Life News Новостной агрегатор

ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 5

Источник: ҚР Парламенті Мәжілісі · сбросить

Архив материалов источника ҚР Парламенті Мәжілісі, страница 5. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20476

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде Су ресурстары және ирригация министрлігінің бірінші вице-министрі Нурлан Алдамжаровтың баяндамасы t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20475

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

ҰҚШҰ шеңберіндегі келісімдерді ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру жөніндегі түзетулер қабылданды Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20474

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

ҰҚШҰ шеңберіндегі келісімдерді ұлттық заңнамаға сәйкес келтіру жөніндегі түзетулер қабылданды Мәжіліс 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құрылымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, сондай-ақ 2015 жылғы 15 қыркүйектегі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің әскери және басқа да құрылымдарын, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімдерді тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге түзетулер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Енгізілген түзетулер нақтылау сипатына ие және құжат ережелерін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына және ұйымның нормативтік құқықтық құжаттарына сәйкес келтіруге бағытталған. Бұдан бөлек, бірінші келісім шеңберінде құрылымдарды басқаруға, олардың өз мақсаттары бойынша міндеттерді шешуі үшін тасымалдау (транзит) мәселелерін жедел қарауға, сондай-ақ тараптардың аумағында ұжымдық қауіпсіздік күштері мен құралдары құрылымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға байланысты нормалар өзектендіріледі. Екінші құжатпен әскери және басқа да құрылымдар өз мақсаттары бойынша міндеттерді орындау немесе бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу кезінде шұғыл шаралар қабылданған жағдайда, оларды тасымалдауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезіндегі жеделдік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін келісім нормалары өзектендіріледі. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20473

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Асхат Рақымжановтың қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20472

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Вопрос депутата Николая Арсютина заместителю министра обороны Аскару Мустабекову о порядке предоставления услуг аэродромного и аэронавигационного обеспечения воздушных судов на безвозмездной и возмездной основе. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20471

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев заң жобасын әзірлеуші мен Сыртқы істер Министрлігінің өкіліне жыл сайынғы әуе кеңістігіне рұқсат қандай жағдайларда берілетіні және қандай жеңілдік бар екендігі туралы сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20468

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабековтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20467

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстандық тауарлар БАӘ нарығына шығарылғанда преференцияларға ие болады Мәжіліс бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады.…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20466

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстандық тауарлар БАӘ нарығына шығарылғанда преференцияларға ие болады Мәжіліс бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы Экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялады. Құжат сондай-ақ қазақстандық тауарларды Біріккен Араб Әмірліктерінің нарығына шығару үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Атап айтқанда, екі тараптан да тауар номенклатурасының кемінде 85%-ына қатысты тарифтік либерализациялау (әкел кезіндегі кедендік баж салығын жою) туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ретте Әмірліктер тарапы 6 757 тауар позициясына (86,0%) қатысты преференциялар береді . Оның ішінде 6 565 позиция бойынша әкелгені кедендік баж салықтарының мөлшерлемесін нөлге түсіру арқылы, ал 192 тауар позициясы бойынша ЕАЭО елдерінен бажсыз әкелгені үшін тарифтік квоталар белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Ратификацияланған келісім Біріккен Араб Әмірліктерімен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-әрекетті арттырудың берік негізіне айналуға тиіс. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20465

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ерлан Әбдиевтің қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20463

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден заң жобасын әзірлеушіге арнайы тыйым салынатын санаттарға қандай тауарлар жататыны және келісім шеңберіндегі түпкілікті тауарлар аясы қалай айқындалатыны туралы сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz




ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20460

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20459

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан ХҚДБ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен қарыз тартады Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға…


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20458

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан ХҚДБ және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен қарыз тартады Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) және Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялады. 2026 жылғы 20 мамырда Астанада қол қойылған бірінші келісім Қазақстанға бес жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 11 жыл мерзімге 92,3 млрд йен сомасында қарыз беруді көздейді. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен келісім 2026 жылғы 15 маусымда Астанада жасалған, оның аясында Қазақстанға 5 жылдық жеңілдікті кезеңді қоса алғанда өтеу мерзімі 11 жыл болатын 62,4 млрд йен сомасында қарыз беру қарастырылып отыр. Екі келісім бойынша да қаржыландыру жоспарлы кезеңге бекітілген республикалық бюджет тапшылығы шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдауға бағытталған. Қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі TONA + ауыспалы спред формуласы бойынша айқындалады. Сондай-ақ қарыз сомасының 0,25%-ы мөлшерінде біржолғы комиссия және игерілмеген қаражат қалдығына жылына 0,25% мөлшерінде резервтеу комиссиясы көзделген. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20457

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ұласбек Сәдібековтың қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20456

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Вопрос депутата Бакытжана Базарбека министру финансов Мади Такиеву о том, что подразумевается под понятием «дополнительный случай» в законопроекте при приостановлении действия договора. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20455

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл заң жобасын әзірлеушіге Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен қарыздың барлық сомасы неге алынбайтыны, сондай-ақ қарызды уақтылы өтемеу жағдайлары туралы сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20454

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Вопрос депутата Ерлана Стамбекова министру финансов Мади Такиеву о целях привлечения займа у Международного банка реконструкции и развития в размере, эквивалентном 600 млн долларов, и направлениях использования этих средств. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20453

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев заң жобасын әзірлеушіге Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен қарыздың барлық сомасы неге алынбайтыны, сондай-ақ қарызды уақтылы өтемеу жағдайлары туралы сұрақ қойды. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20452

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Вопрос депутата Ерлана Барлыбаева министру финансов Мади Такиеву о выборе международных банков для привлечения государственных займов и валютных рисках по займам, оформленным в японских йенах. t.me/mazhilis_kz



ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20450

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндамасы. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20449

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады: «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Инклюзивті және орнықты экономикалық өсу бағдарламасы) ратификациялау туралы»; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы». __ Комитеты Мажилиса приняли в работу новые законопроекты: - О ратификации Соглашения о займе (Программа инклюзивного и устойчивого экономического роста) между Республикой Казахстан и Азиатским Банком Инфраструктурных Инвестиций; - О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Узбекистан о совместном управлении и рациональном использовании трансграничных водных объектов. t.me/mazhilis_kz


ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20447

ҚР Парламенті Мәжілісі · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📢📢 Мәжілістің жалпы отырысы тікелей эфирде: 📱 YouTube 🌐 Сайт Жалпы отырыста қаралатын заң жобалары: - «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы» заң жобасы - «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы - «2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы - «2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы __ 📢📢 Пленарное заседание Мажилиса в прямом эфире: 📱 YouTube 🌐 Сайт Сегодня на пленарном заседании: - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Республикой Казахстан и Международным Банком Реконструкции и Развития» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения об экономическом партнерстве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Объединенными Арабскими Эмиратами, с другой стороны» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о статусе формирований сил и средств системы коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности от 10 декабря 2010 года» - О проекте Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола о внесении изменений в Соглашение о сотрудничестве государств – членов Организации Договора о коллективной безопасности в области перевозок воинских и других формирований, их движимого имущества, а также продукции военного назначения от 15 сентября 2015 года» t.me/mazhilis_kz


Архив ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 5

Это 5-я страница архива публикаций источника ҚР Парламенті Мәжілісі. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.