Stan.kz » публикация №28868
‼️ Иран Израильге шабуыл жасады Олар 7 маусым күні кешке Израильдің солтүстігіне қарай зымыран ұшырды. Ал Израиль әскері барлық нысанды анықтап, атып түсіргенін мәлімдеді. Зардап шеккендер жоқ дейді. Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы шабуылдың Израильдің Ливандағы соңғы әуе соққыларына жауап ретінде жасалғанын хабарлады. Олар Израиль әскерінен Ливанның оңтүстігі мен Дахия ауданындағы шабуылдарды тоқтатуды талап етті. Иранның шабуылынан бұрын Израиль Дахия ауданына соққы жасаған еді. Салдарынан екі адам қаза тауып, 11 адам жараланған. Соққылар тұрғын үйлерге бағытталған. Ал ЦАХАЛ шабуылды «Хезболла» нысанына бағыттағанын айтты. t.me/stankznews





























