ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6851
Жоғарғы Сотқа Грекия Әділет министрлігінің Бас хатшысы келді ◾️ Қазақстанның Жоғарғы Сотында еліміздің жоғары сот органының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Грекия Әділет министрлігінің Бас хатшысы Василика Гиавимен кездесті. ◾️Кездесуге Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов, Грекия Апелляциялық сотының судьясы Сотириос Цувалас және Греция Әділет министрлігінің құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Апостолос Брикос қатысты. ◾️Тараптар өзара құрметке, сенімге және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылуға негізделген Қазақстан-Грек қатынастарының үдемелі дамуын атап өтті. ◾️Екі ел арасындағы сындарлы саяси диалог барлық салаларда, соның ішінде құқықтық жүйені жетілдіру және сот төрелігін іске асыру мәселелерінде өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететіні атап өтілді. ◾️А.Түкиев қонақтарды ашық, қолжетімді жәнеәділ сот жүйесін қалыптастыруға, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, бұзылған құқықтарды тиімді қорғауға, соттар мен судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге, цифрландыруды дамытуға және сот қызметіне заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот реформалары туралы хабардар етті. ◾️В.Гиави қазақстандық әріптестерінің сот қызметінде ақпараттық технологияларды қолданудағы жетістіктерін атап өтіп, қолданыстағы электрондық сот ісін жүргізу жүйесіне қызығушылық білдірді. ◾️Кездесу барысында халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Әрбір, тіпті бір сұраудың артында белгілі бір адам, оның құқықтары мен заңды мүдделері тұрғаны атап өтілді. ◾️Осыған байланысты тараптар екі елдің сот жүйелері арасындағы одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығын, халықаралық құқықтық көмек көрсету кезінде, әсіресе отбасы мен балалардың құқықтарын қорғауға байланысты істер бойынша Гаага конвенцияларын қолданудың тиімділігіне тоқталды. ◾️Сапар аясында қонақтар Жоғарғы Соттың Ахуалдық орталығында болып, оның аналитикалық мүмкіндіктерімен, цифрлық шешімдерімен және соттардың қызметін мониторингтеудің заманауи құралдарымен танысып шықты. ◾️Іс-шара соңында кездесуге қатысушыларын тымақтастықты нығайтуға және кәсіби диалогты дамытуға мүдделілігін растады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























