Stan.kz » публикация №28913
"Сүйіп, қол жүгіртіп, порно көрсетті" Алматы облысында 62 жастағы ер адам оқушыға тиісті деп айыпталды. Ол 15 жастағы қыздың өз атасы екен. Бұл шал жасөспірімнің анасы жұмысқа кеткенін пайдаланып, қызды сүйіп, порно көрсеткен. Тіпті түнде жанына келіп, кеудесінен, жамбасынан ұстайды екен. Оқушы қыздың айтуынша, ер адам мұндай әрекеттерін наурыз айынан бастаған. Бірақ ол жүкті анасының көңіліне қаяу саламын ба деп қорқып, айтпаған. Жасөспірімнің анасы мейіргер болып жұмыс істейді. Бірінші күйеуі өмірден озған соң екінші рет тұрмысқа шыққан. Бірінші некесінен екі баласы, екінші күйеуінен кішкентай қызы бар. Әйел болған жағдай туралы күйеуімен сөйлеспек болғанда ол ұрып тастаған. Жүкті әйел қайын атасының үстінен полицияға арыз жазып, үш баласын алып кетіп қалған. Күдікті әзірге бостандықта жүр. Ол мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді екен. Ал полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазір тергеу жүріп жатыр. t.me/stankznews





























