POLISIA.KZ » публикация №17491
⚡️ Шымкентте ақша бопсалаумен айналысқан блогер мен сыбайластары ұсталды Шымкент қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде беделге нұқсан келтіретін бейнематериалдарды жариялаймын деп қорқытып, азаматтардан ақша бопсалаумен айналысқан топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында Instagram желісінде 150 мыңға жуық оқырманы бар жергілікті блогердің үш сыбайласымен бірге кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді әдейі бейнетаспаға түсіріп жүргені анықталды. Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алды деп болжанған тәртіп бұзушылықтарды, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке қатысты болуы мүмкін заң бұзушылықтарды сылтау етіп, түрлі бейнематериалдар жинаған. Кейін сол бейнежазбаларды әлеуметтік желіге жарияламау үшін азаматтардан ақша талап еткен. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** ⚡️ Шантаж под видом "общественного контроля": в Шымкенте задержаны блогер и его подельники Сотрудниками управления по борьбе с организованной преступностью департамента полиции Шымкента пресечена деятельность группы лиц, занимавшейся вымогательством денежных средств под угрозой распространения в социальных сетях компрометирующих видеоматериалов. В ходе оперативных мероприятий установлено, что местный блогер, аудитория которого в Instagram насчитывает около 150 тысяч подписчиков, совместно с тремя сообщниками целенаправленно осуществлял видеосъемку предпринимателей и государственных служащих. В качестве повода использовались предполагаемые дисциплинарные проступки при исполнении служебных обязанностей, а также возможные нарушения, связанные с предпринимательской деятельностью. Полученные видеоматериалы он использовал как средство давления, требуя от граждан денежные средства за отказ от их публикации в социальных сетях. Подозреваемые задержаны и водворены под стражу. Проводятся следственные мероприятия. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























