Aqorda » публикация №33963
Одиль Рено-Бассо Қазақстандағы стратегиялық мақсаттарды сапалы түрде іске асыруға берік негіз қалайтын жағымды инвестициялық ахуал мен экономикадағы құрылымдық өзгерістерді оң бағалады – Біз үшін Қазақстан маңызды елдердің бірі саналады. Биыл инвестициялық белсенділік деңгейі өте жоғары. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Дайындалып жатқан жобаларды есепке алсақ, жыл соңына дейін инвестиция көлемі 1,3 миллиард еуроға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл Қазақстанда жұмыс істегеннен бері қол жеткізген ең жоғары инвестициялық көрсеткішіміз болмақ, – деді ЕҚДБ басшысы. 🟦Одиль Рено-Бассо Қазақстанның инфрақұрылым, көлік байланысы, ирригация және энергетика секторларын дамытуға алдағы уақытта да атсалысуға әзір екенін растады. 🟦Банк жеке секторға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ниетті. Қаржы ұйымының инвестициялық қызметіндегі басым бағыттың бірі – аса маңызды шикізат материалдары. 🟦Әңгімелесу барысында цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға баса мән берілді. 🟦Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасының цифрлық трансформациясына үлес қосу арқылы инновациялық экожүйелердің қалыптасуына қолдау білдіруге дайын. t.me/aqorda_resmi
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























