ТРК Президента » публикация №12565
🤝 Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады 🇰🇿Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін ЕҚДБ басшылығына ризашылық білдірді: – Бізді стратегиялық қарым-қатынас байланыстырады. Қазақстан – Банктің негізгі серіктесі саналатын мемлекеттің бірі. Мұндай ынтымақтастық біздің ұзақмерзімді саясатымызға сай. Өзара ықпалдастығымыз көптеген жылдан бері табысты ілгерілеп келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ▫️Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады: – Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы. @ptrkkz
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























