💍Қазақстанда некеге тұратындар саны рекордтық деңгейде азайып, ажырасатындар көбейді 2026 жылдың алғашқы үш айында елде 21,6 мың неке тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,9%-ға аз және соңғы 20 жылдағы ең төмен көрсеткіш. 📈 Ал ажырасулар саны керісінше өсіп, 11,2 мыңға жетті. Бұл – соңғы жеті жылдағы ең жоғары деңгей. Ең көп неке Алматы, Астана және Түркістан облысында тіркелсе, ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында байқалды. Сарапшылардың айтуынша, некелесу деңгейі төмендеп, ажырасу көрсеткіші артып келеді. Бұл қазақстандықтардың отбасылық құндылықтары мен некеге көзқарасында өзгерістер болып жатқанын көрсетеді. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 19
Архив материалов источника Stan.kz, страница 19. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
👩⚖️Қазақстанда сексуалдық зорлық-зомбылық істерін енді әйел тергеушілер қарайды Ішкі істер министрлігі бұл қадам жәбірленушілердің қосымша психологиялық күйзеліске ұшырауын азайтып, тергеу органдарына деген сенімді арттыру үшін қолға алынғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ведомство некеге мәжбүрлеу туралы жаңа баптың қолданылуын түсіндірді. Заң бойынша жәбірленуші ретінде әйел де, ер адам да таныла алады. Алайда қорқыту, күш көрсету немесе қысым жасау белгілері болмаса, мұндай жағдайлар қылмыстық іс ретінде қаралмайды. 📌 2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда некеге мәжбүрлеу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. t.me/stankznews
Меніңше, спорт министрі биыл жазда да демалмайды... 😁 Себебі министрлік төңірегінде тағы бір дау шықты. Бұл жолы шахматшы Бибісара Асаубаева. Гроссмейстер қаржылай қиындықтарға тап болғанын айтып, Тоқаевтан көмек сұрады. Асаубаева жуырда Norway Chess 2026…
Туризм министрі биыл қайда демалады? Бұл сауалға Ербол Мырзабосыновтың өзі жауап берді. Ол үш жылдан бері әлі демалысқа шықпағанын айтты. Ал биыл ауылға барып демалуды жөн көріп отырмын дейді. t.me/stankznews
😍💔 Бір қолына сәбиін, арқасына ауыр сөмкесін ілген ана... Желі қолданушылары бір қолына сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген әйелді іздеп жатыр. Оның фотосы Threads желісінде жарияланды. Әйелдің суретін блогер Sasha Wu’style жариялаған. Оның айтуынша, ол әйелді Алматыдағы Брусиловский көшесінде кездестірген. Блогер сол сәтте қызға көмек бермегенінен өкініп тұрғанын жазды. Осыдан кейін желі қолданушылары курьер анаға көмектесуге дайын екенін жазды. Алайда көп ұзамай алаяқтар әйелдің атынан ақша жинай бастаған. Оның суретін ЖИ арқылы жасап, жұртшылықтан көмек сұраған. t.me/stankznews
💬 "Қазақтар күн көру және азық-түлік сатып алу үшін несие алып жүр" Мұны депутат Асхат Рахимжанов айтты. Оның айтуынша, орташа жалақы номиналды түрде өскенімен, инфляцияны есептегенде нақты табыс 3,2% төмендеген. "Бүгінде экономикалық белсенді халықтың 90%-дан астамының несиесі бар. Мұны шенеуніктер айтып жүргендей “қаржылық сауатсыздықтың” салдары деуге болмайды. Бұл табыстың тоқырауы жағдайында халықтың өмір сүру үшін қолданатын тетігі", - деді депутат. t.me/stankznews
Қазақстанда бензин неге қымбаттады? Сауалға Энергетика министрі Ақкенженов жауап берді. Оның сөзінше, соңғы уақытта жанармай бағасы литріне шамамен 3–4 теңгеге қымбаттады. Ал бензин бірден 10 теңгеге қымбаттады деген ақпарат шындыққа жанаспайды дейді. Оған қоса министр жанармай бағасы бірден "100 теңгеге қымбаттайды" деген болжаммен келіспейтінін жеткізді. Себебі мұнай бағасы бір баррель үшін 93,5 доллар деңгейінде. Ал министрлік жағдайды бақылауда ұстаймыз дейді. Ал сіздің өңірде бензин бағасы қанша❓🤔 t.me/stankznews
Қоқысты "жасанды интеллектімен" тазалаған қызметкер жұмыстан кетті Ол Алматыдағы Бостандық ауданы әкімдігінде жұмыс істеген. Әкімдік тексеріс жүргізбеген. Себебі қызметкер жасаған әрекетін өзі мойындаған. Осыдан кейін ол жұмыстан босатылған. Қызметкердің бұл әрекетін желі қолданушылары байқаған. Себебі ол желіге тазалық жасағанын көрсететін фото жүктеген. Сосын әлеуметтік желі “жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген контент” ретінде белгілеген. Осыдан кейін желі жұрты фотоны зерттеп, ЖИ арқылы жасағанын анықтаған. t.me/stankznews
Ер адам кішкентай баланы ұрлап кетпек болған Оқиға 5 маусым күні Астанада Сарайшық ауданында болған. Белгісіз ер адам баланы қараусыз қалған жерге қарай сүйреп әкеткісі келген. Алайда өтіп бара жатқан адамдар байқап, баланы құтқарып қалған. Сосын бірден полиция шақырған. Желіде тараған видеода жасөспірім: "Мені бір аға ұрлап кетпек болды" деп айтады. Полиция 56 жастағы ер адамды анықтап, бөлімшеге жеткізген. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
"Сүйіп, қол жүгіртіп, порно көрсетті" Алматы облысында 62 жастағы ер адам оқушыға тиісті деп айыпталды. Ол 15 жастағы қыздың өз атасы екен. Бұл шал жасөспірімнің анасы жұмысқа кеткенін пайдаланып, қызды сүйіп, порно көрсеткен. Тіпті түнде жанына келіп, кеудесінен, жамбасынан ұстайды екен. Оқушы қыздың айтуынша, ер адам мұндай әрекеттерін наурыз айынан бастаған. Бірақ ол жүкті анасының көңіліне қаяу саламын ба деп қорқып, айтпаған. Жасөспірімнің анасы мейіргер болып жұмыс істейді. Бірінші күйеуі өмірден озған соң екінші рет тұрмысқа шыққан. Бірінші некесінен екі баласы, екінші күйеуінен кішкентай қызы бар. Әйел болған жағдай туралы күйеуімен сөйлеспек болғанда ол ұрып тастаған. Жүкті әйел қайын атасының үстінен полицияға арыз жазып, үш баласын алып кетіп қалған. Күдікті әзірге бостандықта жүр. Ол мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Ал полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
‼️ Жол апатынан 2 адам қаза тауып, 8-і жарақат алды Қайғылы жағдай 9 маусым Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған. Үш көлік соқтығысып, біреуі өртенген. Мәліметке сәйкес, DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, жеңіл көліктердің бірі оқиға орнында өртке оранған. Салдарынан 2 адам мерт болып, 8-і жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. t.me/stankznews
"Сүйіп, қол жүгіртіп, порно көрсетті" Алматы облысында 62 жастағы ер адам оқушыға тиісті деп айыпталды. Ол 15 жастағы қыздың өз атасы екен. Бұл шал жасөспірімнің анасы жұмысқа кеткенін пайдаланып, қызды сүйіп, порно көрсеткен. Тіпті түнде жанына келіп, кеудесінен, жамбасынан ұстайды екен. Оқушы қыздың айтуынша, ер адам мұндай әрекеттерін наурыз айынан бастаған. Бірақ ол жүкті анасының көңіліне қаяу саламын ба деп қорқып, айтпаған. Жасөспірімнің анасы мейіргер болып жұмыс істейді. Бірінші күйеуі өмірден озған соң екінші рет тұрмысқа шыққан. Бірінші некесінен екі баласы, екінші күйеуінен кішкентай қызы бар. Әйел болған жағдай туралы күйеуімен сөйлеспек болғанда ол ұрып тастаған. Жүкті әйел қайын атасының үстінен полицияға арыз жазып, үш баласын алып кетіп қалған. Күдікті әзірге бостандықта жүр. Ол мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Ал полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Сейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Атырау әкімінің орынбасарына сыбайлас жемқорлыққа қатысты тергеу жүріп жатыр, мұны Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді 🔶 Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қатысты дауда кім жауапкершілікке тартылды, Спорт министрі жауап берді 🔶 Енді Қазақстанда некеге мәжбүрлеген әйелдер де жауапкершілікке тартылады 🔶 Үкімет тұрғын үйді табиғи апаттан сақтандыру туралы заң жобасын жоспардан алып тастады 🔶 Не себепті 20 жастағы қазақстандықтар үшін "зейнетақы жинағын" алу шегі 6 миллион теңгеден жоғары, қор өкілдері түсіндірді t.me/stankznews
⚡️Алматы облысында оқу-жаттығу кезінде граната жарылды Жоспарлы оқу-жаттығу кезінде жарық-дыбыстық граната мерзімінен бұрын іске қосылған. Оқиға болған аумақта бөлімше қызметкерлеріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. «Әлеуметтік желіде тараған қызметкерлердің жаппай зардап шеккені және олардың ауыр халде екені туралы мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді», - деп хабарлады қалалық полиция. t.me/stankznews
🇪🇺 Еуроодақ қазақстандық компанияларға қарсы санкциялар енгізетінін мәлімдеді Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін кеңейтіп, үшінші елдердегі (соның ішінде Қазақстан, Түркия, Қытай, БАӘ, Үндістан) кейбір компанияларды да тізімге енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Жаңа шаралар: - Ресей мұнайына қатысты баға шегін қайта қарауды; - санкцияларды айналып өтуге көмектесетін банктер, трейдерлер мен компанияларды шектеуді; - дрон, қорғаныс және өнеркәсіп саласындағы 30+ ұйымды санкциялауды; - 50 компанияға экспорттық бақылауды күшейтуді қамтиды. Сондай-ақ ЕО Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенін әлсірету үшін металлдар, химия және жоғары технологиялық өнімдер экспортына қосымша шектеулер енгізбек. t.me/stankznews
🧹Алматыда көшедегі қоқысты жасанды интеллект көмегімен “тазалаған” әкімдік қызметкері жұмыстан босатылды Алматыда көшелерді тазалау жұмыстары жасанды интеллект арқылы “өңделген” фотосуреттермен көрсетілді деген күдік туындады. Әлеуметтік желіде тараған суреттерде “дейін” және “кейін” кадрлардағы ұқсастықтар (көлеңке, ракурс, детальдардың қайталануы) қолданушылардың күмәнін тудырған. Бостандық ауданы әкімдігінің мәліметінше, қызметкер заңбұзушылықты мойындаған, сол себепті қызметтік тексеріс жүргізілмеген. Нәтижесінде онымен еңбек шарты бұзылып, мемлекеттік қызметтен босатылды. t.me/stankznews
✍🏻Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті Мемлекет басшысы “Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі “Digital Qazaqstan” жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы” Жарлыққа қол қойды. Құжат елдегі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің алдағы жылдардағы одан әрі дамуын айқындайды. t.me/stankznews
💊 Қазақстанда антибиотиктерді сатып алу қиындайды Денсаулық сақтау министрлігі антибиотиктердің бақылаусыз сатылуына қарсы шараларды күшейтпек. Ведомствоның мәліметінше, антибактериялық дәрілер әлі күнге дейін дәрігер рецептісінсіз, оның ішінде онлайн-платформалар арқылы сатылып келеді. Бұл жағдай өзін-өзі емдеу фактілерінің көбеюіне және антибиотиктерге төзімділіктің артуына себеп болып отыр. Енді елемізде: - антибиотиктерді рецептісіз сатуға бақылау күшейтіледі; - дәрілік заттарды таңбалау жүйесі кеңейтіледі; - төзімділік қаупі төмен антибиотиктерді тіркеуге басымдық беріледі; - өңірлердегі зертханалар жаңартылып, мамандар оқытылады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова микробқа қарсы төзімділікті тежеу үшін нақты практикалық шараларға көшу қажет екенін айтты. t.me/stankznews
БЖЗҚ 2026 жылға арналған жеткіліктілік шегін жариялады Енді зейнетақы жинағындағы артық қаражатты пайдалану үшін: 20 жастағы қазақстандықтың шотында кемінде – 6,67 миллион теңге; 30 жастағы азаматта – 9,75 миллион теңге; ал 40 жастағы азаматта – 13,37…
Ер адам көшенің қақ ортасында әйелді жіппен тұншықтырмақ болған Оқиға 6 маусым күні Алматы облысы Шамалған ауылында болған. Ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрдан көшеде өз жолымен келе жатқан әйелге ер адамның жақындағанын көруге болады. Бір кезде ол әйелге тап беріп, тұншықтырмақ болады. Десе де әйел қарсылық көрсетіп, босап шығып, қашып құтылады. Әйелдің айғайын естіген куәгерлер көмекке ұмтылған. Алайда күдікті бой тасалап үлгерген. Ал полиция видеодәлел бола тұра әлі күнге дейін күдіктіні анықтай алмаған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланған. t.me/stankznews
Жамбыл облысында су тасқыны басталды Әулиеата ауданына қарасты Бектөбе тұрғын алқабында тұрғын үйлерді су басты. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев оқиға орнына барды. Су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жұмыстарына 109 адам және 40-тан астам техника…
"Әйел – ұлттың жаны": Тоқаев әйелдерді алдағы мерекемен құттықтады Президенттің негізгі ойлары: 🔺Әйелдер – өмірдің тірегі, әл-ауқат пен ізгіліктің көзі; 🔺Қазақ дәстүрінде әйелдер әрқашан құрметті орын алады; 🔺 Бүгінде судьялардың жартысынан көбі, құқық қорғау…
Кішігірім Венеция... Ақтөбеде толассыз жауған жаңбырдан кейін көшелер мен аулаларды су басты. Қала тұрғындары тобықтан келетін сумен жүруге мәжбүр болған. Ал көліктер үлкен шалшықтардан әрең өтіп жүр. Коммуналдық қызметтер су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қала орталығында арнайы техникалар көптеп жұмылдырылған. Алайда жауын-шашын көлемінің тым көп болуына байланысты нөсердің салдарын жою оңай болмай отыр дейді тұрғын. t.me/stankznews
💬 Әзірге шенеуніктерге спорт федерацияларын басқаруға тыйым салынбайды Мұны спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. Министр бірқатар спорт федерацияларында қайта сайлау өткенін айтты. Нәтижесінде олардың басшылығына бизнес өкілдері келген. t.me/stankznews
Спорт министрлігі мен Шайдоров арасында келісім жасалды Мұны министрліктің өзі хабарлады. Олардың мәліметінше, барлық даулы мәселе талқыланып, өзара келісімнен соң келісімшарт ресми түрде бекітілді. Енді келісімшарт аясындағы барлық төлем толық көлемде жүзеге…
Туризм министрі биыл қайда демалады? Бұл сауалға Ербол Мырзабосыновтың өзі жауап берді. Ол үш жылдан бері әлі демалысқа шықпағанын айтты. Ал биыл ауылға барып демалуды жөн көріп отырмын дейді. t.me/stankznews
Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин жауап алуға жеткізілді Ол бүгін әкімдік ғимаратынан ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жеткізілген. Ақжайық басылымының мәліметінше, әкімді жиналыс басталар алдында жауап алуға алып кеткен. Кейін ол үйіне жіберілген.…
Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішеваның үйлену тойынан кадрлар желіде жарияланды. Бұған дейін Алтынай Жәкішева Карл Обиге тұрмысқа шыққаны белгілі болған еді. Неке қию рәсімі Лондонда өтіп, кейін жас жұбайлар Алматыға келген. Threads пен Instagram желілерінде…
💔 Туыстық неке салдарынан төрт аяқты сәби дүниеге келді Бұл жағдай Өзбекстанда болған. Дәрігерлер дереу ота жасап, сәбидің қол-аяқтарын алып тастады. Нәрестенің төрт аяғының екеуі жұмыс істемеген екен. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Алайда сәбиді тағы операциялар күтіп тұр. t.me/stankznews
Назарбаев Тоқаевты 25 жыл бірге жұмыс істеген одақтасы деп атады Сөзінше, 7 жыл бұрын Назарбаев одақтасына президенттікті табыстап кетті. Видео: Syrmedia t.me/stankznews
Архив Stan.kz — страница 19
Это 19-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.