ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 7
Архив материалов источника ҚР Парламенті Мәжілісі, страница 7. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровқа келісімге сәйкес елшіліктерді орналастыру үшін жер учаскелері неге бірден реттелмегені және тараптар не себепті қолданыстағы шартқа жаңа келісім жасау туралы шешім қабылдағаны жөнінде сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. __ Комитет Мажилиса по финансам и бюджету принял в работу новый законопроект о ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Казахстаном и Международным Банком Реконструкции и Развития. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс Үкіметке бюджетке түзету енгізу кезінде шығыстарды қысқартуға тыйым салуды ұсынды Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс бірқатар ұсынымдар әзірледі. …
Мәжіліс Үкіметке бюджетке түзету енгізу кезінде шығыстарды қысқартуға тыйым салуды ұсынды Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс бірқатар ұсынымдар әзірледі. Атап айтқанда, Үкіметке парафискалдық төлемдерді жинақтау белгілері бар құрылымдардың тізбесін анықтау, олар үшін деректерді ашудың бірыңғай ережелерін белгілеу және бюджеттік есептілікке енгізу ұсынылды. Бюджетті түзету жұмыстарын жүргізу кезінде секвестрленуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлу арқылы шығыстарды қысқартуға тыйым салу қажет. Бұдан бөлек, блоктық бюджетті пилоттық режимде енгізудің тиімділігіне талдау жүргізіп, ауқымын одан әрі кеңейту бойынша қажетті шешімдер қабылдау талап етіледі. Сондай-ақ Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың сапалық көрсеткіштерін (халықты қамту, жұмыспен қамту, салық базасы, қызмет көрсету сапасы) аша отырып, мониторингті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін пысықтау қажет. 2026 жылдың ішінде цифрлық теңге тетігін Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларға, сондай-ақ даму бюджетінің жобаларына бөлінген қаражатқа тарату ұсынылады. Бұл ретте қаражаттың соңғы алушыға дейінгі қозғалысына өтпелі мониторинг қамтамасыз етілуге тиіс. Сонымен қатар, инвестицияға салықтық преференциялар беру критерийлерін мемлекет үшін экономикалық тиімділікке (жұмыс орындары, экспорт, салық түсімдері) қол жеткізу жөніндегі міндетті шарттармен кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы толық көріністі қалыптастыру үшін Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептілік нысандарын пысықтау керек. Бұл ретте бюджеттен тыс қорлар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік сектордың қарыз алулары бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты ашу бөлігі де қамтылуы тиіс. t.me/mazhilis_kz
Бюджет бойынша Үкімет есебі: экономиканың шикізаттық емес секторының рөлі артып келеді Мәжіліс жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде тұңғыш рет бюджеттік реттеудің жаңа тәсілдеріне көшу жағдайында жүзеге асырылған Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025…
Бюджет бойынша Үкімет есебі: экономиканың шикізаттық емес секторының рөлі артып келеді Мәжіліс жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде тұңғыш рет бюджеттік реттеудің жаңа тәсілдеріне көшу жағдайында жүзеге асырылған Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін назарға алды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13%-ға артып, 22,7 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің экономикаға қосқан үлесі тұңғыш рет тау-кен өндіру секторының үлесінен (11,9%) асып түсіп, 13%-ды құрады. Бұдан бөлек, экономиканың өсуі мұнай өндірісінің ұлғаюы, жоғары инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың артуы, сондай-ақ құрылыс, көлік және сауда салаларының жедел дамуы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, күрделі сын-қатерлер де сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша инфляция 12,3%-ға жетіп, болжамды дәлізден айтарлықтай асып кетті. Бұл халықтың нақты табысының төмендеуіне әкелді. Номиналды табыстың өскеніне қарамастан, азаматтар шығыстарының басым бөлігі әлі де тамақ өнімдеріне және борыштық міндеттемелерді өтеуге бағытталып отыр. Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері жалпы алғанда атқарылды. Алайда, салық түсімдеріне қатысты болжам екінші жыл қатарынан орындалмай қалды. 2025 жылы кіріс бойынша жалпы жоспар 336 млрд теңгеге орындалмаған. Жоғары аудиторлық палатаның пікірінше, бұның негізгі себептерінің бірі – шамадан тыс оптимистік болжам жасау үрдісі. Бюджет шығыстары бойынша 303 млрд теңге атқарылмады. Оған екінші жыл қатарынан негізгі себеп республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткіліксіздігі болды. Бұл ретте атқарылу деңгейі 98,8%-ды құрады. 2025 жылы республикалық бюджет сегіз рет түзетілді, бұл жоспарлау сапасының арттыру қажеттігін көрсетеді. Шығыстардың құрылымы іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр: олар – әлеуметтік қолдау, мемлекеттік қарызды өтеу және өңірлерге берілетін трансферттер. Сонымен қатар, бюджеттің атқарылу сапасы мен тиімділігі әлі де төмен деңгейде. 2025 жылы қаржылық заң бұзушылықтар көлемі 4,4 есеге, ал тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі шамамен 4 есеге өскен. t.me/mazhilis_kz
Жоғары аудиторлық палата төрағасының «ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі бойынша «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Айдос Сарымның сөйлеген сөзі. t.me/mazhilis_kz
Выступление руководителя фракции партии «Ақ жол» Азата Перуашева об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Выступление руководителя фракции партии «Respublica» Айдарбека Ходжаназарова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Выступление руководителя фракции ОСДП Асхата Рахимжанова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Выступление руководителя фракции НПК Магеррама Магеррамова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбілдің қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жалған жұмысқа орналастыру фактілері бойынша қанша іс сотқа жеткені және мұндай заңсыз схемалардың қайталануына жол бермеу үшін қандай цифрлық бақылау тетіктері енгізілетіні туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдеріне 2025 жылы су шаруашылығын дамыту бойынша жоспарланған нақты көрсеткіштер мен күтілген нәтижелерге не себепті қол жеткізілмегені, сондай-ақ фермерлер алдындағы субсидиялар бойынша берешек қашан өтелетіні туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Вопрос депутата Берика Бейсенгалиева представителю АО «Национальный управляющий холдинг «Байтерек» о причинах превышения установленного лимита долга организацией. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін дивиденд төлеуден босату қажеттілігі неден туындағаны жөнінде сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкіліне субсидияланатын жұмыс орындарына тартылған азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту бойынша қандай нәтижелерге қол жеткізілгені және еңбек нарығын технологиялық өзгерістерге бейімдеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Вопрос депутата Болатбека Нажметдинулы представителю Министерства науки и высшего образования о причинах почти трехкратного сокращения доли опытно-конструкторских разработок, а также о критериях и порядке определения приоритетных отраслей для бюджетного финансирования проектов, направленных на развитие экономики. t.me/mazhilis_kz
Вопрос депутата Магеррама Магеррамова заместителю Премьер-министра – министру национальной экономики Серику Жумангарину о том, насколько качественным и устойчивым можно считать рост ВВП в 2025 году. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне кино өндірісін қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражаттың нақты қанша пайызы бюджетке қайтарылғаны, архивте сақтаулы туындылардың көрерменге қашан ұсынылатыны, сондай-ақ сәтсіз аяқталған жобалар үшін нақты кімдердің жауапкершілік арқалайтыны туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Архив ҚР Парламенті Мәжілісі — страница 7
Это 7-я страница архива публикаций источника ҚР Парламенті Мәжілісі. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.