Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы 📍Астана, Тәуелсіздік сарайы **** 38-е пленарное заседание Совета иностранных инвесторов 📍Дворец Независимости, Астана 🎦 t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев провел встречу со старшим вице-президентом Торговой палаты США Хушем Чокси ✔️Глава государства принял старшего вице-президента по делам Ближнего Востока, Турции и Центральной Азии Торговой палаты США Хуша Чокси. ✔️В ходе беседы Глава государства подтвердил готовность Казахстана укреплять конструктивное взаимодействие с Администрацией Президента Дональда Трампа, особо отметив стратегический характер торгово-экономического и инвестиционного партнерства между Казахстаном и США. ✔️Президент подтвердил приверженность Казахстана обеспечению благоприятного инвестиционного климата для американского бизнеса. ✔️Собеседники обсудили перспективы расширения взаимодействия, в том числе в таких сферах, как освоение критически важных минералов, энергетика, цифровая инфраструктура, искусственный интеллект, транспортная взаимосвязанность, передовые технологии, сельское хозяйство и финансовые услуги. ✔️В свою очередь Хуш Чокси отметил высокий потенциал для дальнейшего развития связей и выразил готовность к реализации совместных проектов в ряде отраслей, представляющих взаимный интерес. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксимен кездесу өткізді ✔️Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының Таяу Шығыс, Түркия және Орталық Азия істері жөніндегі аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. ✔️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның Президент Дональд Трамп Әкімшілігімен сындарлы ықпалдастықты нығайта түсуге әзір екенін растады. Сондай-ақ Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестіктің стратегиялық сипатына айрықша назар аударды. ✔️Президент Қазақстанның америкалық бизнес үшін қолайлы инвестициялық климат жасауға бейіл екенін атап өтті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хуш Чокси ықпалдастықты кеңейту, соның ішінде аса маңызды минералдарды игеру, энергетика, цифрлық инфрақұрылым, жасанды интеллект, өзара көлік байланысы, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы және қаржы қызметтері перспективасын талқылады. ✔️Хуш Чокси байланыстарды одан әрі дамыту әлеуетінің жоғары екеніне тоқталып, өзара қызығушылық тудырған бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. t.me/aqorda_resmi
Глава государства встретился с президентом Исламского банка развития Мухаммадом Сулейманом Аль-Джассером 🟦В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что за годы сотрудничества Исламский банк развития стал надежным партнером, поддерживающим приоритеты национального развития Казахстана. 🟦На сегодняшний день группа Исламского банка предоставила нашей стране финансирование на сумму более 4,2 млрд долларов, а портфель текущих и перспективных проектов превышает 3 млрд долларов. 🟦В этом контексте Глава государства выразил признательность руководству финансового института за поддержку стратегически важных проектов в сферах водной инфраструктуры, транспортной взаимосвязанности и индустриального развития. 🟦В частности, в последние годы ИБР одобрил самый крупный пакет финансирования за свою историю, включающий Программу развития водных ресурсов на сумму 1,15 млрд долларов, а также Рамочное соглашение на сумму 1,3 млрд долларов, направленное на поддержку развития инфраструктуры СЭЗ и индустриальных зон Казахстана. 🟦В ходе встречи были обсуждены перспективы сотрудничества в рамках новой Стратегии партнерства на 2027-2032 годы. 🟦Президент подтвердил приверженность нашей страны формированию долгосрочного институционального партнерства с ИБР и поддержанию благоприятной инвестиционной политики. 🟦Глава государства также поддержал предложение Исламского банка развития провести в 2028 году в Казахстане ежегодную встречу Группы ИБР. В этом масштабном инвестиционном мероприятии примут участие представители государств – членов Банка, финансовых институтов и международные инвесторы. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассермен кездесті 🟦Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкі осы жылдар аралығында Қазақстанның ұлттық даму басымдықтарын қолдайтын сенімді серіктеске айналғанын атап өтті. 🟦Бүгінге дейін Ислам банкі елімізге сомасы 4,2 миллиард доллардан астам қаржы бөлген. Ал қазіргі және келешектегі жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асады. 🟦Осы орайда Мемлекет басшысы су инфрақұрылымы, өзара көлік байланысы және индустриялық даму салаларындағы стратегиялық маңызды бастамаларға қолдау көрсеткені үшін қаржы институтының жетекшісіне ризашылығын білдірді. 🟦Атап айтқанда, соңғы жылдары ИДБ өз тарихындағы ең үлкен қаржыландыру пакетін мақұлдады. Оның аясына жалпы сомасы 1,15 миллиард доллар болатын Су ресурстарын дамыту бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен индустриялық парктеріндегі инфрақұрылымды дамытуды көздейтін құны 1,3 миллиард доллар негіздемелік келісім кіреді. 🟦Әңгімелесу барысында 2027-2032 жылдарға арналған жаңа Стратегиялық серіктестік шеңберіндегі ықпалдастық мәселесі талқыланды. 🟦Президент еліміздің ИДБ-мен ұзақмерзімді институционалдық серіктестікті жолға қоюға және қолайлы инвестициялық саясат жүргізуге бейіл екенін растады. 🟦Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ислам даму банкі топтарының жыл сайынғы кездесуін 2028 жылы Қазақстанда өткізу жөніндегі ұсынысқа қолдау білдірді. Ауқымды инвестициялық іс-шараға Банкке мүше мемлекеттер мен қаржы институттарының өкілдері, халықаралық инвесторлар қатысады. t.me/aqorda_resmi
Президент принял главного исполнительного директора группы компаний VEON Мухтерема Каана Терзиоглу ✔️В ходе встречи были обсуждены перспективы развития телекоммуникационного рынка в контексте цифровизации и внедрения технологий искусственного интеллекта. ✔️Глава государства Касым-Жомарт Токаев высоко оценил многолетнее присутствие компании VEON в Казахстане и ее значительный вклад в развитие телекоммуникационной и цифровой экосистемы страны. ✔️Президент подчеркнул, что на новом этапе цифровой трансформации нашей страны искусственный интеллект становится ключевым фактором экономического роста. ✔️В этом контексте Касым-Жомарт Токаев призвал руководство VEON активно сотрудничать по таким ключевым направлениям, как строительство современных вычислительных мощностей и развитие облачных сервисов. ✔️Мухтерем Каан Терзиоглу в свою очередь поделился планами компании по внедрению передовых телекоммуникационных технологий и расширению доступа населения к цифровым услугам. ✔️В ближайшие три года VEON намерен удвоить масштабы своего бизнеса и инвестировать в экономику нашей страны еще один миллиард долларов. ✔️Инвестор проявил высокий интерес к участию в реализации концепции «Цифровой Казахстан». Кроме того, Beeline Kazakhstan рассматривает возможность строительства ЦОД в городе Астане. ✔️Приветствуя усилия компании, Глава государства подтвердил приверженность Казахстана созданию благоприятных условий для инвесторов и укреплению взаимовыгодных партнерских отношений. t.me/aqorda_resmi
Президент VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады ✔️Кездесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын енгізу мақсаттарына сай телекоммуникация нарығын дамыту перспективасы талқыланды. ✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқан VEON компаниясының отандық телекоммуникацияны және цифрлық экожүйені өркендетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. ✔️Президент жасанды интеллект еліміздегі цифрлық трансформацияның жаңа кезеңінде экономикалық өсімнің басты факторына айналғанына назар аударды. ✔️Осы орайда, Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниясының басшылығын заманауи есептеу жүйесі нысандарын салу және «бұлтты» сервистерді дамыту ісіне белсенді үлес қосуға шақырды. ✔️Мухтерем Каан Терзиоглу компанияның озық телекоммуникация технологияларын енгізу және халықтың цифрлық қызметтерге қолжетімділігін арттыру жоспарын таныстырды. ✔️VEON алдағы үш жылда бизнесін екі есе ұлғайтып, еліміздің экономикасына тағы бір миллиард доллар инвестиция құюға ниетті. ✔️Инвестор «Цифрлық Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыруға аса қызығушылық танытты. Бұдан бөлек, Beeline Kazakhstan Астана қаласында Деректерді өңдеу орталығын салу мүмкіндігін қарастырып жатыр. ✔️Мемлекет басшысы компанияның бағыт-бағдарын құптап, еліміз инвесторларға қолайлы жағдай жасауға және өзара тиімді серіктестік қатынастарды нығайтуға әрдайым бейіл екенін растады. t.me/aqorda_resmi
🤝 Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🇰🇿Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді: – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ▫️Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады: – Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы. @ptrkkz
Одиль Рено-Бассо положительно оценила благоприятный инвестиционный климат в Казахстане и структурные экономические преобразования, которые формируют прочную основу для качественной реализации стратегических целей – Для нас Казахстан является одной из важнейших стран присутствия и деятельности. В этом году мы наблюдаем очень высокий уровень инвестиционной активности. Уже подписаны соглашения по проектам на сумму свыше 1 млрд долларов. Учитывая проекты, которые находятся в стадии подготовки, мы рассчитываем, что общий объем инвестиций в текущем году достигнет 1,3 млрд евро. Это станет самым высоким показателем инвестиций за всю историю нашей работы в Казахстане, – сказала руководитель ЕБРР. 🟦Одиль Рено-Бассо подтвердила готовность и далее содействовать Казахстану в развитии инфраструктуры, транспортной доступности, ирригации и энергетического сектора. 🟦Банк намерен уделять большое внимание поддержке частного сектора, развитию малого и среднего предпринимательства, а также финансированию инвестиционных проектов. Одним из приоритетных направлений являются инвестиции в сферу критически важных сырьевых материалов. 🟦Собеседники подчеркнули важность активизации сотрудничества в сфере цифровизации и искусственного интеллекта. 🟦ЕБРР готов поддерживать развитие инновационной экосистемы, способствуя цифровой трансформации экономики Казахстана. t.me/aqorda_resmi
Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарды сапалы түрде іске асыруға берік негіз қалайтын жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады – Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы. 🟦Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инфрақұрылым, көлік байланысы, ирригация және энергетика секторларын дамытуға алдағы уақытта да атсалысуға әзір екенін растады. 🟦Банк жеке секторға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ниетті. Қаржы ұйымының инвестициялық қызметіндегі басым бағыттың бірі – аса маңызды шикізат материалдары. 🟦Әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. 🟦Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына үлес қосу арқылы инновациялық экожүйелердің қалыптасуына қолдау білдіруге дайын. t.me/aqorda_resmi
Глава государства принял президента Европейского банка реконструкции и развития Одиль Рено-Бассо 🟦В ходе встречи, состоявшейся в рамках 38-го пленарного заседания Совета иностранных инвесторов, были обсуждены перспективы сотрудничества Казахстана и финансового института на ближайшие годы. 🟦Президент выразил признательность руководству ЕБРР за вклад в экономическое развитие нашей страны. – Нас связывают отношения стратегического партнерства. Казахстан является одним из ключевых государств – партнеров Банка, и такое сотрудничество полностью соответствует нашей долгосрочной политике. Наше взаимодействие успешно развивается уже на протяжении многих лет, – отметил Касым-Жомарт Токаев. 🟦Как было подчеркнуто, за последние тридцать лет Банк инвестировал в Казахстан более 11 млрд евро в рамках 354 проектов. Благодаря этому наша страна стала одним из крупнейших партнеров ЕБРР в регионе. 🟦На сегодняшний день портфолио института развития в Казахстане включает 131 проект общей стоимостью более 3,1 млрд евро. 🟦Глава государства приветствовал подписание Рамочного соглашения о партнерстве между Правительством Казахстана и ЕБРР по расширению сотрудничества, направленного на содействие устойчивому развитию нашей страны. 🟦Как заявил Касым-Жомарт Токаев, сегодня в Казахстане реализуется амбициозная программа реформ с целью построения более диверсифицированной, конкурентоспособной и технологически продвинутой экономики. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🟦Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында өткен кездесуде Қазақстан мен қаржы институтының таяу жылдардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 🟦Президент еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді. – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Соңғы отыз жылда Банк Қазақстандағы 354 жобаға 11 миллиард еуродан аса инвестиция құйған. Соның нәтижесінде еліміз ЕҚДБ-ның аймақтағы ірі серіктестерінің біріне айналды. 🟦Бүгінде даму институты Қазақстанда жалпы құны 3,1 миллиард еуродан асатын 131 жобаны қаржыландырып отыр. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ арасында Серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қойылғанын құптады. Оның аясында еліміздің орнықты дамуына үлес қосу көзделген. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті және технологиялық тұрғыдан озық экономика құру мақсатында өршіл реформаларды қолға алды. t.me/aqorda_resmi
60 тыс. предпринимателей получили бесплатную профессиональную помощь благодаря акции «Народный бухгалтер» Министерство финансов Республики Казахстан совместно с профессиональными организациями бухгалтеров подвело итоги республиканской акции «Народный бухгалтер», которая проходила с 5 января по 30 июня 2026 г. Главная цель акции оказать практическую поддержку предпринимателям, повысить качество ведения бухгалтерского и налогового учета, а также помочь налогоплательщикам разобраться в изменениях налогового законодательства, вступивших в силу с 2026 г. 📱@KZgovernment
«Халық бухгалтері» акциясы аясында 60 мың кәсіпкер тегін кәсіби көмек алды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясын қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, салықтық және бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасын жақсарту және салық төлеушілерге 2026 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсінуге көмектесу. 📱@KZgovernment
«Халық бухгалтері» акциясы аясында 60 мың кәсіпкер тегін кәсіби көмек алды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясын қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, салықтық және бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасын жақсарту және салық төлеушілерге 2026 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсінуге көмектесу. @KZgovernment
60 тыс. предпринимателей получили бесплатную профессиональную помощь благодаря акции «Народный бухгалтер» Министерство финансов Республики Казахстан совместно с профессиональными организациями бухгалтеров подвело итоги республиканской акции «Народный бухгалтер», которая проходила с 5 января по 30 июня 2026 г. Главная цель акции оказать практическую поддержку предпринимателям, повысить качество ведения бухгалтерского и налогового учета, а также помочь налогоплательщикам разобраться в изменениях налогового законодательства, вступивших в силу с 2026 г. 📱@KZgovernment
«Халық бухгалтері» акциясы аясында 60 мың кәсіпкер тегін кәсіби көмек алды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кәсіби бухгалтерлік ұйымдармен бірлесе отырып, 2026 жылдың 5 қаңтары мен 30 маусымы аралығында өткен республикалық «Халық бухгалтері» акциясын қорытындылады. Акцияның негізгі мақсаты – кәсіпкерлерге практикалық қолдау көрсету, салықтық және бухгалтерлік есепті жүргізудің сапасын жақсарту және салық төлеушілерге 2026 жылы күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсінуге көмектесу. 📱@KZgovernment
Президент вручил государственные награды группе участников пленарного заседания СИИ за значительный вклад в развитие экономики Казахстана и многолетнюю плодотворную деятельность по повышению инвестиционной привлекательности страны Орденом «Достық» II степени награждены: президент Европейского банка реконструкции и развития Одиль Рено-Бассо, председатель Группы Исламского банка развития Мохаммад Сулейман Аль-Джассер, управляющий и главный исполнительный директор AD Ports Group Мухаммед Жума Аль-Шамиси, главный управляющий по работе с клиентами компании Citi Дэвид Ливингстон, председатель наблюдательного совета группы Polpharma Ежи Старак, президент корпорации Cameco Тим Гитцель, председатель правления Ассоциации «Казахстанский совет иностранных инвесторов» Ерлан Досымбеков. Ордена «Құрмет» удостоена: директор Ассоциации «Казахстанский совет иностранных инвесторов» Жанна Байдашева. t.me/aqorda_resmi
Президент Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесі және еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бағытындағы көп жылғы нәтижелі қызметі үшін Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды ІІ дәрежелі «Достық» орденімен: Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры және бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон,, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков марапатталды. «Құрмет» орденімен: «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева наградталды. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿 Біздің Президент Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында сөз сөйледі ▫️Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты ▫️Жұмысты жүйелі жүргізу үшін 2026 жыл – Жасанды интеллект және цифрлық даму жылы болып жарияланды ▫️Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді ▫️ЮНКТАД болжамы бойынша, 2033 жылға қарай әлемдік жасанды интеллект экономикасының көлемі 5 триллион долларға жуықтайды ▫️Қазақстанның цифрлық экономикасының негізгі элементтерінің бірі саналатын Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын құруға ниеттіміз ▫️Астанада Сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығын ашу бастамасы аясында халықаралық инвесторларға жоғары дәлдікпен геологиялық деректер ұсынатын бірыңғай орталық құрылады ▫️Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді ▫️Бүгінде Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимге ие, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді ▫️Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш ▫️Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» форматында жұмыс істей бастады ▫️Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық @ptrkkz
В ходе пленарного заседания также выступили президент Европейского банка реконструкции и развития Одиль Рено-Бассо, заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслан Мадиев, председатель правления Ассоциации «Казахстанский совет иностранных инвесторов» Ерлан Досымбеков, вице-президент по секторам и тематическим направлениям Азиатского банка развития Фатима Ясмин, главный управляющий по работе с клиентами Citi Дэвид Ливингстон, вице-президент CNPC Сун Даюн, президент регионального кластера по Африке, Ближнему Востоку, Индии и Центральной Азии группы Air Liquid Николя Пуаро. t.me/aqorda_resmi
Пленарлық отырыста Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің секторлар және тақырыптық бағыттар бойынша вице-президенті Фатима Ясмин, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон, CNPC вице-президенті Сун Даюн, Air Liquid компаниялар тобының Африка, Таяу Шығыс, Үндістан және Орталық Азия өңірлік кластерінің президенті Николя Пуаро сөз сөйледі. t.me/aqorda_resmi
Еще одним важным приоритетом Глава государства считает развитие города Алатау как города будущего – Сегодня Алатау представляет собой территорию опережающего развития, обладающую уникальным правовым режимом мирового уровня. Созданная нормативная база ориентирована на привлечение глобальных инвестиций и формирование в Алатау одного из ведущих международных деловых центров. Город проектируется как первый в Казахстане полностью цифровой центр. Здесь критически важная инфраструктура, государственные услуги и городская экономика будут интегрированы в единую цифровую экосистему на основе больших данных, передовых технологий и современных моделей управления. В соответствии с принципом Digital by default («Цифровизация по умолчанию») все процессы государственного управления с самого начала создаются исключительно в цифровом формате. Через единую цифровую платформу администрации города Алатау жители и инвесторы смогут получать государственные услуги, оформлять необходимые разрешительные документы и пользоваться преимуществами специального правового режима. Кроме того, в городе будет действовать передовая нормативно-правовая база в сфере цифровых активов, включая деятельность криптовалютных бирж и токенизацию активов. Мы приглашаем международных инвесторов воспользоваться преимуществами этой уникальной юрисдикции как надежной площадки для реализации высокотехнологичных и высокодоходных проектов, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️В завершение Президент подчеркнул, что развитие искусственного интеллекта и укрепление цифрового суверенитета имеют ключевое значение для обеспечения долгосрочной устойчивости экономики и государства. – Хотел бы особо подчеркнуть важность постоянного диалога между Советом и государственными органами, объединяющего опыт, знания и экспертный потенциал всех участников для выработки эффективных решений и проведения необходимых реформ. Мы убеждены, что долгосрочное взаимовыгодное партнерство государства и бизнеса станет важнейшим фактором раскрытия потенциала цифровой экономики Казахстана и построения процветающего будущего для наших граждан, – подытожил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет деп санайды – Бүгінде Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы құқықтық режимге ие, қарқынды дамитын аумақ болып бекітілді. Дүние жүзінен инвестиция тарту және Алатауды халықаралық іскерлік орталықтардың біріне айналдыру мақсатында нормативтік база жасақталды. Шаһарды Қазақстандағы толық цифрланған алғашқы орталық ретінде жобалап жатырмыз. Мұндағы аса маңызды инфрақұрылым, мемлекеттік қызметтер мен қала экономикасы үлкен дерекқор, озық технология және заманауи басқару моделі негізінде жұмыс істейтін біртұтас цифрлық экожүйеге біріктіріледі. «Digital by default» қағидатына сәйкес, мемлекеттік басқарудың барлық үдерісі әуел бастан тек цифрлық форматта жасалады. Алатау қаласы әкімшілігінің бірыңғай цифрлық платформасы арқылы тұрғындар мен инвесторлар мемлекеттік қызметтерге жүгініп, тиісті рұқсаттама құжаттарын рәсімдей алады, арнаулы құқықтық режимнің артықшылықтарын пайдаланады. Бұдан бөлек, қаладағы цифрлық активтер саласында криптовалюта биржалары мен активтерді токендеу қызметтерін реттейтін озық нормативтік-құқықтық база жұмыс істейді. Біз халықаралық инвесторларды осы бірегей юрисдикцияның артықшылықтарын жоғары технологиялық және табысты жобаларды жүзеге асыратын сенімді алаң ретінде пайдалануға шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Президенттің пікірінше, жасанды интеллектіні дамыту және цифрлық дербестікті нығайту экономикамыздың, тіпті мемлекеттің ұзақмерзімді орнықтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше мәнге ие. – Кеңес пен мемлекеттік органдардың тұрақты диалогы өте маңызды екенін атап өткім келеді. Тиімді шешімдер әзірлеп, қажетті реформалар жүргізу үшін барлық қатысушының тәжірибесі мен білімін, сарапшылық әлеуетін жұмылдырған жөн. Мемлекет пен бизнестің ұзақмерзімді әрі өзара тиімді серіктестігі цифрлық экономика мүмкіндіктерін толық пайдалануға және азаматтарымыздың игілігі үшін өркендеген мемлекет құруға ықпал ететін негізгі фактор болатынына сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев полагает, что долгосрочная цель Казахстана заключается не только в развитии сельского хозяйства, но и в превращении страны в региональный центр глубокой переработки продукции АПК – Мы стремимся не ограничиваться экспортом сырья, а создавать высокую добавленную стоимость внутри страны путем развития современной пищевой промышленности, внедрения передовых технологий и формирования устойчивых производственно-сбытовых цепочек. В этой сфере открываются значительные возможности для инвестиций на всех этапах производственного цикла. Мы активно внедряем технологии искусственного интеллекта, роботизации и решения Индустрии 4.0 на предприятиях пищевой промышленности. Системы контроля качества на основе искусственного интеллекта, технологии прогнозного обслуживания оборудования, автоматизированные производственные линии и интеллектуальное управление цепочками поставок позволят существенно повысить эффективность производства, обеспечить высокое качество продукции и соответствие самым строгим международным стандартам безопасности. Одновременно инвестиции в интеллектуальные логистические системы, автоматизированные складские комплексы, холодильную инфраструктуру и современные упаковочные технологии позволят сформировать полностью интегрированные цифровые производственно-сбытовые цепочки в агропромышленном комплексе. Мы приглашаем международных инвесторов, ведущих производителей продуктов питания, технологические компании и разработчиков решений в сфере искусственного интеллекта принять участие в этой масштабной трансформации, – заявил Президент. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Қазақстанның түпкі мақсаты – тек ауыл шаруашылығын дамытып қоймай, елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру – Біз шикізат экспорттаумен шектеліп қалмай, ел ішінде қосылған құны жоғары өнім шығаруға ұмтыламыз. Ол үшін, ең алдымен, тамақ өнеркәсібін дамытуға, озық технологияларды енгізуге және орнықты өндірістік-нарықтық тізбекті қалыптастыруға басымдық беру өзекті. Аталған салада өндірістік циклдің барлық кезеңіне инвестиция салуға мол мүмкіндік бар. Біз жасанды интеллект, роботтандыру технологияларын және Индустрия 4.0 шешімдерін тамақ өнеркәсібіне белсенді түрде енгізе бастадық. ЖИ негізінде сапаны бақылау жүйесі, құрал-жабдыққа болжамды қызмет көрсету технологиясы, автоматтандырылған өндірістік желі және жеткізу тізбегін интеллектуалды басқару өнеркәсіп тиімділігін айтарлықтай арттырады, жоғары өнім сапасы мен қатаң сақталатын халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар интеллектуалды логистика жүйелеріне, автоматтандырылған қойма кешендеріне, мұздатқыш инфрақұрылымына және заманауи қаптама технологияларына инвестиция салу агроөнеркәсіп саласындағы бір-біріне толықтай кіріктірілген, яғни өндірістік-нарықтық цифрлық тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Халықаралық инвесторларды, жетекші азық-түлік өндірушілерді, технологиялық компанияларды және ЖИ шешімдерін әзірлеушілерді осы ауқымды трансформацияға атсалысуға шақырамыз, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Следующим стратегическим приоритетом Президент назвал обеспечение устойчивого развития сельского хозяйства ✔️По его словам, искусственный интеллект и современные технологии автоматизации становятся основой новой аграрной революции. – Они позволяют значительно повышать урожайность, рационально использовать водные ресурсы и существенно снижать негативное воздействие на окружающую среду. Казахстан в полной мере осознает значение этих процессов. Благодаря использованию цифровых технологий точного планирования и прогнозной аналитики наша страна уже второй год подряд получает рекордный урожай зерновых – 27 млн тонн. Для закрепления этого результата мы проводим полную цифровизацию сельскохозяйственных земель, ускоряем внедрение беспилотных летательных аппаратов, спутниковой навигации и автоматизированных метеорологических станций. Все меры государственной поддержки и предоставления субсидий сельхозтоваропроизводителям переводятся в цифровой формат, что позволит значительно упростить административные процедуры. В животноводстве внедрены интегрированные цифровые платформы, обеспечивающие отказ от бумажного документооборота и повышение достоверности данных. Сегодня более 200 сельскохозяйственных предприятий уже работают в формате «умных ферм», используя современные цифровые технологии и управление на основе анализа данных. Кроме того, внедряется цифровая система прослеживания продукции, обеспечивающая полную прозрачность всей цепочки – от производителя до конечного потребителя, – отметил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президенттің айтуынша, ауыл шаруашылығының орнықты дамуын қамтамасыз ету – стратегиялық міндеттің бірі ✔️Бүгінде жасанды интеллект пен заманауи автоматтандыру технологиялары жаңа аграрлық революцияның өзегіне айналып келеді. – Мұның бәрі егістік өнімін айтарлықтай арттырып, суды үнемдеп пайдалануға және қоршаған ортаға келетін зиянды елеулі түрде азайтуға мүмкіндік береді. Бұл үдерістердің маңызды екенін жақсы түсінеміз. Дәлме-дәл жоспарлау және болжамды сараптама үшін цифрлық технологияларды қолдану арқылы еліміз екінші жыл қатарынан 27 миллион тонна астық жинады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Осы нәтижені сақтап қалу үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын толық цифрландыруға кірістік. Ұшқышсыз ұшатын аппараттарды, жерсерік навигацияларын және автоматтандырылған метеорологиялық станцияларды жедел іске қоса бастадық. Мемлекеттік қолдаудың барлық шарасы және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидия беру ісі цифрлық форматқа көшірілуде. Бұл әкімшілік рәсімдерді едәуір қысқартады. Мал шаруашылығында да интеграцияланған цифрлық платформа іске қосылды. Соның арқасында қағаз жүзіндегі құжат айналымынан бас тартуға және деректердің дұрыстығын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бүгінде 200-ден астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны «ақылды ферма» форматында жұмыс істей бастады. Яғни шаруашылықтар озық цифрлық технологияларды пайдалану мен деректерді талдау негізінде басқарылады. Бұдан бөлек, өндірушіден тұтынушыға дейінгі жеткізу тізбегінің толық ашықтығын қамтамасыз етіп, өнім қозғалысын бақылайтын цифрлық жүйе енгізіліп жатыр, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев отметил, что еще одним важным элементом долгосрочной стратегии развития нашей страны является транспортно-логистическая отрасль – Мы стремимся превратить Казахстан в ведущий региональный логистический узел, соединяющий Европу и Азию. Через территорию нашей страны проходят 13 крупнейших международных транспортных коридоров, что делает Казахстан важнейшим звеном трансконтинентальных цепочек поставок. Около 85 процентов всех железнодорожных грузоперевозок между Китаем и Европой проходит через Казахстан, что подтверждает нашу ключевую роль в развитии мировой торговли и транспортной взаимосвязанности. Для дальнейшего укрепления этих позиций мы осуществляем масштабные инвестиции в транспортную инфраструктуру, включая строительство тысяч километров новых железных дорог, а также дальнейшее развитие Транскаспийского международного транспортного маршрута, широко известного как Средний коридор. За последние пятнадцать лет Казахстан инвестировал в развитие транспортно-логистической инфраструктуры более 35 млрд долларов. При этом мы понимаем, что современная логистика требует не только качественной инфраструктуры, но и передовых цифровых решений. Именно поэтому мы принимаем меры по цифровизации всей экосистемы, – заметил Президент. ✔️Глава государства сообщил, что с конца прошлого года внедряется единая цифровая платформа Smart Cargo, функционирующая по принципу «единого окна» для предоставления таможенных, логистических и коммерческих услуг. – Платформа объединяет все ключевые процедуры в единую цифровую среду, значительно сокращая административные барьеры и время транзита. На первом этапе уже полностью цифровизированы транзитные операции по маршруту Китай – Узбекистан, а процедуры пересечения государственной границы переведены в электронный формат, что делает международные грузоперевозки более быстрыми, прозрачными и предсказуемыми. В результате транзит через территорию Казахстана стал более эффективным, экономичным и надежным для международного бизнеса, работающего на пространстве Евразии, – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласы еліміздің ұзақмерзімді даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі екенін жеткізді – Біз Қазақстанды Азия мен Еуропаны жалғайтын аймақтағы жетекші логистика торабына айналдыруды көздейміз. Еліміздің аумағы арқылы 13 ірі халықаралық көлік дәлізі өтеді. Бұл Қазақстанның құрлықаралық тасымал тізбегіндегі ықпалы зор екенін көрсетеді. Қытай мен Еуропа арасындағы темір жолмен тасымалданатын жүк көлемінің 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағымен өтеді. Мұның өзі әлемдік сауда мен өзара көлік байланысында негізгі рөл атқаратынымызды растайды. Осы позицияны одан әрі орнықтыра түсу үшін көлік инфрақұрылымына, мыңдаған шақырым жаңа теміржол салуға, сондай-ақ Орта дәліз ретінде кеңінен танымал Транскаспий халықаралық көлік бағытын ары қарай дамытуға қомақты инвестиция құйып жатырмыз. Соңғы он бес жылда Қазақстан көлік-логистика инфрақұрылымына 35 миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. Біз заманауи логистика сапалы инфрақұрылымды ғана емес, озық цифрлық шешімдерді де талап ететінін жақсы түсінеміз. Сол себепті бүкіл экожүйені цифрландыру шараларын қолға алдық, – деді Президент. ✔️Мемлекет басшысы өткен жылдың соңынан бастап кедендік, логистикалық және коммерциялық қызметтер ұсыну үшін «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейтін Smart Cargo бірыңғай цифрлық платформасы енгізіліп жатқанын айтты. – Платформа негізгі рәсімдердің бәрін бірыңғай цифрлық ортаға жинақтап, әкімшілік кедергілер мен транзит уақытын айтарлықтай қысқартады. Алғашқы кезеңнің өзінде Қытай – Өзбекстан бағыты бойынша транзиттік операциялар толық цифрландырылды, ал мемлекеттік шекарадан өту үдерістері электронды форматқа ауыстырылды. Бұл халықаралық жүк тасымалын жылдамдатып, ашықтықты қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде Еуразия кеңістігінде жұмыс істейтін халықаралық бизнес өкілдері үшін Қазақстан аумағымен жүк тасымалдау анағұрлым тиімді, үнемді әрі сенімді бола түсті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi