Минобороны РК » публикация №33441
🇰🇿 Қарулы күштерде сержанттарға құрмет көрсетілді Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында сержанттар корпусының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров құттықтады. Ол сержанттар корпусының жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуде және бөлімшелердің күнделікті қызметін ұйымдастырудағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың әскери борышқа адалдығы мен мінсіз қызметі үшін алғысын білдірді. Кәсіби мереке құрметіне үздік сержанттар «Ел қорғаны» медалімен, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі басшылығының грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. 🇰🇿 Сержантов Вооруженных сил поздравили с профессиональным праздником В Национальном военно-патриотическом центре Вооруженных сил РК состоялось торжественное собрание, приуроченное к 30-летию образования сержантского корпуса. С приветственным словом к участникам мероприятия обратился первый заместитель министра обороны – начальник Генерального штаба Вооруженных сил генерал-лейтенант Каныш Абубакиров. Отметив роль сержантского корпуса в обеспечении высокого уровня боевой подготовки и организации повседневной деятельности подразделений, он поблагодарил их за верность воинскому долгу и добросовестную службу. В честь профессионального праздника ряд отличившихся сержантов был поощрен медалью «Ел қорғаны», грамотами и благодарственными письмами от командования Министерства обороны. 🇰🇿 Armia.kz 📱 x.com 📱 Insta 📱 t.me 📱 YouTube 📱 FaceBook 🇰🇿 Aitu
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























