“Әділет” партиясы AMANAT-пен бірігуді қолдады Саясаттанушылардың бағалауынша, бұл жай ғана атау ауыстыру емес, алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында биліктің негізгі саяси күшін қайта құру әрекеті. Amanat өзінің өңірлік филиалдарын, депутаттық корпусын, партиялық…
Stan.kz — страница 17
Архив материалов источника Stan.kz, страница 17. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Кішкентай қызды аймалап, арам ойын іске асырмақ болған 56 жастағы ер адам сот залында босатылды. Оның әрекеті видеоға жазылса да, ол 216 мың теңге айыппұл беріп, жазадан құтылмақ. Бұл жағдай сәуір айында көпқабатты үйдің кіреберісінде болған. 56 жастағы ер адам көршісінің кішкентай қызына тиісіп, қол жүгірткен. Ол 8 жастағы оқушының денесін ұстап, қарсылығына қарамастан көтеруге ұмтылған. Бірақ жеткіншек қашып үлгеріп, баспананың шатырына бір-ақ шыққан. Әлгі шал қыздың соңынан жүгіріп, қуған. Шатыр жабық болған. Төменге түскен кезде әйелдер көріп, шалды қуып жіберген. Соның өзінде қызды лифтінің ішінде күтіп тұрған. Әйел полицияға арызданып, іс сотқа дейін жеткен. Алғашында "16 жасқа толмаған адамға азғындық жасау" дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүрген. Алайда сотта іс мүлдем басқа бапқа ауысып кеткен. Қазір кішкентай қыз көшеде жүруден қорқады. Ата-анасы осы сұмдық жағдайдан соң тұрып жатқан үйлерінен де көшіп кеткен. Олар шалдық темір торға қамалуын сұрап отыр. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 “Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев қызметіне кетті, енді партияның төрайымы Дания Еспаева болды 🔶 Жекеменшік мектептер "өлі жандар" арқылы бюджеттен миллиардтаған қаржы жымқырған 🔶 Көкшетауда шетелдік азамат саябақ мүлкін өртеймін деп өзі тірідей жанып кете жаздады, енді өзі жансақтау бөлімінде жатыр 🔶 Жаңа құрылған “Әділет” партиясы AMANAT-пен бірігуді қолдады, бұл шешімді барлық делегат мақұлдады 🔶 Тоқаев Ақалтеке тұқымына қосылған жаңа құлындарға ат қойды 🔶 АҚШ-та қазақстандық жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, Сыртқы істер министрлігі оны іздеп жатқанын мәлімдеді t.me/stankznews
Матч кезінде әскери қызметкер есінен танып қалды Бұл жағдай “Ақтөбе” – “Алтай” матчы кезінде болған. Алаң маңында Ұлттық ұланның әскери қызметкері кенеттен есінен танып қалған. Оған дәрігерлер дер кезінде көмек көрсеткен. Қазір жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді дейді. t.me/stankznews
🐎 Тоқаев тағы да асыл тұқымды жылқыларын көрсетті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордадағы асыл тұқымды Ақалтеке жылқыларын арнайы барып көрді. «Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Кейін туған құлыншақты Бөрте деп атадым. “Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар” деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім», – деді президент. t.me/stankznews
Қазақстанда ымдау тілі ресми мәртебе алуы мүмкін Үкімет есту қабілеті бұзылған азаматтар қолданатын ымдау тілін заң жүзінде толыққанды қарым-қатынас тілі ретінде тану мәселесін қарастырып жатыр. Бұл үшін Германия, АҚШ, Жапония, Түркия секілді елдердің тәжірибесі зерттелген. Мәжіліс депутаттары қазіргі сурдоаударма лимитін де сынға алды. Қазір мұндай қызмет жылына небәрі 60 сағатпен шектеледі. Олардың айтуынша, бұл ауруханаға бару, оқу, жұмыс істеу және мемлекеттік қызмет алу сияқты күнделікті қажеттіліктерге жетпейді. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. t.me/stankznews
🇰🇿🇺🇸 АҚШ-та қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті 24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго маңында тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда хабарласқан, ал 7 маусымнан бері телефоны өшірулі. 10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапқан. Алайда жігіттің өзі әлі күнге дейін табылған жоқ. Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған. Қазақстан СІМ бұл істі бақылауға алып, АҚШ құқық қорғау органдарымен байланыс орнатқанын мәлімдеді. t.me/stankznews
“Әділет” партиясы AMANAT-пен бірігуді қолдады Саясаттанушылардың бағалауынша, бұл жай ғана атау ауыстыру емес, алдағы Құрылтай сайлауы қарсаңында биліктің негізгі саяси күшін қайта құру әрекеті. Amanat өзінің өңірлік филиалдарын, депутаттық корпусын, партиялық активін және сайлау тәжірибесін «Әділетке» береді. Ал «Әділет» жаңа басшылықпен және жаңа саяси күн тәртібімен елдегі басты партияға айналуға талпынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадам бір жағынан жаңа саяси бағытты қолдау болса, екінші жағынан Amanat брендіне қатысты қалыптасқан қоғамдық көзқарастан арылу амалы болуы мүмкін. Алдағы Құрылтай сайлауында «Әділет» орындардың 50-70 пайызын иеленуі ықтимал деген болжам айтылуда. Алайда негізгі сұрақ әлі де өзекті. t.me/stankznews
🚨 Алматыда граната мен пышақ ұстаған ер адам қолға түсті Райымбек даңғылында полиция тоқтатқан азаматтың сөмкесінен пышақ пен гранатаға ұқсас зат табылған. Оқиға орнына саперлер шақырылып, тексеру барысында «гранатаның» оқу-жаттығу муляжы екені анықталды. Ұсталған ер адам бұл заттарды тауып алғанын айтқан. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. t.me/stankznews
🔥 «Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңірінде филиал ашады Астанада өткен II съезде «Әділет» партиясы елдің барлық өңірінде филиалдар құру туралы шешім қабылдады. Партия төрағасы Айбек Дәдебай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытын толық қолдайтынын мәлімдеп, партияның болашағы өңірлердегі жұмыстың нәтижесіне байланысты екенін айтты. Съезд барысында делегаттар AMANAT партиясының «Әділетке» қосылуын да қолдады. Дәдебай бұл шешімді «ұлттық жауапкершілікке негізделген қадам» деп бағалады. t.me/stankznews
Amanat пен "Әділет" партиясы қосылды Қазір осы мәселе сьезде талқыланып жатыр. Депутат Үнзила Шапақ екі бастаманың бірігуін қолдады. Оның айтуынша, екі партияның бірігуі қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саяси күштердің әлеуетін күшейтуге бағытталған.…
🔥 Трамп 80 жасқа толды Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп 80 жасқа толды. Осыған орай президент Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық әріптесін құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен амандық тіледі. Трамп мерейтойын ерекше атап өтпек. Ақ үйдің көгалында UFC турнирін ұйымдастыру жоспарланып отыр. Тағы бір қызығы, дәл бүгін АҚШ Иранмен бейбіт келісімге қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді. t.me/stankznews
Қылмыс әлемінің серкесі өлтірілді Латын Америкасындағы ең іздеудегі қылмыскерлердің бірі "Ниньо Герреро" арнайы операция кезінде өлтірілді. Ол Tren de Aragua атты атышулы қылмыстық топты басқарған. АҚШ билігі оны есірткі саудасы, адам саудасы, бопсалау және кісі өлтіру сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деп санаған. Бұған дейін Герреро Венесуэла түрмесінен қашып кетіп, халықаралық іздеуде жүрген еді. t.me/stankznews
🏫 "Өлі жандар" арқылы миллиардтар игерілген бе? Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше, кейбір жекеменшік мектептер оқушылар санын қолдан көбейтіп көрсетіп, балаларды қағаз жүзінде бірнеше мектеп арасында қайта-қайта ауыстырған. Тексеру барысында 1333 оқушының 5-тен 12 ретке дейін "ауыстырылғаны" анықталған. Кей жағдайларда мектептердегі оқушы саны ғимарат сыйымдылығынан үш есе артық көрсетілген. Ал осы мектептерді қаржыландыруға 2025 жылы бюджеттен 149,2 млрд теңге бөлінген. t.me/stankznews
Қыз фельдшердің екпесінен жүре алмай қалды Қысымы көтерілген қыз жәдел жәрдем шақырып, фельдшер Кеторол екпесін салған. Бес күннен кейін екпе салынған жер тас болып қатып, үлкен ісікке айналған. Ал жамбасы күйіп тұрғандай әсер болған. Емханаға барған науқасты дәрігерлер дұрыс қарамай "йод жағыңыз" деп үйге қайтарған. "Сол йод жаққаннан кейін нағыз сорақы күндер басталды. Дене қызуым 38,1 градусқа дейін көтеріліп, сол аяғымды жан төзгісіз ауырсыну жайлады. Тіпті аяғыма тұра алмайтын халге жеттім", – дейді қыз. Кейін хирург мұндай жағдайда йодты жағуға болмайтынын айтқан. Өйткені йод жылытатын әсер береді де, іріңнің пайда болуын одан әрі күшейтуі мүмкін екен. t.me/stankznews
Дәния Еспаева "Ақ жол" Демократиялық партиясының жаңа төрайымы болды Делегаттардың көпшілігі Дәния Еспаеваның үміткерлігін қолдап дауыс берді. Ол бұл қызметте бұған дейін съезд барысында өкілеттігін тоқтатқан Азат Перуашевты алмастырады. Перуашев Еспаеваның кандидатурасын ұсынып, оны "Ақ жолдың жарқын жұлдызы" деп атады. Бұған дейін ол партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Дәния Еспаева Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған саяси партияны басқарып отырған алғашқы және жалғыз әйел атанды. 2019 жылы ол Қазақстан тарихында алғаш рет президенттікке үміткер болған әйел ретінде де елге танылған еді. t.me/stankznews
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кетеді Ол партиялық жүйедегі монополияға қарсы күресу үшін басшылықтың жаңару керегін айтты. «Монополияға қарсы ең тиімді құрал – басшылықтың мерзімді түрде ауысып отыруы. Сондықтан тұйықталып, жаңа идеялар мен бастамалардың дамуына кедергі келтірмеу үшін партия төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым», – деді Перуашев. Жаңа төраға қызметіне ол Дәния Еспаеваны ұсынды. Сөйтіп партия съезінде Дәния Еспаева «Ақ жол» партиясының төрайымы болып тағайындалды. Дания Еспаева енді Қазақстандағы жұмыс істеп тұрған саяси партияны басқаратын жалғыз әйел болды. t.me/stankznews
“Бауырын жарып жіберген”: Әйелді экс-сүйіктісі аяусыз сабап өлтірген Қазақстандық әйел сіңлісін бұрынғы сүйіктісі қатыгездікпен өлтіргенін мәлімдеді. Әсем біраз уақыт бойы Алмаз М. есімді жігітпен кездесіп, оның агрессивті мінез-құлқына байланысты ара қатынасты тоқтатпақ болған. Бірақ жақындарының сөзінше, ер адам мұнымен келіспей, Әсемді мазалауын тоқтатпаған. 9 маусымда Әсем жігітпен кездесуге келіскенде ер адам оны жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы соққыға жыққан дейді туыстары. t.me/stankznews
Шетелдік азамат саябақты өртеймін деп, өзі жанып кете жаздады Оқыс жағдай 12 маусымға қараған түні Абылай хан алаңындағы саябақта болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам мас күйде болған. Зардап шеккен адам Ақмола облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 38 жастағы ер адамның денесінің 95%-ы күйік шалған. Ол жансақтау бөлімінде өте ауыр жағдайда жатыр. Шетелдік азаматтың бұған дейін де қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. t.me/stankznews
🇺🇸🇮🇷 АҚШ пен Иран келісімге келуге жақын Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Исламабадта әзірленген өзара түсіністік туралы меморандум келісілуге жақын екенін айтты. Министр бұл үдеріс толық аяқталғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарын "құжаттың мазмұнына қатысты түрлі жорамалдар мен алыпқашпа әңгімелерден аулақ болуға" шақырды. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен ықтимал келісім туралы БАҚ-та таралып жатқан ақпараттың көп бөлігі шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді. "Бұғазды ашу және Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын тоқтату жөніндегі ықтимал келісім туралы көптеген жалған ақпаратты оқыдым. Біріншіден, Иран ешқандай қаржы алмайды және келісімге қол қойғаны немесе кездесуге қатысқаны үшін ешқандай қаражат бұғаттан шығарылмайды", – деп жазды ол желіде. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Алматыда 12 жастағы баланы қатарласы 9 рет пышақтап өлтірді, 13 жастағы күдікті ұсталды, ол марқұмның танысы болған, жақындары бүгін баланы ақтық сапарға шығарып салды 🔶 Илон Масктың байлығы байлығы 1,1 триллион доллардан асты, осылайша ол әлемдегі ең алғашқы триллионер атанды 🔶 Астана маңында бәйге кезінде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр 🔶 Атырауда маса қаптап, жұртшылық көшеге шығудан қалған, ал әкімдік тазалау жұмыстарын тұрақты жүргізіп тұрамыз дейді 🔶 Amanat пен "Әділет" партиясы бірікті, Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия өз тарихының жаңа бетін ашқанын мәлімдеді t.me/stankznews
‼️ Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында ақау байқалды Пайдаланушылар сервистердің жұмысында ақау байқаған. Мәселелер әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да тіркелген. Downdetector сервисінің деректеріне сәйкес, пайдаланушылар көбіне…
‼️ Facebook, Instagram және WhatsApp жұмысында ақау байқалды Пайдаланушылар сервистердің жұмысында ақау байқаған. Мәселелер әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да тіркелген. Downdetector сервисінің деректеріне сәйкес, пайдаланушылар көбіне әлеуметтік желілердің веб-нұсқасына кіре алмау, аккаунттан өздігінен шығып кету, жаңалықтар лентасының жаңармауы және жазба жариялау кезінде қиындықтар туындағанын айтып шағымдануда. Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісінде компания бұл мәселеден хабардар екенін және оны жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. t.me/stankznews
Алматыда автобуста бір әйел студент қызға шабуыл жасады Қазір полиция әйелді іздестіріп жатыр. Жәбірленушінің айтуынша, ол өз анасынан ұрыс естіп тұрған қызды қорғау үшін араша түскен. Алайда қыздың анасы кенеттен оған жұдырық ала жүгірген. Қыз ауруханаға жеткізілген. t.me/stankznews
💸Қазақстанның Салық кодексінен "тенге" сөзі жойылады Қазақстанның Салық кодексіне терминологиялық өзгерістер енгізіліп, құжат жаңартылған конституциялық модельге сәйкестендірілуде. Ең басты жаңалық — ресми орысша мәтіндегі “тенге” сөзі қазақ тіліндегі дұрыс нұсқа — “теңге” болып ауыстырылады. Бұл ұлттық валютаны өзгерту емес, тек құқықтық құжаттардағы жазылу мен терминологияны түзету. Өзгерістер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. t.me/stankznews
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Марқұмның анасы күдіктіге кешірім берді Марқұм Томирис Қадырбектің анасы Арайлым Есенбаева Александр Пакты бас бостандығынан айырмауды сұрап, өтініш жазды. Сөзінше, сотталушы барлық шығынды өтеген. Марқұм Еламан Елемесовтың да…
💸"Пара беруге уәде еткендерге қылмыстық жауапкершілік": Тоқаев жемқорлыққа қарсы заңдағы өзгерістерге қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңға қол қойды. Жаңа өзгерістерге сәйкес: — Пара беру ғана емес, пара беруге уәде ету, ұсыну немесе талап ету де қылмыстық жауапкершілікке жатады; — Мемқызметкерлердің қызметтік өкілеттігін жеке пайда үшін қолдануына тыйым күшейтілді; — Бір мекемеде жақын туыстардың бірге жұмыс істеуіне қатысты шектеулер қатайтылды; — Жемқорлыққа қарсы талаптар қолданылатын тұлғалар аясы кеңейді; — Заңсыз сыйақы алу үшін жауапкершілік күшейтілді; — Әкімшілік жемқорлық істері бойынша жауапқа тарту мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды; t.me/stankznews
Оқушылары карта ойнағаны үшін, мұғалім қызметінен кетті Бұл жағдай Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Желіде білім ордасында түсірілген видео тарады. Кадрдан бірнеше оқушының сабақ үстінде карта ойнап отырғанын…
Тираннозаврдың терісінен жасалған сөмке сатылымға шықты Париждегі Giquello аукцион үйі сөмкені таныстырды. Сөмкенің бағасы 300 мыңнан 500 мың еуроға дейін бағаланып отыр. Алайда бұл шынайы динозавр терісі емес. Тираннозаврдың ДНҚ деректері негізінде зертханада жасалған арнайы материалдан тігілген. Сөмкені Enfin Levé технологиялық сән бренді әзірлеген. Аксессуар қарапайым үлгіде жасалып, күміс түсті металл бөлшектермен безендірілген. Олардың қатарында ДНҚ-ның қос спиралына қарап жасалған ерекше элемент бар. t.me/stankznews
😍💔 Бір қолына сәбиін, арқасына ауыр сөмкесін ілген ана... Желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланды. Әйелдің суретін блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол…
Архив Stan.kz — страница 17
Это 17-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.