ҚТЖ PRESS » публикация №13581
📌17 мыңнан астам теміржолшы біліктілігін арттырды 🔵2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның 17 мыңнан астам қызметкері компанияның оқу орталықтарында оқытудан өтіп, біліктілігін арттырды. 🔵Кадрларды даярлау Астана, Павлодар, Тараз, Қарағанды және Ақтөбе қалаларындағы мамандандырылған орталықтарда жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары теміржол саласының өндірістік қызметіндегі негізгі бағыттарды қамтиды. 🔵Қызметкерлерді дамыту бағдарламаларымен жыл сайын 60 мыңнан астам адам қамтылады. Қозғалыс қауіпсіздігі мен тасымал тұрақтылығы тікелей біліктілігіне байланысты өндіріс қызметкерлерін, атап айтқанда машинисттерді, жолшыларды және тасымалдау процесінің мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлерді дамыту қызметкерлердің кәсіби, жеке іскерлік және басқарушылық құзыреттерін қалыптастыруды қамтиды. Бұл олардың мансабын жоғарылату мен біліктілігін арттыруына қажетті негіз қалайды. 🔵Кадрларды жүйелі даярлау өндірістік процестердің тұрақтылығын және елдің теміржол инфрақұрылымының сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. ➖➖➖ 📌Более 17 тысяч железнодорожников прошли повышение квалификации 🔵В первом полугодии 2026 года более 17 тысяч работников АО «НК «Қазақстан темір жолы» прошли обучение и повышение квалификации в учебных центрах компании. 🔵Подготовка кадров осуществляется в специализированных центрах в Астане, Павлодаре, Таразе, Караганде и Актобе и охватывает ключевые направления производственной деятельности железнодорожной отрасли. 🔵Ежегодный охват программами развития персонала превышает 60 тысяч человек. Особое внимание уделяется подготовке производственного персонала — машинистов, путейцев и специалистов перевозочного процесса, от квалификации которых напрямую зависят безопасность движения поездов и стабильность перевозок. Развитие персонала включает формирование профессиональных, личностно-деловых и управленческих компетенций работников, необходимых для их карьерного роста и повышения квалификации. 🔵Системная подготовка кадров обеспечивает устойчивость производственных процессов и надежную работу железнодорожной инфраструктуры страны.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























