Stan.kz » публикация №28934
💬 "Жалақы мардымсыз, өтемақы берілмейді" "Жаңа Жамбыл фосфор зауытының" жұмысшылары шу шығарды. Себебі қызметкерлердің жеке мүлкін итпен тінтіген. Олар бұл қолдан жасалған қастандық деп, басшылыққа шағымданды. Айтуларынша құзырлы орган өкілдері есірткі табылды деген желеумен 70 адамды тиеп алып кеткен екен. Ауысымда 30 жыл істеген ер адамды наркологияға апарып, шкафтарды тас-талқан еткен. Бұл түрме емес қой дейді ашынған жұмысшылар. Оның үстіне олар зауытта түрме заңымен жүруге мәжбүр екен. Үш мыңға жуық адам еңбек ететін өнеркәсіпте жұмысшылардан бастық көп дейді. Оған қоса міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақы, еңбек демалысына берілетін өтемақы үнемі кешігетінін айтты. Денсаулығына байланысты берілетін жәрдемақыны алу да қиын екен. Ал жергілікті билік өкілдері жұмысшылардың талапбын тыңдады. Олар бір аптаның ішінде нақты жауап береміз деді. Ал итпен тінту жүргізу полициямен бірлескен шара екен. Полиция сегіз адамнан есірткі табылғанын жеткізді. Іс сотқа жіберілген. t.me/stankznews





























