Stan.kz » публикация №28957
Бәйге кезінде 3 жасар бүлдіршінді жылқы таптап кетті Оқиға Астананың Талапкер ауылында болған. Кішкентай бала сегіз жасар әпкесімен үйінің жанында ойнап жүрген. Сол кезде ауыл жылқыларының арасында қалып қойған. Ал 20 жастағы жігіттер көшеде ат жарысына қатысып жатқан. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның анасы шабандозды жазалауды талап етіп отыр. Оның айтуынша, бүлдіршіннің ішкі құрылысы жарылып кеткен. Миы шайқалып, қолы сынған. Ол кінәлілердің заң бойынша жауапқа тартылуын сұрады. Балаға ішкі жарақаттар, бас жарақаты және қолы сынған деген диагноз қойылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. t.me/stankznews





























