағасының пікірінше, екі ел депутаттары туындаған барлық мәселені достық топтары мен салалық комитеттер деңгейінде талқылай отырып, уақтылы шешілуіне елеулі үлес қосып келеді. Әңгіме барысында тараптар ТМД Парламентаралық ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясы, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы және ТүркПА сияқты көпжақты парламенттік алаңдардағы тиімді ынтымақтастыққа да тоқталды. Мәжіліс спикері қырғыз әріптесіне соңғы жылдары Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси реформалар туралы мәлімет берді. Өз кезегінде Марлен Маматалиев қазақстандық әріптестеріне қонақжайлығы үшін алғыс айтып, алдағы тамыз айындағы Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық жүргізу және өткізу ісіне табыс тіледі. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты сөз еткен Қырғызстан Парламентінің басшысы екіжақты тауар айналымының қазіргі серпініне қанағаттанатынын айтып, индустрияландыру, ауыл шаруашылығы, туризм және «жасыл» энергетика салаларындағы серіктестікті тереңдету перспективаларына тоқталды. Кездесу барысында тараптар заң шығару саласында тәжірибе алмасуды және өңір үшін өзекті мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға уағдаласты. Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Прогрев машин, электрокары и благотворительность: какие законы пересмотрели в Мажилисе по просьбам казахстанцев Депутат Мажилиса Екатерина Смышляева рассказала о новых правилах для водителей, защите персональных данных, цифровой благотворительности и технологиях будущего https://rus.azattyq-ruhy.kz/interview/109901-progrev-mashin-elektrokary-i-blagotvoritelnost-kakie-zakony-peresmotreli-v-mazhilise-po-prosbam-kazakhstantsev 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
🇰🇿🇰🇬Қазақстанға ресми сапармен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиев келді. Астана әуежайында Қырғызстан парламентінің спикерін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Альберт Рау қарсы алды. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Мәжілістің жалпы отырысынан бейнеүзінді▶️ 📆10 маусым 2026. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
©️Мәжілістің Баспасөз қызметі t.me/mazhilis_kz
Ерлан Қошанов: Бюджеттің сапалы орындалуы – мемлекеттік басқару тиімділігінің көрсеткіші Жалпы отырыста депутаттар Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ел экономикасында оң динамика сақталғанын атап өтіп, жалпы ішкі өнім өсімі болжанған көрсеткіштен де, өткен жылғы деңгейден де жоғары болғанын айтты. Палата спикері биылғы есептің ерекшелігі ретінде Парламенттің алғаш рет мемлекеттік қарыздың, бюджеттен тыс қорлардың жай-күйі және квазимемлекеттік сектордың қызметі туралы кеңейтілген ақпарат алғанын атап өтті. Сондай-ақ ол бюджет бағдарламаларын жоспарлау сапасына, даму бюджетінің қысқаруына, Ұлттық қор қаражатын пайдалану және бюджет кірістерін болжау мәселелеріне назар аударды. Ерлан Қошанов бюджеттің атқарылуы тек бюджеттік тәртіптің ғана емес, мемлекеттік басқару сапасы мен қабылданған шешімдердің тиімділігінің көрсеткіші екенін айтты. Оның сөзінше, бүгін көтерілген ұсыныстар мен ескертулер алдағы жылдарға арналған бюджеттік саясатты жетілдіруге негіз болуы тиіс. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. t.me/mazhilis_kz
Қазақстанда қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу ережелері жаңарады Мәжіліс экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент депутаттары бастамашы болған заң еліміздің…
Қазақстанда қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу ережелері жаңарады Мәжіліс экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент депутаттары бастамашы болған заң еліміздің экологиясын одан әрі дамытуға бағытталған. Құжат экологиялық саланы цифрландыру, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, көміртекті офсет тетіктерін дамыту, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру, сондай-ақ Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру шараларын көздейді. Сондай-ақ заңда мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысты жекелеген нормалар нақтыланады. Теңіздегі барлаудан басқа, инвестициялық жобалар мен көмірсутекті барлау жобалары үшін экологиялық рұқсат пен қорытынды алу мерзімдерін қысқарту көзделген. Көмірсутекті барлау, сондай-ақ газ бен оны қайта өңдеу өнімдерін, мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық құбыр арқылы тасымалдау қызметі I санаттағы объектілерден II санаттағы объектілерге жатқызылған. Екінші оқылымда депутаттар жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны бірлесіп жүргізу үшін учаскелерді қосалқы жалға беру құқығын беретін нормаларды енгізді. Алауларды пайдалану кезінде ең үздік техниканы міндетті қолдану ережесі бекітілді. Париж келісімінің нарықтағы тетіктерін белгілеуге, Ұлттық үлесті орындау мақсатында парник газы шығарындыларын қысқартудың жалпы көлемінен Қазақстан Республикасының үлесін есепке алуға қатысты нормалар енгізілді. Орман кодексіне осы кодекс нормаларының қолданысын парник газдарын сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі қызметке таратуға қатысты түзетулер енгізілді. Түзетулер арқылы қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ осы саладағы жарнамалық, білім беру және маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері бекітіледі. Ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру құзыреті бекітіледі. Бұдан бөлек, уәкілетті орган қалдықтарды тұрақты есепке алу нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторына мемлекеттік орман қоры аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет бағыты бекітіледі. t.me/mazhilis_kz
Қазақстанда қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу ережелері жаңарады Мәжіліс экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент депутаттары бастамашы болған заң еліміздің…
Қазақстанда қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу ережелері жаңарады Мәжіліс экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Парламент депутаттары бастамашы болған заң еліміздің экологиясын одан әрі дамытуға бағытталған. Құжат экологиялық саланы цифрландыру, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, көміртекті офсет тетіктерін дамыту, өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру, сондай-ақ Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру шараларын көздейді. Сондай-ақ заңда мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізуге қатысты жекелеген нормалар нақтыланады. Теңіздегі барлаудан басқа, инвестициялық жобалар мен көмірсутекті барлау жобалары үшін экологиялық рұқсат пен қорытынды алу мерзімдерін қысқарту көзделген. Көмірсутекті барлау, сондай-ақ газ бен оны қайта өңдеу өнімдерін, мұнай мен мұнай өнімдерін магистральдық құбыр арқылы тасымалдау қызметі I санаттағы объектілерден II санаттағы объектілерге жатқызылған. Екінші оқылымда депутаттар жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияны бірлесіп жүргізу үшін учаскелерді қосалқы жалға беру құқығын беретін нормаларды енгізді. Алауларды пайдалану кезінде ең үздік техниканы міндетті қолдану ережесі бекітілді. Париж келісімінің нарықтағы тетіктерін белгілеуге, Ұлттық үлесті орындау мақсатында парник газы шығарындыларын қысқартудың жалпы көлемінен Қазақстан Республикасының үлесін есепке алуға қатысты нормалар енгізілді. Орман кодексіне осы кодекс нормаларының қолданысын парник газдарын сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі қызметке таратуға қатысты түзетулер енгізілді. Түзетулер арқылы қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу жүйесін ұйымдастыру-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ осы саладағы жарнамалық, білім беру және маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері бекітіледі. Ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру құзыреті бекітіледі. Бұдан бөлек, уәкілетті орган қалдықтарды тұрақты есепке алу нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегі өкілеттіктерге ие болады. Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерінің операторына мемлекеттік орман қоры аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қызмет бағыты бекітіледі. t.me/mazhilis_kz
Қазақстан мен Қырғызстан екі ел аумағындағы дипломатиялық объектілерді өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімге келді Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктердің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері резиденцияларының…
Қазақстан мен Қырғызстан екі ел аумағындағы дипломатиялық объектілерді өзара өтеусіз пайдалану туралы келісімге келді Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері арасындағы елшіліктердің, сондай-ақ екі мемлекеттің Төтенше және Өкілетті Елшілері резиденцияларының мұқтаждықтары үшін Астана және Бішкек қалаларындағы ғимараттар мен жер учаскелерін өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялады. Мүлік 49 жыл мерзімге беріліп, кейіннен осы мерзімді ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.Құжатта сондай-ақ жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті беру тәртібі және шарттары айқындалған. Сонымен қатар келісімде көрсетілген жылжымайтын мүлік екі елде алынатын салық пен алымның барлық түрінен босатылады. Тараптар ғимараттарды салуға, жөндеуге және күтіп ұстауға, сондай-ақ қолданылатын тарифтерге сәйкес коммуналдық қызметтерді төлеуге байланысты өздерінің барлық шығыстарын дербес төлейді. Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қырғызстан елшіліктерінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасауға жол ашады. t.me/mazhilis_kz
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Самат Нұртазаның қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Максим Рожин Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровқа ұсынылып отырған нысандардың аумақтық айырмашылығының себебі неде екені және бұл теңгерімсіздіктің халықаралық қатынастар қағидаттарымен қалай үйлесетіні туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Архив ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 6
Это 6-я страница архива публикаций источника ҚР Парламенті Мәжілісі. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.