💠 Салауатты ұрпақ — қоғамның басты байлығы "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында Ақмола облысында полицейлер тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осындай кезекті есірткіге қарсы шара Зеренді ауданына қарасты ауылда өтті. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары және облыстағы белсенді қоғам өкілдері — облыстық полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері қатысты. Кездесу барысында тұрғындарға синтетикалық есірткінің адам ағзасына тигізер зияны, есірткі қылмысының ауыр салдары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе жастарға ерекше көңіл бөлініп, оларды есірткі бизнесіне тартудың түрлі айла-тәсілдері мен мұндай заңсыз әрекеттерге қатысқаны үшін қарастырылатын жауапкершілік жайында жан-жақты ақпарат берілді. Шара аясында ауыл жастары мен спортсүйер қауымның басын қосқан балалар арасындағы кикбоксингтен турнир ұйымдастырылды. Ал бүлдіршіндер үшін арнайы қызықты интерактивті бағдарлама әзірленді. Іс-шараның басты мақсаты — қоғамды нашақорлыққа қарсы күреске жұмылдыру, салауатты әрі қауіпсіз болашақ әр адамның өзінен басталатынын ұғындыру. #ЗАҢМЕНТӘРТІП 📱 POLISIA.KZ
#государство — страница 36
Архив раздела #государство, страница 36. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
🔹 ІІМ: Табиғи және тарихи нысандарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған Ақпарат сайтта. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 МВД: За порчу природных и исторических объектов предусмотрена уголовная ответственность Информация на сайте. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🎖 ҰОС ардагері Тәңірберген Толғанбаевқа "Еңбек ардагері" медалі табысталды Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев облыс әкімімен бірге ішкі істер органдарының ардагері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, отставкадағы милиция полковнигі Тәңірберген Толғанбаевты Жеңіс күнімен құттықтады. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің атынан Тәңірберген Толғанбаевқа ұзақ жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Еңбек ардагері" медалі табысталды. Қонақтар ардагерге соғыс жылдарындағы ерлігі мен батырлығы, сондай-ақ құқық қорғау саласындағы мінсіз қызметі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Ардагерге зор денсаулық, отбасы амандығын және ұзақ ғұмыр тіледі. #БІЗДІҢАРДАГЕРЛЕР *** 🎖 Ветерану ВОВ Танирбергену Толганбаеву вручена медаль "Еңбек ардагері" Начальник департамента полиции Алматинской области Мейрам Абикеев совместно с акимом области поздравил ветерана органов внутренних дел, участника Великой Отечественной войны, полковника милиции в отставке Танирбергена Толганбаева с Днем Победы. В ходе встречи ветерану была вручена медаль "Еңбек ардагері" от имени министра внутренних дел Республики Казахстан Ержана Саденова в знак признания многолетнего добросовестного труда, преданности службе и значительного вклада в развитие органов внутренних дел. Гости выразили ветерану искреннюю благодарность за проявленные мужество и героизм в годы войны, а также за безупречную службу в правоохранительных органах. В адрес Танирбергена Толганбаева прозвучали теплые пожелания крепкого здоровья, благополучия и долгих лет жизни. #НАШИВЕТЕРАНЫ 📱 POLISIA.KZ
🔹 Соғыс ардагері Иван Макеевке полиция полковнигі атағы берілді Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Федорович Макеевке полиция полковнигі атағы берілді. Иван Федорович ішкі істер органдары жүйесінде 30 жылға жуық қызмет етіп, мансабын полиция подполковнигі шенінде аяқтаған. Ондаған жыл өткеннен кейін оның қызметке адалдығы, ерлігі және ел қауіпсіздігіне қосқан үлесі жоғары марапатпен бағаланды. Ардагерді құттықтауға Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев арнайы барып, Ішкі істер министрі атынан жолданған жеделхатты оқып берді. Иван Федорович әскери формасын киіп, жауынгерлік орден-медальдарын тағып, келген қонақтарды өзі қарсы алды. Бұл көрініс қайсарлықтың, ішкі рухтың және қызметтік борышқа деген адалдықтың айқын көрінісіне айналды. #БІЗДІҢАРДАГЕРЛЕР *** 🔹 Ветерану Ивану Макееву присвоено звание полковника полиции В Таразе в День Победы произошло по-настоящему трогательное событие — ветерану Великой Отечественной войны Ивану Федоровичу Макееву присвоено звание полковника полиции. Иван Федорович посвятил службе в системе МВД почти 30 лет, завершив карьеру в звании подполковника. Спустя десятилетия его преданность службе, мужество и вклад в обеспечение безопасности страны были отмечены высокой наградой. Поздравить ветерана прибыл начальник департамента полиции Жамбылской области Кайсар Султанбаев. Он зачитал телеграмму от имени министра внутренних дел. Несмотря на почтенный возраст, Иван Федорович самостоятельно надел форму, прикрепил боевые награды и лично встретил гостей. Этот момент стал символом стойкости, силы духа и верности долгу. #НАШИВЕТЕРАНЫ 📱 POLISIA.KZ
🎖 Ішкі істер органдарының ардагері “Құрмет” орденімен марапатталды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ішкі істер органдарында ұзақ жыл бойы мінсіз қызмет атқарған ІІО ардагері Еркін Рысқанұлы Белқожанов “Құрмет” орденімен марапатталды. Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасымен жоғары мемлекеттік награданы ардагерге ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков пен ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Болсамбеков табыс етті. Еркін Белқожановтың көпжылдық еңбегі, қызметке адалдығы және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мен ішкі істер органдары жүйесін нығайтуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Қызмет еткен жылдары ол жоғары деңгейлі кәсіби маман, ұстанымы берік әрі жауапты офицер ретінде танылып, әріптестері мен ардагерлер арасында лайықты құрметке ие болды. Ішкі істер министрлігі мен ардагерлер қауымдастығы атынан марапат иесіне Отанға адал қызмет еткен үлгілі еңбегі үшін алғыс айтылды. #БІЗДІҢАРДАГЕРЛЕР *** 🎖 Ветерану органов внутренних дел вручен орден "Құрмет" Указом Президента Республики Казахстан за многолетнюю безупречную службу в органах внутренних дел ветеран ОВД Еркін Рысқанұлы Белқожанов награжден орденом "Құрмет". Высокую государственную награду по поручению министра внутренних дел Ержана Саденова ветерану вручили заместитель министра Айдар Сайтбеков и председатель Казахстанского совета ветеранов органов внутренних дел и Национальной гвардии Умурзак Болсамбеков. Отмечены многолетний труд, преданность службе и значительный вклад Еркіна Белқожанова в обеспечение правопорядка и укрепление системы органов внутренних дел. За годы службы он показал себя как профессионал высокого уровня, принципиальный и ответственный офицер, пользующийся заслуженным уважением среди коллег и ветеранов. От имени руководства МВД и ветеранского сообщества награжденному выразили слова благодарности за достойный пример служения Отечеству. #НАШИВЕТЕРАНЫ 📱 POLISIA.KZ
🚔 ШҚО-да патрульдік полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізді Таңертең Өскемен — Шемонаиха тасжолының 9-шақырымында 437 борт нөмірлі қызметтік автокөлікпен патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып тұрған. Глубокое кенті жағынан полицейлерге қарай бір автокөлік келіп тоқтап, жүргізуші көмек сұраған. Ер адам көліктегі жүкті әйелінің толғағы басталғанын және жедел жәрдем бригадасы уақытында келіп үлгермейтінін айтқан. Полицейлер азаматтың өтінішіне жедел ден қойып, арнайы жарық шамдарын қосып, автокөлікке Ана мен бала орталығына дейін жол бастап барды. 👏 Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының арқасында әйел медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🚔 Патрульные полицейские оперативно доставили беременную женщину в роддом в ВКО Утром на 9-м километре автодороги Усть-Каменогорск — Шемонаиха сотрудники патрульной полиции на служебном автомобиле с бортовым номером 437 несли службу по обеспечению дорожной безопасности. Со стороны поселка Глубокое к полицейским подъехал автомобиль, водитель которого обратился за помощью. Мужчина сообщил, что у его беременной супруги начались схватки, а бригада скорой помощи не успевает прибыть вовремя. Полицейские незамедлительно отреагировали на обращение гражданина, включили проблесковые маячки и сопроводили автомобиль до Центра матери и ребенка. 👏 Благодаря слаженным и профессиональным действиям сотрудников полиции женщина была своевременно доставлена в медицинское учреждение. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
🚨 Өскеменде жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтар жауапқа тартылды Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері жүріп бара жатқан көлік жолаушысы әйнектен аяғын шығарып, өзіне және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген бейнежазбаны анықтады. Тексеру іс-шараларының нәтижесінде жүргізуші мен жолаушы анықталды. Құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. ❗️ Полиция жол қозғалысы кезінде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтамау ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салып, мұндай құқық бұзушылықтарға жол берілмейтінін атап өтті. ⚡️ Жол жүрісі қағидаларын сақтау — әрбір азаматтың міндеті. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚨 "Видео обернулось наказанием": полиция установила нарушителей ПДД в Усть-Каменогорске В ходе мониторинга социальных сетей сотрудниками полиции была выявлена видеозапись, на которой пассажир автомобиля во время движения транспортного средства высунул ногу через окно в Усть-Каменогорске. В результате проведенных мероприятий личности водителя и пассажира были установлены. Нарушители привлечены к ответственности: водитель — за несоблюдение требований по перевозке пассажиров, пассажир — за нахождение вне салона транспортного средства во время его движения. С участниками инцидента проведена профилактическая беседа о недопустимости нарушений правил дорожного движения и опасного поведения на дороге. ❗️ Полиция напоминает, что подобные действия недопустимы и создают угрозу безопасности дорожного движения. ⚡️ Соблюдение правил и уважительное отношение к окружающим — обязанность каждого участника дорожного движения. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 Глава МВД возложил цветы к памятнику Алии Молдагуловой В городе Астане в честь Дня Великой Победы министр внутренних дел возложил цветы к памятнику Алии Молдагуловой и почтил память павших героев. В этот день была отдана дань уважения мужеству фронтовиков, которые в годы войны ценой собственной жизни защищали Родину. Имена и подвиги героев навсегда сохранятся в памяти народа. В органах внутренних дел на постоянной основе проводится работа по сохранению наследия ветеранов войны и патриотическому воспитанию подрастающего поколения.
🔹 ІІМ басшысы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды Астана қаласында Ұлы Жеңіс күніне орай Ішкі істер министрі даңқты батыр қыз Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлік рухына тағзым етті. Бұл күні сұрапыл соғыс жылдарында ел мен жерді қорғау жолында жанын қиған майдангерлердің қаһармандығына құрмет көрсетілді. Батырлардың есімі мен ерлігі халық жадында мәңгі сақталады. Ішкі істер органдарының жеке құрамы арасында да майдангерлер мұрасын ұлықтау, өскелең ұрпаққа отансүйгіштікті дәріптеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді.
🔹 ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН Маңғыстау облысында полицейлер Ыбықты Сай шатқалы аумағына жазу жазып кеткен ер адамды анықтап, жауапкершілікке тартты. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның өзінің аты-жөні мен автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткені бейнеленген жарияланымды анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол — 2005 жылы туған азамат. Аталған азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Іс материалы процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сонымен қатар құқық бұзушы салған жазуларын өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтірді. ❗️ Полиция табиғи және тарихи нысандар — баршаға ортақ мұра екенін еске салады. Мүлікті бүлдіру, түрлі жазулар қалдыру және қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🔹 ПО СЛЕДАМ ПУБЛИКАЦИИ В Мангистауской области полицейские установили и привлекли к ответственности мужчину, оставившего надписи на территории урочища Ыбыкты Сай В ходе мониторинга социальных сетей сотрудниками полиции была выявлена публикация, на которой неизвестный мужчина оставил надписи со своим именем и государственным регистрационным номером автомобиля на каменных породах урочища Ыбыкты Сай. По результатам проведенных оперативно-розыскных мероприятий личность нарушителя была установлена. Им оказался гражданин 2005 года рождения. Мужчина привлечен к ответственности за мелкое хулиганство. Материал направлен в суд для принятия процессуального решения. Кроме того, нарушитель устранил нанесенные надписи и привел участок в первоначальное состояние. ❗️ Полиция напоминает, что природные и исторические объекты являются общим достоянием и требуют бережного отношения. Любые действия, связанные с порчей имущества, нанесением надписей и нарушением общественного порядка, влекут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
🔹 Жеңіс күні — ерлік пен қайсарлықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің нышаны болған тарихи күн. Бұл күн ұрпақтарды бір арнаға тоғыстырып, бейбіт өмірдің қадірін терең сезінуге үндейді. Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, ол ұрпақ жадында мәңгі сақталады. *** 🔹 День Победы — символ мужества, стойкости и любви к Родине. Этот день объединяет поколения и напоминает о важности мира и единства. Память о подвиге защитников Отечества бережно сохраняется и передается из поколения в поколение. 📱 POLISIA.KZ
🕊️ Бейбіт өмірдің бағасы — майданнан оралмаған тағдырлар мен ел үшін от кешкен ерлердің ерлігі. Солардың бірі — сұрапыл соғыстың от-жалынынан өтіп, елге адал қызмет еткен Құрмат Рахимов. Оның өмір жолы — қайсарлықтың, батырлықтың және Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің көрінісі. Бүгінгі бейбіт аспан, тыныш өмір — сол буынның жанқияр ерлігінің арқасы. Ардагерлерге мәңгілік тағзым! *** 🕊️ Цена мирной жизни — это судьбы, не вернувшиеся с войны, и подвиги людей, прошедших через ее огонь ради своей страны. Один из них — Курмат Рахимов, прошедший через ужасы войны и честно служивший Родине. Его жизненный путь — отражение стойкости, мужества и безграничной любви к Отечеству. Сегодняшнее мирное небо и спокойная жизнь — это результат самоотверженного подвига того поколения. Вечная благодарность ветеранам! 📱 POLISIA.KZ
🕊️ 9 мамыр - Жеңіс күні құтты болсын!
✉️ На имя Президента Казахстана поступило ответное послание Премьер-министра Венгрии 🇰🇿🇭🇺Петер Мадьяр поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за поздравление в связи с победой партии TISZA на выборах. Премьер-министр назвал Казахстан ключевым партнером Венгрии в Центральной Азии и подтвердил готовность к дальнейшему укреплению сотрудничества в различных сферах. t.me/aqorda_resmi
✉️ Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады 🇰🇿🇭🇺Петер Мадьяр хатта Tisza партиясын сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқан. Премьер-министр Қазақстанды Орталық Азиядағы басты серіктес санайтынын атап өтіп, түрлі салада ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растаған. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇧🇷Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейрамен кездесу **** 🇰🇿🇧🇷Встреча с министром иностранных дел Бразилии Мауро Виейрой 📍 Ақорда 🎦 t.me/aqorda_resmi
Глава государства также отметил важность координации усилий двух стран по вопросам международной безопасности, ядерного разоружения и нераспространения. 🟦 Отдельное внимание стороны уделили теме реформирования ООН и ее структур, а также ситуации вокруг иранской ядерной программы. 🟦 Касым-Жомарт Токаев подтвердил приверженность Казахстана использованию атомной энергии исключительно в мирных целях под контролем МАГАТЭ. 🟦 Было отмечено, что наша страна пользуется широким международным доверием в сфере ядерного нераспространения, а также располагает необходимой инфраструктурой, экспертизой и научно-технической базой для безопасного обращения с чувствительными ядерными материалами. 🟦 На территории Казахстана находится единственный в мире Банк низкообогащенного урана МАГАТЭ. 🟦 Глава государства выразил готовность Казахстана в порядке доброй воли содействовать решению иранской ядерной проблематики в случае достижения соответствующих международных договоренностей и перевода данного вопроса в практическую плоскость. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы халықаралық қауіпсіздік, ядролық қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселелерінде өзара күш біріктірудің маңызына тоқталды. 🟦 Бұдан бөлек, БҰҰ және оның құрылымдарын реформалау жайы, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қарастырылды. 🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның атом қуатын МАГАТЭ бақылауымен тек бейбіт мақсатта пайдалануға бейіл екенін растады. 🟦 Кездесуде еліміз ядролық қаруды таратпау бойынша халықаралық аренада зор сенімге ие екені айтылды. Сонымен қатар елімізде ядролық материалдарды қауіпсіз пайдалануға қажетті инфрақұрылым, сарапшылық және ғылыми-техникалық база қалыптасқан. 🟦 МАГАТЭ-нің аз байытылған уранды сақтайтын әлемдегі жалғыз банкі Қазақстан аумағында орналасқан. 🟦 Мемлекет басшысы еліміз ізгі ниет таныта отырып, Ирандағы ядролық проблематиканың шешілуіне септігін тигізуге дайын екенін мәлімдеді. Ол үшін тиісті халықаралық уағдаластыққа қол жеткізіліп, аталған мәселе нақты іске ұласуы қажет. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇧🇷Глава государства принял министра иностранных дел Бразилии Мауро Виейру 🟦Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Бразилия – один из ключевых партнеров Казахстана в Латинской Америке. – Уверен, Ваш визит в Казахстан – это весьма своевременное и важное событие, которое придаст мощный импульс укреплению двусторонних отношений. С удовлетворением хотел бы отметить поступательное развитие многогранного сотрудничества между нашими странами. С Вами прибыла большая делегация бизнесменов, что свидетельствует о серьезных намерениях и ответственном отношении к взаимодействию с Казахстаном, – сказал Президент. 🟦Глава государства передал слова приветствия и теплые пожелания Президенту Луле да Силве и пригласил его посетить нашу страну с визитом. 🔹Мауро Виейра отметил, что прибыл в Казахстан по личному поручению Президента Бразилии. По его словам, наши страны обладают значительным потенциалом для дальнейшего расширения политического, торгово-экономического и культурно-гуманитарного взаимодействия. 🟦Собеседники обсудили перспективы укрепления сотрудничества в таких сферах, как энергетика, горно-металлургический комплекс, сельское хозяйство, инновации и искусственный интеллект. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇧🇷Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Қазақстанның Латын Америкасындағы басты серіктестерінің бірі екенін айтты. – Сіздің Қазақстанға сапарыңыз дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға тың серпін беретініне сенімдімін. Елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатыр. Сізбен бірге үлкен іскерлік делегация келді. Бұл Қазақстанмен ықпалдастықты ілгерілетуге аса жауапкершілікпен қарайтындарыңызды көрсетеді, – деді Президент. 🟦Мемлекет басшысы Президент Лула да Сильваға ізгі сәлемі мен ыстық ықыласын жолдап, елімізге сапармен келуге шақырды. 🔹 Мауро Виейра Қазақстанға Бразилия Президентінің арнайы тапсырмасы бойынша келгенін жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтудің әлеуеті зор. 🟦Қазақстан Президенті мен Бразилия Сыртқы істер министрі энергетика, тау-кен металлургия кешені, ауыл шаруашылығы, инновация және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету перспективасын талқылады. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял первого заместителя Премьер-министра Нурлыбека Налибаева 🟦Касым-Жомарт Токаев заслушал отчет по вопросам развития промышленности и реализации крупных инфраструктурных проектов. 🟦Президенту была представлена информация об основных направлениях работы в обрабатывающей промышленности. 🟦Первый вице-премьер доложил о планах по увеличению выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью и ходе модернизации энергетической инфраструктуры. 🟦Главе государства также было доложено о развитии транспортно-логистической инфраструктуры и строительного сектора. ❗️По итогам встречи Касым-Жомарт Токаев поручил обеспечить качественную реализацию инфраструктурных проектов, усилить поддержку отечественных товаропроизводителей и контроль за подготовкой к предстоящему отопительному сезону. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды. 🟦Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. 🟦Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды. 🟦Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды. ❗️Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді. t.me/aqorda_resmi
📌 Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістан *** 📌 Туркестан в преддверии неформального саммита Организации тюркских государств 🎦 t.me/aqorda_resmi
📣 Анонс предстоящих мероприятий 🇰🇿🇹🇷13-14 мая по приглашению Касым-Жомарта Токаева Астану с государственным визитом посетит Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган. 🟦Главы государств обсудят текущее состояние и перспективы развития двусторонних отношений. 🟦Президенты также проведут шестое заседание Совета стратегического сотрудничества высокого уровня между Казахстаном и Турцией. 📌 15 мая в Туркестане состоится неформальный саммит лидеров стран – участниц Организации тюркских государств. 🟦Тема саммита – «Искусственный интеллект и цифровое развитие». t.me/aqorda_resmi
📣 Алдағы іс-шаралар аңдатпасы 🇰🇿🇹🇷13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді. 🟦Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. 🟦Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді. 📌 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. 🟦Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады. t.me/aqorda_resmi
✉️Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Румену Радеву 🇰🇿🇧🇬В своей телеграмме Глава государства поздравил Румена Радева с убедительной победой коалиции «Прогрессивная Болгария» на парламентских выборах и его избранием на пост Премьер-министра Республики Болгария. Президент Казахстана выразил уверенность в том, что благодаря совместным усилиям содержательный политический диалог и сотрудничество между двумя странами, основанное на узах традиционной дружбы, будут и впредь укрепляться. Он также пожелал Румену Радеву успехов в его ответственной деятельности, а народу Болгарии — благополучия и процветания. t.me/aqorda_resmi
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдады 🇰🇿🇧🇬Мемлекет басшысы жеделхатта Румен Радевті «Прогрессивті Болгария» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Болгария Республикасының Премьер-министрі болып сайлануымен құттықтады. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа құрылған ынтымақтастық бірлескен күш-жігердің арқасында одан әрі беки түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Румен Радевтің аса жауапты қызметіне табыс, ал Болгария халқына құт-береке тіледі. t.me/aqorda_resmi
Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеру 📍Мәскеу, Қызыл алаң **** Военный парад по случаю 81-й годовщины Великой Победы 📍Красная площадь, Москва 🎦 t.me/aqorda_resmi
Наряду с Касым-Жомартом Токаевым и Президентом России Владимиром Путиным в торжественных мероприятиях участвовали Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев, Президент Беларуси Александр Лукашенко, Король Малайзии Султан Ибрагим, Президент Лаоса Тхонглун Сисулит и другие. t.me/aqorda_resmi
Іс-шараларға Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Малайзия Королі Сұлтан Ибрагим, Лаос Президенті Тхонглун Сисулит және басқа да ресми тұлғалар келді. t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 36
Это 36-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























