Life News Новостной агрегатор

Stan.kz — страница 20

Источник: Stan.kz · сбросить

Архив материалов источника Stan.kz, страница 20. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.

Stan.kz » публикация №28892

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🌐 Дүйсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Филиппинде 7,8 магнитудалық қуатты жер сілкінісі болды, қаза тапқандар бар 🔶 Иран атысты тоқтату режимі орнағаннан бері алғаш рет Израильге шабуыл жасады, ал Трамп Иранмен келісім жасалса да, АҚШ байытылған уранды алып кететінін мәлімдеді 🔶 Қазақстандық футболшы Илья Буртовой жол апатынан көз жұмды 🔶 Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты, үшінші жәбірленуші де сотталушыға кешірім берді, Куәгерлер "сотталушы ішімдік ішті ме?" деген сұраққа жауап бере алмады, күдікті Александр Пактан басқалары да жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды 🔶 Қазақстанда өрт сөндірушілерге жолды жауып тұрған көліктерді қағып өтуге рұқсат берілмейтін болды t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28891

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🚻 Астанада қоғамдық дәретханада әдепсіз видео түсірген екі жігіт 5 тәулікке қамалды Сот мәліметінше, күдіктілер қоғамдық дәретханадағы құпиялылықты қамтамасыз ететін әйнектің автоматты күңгірттену функциясын әдейі пайдаланбай, дәретханада отырғандарын айналадағы адамдарға көрсетіп, видеоға түсірген. Күдіктілер кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28889

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркістан облысында көлік тізгіндеген мас әйел есік алдында отырған 6 адамды қағып кетті. Апаттан үш адам ажал құшты. 30 жастағы Айшолпан ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырса, екі жастағы ұлы мен көршісінің 5 жастағы қызы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал марқұм қыздың анасы мен бір жарым жасар інісі қазір ауруханада жатыр. Тағы бір зейнеткер амбулаториялық емге жіберіліпті. Тұрғындар сөзінше апатқа күдікті мектеп мұғалімі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен беретін ұстаз өзін қуған полицейлерден қашып келе жатқанын айтады. Көліктің рөлінде отырған мектеп мұғалімі мас болған дейді тұрғындар. Ол аздай, машинадан түсе сала із суытқан. Үш адамның өліміне себепші болған 52 жастағы күдікті қазір қамауда отыр. Тұрғындардың айтуынша, ол бос уақытында жолаушы тасымалдап, нәпақа тапқан. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28888

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Филиппинде 7,8 магнитудалық қуатты жер сілкінісі болды Жер асты дүмпуі Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында…

Stan.kz » публикация №28885

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Филиппинде 7,8 баллдық жер сілкінісі болды Жер сілкінісі салдарынан 32 адам қаза тапқан. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:37-де елдің оңтүстігіндегі Минданао аралының жағалауында болған. Ақпаратқа сәйкес, бірнеше провинцияда 100-ден астам адам жарақат алған, шамамен жиырмаға жуық адам хабар-ошарсыз кетіп, 10 000 тұрғын эвакуацияланған. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28884

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

📺 ЛГБТ насихатына тыйым: Қазақстанда фильмдер прокатқа шықпас бұрын тексеріледі Қазақстанда кинофильмдерді кең прокатқа шығармас бұрын алдын ала сараптамадан өткізу ережелері бекітілді. Жаңа талаптар 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Тиісті құжатқа премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қол қойған. Ережеге сәйкес, фильмді еліміз аумағында көрсету үшін құқық иесі уәкілетті органға кинотеатрларға арналған түпнұсқа нұсқамен бірдей көшірмені ұсынуы қажет. Прокатқа шығар алдында фильмдерде дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттау, педофилия, порнография, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар-жоғы тексеріледі. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28883

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

‼️ Иран Израильге шабуыл жасады Олар 7 маусым күні кешке Израильдің солтүстігіне қарай зымыран ұшырды. Ал Израиль әскері барлық нысанды анықтап, атып түсіргенін мәлімдеді. Зардап шеккендер жоқ дейді. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы шабуылдың…

Stan.kz » публикация №28882

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Көлігін үй ауласына кіретін жерге қойып кеткен" Елордада тұрғын үйде болған өрттен үш бала көз жұмды. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт кезінде аулаға кіреберіс жабық болып, көліктер толып тұрған. Тіпті пәтер есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы…

Stan.kz » публикация №28880

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Пойызда 70-тегі шал немересімен жасты қыздың кеудесін ұстаған Оқиға 14 мамыр күні Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойызда болған. Қыз шошып оянып шалдан "не істеп жатырсыз" деп сұраған. Ал ол кісі "кешір, болды" деп теріс қарап жатып қалған. Қыз шалға қарай аяқ-киімін лақтырған. Ал шал орнынан тұрып әжетханаға қарай кетіп қалған. Ал студент қыз артынан шығып, алдында тұрған әйелге жағдайды айтқан. Ал ол кісі: "Сені зорлады ма? Тиіссе салып қалып, жата бермейсің бе" деп жауап берген. Ал шал сол уақытта станциядан түсіп, қашып кеткен. Кейін қыз полицияға арызданып, онлайн сот өткен. Нәтижесінде шалға 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынған. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28879

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Бұлар Алматы хайуанаттар бағындағы сирек кездесетін жануарлар... Олар аққол гиббон және сақиналы құйрықты лемур деп аталады. Бұл жануарлар жақында ғана төлдеді 😍 Сақиналы құйрықты лемурлардың бірден екі жұбы егіз тапты. Төлдер 6 және 17 наурызда дүниеге келді. Ал 6 наурызда аққол гиббонның төлі туған. Оның әкесі Джим де, әжесі Джулия да осы хайуанаттар бағында дүниеге келген. Қазір олар мамандардың бақылауында. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28878

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Астыртын қастандық жоспарлап жатыр" Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 80 жыл толуына орай парад өтті. Парад басталар алдында Путин, Ким және Си Цзиньпин бірге мінберге шыққан. Ал оның соңынан өзге ел басшылары ерген.…

Stan.kz » публикация №28877

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Куәгерлердің жауабы бір-біріне сәйкес келмеді... Әл-Фараби даңғылындағы апатқа қатысты сотта күдікті Александр Пакпен бірге кафеде болған куәгерлерден жауап алынды. Алайда олардың жауабы бір-біріне сәйкес келмеді. Бір куәгер үстелде алкоголь болмағанын айтса…

Stan.kz » публикация №28876

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Марқұмның анасы күдіктіге кешірім берді Марқұм Томирис Қадырбектің анасы Арайлым Есенбаева Александр Пакты бас бостандығынан айырмауды сұрап, өтініш жазды. Сөзінше, сотталушы барлық шығынды өтеген. Марқұм Еламан Елемесовтың да…

Stan.kz » публикация №28875

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Әл-Фараби даңғылындағы апат: Қаза тапқан қыздың анасы Zeekr жүргізушісіне шартты жаза беруді сұрады Қазір бұл іс бойынша сот отырысы басталған. Сотта қаза тапқан қыздың анасы сөйледі. Айтуынша, апат болған күні қызы үйге келіп тамақтанып кеткен. Кейін несиесін…

Stan.kz » публикация №28874

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Жүрек соғысы мен қан қысымы болмаған, қарашықтары кеңейіп кеткен" 🥀💔 Дәрігерлер 19 жастағы футболшының қазасына қатысты ресми мәлімдеме жасады. Олардың мәліметінше, 2006 жылы туған азамат клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем қызметі…

Stan.kz » публикация №28873

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

❓🤭 Мына қыздар естеріңізде ме... Олар көктемде алматылықтарды біраз әбігерге салып еді. Желіде енді Астанаға көшті деген ақпар тарап жатыр. Тіпті олардың елордалық автобус ішіндегі видеосы тарады. Кадрдан жолаушыларға тиісіп, шулап жатқан жасөспірімдерді байқауға болады. Полиция бұл ескі видео екенін хабарлады. Ал көктемде Алматыда өткен кеткен адамның мазасын алғандардың елден шығарылғанын мәлімдеді. Оған қоса оларға елге қайта кіруге тыйым салынған дейді. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28871

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Иран Израильдің солтүстігіне бірнеше рет зымырандар ұшырды Израиль қорғаныс армиясы Ираннан атылған барлық зымырандарды ұшу кезінде жойғанын мәлімдеді. Иран әскери басшылығы Израильге бұдан да ауқымды соққылар жасалатынын ескертті. "Бұл операция бір реттік емес, бір аптаға созылатын үздіксіз соққылардың бастамасы", – делінген Ислам революциясын қорғау корпусының мәлімдемесінде. Иран аумағына жасалған кез келген соққы күтпеген, жойқын әрі басым жауаппен қайтарылады деп ескертті Ислам революциясын қорғау корпусы. “Израиль Бейрутке соққы жасап, "барлық шекарадан өтті", – деп Иран билігі мәлімдеді. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28868

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

‼️ Иран Израильге шабуыл жасады Олар 7 маусым күні кешке Израильдің солтүстігіне қарай зымыран ұшырды. Ал Израиль әскері барлық нысанды анықтап, атып түсіргенін мәлімдеді. Зардап шеккендер жоқ дейді. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы шабуылдың Израильдің Ливандағы соңғы әуе соққыларына жауап ретінде жасалғанын хабарлады. Олар Израиль әскерінен Ливанның оңтүстігі мен Дахия ауданындағы шабуылдарды тоқтатуды талап етті. Иранның шабуылынан бұрын Израиль Дахия ауданына соққы жасаған еді. Салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Соққылар тұрғын үйлерге бағытталған. Ал ЦАХАЛ шабуылды «Хезболла» нысанына бағыттағанын айтты. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28867

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

🇰🇿🌐 Демалыс күндері елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 БЖЗҚ 2026 жылға арналған жеткіліктілік шегін жариялады, енді зейнетақы жинағын алу қиындай түседі 🔶 Шымкенттегі балабақшаға қатысты тексеріс жүріп жатыр, себебі тәрбиешілер балаларға банан беріп, фотоға түскен соң жинап алған 🔶 Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды 🔶 Маңғыстау – Семей бағытындағы №37 пойыз жолаушылары вагонда тарақандар жүргеніне шағымданды 🔶 Қазақстанда алдағы үш күнде қуатты магниттік дауыл байқалады, мұндай сирек құбылыс қаңтар айында тіркелген еді t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28865

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Филиппинде 7,8 магнитудалық қуатты жер сілкінісі болды Жер асты дүмпуі Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында орналасқан. Көршілес Индонезия мен Жапонияда да цунами туралы ескерту жарияланды. Филиппин президенті Фердинанд Ромуальдес Маркос барлық тиісті мемлекеттік органдарға тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын дереу бастау жөнінде тапсырма берген. Полицияның мәліметінше, әзірге қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Дегенмен тәртіп сақшылары адамдардың қаза табуы немесе жарақат алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Жер сілкінісі кезінде кейбір тұрғындардың қатты қорыққаннан есінен танып қалған. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28863

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Жұбын іздеген сирек барыс: Түрікменстаннан келген леопард Маңғыстаудағы фототұзаққа қайта түсті Маңғыстау облысындағы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 2024 жылы алғаш рет фототұзаққа түсіп, кейін Алтынкөз деп аталған алдыңғыазиялық (парсы) леопардтың аталығы қайта байқалды. Бұл түр әлемдегі ең сирек жыртқыштардың бірі саналады. Қазіргі таңда оның саны үш мыңнан аспайды. Бұл жануар кавказ барысы деген атаумен де белгілі. Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының (BRCC) мәліметінше, леопард фототұзаққа наурыз және мамыр айларында түскен. Ал сәуірде дәл осы жануар болуы мүмкін барыс Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағында байқалған. Тіпті парк қызметкерлері оны смартфон камерасына түсіріп үлгерген. Осылайша, наурыз бен мамыр аралығында Алтынкөз қорықтан Қызылсайға барып, қайта оралып, кемінде 450 шақырым жол жүрген. Мамандардың айтуынша, ол дәл осындай бағытты 2025 жылы да жүріп өткен.

Stan.kz » публикация №28862

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішеваның үйлену тойынан кадрлар желіде жарияланды. Бұған дейін Алтынай Жәкішева Карл Обиге тұрмысқа шыққаны белгілі болған еді. Неке қию рәсімі Лондонда өтіп, кейін жас жұбайлар Алматыға келген. Threads пен Instagram желілерінде тойдан түсірілген фото және видеолар тарады. Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, қалыңдық пен күйеудің жарасымдылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ күйеу жігіттің отбасы жариялаған видеоларда неке қию сәті, Алматыға келуі және мейрамханадағы тойдан көріністер көрсетілген.

Stan.kz » публикация №28861

Stan.kz » публикация №28860

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстанда алдағы үш күнде қуатты магниттік дауыл байқалады Ионосфера институты мамандарының айтуынша, оның ерекшелігі аспанда полярлық шұғыла өте анық көрінеді. Соңғы рет осындай сирек құбылыс қаңтар айында тіркелді. Сол кезде Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында түнгі аспан ерекше жарқырады. Күшті магниттік дауыл байланыс жүйесіне және орбитадағы кейбір спутниктердің жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар дәрігерлердің айтуынша, қан қысымы бар адамдардың абай болғаны жөн.

Stan.kz » публикация №28859

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Қазақстандық теннисші "Ролан Гаррос" турнирінің финалында бақ сынайды 7 маусымда "Ролан Гаррос" турнирінің әйелдер арасындағы жұптық сындағы финалы өтеді. Онда қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсенд жұбына қарсы ойнайды. Sports.kz мәліметінше, матч Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады. Биыл "Ролан Гаррос" турнирінің жұптық сындағы чемпиондары әр спортшыға 600 мың еуродан сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады. Анна Данилина – биылғы "Ролан Гаррос" турнирінде жарысты жалғастырып жатқан Қазақстанның жалғыз өкілі.

Stan.kz » публикация №28858

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

"Ұйықтай алмаймын": Жолаушылар "Маңғыстау-Семей" пойызындағы тарақандарға шағымданды Кадрларда вагон ішінде жорғалап жүрген жәндіктер көрінеді. "Міне, кішкентайы, ал мынау үлкені. Мен мұнда ұйықтай алмаймын", – дейді видео авторы. Жазба астындағы пікірлерде тұрғындар вагондардағы антисанитариялық жағдайға наразылық білдіріп, дезинсекция жұмыстарының жеткіліксіз жүргізілетініне шағымданған. Кейбір жолаушылар осындай мәселеге Маңғыстау – Алматы бағыты бойынша қатынайтын пойыздарда да тап болғандарын жазған. "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері жолаушылардың шағымынан кейін пойыз межелі станцияға жеткен соң құрамға жоспардан тыс дезинсекциялық өңдеу жүргізілетінін хабарлады. Компания мәліметінше, аталған вагонға жоспарлы дезинсекциялық өңдеу биыл 30 мамырда қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілген. Норматив бойынша жолаушылар вагондарына дезинсекция айына кемінде бір рет, ал дератизация тоқсанына кемінде бір рет жасалуы тиіс.

Stan.kz » публикация №28857

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Түркістандық түлек әлемнің 80-нен астам университетінен шақырту алды Түркістан облысының Мақтаарал ауданының түлегі Нұрәлі Медина Бектұрсынқызы АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарынан 80-нен астам ұсыныс алып, өз білімінің бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Нұрәлі Медина халықаралық IELTS және SAT емтихандарын сәтті тапсырып, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге қажетті академиялық дайындық деңгейін көрсетті. Қазіргі таңда Нұрәлі Медина өзіне ұсынылған көптеген мүмкіндіктің ішінен Оңтүстік Кореядағы Inha University университетін таңдауға ниет білдіріп отыр. Ол сапалы халықаралық білім алып, болашақта жинаған тәжірибесі мен білімін ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді.

Stan.kz » публикация №28856

Stan.kz » публикация №28855

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Көшенің қақ ортасында қауіпті маневр жасаған Бұл жағдай Астанада болған. 29 жастағы шетел азаматы BMW көлігімен көшенің қақ ортасында дрифт жасаған . Десе де ол көлік құралын пайдалану қағидасын бұзғаны және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалды. Ал оның көлігі айып тұрағына қойылды. t.me/stankznews

Stan.kz » публикация №28854

Stan.kz · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #сми

Балаларға банан таратып, фотоға түсіріп болған соң тартып алған... Оқиға Шымкенттегі "Балымша" балабақшасында түсірілген. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кадрдан тәрбиешінің балалардың қолына банан ұстатқанын көруге болады. Десе де фото түсірілген соң жемістер балалардан қайта алынған. Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын туғызды. Олар желіде: “Осыдан кейін баламызды қалай балабақшаға береміз”, “Кешке кетер уақытында бір-ақ бере салса нелері кетті. Балалар босқа жәутеңдеп қалды" деп жазды. Ал қалалық білім басқармасы балабақшаға тексеріс жүргізгенін айтты. Видеода көрсетілген бес қызметкердің үшеуі жұмыстан кетіпті. Басқарма қандай шара қолданылғанын алдағы уақытта айтамыз деді. t.me/stankznews

Архив Stan.kz — страница 20

Это 20-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.