ҚР Парламенті Мәжілісі » публикация №20371
Мәжіліс Үкіметке бюджетке түзету енгізу кезінде шығыстарды қысқартуға тыйым салуды ұсынды Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс бірқатар ұсынымдар әзірледі. Атап айтқанда, Үкіметке парафискалдық төлемдерді жинақтау белгілері бар құрылымдардың тізбесін анықтау, олар үшін деректерді ашудың бірыңғай ережелерін белгілеу және бюджеттік есептілікке енгізу ұсынылды. Бюджетті түзету жұмыстарын жүргізу кезінде секвестрленуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлу арқылы шығыстарды қысқартуға тыйым салу қажет. Бұдан бөлек, блоктық бюджетті пилоттық режимде енгізудің тиімділігіне талдау жүргізіп, ауқымын одан әрі кеңейту бойынша қажетті шешімдер қабылдау талап етіледі. Сондай-ақ Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың сапалық көрсеткіштерін (халықты қамту, жұмыспен қамту, салық базасы, қызмет көрсету сапасы) аша отырып, мониторингті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін пысықтау қажет. 2026 жылдың ішінде цифрлық теңге тетігін Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларға, сондай-ақ даму бюджетінің жобаларына бөлінген қаражатқа тарату ұсынылады. Бұл ретте қаражаттың соңғы алушыға дейінгі қозғалысына өтпелі мониторинг қамтамасыз етілуге тиіс. Сонымен қатар, инвестицияға салықтық преференциялар беру критерийлерін мемлекет үшін экономикалық тиімділікке (жұмыс орындары, экспорт, салық түсімдері) қол жеткізу жөніндегі міндетті шарттармен кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы толық көріністі қалыптастыру үшін Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептілік нысандарын пысықтау керек. Бұл ретте бюджеттен тыс қорлар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік сектордың қарыз алулары бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты ашу бөлігі де қамтылуы тиіс. t.me/mazhilis_kz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























