Stan.kz » публикация №29194
💬 "Аяқ-қолын байлап, ас-су бермей қойған" 90 жастағы қария туған ұлының қорлығына шыдамай, терезе арқылы қашып шыққан. Бұл жағдай Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Қарияны туған баласы еркінен тыс үйде байлап ұстаған. Тамақ, су бермеген. Тіпті сыртқа шығармай, аяқ-қолын байлап ұстаған. Жақындарының сөзінше, зейнеткер үйден өздігінен қашып шыққан. Ол қайшы тауып алып, қол-аяғын байлаған скотчты кескен. Кейін түн ішінде терезе арқылы сыртқа шығып, туған ағасының үйіне жетіп, көмек сұраған. Қарияның туыстары әділ тергеу жүргізіп, кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр. Ал полиция қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews





























