Amanat пен "Әділет" партиясы бірікпек Қазір осы мәселе сьезде талқыланып жатыр. Депутат Үнзила Шапақ екі бастаманың бірігуін қолдады. Оның айтуынша, екі партияның бірігуі қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саяси күштердің әлеуетін күшейтуге бағытталған. Ол әр партияның өз ұстанымы мен ерекшелігі барын айтты. Айта кетейік, "Әділет" партиясы осы айдың басында ғана ресми түрде тіркелді. Олар әу баста-ақ билік саясатын қолдайтынын айтқан еді. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 18
Архив материалов источника Stan.kz, страница 18. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
🦟 Маса атыраулықтарды "ашса алақанында" ұстап отыр... Желіде Атырау көшелерінде түсірілген видео тарады. Кадрдан кішкентай баланы талап жатқан және ер адамның аяғына үймелеген масаны көруге болады. Тұрғындар осының кесірінен көше шығудан қалдық дейді. Жағдай күн сайын нашарлап барады екен. Ал әкімдік өкілдері тазарту жұмыстары күн сайын жүріп жатқанын айтты. Олардың сөзінше, маса қаптаған аумақтар арнайы дронмен де өңделіп жатыр. Десе де видеоға қарасақ іс нәтиже беріп жатқан жоқ сияқты... t.me/stankznews
💔🥀 12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірген... Оқиға Алматы облысы Түрксіб ауданында болған. Жеткіншектердің арасында дау туып, соңы адам өлімімен аяқталған. Жасөспірімді 13 жастағы балалар 9 рет пышақтаған. Жеткіншектің өліміне кінәлі деген күдікпен…
Бәйге кезінде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті Оқиға Астананың Талапкер ауылында болған. Кішкентай бала сегіз жасар әпкесімен үйінің жанында ойнап жүрген. Сол кезде ауыл жылқыларының арасында қалып қойған. Ал 20 жастағы жігіттер көшеде ат жарысына қатысып жатқан. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның анасы шабандозды жазалауды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бүлдіршіннің ішкі құрылысы жарылып кеткен. Миы шайқалып, қолы сынған. Ол кінәлілердің заң бойынша жауапқа тартылуын сұрады. Балаға ішкі жарақаттар, бас жарақаты және қолы сынған деген диагноз қойылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. t.me/stankznews
Бір баннерде бірнеше қате... Алматыда көшенің қақ ортасына ілінген Шоқан Уәлихановқа арналған баннерден бірнеше қате табылды. Мұны алматылық азамат Threads-те жариялады. Онда ол: "Алматының қақ ортасында осындай қате жазуға жол беріп қойған қала әкімдігіне таңым бар. Сонда бұны қойған да, рұқсат берген де қазақ болмағаны ма? Әлде қалай болса солай жазуларды қаланың орталығында жазып қойып, жүре береміз бе?" деп жазды. Ал желі қолданушылары жазуды Жасанды интеллекті жазған деп, жағдайды сынға алды. Олар: "Кім жасаса да, соңғы нұсқасын бекітетін адам бар шығар жергілікті әкімдікте", "ЖИ-мен жасай салып, өзіне міндеттелген істен жеңіл қашқан түрі ғой", "ЖИ бар жерде МИ істемейді" деп жазды олар. Алматы әкімдігінен мән-жайды сұрадық. Десе де әлі жауап ала алмадық. Кім жазса да бір тексеретін адам болмағаны өкінішті екен... t.me/stankznews
Илон Маск байлығы 700 миллиард долларға жеткен тарихтағы алғашқы адам атанды Бұл Делавэр штатының Жоғарғы соты төменгі сатыдағы соттың Маскқа берілген Tesla акцияларына арналған опциондарды жарамсыз деп таныған шешімін жойуымен байланысты. Қазіргі кезде бұл…
Әйел Жұма есімді арыстанның назарын аудару үшін оған тас лақтырған. Ал хайуанаттар бағы әкімшілігі әйелдің видеосын полицияға жолдаған. Енді полиция тиісті шара қолдануы тиіс. Хайуанаттар бағы өкілдерінің сөзінше, жануарларға кез келген затты лақтыруға, торлар мен қоршауларды соғуға, оларды әдейі мазақ ету немесе мазасын алуға тыйым салынған. t.me/stankznews
💔🥀 12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірген... Оқиға Алматы облысы Түрксіб ауданында болған. Жеткіншектердің арасында дау туып, соңы адам өлімімен аяқталған. Жасөспірімді 13 жастағы балалар 9 рет пышақтаған. Жеткіншектің өліміне кінәлі деген күдікпен 13 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол көз жұмған баланың танысы болған. Марқұмның жақындары күдікті жасына байланысты қатаң жазадан құтылып кете ме деп алаңдап отыр. Олар әділ тергеу жүріп, әділ шешім шығаруды талап етті. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Бейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 АҚШ Орталық қолбасшылығы тағы да Иран аумағындағы нысандарға соққы жасады, ал Иран тарапы Бахрейн мен Кувейттегі АҚШ базаларына соққы берген 🔶 Жаңа "Жамбыл" фосфор зауытының жұмысшылары мен Ұлытау облысында "Қазақмыс" кенішінің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп наразылыққа шықты 🔶 Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі 1 тамыздан кейін қаралатын болды 🔶 Ақнәр Гүлстанның өлімі бойынша істе ешкім күдікті деп танылмаған, ал сараптамалар мен іс бойынша материалдар Қытайға жіберіліпті 🔶 Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады, енді 1,5 мыңнан аса сотталғанның жазасы жеңілдетіледі 🔶 Италияда қазақстандық студент мерт болды, ол теңіз суына батып кеткен t.me/stankznews
Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде алып құбырлар жолаушылардың жанына құлаған Куәгерлердің бірінің айтуынша, 11 маусым күні күндіз құрылыс жұмыстары кезінде биіктен ірі құбырлар үзіліп түсіп, жолаушылардың жанына құлаған. Оқиға туралы Алматы тұрғыны…
🦁 Алматы хайуанаттар бағында келуші әйел тордағы арыстанға тас лақтырған Әйел Жұма есімді арыстанның назарын аударту мақсатында оған тас лақтырған. Хайуанаттар бағының әкімшілігі бейнебақылау камераларындағы жазбалар мен барлық материалдарды полицияға жолдап, арыз жазған. Хайуанаттар бағының ережелеріне сәйкес, жануарларға зат лақтыруға, торларды соғуға және оларды мазақ етуге тыйым салынады. Мұндай әрекет жануарларда күйзеліс тудырып, жарақатқа әкелуі мүмкін. t.me/stankznews
Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев қайын апасын 32 рет пышақтағанын мойындады Жауап алу барысында ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіспейтінін айтты. Сәрсемәлиевтің сөзінше, ер адам "абайсызда" қаза…
Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі таратты деген күдікке ілінді Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген. Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған. Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. t.me/stankznews
Астанада мешітте телефон ұрлаған ер адам ұсталды Алдын ала мәлімет бойынша, 36 жастағы күдікті жәбірленушінің намаз оқып жатқан сәтін пайдаланып, жанында еденге қойылған сөмкенің ішінен iPhone 13 ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Күдіктінің жеке басы бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. t.me/stankznews
Алматы әуежайында құрылыс жұмыстары кезінде алып құбырлар жолаушылардың жанына құлаған Куәгерлердің бірінің айтуынша, 11 маусым күні күндіз құрылыс жұмыстары кезінде биіктен ірі құбырлар үзіліп түсіп, жолаушылардың жанына құлаған. Оқиға туралы Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, оқиға болған сәтте жақын маңда оның туыстары, балалар және ұшақтың ұшуын немесе келуін күтіп тұрған басқа да жолаушылар болған. t.me/stankznews
Мәсімовтың экс-күйеу баласына іздеу жарияланды "ҚазТемірТранс" компаниясыны бұрынғы вице-президенті Азамат Қапенов 5,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қапенов қызметтік өкілетін пайдаланған. Ол жүк…
"Қазақмыс" кенішінің жұмысшылары ереуілге шықты Олар жұмысын уақытша тоқтатып, басшылыққа бірқатар талап қойды. Жұмысшылар жалақыны 50% көтеруді, еңбек жағдайын жақсарту және басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бәкіровты қызметінен босатуды сұрады. Себебі оларға басшылық қысым жасаған. Ал компания қызметкерлердің ұсыныстары қаралатынын мәлімдеді. Олардың мәліметінше, негізгі мәселелер жабдықтардың техникалық жағдайы мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты. . Компания қазір кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. t.me/stankznews
💔 Италияда қазақстандық студент мерт болды Нұрдәулет Машариповтың денесі елдің оңтүстігіндегі Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастардың арасынан табылды. Жігіт Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі. Ал Италияда университетте оқыған. Марқұмның қазасын Дінмұхамед Мұхтаров желіде хабарлады. Оның сөзінше, Нұрдәулет суға батып кеткен. Қазір отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаржы жинап жатыр. Жалпы құны – 8000 еуро (4,5 миллион теңге) екен. Марқұмның ұялы телефоны, сөмке мен киімі тастардың арасынан табылды. Қазір Қазақстан елшілігі мен Италия билігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. t.me/stankznews
📌 Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады Заң қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жасауды көздейді. Рақымшылық ауыр емес қылмыс жасағандарға және келтірілген залалды толық өтеген орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталғандарға қолданылады. Сотталғандардың бір бөлігінің өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады. Алайда сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстары үшін сотталғандар, зорлық-зомбылық жасағандар, сталкерлер, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер, азаптау, кісі өлтіру және мемлекетке опасыздық жасау баптары бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді. Оған қоса тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізіледі. Оның аясында азаматтар, жеке кәсіпкерлер, нотариустар, адвокаттар және заң кеңесшілері орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босатылады. Енді заңға президент қол қоюы тиіс. t.me/stankznews
💔🥀 Қаза тапқан баласын жоқтаған аналарды полиция ұстап әкетті Оқиға Президент Әкімшілігі ғимаратының маңында болған. Баласынан айырылған бір топ ата-ана дәл осы жерде Тоқаевқа өтініш білдірмек болған. Олар марқұм Сана Мерлан, Ақанова Әдел және Ақнар Гүлстанның…
💬 “Өз еліміздің әсем жеріне барыңыздар” Мұны Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев айтты. Ол қазақтарды елдің көрікті жерлерін аралап, елдің әсем табиғатын танып-білуге үндеді. Оның айтуынша, бұл әр азаматтың моральдық міндеті. Ал жазда қайда барып демаласыздар❓🤔 t.me/stankznews
Естеріңізде болса… 🤔 Біз бұған дейін ең төменгі жалақы 85 мың теңгеден 150 мың теңгеге өсетіні туралы айтқан едік. Дегенмен билік халыққа бұл ақшаны бірден бере салмаймыз дейді. Әуелі ұлттық компаниялармен, жеке секторлармен ақылдасып, талқылап, жылдың соңында…
Жамбыл облысында әскери дрон құлады Оқиға бүгін Талас ауданында болған. Бұл жолы өзіміздің ұшақ екен. Қарулы күштердің ұшқышсыз ұшу аппараты төтенше жағдайда жерге қонған. Жағдай жоспарлы оқу-жаттығу кезінде болған. Ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиға…
Соңғы 3 жылда қанша офицер декреттік демалысқа шықты❓ Сауалға Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабеков жауап берді. Оған қоса ол ер офицерлерді декреттік демалысқа жіберу ережесі қысқаратынын айтты. Себебі бұл әскери қызметке кері әсерін тигізеді дейді. t.me/stankznews
💬 "Жалақы мардымсыз, өтемақы берілмейді" "Жаңа Жамбыл фосфор зауытының" жұмысшылары шу шығарды. Себебі қызметкерлердің жеке мүлкін итпен тінтіген. Олар бұл қолдан жасалған қастандық деп, басшылыққа шағымданды. Айтуларынша құзырлы орган өкілдері есірткі табылды деген желеумен 70 адамды тиеп алып кеткен екен. Ауысымда 30 жыл істеген ер адамды наркологияға апарып, шкафтарды тас-талқан еткен. Бұл түрме емес қой дейді ашынған жұмысшылар. Оның үстіне олар зауытта түрме заңымен жүруге мәжбүр екен. Үш мыңға жуық адам еңбек ететін өнеркәсіпте жұмысшылардан бастық көп дейді. Оған қоса міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы, еңбек демалысына берілетін өтемақы үнемі кешігетінін айтты. Денсаулығына байланысты берілетін жәрдемақыны алу да қиын екен. Ал жергілікті билік өкілдері жұмысшылардың талапбын тыңдады. Олар бір аптаның ішінде нақты жауап береміз деді. Ал итпен тінту жүргізу полициямен бірлескен шара екен. Полиция сегіз адамнан есірткі табылғанын жеткізді. Іс сотқа жіберілген. t.me/stankznews
❤️🔥✊ Өрт сөндіруші жеті вагонды сүйреп, рекорд орнатты Бұл Атырау облысы Құрманғазы ауданының тумасы Ерсейіт Бралин. Ол салмағы 165 тонна 200 килограмм, қашықтығы 9 метр 75 сантиметр болатын жеті көлікті тартты. Осылайша ол Қазақстан рекордын орнатты. Бралин пауэрлифтингтен Қазақстан, Азия және әлем чемпионы. Оған қоса халықаралық спорт шебері және грепплингтен спорт шебері. Аға сержант қазір Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру-құтқару бөлімшесінің отряд командирі қызметін атқарады екен. t.me/stankznews
🇮🇷Иран АҚШ пен Израильге ауқымды жауап әзірлеп жатқанын мәлімдеді Иран парламентінің өкілі Бехнам Саидидің айтуынша, Тегеран атысты тоқтату режимінің бұзылуына жауап ретінде кең көлемді шаралар дайындауда. Ол АҚШ пен Израильге қатаң ескерту жасап, дұшпандық…
🇰🇿🌐 Сәрсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 2 адам қаза тауып, 8-і жарақат алды 🔶 Астанада баланы қараусыз қалған нысанға сүйреп әкетпек болған 56 жастағы ер адам ұсталды 🔶 Алматыда көшедегі қоқысты жасанды интеллект көмегімен “тазалаған” әкімдік қызметкері жұмыстан шығарылды 🔶 Қазақстанда бензин неге қымбаттады, себебін Энергетика министрі Ақкенженов түсіндірді 🔶 Депутат қазақстандықтар күн көру және азық-түлік сатып алу үшін несие алып жүргенін айтты 🔶 Шахматшы Бибісара Асаубаева жалақысы үш есе қысқарып қалғанын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады, ал Спорт министрлігі шахмат басым спорт түріне кірмейтінін, сондықтан жалақы қысқарғанын мәлімдеді t.me/stankznews
🚕Алматы көшелерінде жүргізушісіз таксилер байқалды Әлеуметтік желілерде вьетнамдық VinFast брендіне тиесілі жүргізушісіз таксилер колоннасы қала көшелерінде жүрген видеолар пайда болды. Олардың жолаушы тасымалдап, тасымалдамағаны туралы әлі нақты ақпарат жоқ. t.me/stankznews
✍🏻Тоқаев бірқатар заңға қол қойды ▫️”Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️”Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімді ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына; ▫️”Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Оман Сұлтандығының Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 18
Это 18-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.