ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ — страница 4
Архив материалов источника ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ, страница 4. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Асламбек Мерғалиев ТМҰ мемлекеттерінің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді ◾️ Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) жоғары соттарының екінші конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Ұйымға қатысушы елдердің сот делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. ◾️ Әзербайжан Жоғарғы Сотының төрағасы Инам Каримовпен және Қырғызстан Жоғарғы Сотының төрағасы Медербек Сатыевпен, Өзбекстан Жоғарғы Соты төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Усмановпен, Түркия кассациялық сотының төрағасы Өмер Керкезбен және Түркия Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Зеки Йигитпен келіссөздер жүргізілді. ◾️ Кездесулерге қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Түркі мемлекеттері ұйымының өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сенімді нығайту және бауырлас елдер арасындағы әріптестік байланыстарды кеңейту үшін тиімді алаң ретіндегі ерекше рөлін атап өтті. Қазақстан ТМҰ-ын түркі әлемі мемлекеттері арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімді нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастырады. Біздің елдеріміздің сот жүйелерінің ынтымақтастығы практикалық мазмұнмен және жаңа бірлескен бастамалармен толыға отырып, дәйекті түрде дамып келеді», – деп атап өтті ол. ◾️ Кездесуге қатысушылар сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Ұйым елдері арасындағы өзара іс-қимылдың заманауи моделін қалыптастыруға ТМҰ мемлекет басшыларының елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. ◾️ Мемлекет көшбасшыларының қолдауының арқасында құқықтық және сот салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету үшін жаңа мүмкіндіктер ашылатынын айтып өтті. ◾️ Келіссөздер барысында тараптар алдағы конференцияда қаралатын сот төрелігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. ◾️ Инвесторларды сотта тиімді қорғауды қамтамасыз ету, сот ісін жүргізуді цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу және соттардың қызметінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. ◾️ Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар кәсіби өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, үздік тәжірибелермен және озық практикалармен алмасуға, сондай-ақ ТМҰ мемлекеттерінде сот қызметінің тиімділігін арттыруға және құқық үстемдігін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.
Жиында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев сөз сөйледі **** В ходе встречи также выступил председатель Верховного суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев проинформировал участников встречи о масштабных реформах, реализуемых в нашем государстве в последние годы – Совсем скоро, первого июля, вступит в силу новый Основной закон Казахстана. Конституция – это незыблемая опора нашей государственности. В соответствии с Основным законом защита суверенитета, независимости и территориальной целостности страны является ключевым конституционным положением. В качестве основополагающих принципов деятельности нашего государства также обозначены соблюдение прав и свобод граждан, обеспечение верховенства закона, а также неизменное стремление к миру и дружбе со всеми странами. В новой Конституции развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций признано стратегическим направлением деятельности государства. В нашем Основном законе впервые появилась норма о защите персональных данных граждан, в том числе их личных сведений в цифровом пространстве. Кроме того, была добавлена отдельная статья об адвокатуре. В целях реализации положений Конституции недавно были подписаны пять конституционных законов. Кроме того, внесены поправки в более чем 70 кодексов и законов. В августе пройдут выборы в Курултай. Будет сформирован состав Қазақстан Халық Кеңесі. В целом, система государственного управления будет полностью модернизирована, – подчеркнул Президент. ✔️Наряду с этим Глава государства рассказал о масштабной работе по реформированию судебной и правоохранительной сфер. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас елдердің өкілдеріне соңғы жылдары мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жөнінде мәлімет берді – Көп ұзамай, яғни, бірінші шілде күні Қазақстанның жаңа Ата заңы күшіне енеді. Конституция – мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі. Бас құжатқа сәйкес еліміздің егемендігін, тәуелсіздігін және жеріміздің тұтастығын қорғау негізгі конституциялық міндет саналады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әрдайым бейбітшілікке ұмтылып, барлық елмен достық қарым-қатынас орнату мемлекетіміздің мызғымас қағидаты ретінде айқындалды. Жаңа сипатқа ие болған Конституцияда адам капиталын, білім мен ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты деп танылды. Ата заңымызда алғаш рет азаматтардың дербес деректерін, соның ішінде цифрлық кеңістіктегі жеке мәліметтерін қорғау туралы норма көрініс тапты. Бұған қоса адвокатура туралы арнайы бап қосылды. Конституция ережелерін жүзеге асыру мақсатында жақында бес конституциялық заңға қол қойылды. Бұған қоса, 70-тен астам Кодекс пен Заңға түзетулер енгізілді. Тамыз айында елімізде Құрылтай сайлауы өтеді. Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жасақталады. Жалпы, мемлекеттік басқару жүйесі толық жаңғыртылады, – деді Президент. ✔️Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот және құқық қорғау саласын реформалау бойынша атқарылған ауқымды жұмысқа тоқталды. t.me/aqorda_resmi
Приветствуя гостей, Глава государства отметил особую роль ОТГ в развитии сотрудничества между тюркскими странами – Необходимо подчеркнуть, что взаимодействие государств – участников этой организации в судебной и правоохранительной сферах неуклонно укрепляется. Наглядным подтверждением тому станет авторитетный форум, который завтра пройдет в Туркестане. Судебная система имеет огромное значение для прогресса и процветания любой цивилизованной страны. Поэтому углубление взаимосвязей между верховными судами в полной мере отвечает общим интересам наших братских народов, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️Президент подчеркнул, что сегодня многие страны встали на путь динамичного развития, стремясь соответствовать вызовам времени и не отстать от темпов глобальных технологических изменений. – Нам необходимо объединить усилия и действовать сообща в этом направлении. На завтрашней конференции в Туркестане будут всесторонне обсуждены вопросы цифровизации судебной сферы, защиты прав инвесторов и другие важные темы. Можно сказать, что такая повестка дня весьма своевременна и актуальна. Обмен мнениями по данной проблематике, несомненно, придаст большой импульс развитию нашей организации и укреплению ее авторитета. Как известно, Казахстан поддерживает все добрые начинания в рамках ОТГ и продолжит делать это в будущем, – заявил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президент меймандарға ілтипат білдіріп, бауырлас елдер ынтымақтастығын нығайтуда Түркі мемлекеттері ұйымының рөлі айрықша екенін айтты – Осы тұста ұйымға мүше мемлекеттердің сот және құқық қорғау саласындағы ықпалдастығы күшейіп келе жатқанын атап өту қажет. Ертең Түркістан төрінде өтетін алқалы жиын соның айқын көрінісі болмақ. Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор. Сондықтан жоғарғы соттар арасындағы өзара тығыз байланысты тереңдету бауырлас елдеріміздің ортақ мүддесіне толық сай келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы қазір көптеген елдер жаһандық технологиялық өзгерістер көшінен қалып қоймау үшін заман талабына қарай қарқынды даму жолына түсіп жатқанына назар аударды. – Осы бағытта біз де күш-жігер біріктіріп, жұмыла әрекет етуіміз керек. Ертең Түркістанда өтетін конференцияда сот саласын цифрландыру мәселесі жан-жақты талқыға түседі. Сондай-ақ инвесторлардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды мәселелер қаралады. Мұндай күн тәртібі өте орынды және өзекті деп айтуға болады. Осы мәселелер бойынша пікір алмасу біздің ұйымның одан әрі дамуына және оның беделінің күшеюіне үлкен серпін берері сөзсіз. Баршаңызға белгілі, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы барлық игі бастамаларды қолдайды, алдағы уақытта да солай болмақ, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Президент встретился с председателями верховных судов стран – участниц Организации тюркских государств Касым-Жомарт Токаев принял председателя Верховного суда Азербайджанской Республики Инама Керимова, председателя Верховного суда Кыргызской Республики Медербека Сатыева, председателя Кассационного суда Турецкой Республики Омера Керкеза, председателя Государственного совета Турецкой Республики Зеки Йигита и первого заместителя председателя Верховного суда Республики Узбекистан Алишера Усманова, которые прибыли для участия во второй конференции верховных судов стран – участниц ОТГ. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Жоғарғы сот төрағаларымен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жоғарғы соттарының екінші конференциясына қатысу үшін арнайы келген Әзербайжан Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Инам Керимовты, Қырғыз Республикасының Жоғарғы сот төрағасы Медербек Сатыевты, Түркия Республикасының Кассациялық сот төрағасы Омер Керкезді, Түркия Республикасының Мемлекеттік кеңес төрағасы Зеки Йигитті, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сот төрағасының бірінші орынбасары Алишер Усмановты қабылдады. t.me/aqorda_resmi
Асламбек Мерғалиев: ӘРПК құқық үстемдігін нығайтуға, инвесторларды қорғауға және қолайлы іскерлік ахуалды дамытуға ықпал етеді ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбатында әкімшілік әділеттің құқық үстемдігін нығайтудағы және инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы айтты. ◾️ А.Мерғалиевтің айтуынша, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде жұмыс істеген бесжыл ішінде сот жүйесі мемлекеттік органдармен дауларда бизнес пен азаматтарды қорғаудың тиімді тетігіне айналды. ◾️ Бүгінгі таңда инвестициялық даулардың шамамен 80%-ы инвесторлардың пайдасына шешіледі, бұл болжамды және әділ құқықтық ортаның қалыптасуын көрсетеді. ◾️ Әңгімеде инвесторларды сот арқылы қорғауды жетілдіру, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру, дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту және әкімшілік заңнаманы одан әрі реформалау мәселелері қозғалды. ◾️ Істің мән-жайларын неғұрлым толық белгілеуге және мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін соттың белсенді рөлі қағидатына ерекше назар аударылады. ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы әкімшілік әділетті одан әрі дамыту, судьялардың тәуелсіздігін нығайту және құқықтық институттарды жетілдіру Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға және елде қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті. *** Асламбек Мергалиев: АППК способствует укреплению верховенства права, защите инвесторов и развитию благоприятного делового климата ◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев в интервью телеканалу «Atameken Business» рассказал о роли административной юстиции в укреплении верховенства права и защите прав инвесторов. ◾️ По словам А.Мергалиева, за пять лет работы в рамках Административного процедурно-процессуального кодекса судебная система стала более эффективным механизмом защиты бизнеса и граждан в спорах с государственными органами. ◾️ Сегодня около 80% инвестиционных споров разрешаются в пользу инвесторов, что свидетельствует о формировании более предсказуемой и справедливой правовой среды. ◾️В беседе затронуты вопросы совершенствования судебной защиты инвесторов, повышения качества работы государственных органов, развития механизмов досудебного урегулирования споров и дальнейшего реформирования административного законодательства. ◾️ Особое внимание уделено принципу активной роли суда, который позволяет более полно устанавливать обстоятельства дела и обеспечивать баланс между интересами государства, бизнеса и граждан. ◾️ Председатель Верховного Суда подчеркнул, что дальнейшее развитие административной юстиции, укрепление независимости судей и совершенствование правовых институтов будут способствовать повышению инвестиционной привлекательности Казахстана, укреплению доверия к судебной системе и созданию благоприятного делового климата в стране. Интервью размещено здесь: https://youtu.be/hmV8LQi39m0?si=XALQNbe3Gs1RtS8s
◾️ Житель Алматы обратился в суд с иском к бывшей супруге об изменении размера алиментов на троих детей 2009, 2012 и 2015 годов рождения. ◾️ Истец просил суд снизить размер алиментов до 5 МРП на каждого ребенка, ссылаясь на ухудшение материального положения. ◾️ В обоснование требований он указал, что работает у индивидуального предпринимателя и получает заработную плату в размере 100 тыс.тенге. ◾️ Ранее, в 2016 году судом с него были взысканы алименты в размере 20 МРП на каждого ребенка до достижения ими совершеннолетия. ◾️ Суды первой и апелляционной инстанций частично удовлетворили иск, снизив размер алиментов до 10 МРП на каждого ребенка. ◾️ Эти решения мать детей оспорила в кассации. ◾️ Кассационный суд по гражданским делам, рассмотрев дело, указал, что истцом не предоставлены доказательства ухудшения его материального положения. ◾️ Согласно материалам дела, в том числеданным налоговой отчетности, на момент обращения в суд истец фактически не работалу указанного ИП и имел достаточный доход для содержания детей. ◾️ Кроме того, установлено, что принадлежащий емуавтомобиль был формально подарен сестре, но фактически продолжал находиться в его пользовании, что свидетельствует о сокрытии имущества и уклонении от исполнения алиментных обязательств. ◾️ Учитывая отсутствие надлежащих доказательств ухудшения материального положения или семейного положения истца,кассационный суд отметил решения нижестоящих судов и вынес новое решение – об отказе в удовлетворении иска о снижении размера алиментов. При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник - Верховный Суд Республики Казахстан. https://t.me/kass_sud_kz
◾️ Алматы қаласының тұрғыны бұрынғы жұбайына қатысты сотқа талап қоюмен жүгініп, 2009, 2012 және 2015 жылдары туған үш баласына төленетін алимент мөлшерін азайтуды сұраған. ◾️ Талап қоюшы материалдық жағдайының нашарлағанын алға тартып, әр балаға төленетін алиментті 5 АЕК мөлшеріне дейін төмендетуді өтінген. ◾️ Ол талабына негіз ретінде жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейтінін және ай сайынғы жалақысы 100 мың теңге екенін көрсеткен. ◾️ Бұған дейін, 2016 жылы сот шешімімен одан әр балаға кәмелет жасына толғанға дейін 20 АЕК мөлшерінде алимент өндірілген болатын. ◾️ Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды ішінара қанағаттандырып, алимент мөлшерін әр балаға 10 АЕК-ке дейін төмендеткен. ◾️ Алайда балалардың анасы бұл шешімдерге кассациялық тәртіппен шағым түсірген. ◾️ Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот істі қарап, талап қоюшы өзінің материалдық жағдайының нашарлағанын дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынбағанын атап өтті. ◾️ Іс материалдарына, соның ішінде салық есептілігі деректеріне сәйкес, талап қоюшы сотқа жүгінген кезде көрсетілген жеке кәсіпкерлікте іс жүзінде жұмыс істемеген және балаларын асырауға жеткілікті табысқа ие болған. ◾️ Сонымен қатар, оған тиесілі автокөліктің формальды түрде әпкесіне сыйға тартылғаны анықталғанымен, көлік іс жүзінде оның өз пайдалануында қалған. ◾️ Бұл оның мүлкін жасырып, алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерден жалтаруға тырысқанын көрсетеді. ◾️ Талап қоюшының материалдық немесе отбасылық жағдайының нашарлағанын растайтын тиісті дәлелдемелер болмағандықтан, кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың шешімдерінің күшін жойып, алимент мөлшерін азайту туралы талап қоюдан қанағаттандырудан бас тарту жөнінде жаңа шешім қабылдады. Материалдарды пайдалану, дәйексөз келтіру немесе қайта жариялау кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми дереккөзіне міндетті түрде сілтеме жасау қажет. https://t.me/kass_sud_kz
◾️ Органом уголовного преследования двоим подсудимым предъявлено обвинение в попытке приобрести и перевезти наркотическое средство в особо крупном размере для дальнейшего сбыта (ч. 3 ст. 24 УК, пп. 1), 3) ч. 3 ст. 297 УК). ◾️ По версии следствия, правоохранительные органы Казахстана и Кыргызстана провели совместную спецоперацию - контролируемую поставку наркотиков. ◾️ После пересечения государственной границы гашиш был изъят и заменён муляжом, который позже поместили в тайник. ◾️ По версии следствия, один из подсудимых получил координаты тайника от неизвестного лица. Вместе со вторым подсудимым он забрал мешок из закладки, после чего они были задержаны сотрудниками полиции. ◾️ Прокурор просил назначить обоим по 6 лет лишения свободы. ◾️ Подсудимые вину не признали, указав, что приехали за мешком, полагая, что внутри находятся нерастаможенные медикаменты, и рассчитывали получить за это деньги. ◾️ Суд № 2 г. Тараза выявил существенные процессуальные нарушения. В частности, выяснилось, что вещество, изъятое у подсудимых, не совпадало с тем, которое было направлено на экспертизу. ◾️ Также в деле отсутствовали документы, подтверждающие законность и цели проведения контролируемой поставки, а сведения, полученные от правоохранительных органов Кыргызстана, суду представлены не были. ◾️ Суд пришёл к выводу, что сторона обвинения не представила достаточных доказательств причастности подсудимых к незаконному обороту наркотиков. Все сомнения были истолкованы в их пользу. ◾️ В итоге подсудимых оправдали за недоказанностью участия в преступлении и признали за ними право на возмещение вреда, причинённого незаконным уголовным преследованием. ◾️ Прокурор обжаловал приговор, однако апелляционная коллегия оставила его без изменений. ◾️ Решение вступило в законную силу. ◾️ По словам адвоката, опубликованным в социальных сетях, ее подзащитных освободили прямо в зале суда - мужчины со слезами благодарили суд за справедливость. При использовании, цитировании или перепечатке материалов обязательна ссылка на официальный источник - Верховный Суд Республики Казахстан https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Қылмыстық қудалау органы екі сотталушыға аса ірі мөлшердегі есірткі затын кейіннен өткізу мақсатында сатып алуға және тасымалдауға оқталды деген айып таққан (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі 1),3) тармақшалары). ◾️ Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдары бірлескен арнайы операция - бақылаудағы есірткі жеткізілімін жүргізген. ◾️ Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін гашиш тәркіленіп, оның орнына жалған зат қойылған, кейін ол жасырын орынға орналастырылған. ◾️ Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушылардың бірі белгісіз адамнан жасырын орынның координаттарын алған. ◾️ Кейін ол екінші сотталушымен бірге барып, жасырылған қапты алған кезде полиция қызметкерлері оларды ұстаған. ◾️ Прокурор екі сотталушының әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. ◾️ Сотталушылар өз кінәларын мойындамаған. Олардың айтуынша, олар қаптың ішінде кедендік рәсімдеуден өтпеген дәрі-дәрмектер бар деп ойлаған және оны алып келгені үшін ақша алмақ болған. ◾️ Тараз қаласының №2 соты іс бойынша елеулі процессуалдық заң бұзушылықтарды анықтады. ◾️ Атап айтқанда, сотталушылардан тәркіленген зат сараптамаға жіберілген затпен сәйкес келмеген. ◾️ Сондай-ақ іс материалдарында бақылаудағы жеткізілімді жүргізудің заңдылығы мен мақсатын растайтын құжаттар болмаған. Бұған қоса, Қырғызстан құқық қорғау органдарынан алынған мәліметтер сотқа ұсынылмаған. ◾️ Сот айыптау тарапы сотталушылардың есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынбады деген қорытындыға келді. Барлық күмән олардың пайдасына шешілді. ◾️ Нәтижесінде сотталушылар қылмысқа қатысқаны дәлелденбегендіктен ақталып, заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығына ие болды. ◾️ Прокурор үкімге шағым түсіргенімен, апелляциялық сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды. ◾️Шешім заңды күшіне енді. ◾️ Адвокаттың әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметіне сәйкес, оның қорғауындағы азаматтар сот залында бірден босатылған. ◾️ Ер адамдар әділ шешім қабылдағаны үшін көздеріне жас ала отырып, сотқа алғыстарын айтқан. https://t.me/jambyl_sottary
◾️ Пенсионер из Балхаша направил в суд иско взыскании с дочери алиментов на свое содержание в размере 10 МРП ежемесячно. ◾️ Он указал, что нуждается в материальной помощи для проживания и приобретения лекарств, однако дочь его не поддерживает. ◾️ Согласно статье 145 Кодекса «О браке (супружестве) и семье», совершеннолетние дети обязаны содержать нетрудоспособных и нуждающихся в помощи родителей. ◾️ Однако Балхашский городской суд Карагандинской области установил, что пожилой отец получает пенсионные выплаты в размере 128 229 тенге, а также владеет двухэтажным жилым домом и автомобилем «Mitsubishi Montero Sport». ◾️ Дочь иск не признала и пояснила, что она одна воспитывает двоих детей, алименты на их содержание не получает и работает помощником продавца с заработной платой 85 тыс.тенге. ◾️ По ее словам, отец не нуждается в материальной помощи, поскольку проживает один в коттедже, имеет автомобиль, получает пенсию, а из лекарственных средств ему назначены только витамины. ◾️Суд отметил, что истец не относится к категории нуждающихся. ◾️ Пенсионер не представил достоверных доказательств регулярных расходов на лечение, необходимости постоянного ухода либо недостаточности имеющихся средств для удовлетворения жизненных потребностей. ◾️ Кроме того, установлено, что материальную помощь ему оказывает сын. ◾️ Также суд учел, что размер пенсии истца превышает минимальную заработную плату, а между сторонами сложились неприязненные отношения , что, по мнению суда, и стало причиной обращения с иском. ◾️ С учетом необходимости соблюдения баланса интересов сторон суд пришел к выводу об отсутствии оснований для удовлетворения иска. ◾️ Решение суда не обжаловано и вступило в законную силу. https://t.me/krgsoty
◾️ Балқаш қаласының зейнеткері сотқа қызынан ай сайын өз күтіміне 10 АЕК мөлшерінде алимент өндіру туралы талап қою жолдаған. ◾️ Ол күнделікті тұрмысқа және дәрі-дәрмек сатып алуға қаражат қажет екенін, алайда қызының материалдық көмек көрсетпейтінін айтқан. ◾️ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 145-бабына сәйкес, кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж ата-аналарын асырауға міндетті. ◾️ Алайда Қарағанды облысының Балқаш қалалық соты талап қоюшының ай сайын 128 229 теңге көлемінде зейнетақы алатынын, сондай-ақ оның екі қабатты тұрғын үйі мен Mitsubishi Montero Sport автокөлігі бар екенін анықтаған. ◾️ Қызы талап қоюмен келіспей, жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырғанын, олардың әкесінен алимент алмайтынын және сатушының көмекшісі болып жұмыс істеп, айына 85 мың теңге жалақы алатынын түсіндірген. ◾️ Оның айтуынша, әкесі материалдық көмекке мұқтаж емес, өйткені ол коттеджде жалғыз тұрады, автокөлігі бар, зейнетақы алады және дәрігерлер оған тек дәрумендер ғана тағайындаған. ◾️ Сот талап қоюшының көмекке мұқтаж адамдар санатына жатпайтынын атап өтті. ◾️ Зейнеткер емделуге тұрақты шығындардың бар екенін, үздіксіз күтімді қажет ететінін немесе қолындағы қаражаттың негізгі өмірлік қажеттіліктерін өтеуге жеткіліксіз екенін растайтын сенімді дәлелдеме ұсынбаған. ◾️ Сонымен қатар оған ұлының материалдық көмек көрсететіні анықталған. ◾️ Сот сондай-ақ талап қоюшының зейнетақы мөлшері ең төменгі жалақыдан жоғары екенін және тараптар арасында бұрыннан қалыптасқан келіспеушіліктер бар екенін ескерген. Соттың пікірінше, талап қоюдың негізгі себептерінің бірі де осы жағдай болған. ◾️ Тараптардың мүдделерінің теңгерімін сақтауды назарға ала отырып, сот талап қоюды қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келген. ◾️ Сот шешіміне шағым берілмеген және ол заңды күшіне енген. https://t.me/krgsoty
🎥 Арнайы тележобаның жаңа шығарылымы жануарға қатыгездік көрсетуге қатысты сот ісіне арналды 🎥 Новый выпуск специального телепроекта посвящён судебному делу, связанному с жестоким обращением с животным
⚡️Жоғарғы Соттың “Qazaqstan» телеарнасымен бірлескен тележобасының кезекті шығарылымы эфирге шықты ▪️ “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасымен бірлесіп, «Заң алдында» атты жаңа тележобаны іске қосты. ▪️ Жоба халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және сот жүйесіне сенімін нығайтуға бағытталған. ▪️ Басты назарда – нақты сот процестері, сот жұмысының мәнін ашатын шынайы оқиғалар. ▪️ Арнайы тележобаның жаңа шығарылымы жануарға қатыгездік көрсетуге қатысты сот ісіне арналды. 📅 “Заң алдында” - әр сәрсенбі ⏱️ 14:15 📺 "Qazaqstan” телеарнасы *** ⚡️ Вышел в эфир очередной выпуск совместного телепроекта Верховного Суда и телеканала «Qazaqstan» ▪️ В рамках реализации концепции «Закон и порядок» Верховный Суд Республики Казахстан и национальный телеканал «Qazaqstan» запустили новый телепроект – «Заң алдында». ▪️ Проект направлен на повышение правовой культуры населения и укрепление доверия к судебной системе. ▪️ В центре внимания - реальные судебные процессы и истории, которые раскрывают суть работы суда. ▪️ Новый выпуск специального телепроекта посвящён судебному делу, связанному с жестоким обращением с животным. 📅 “Заң алдында”- в каждую среду ⏱️ 14:15 📺 Телеканал «Qazaqstan» Полная версия:➡️ https://youtu.be/FbXheGIsBzw?si=dbs7xy8LCMU5XTH7
В Верховном Суде обсудили вопросы применения государственного языка в судопроизводстве ◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев провел межведомственное совещание на тему: «Применение государственного языка в судопроизводстве: проблемы и пути их решения». ◾️ В мероприятии приняли участие председатели судебных коллегий Верховного Суда Нурсерик Шарипов, Назгуль Рахметуллина, Аслан Тукиев, Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров, председатель Союза судей РК Досжан Амир, судьи местных судов (посредством ВКС), представители государственных и правоохранительных органов, юридического сообщества. ◾️ Открывая совещание, А.Мергалиев подчеркнул, что качественное применение государственного языка в судопроизводстве является не только вопросом реализации государственной языковой политики, но и важным условием обеспечения доступности правосудия, соблюдения прав граждан и укрепления доверия общества к судебной системе. ◾️ В обсуждении приняли участие заместители руководителей Комитета национальной безопасности, Агентства по финансовому мониторингу, министерств внутренних дел и юстиции Алмас Наймантаев, Кайрат Бижанов, Санжар Адилов и Бекболат Молдабеков, начальник Службы по надзору Генеральной прокуратуры Даулет Акылбеков, председатель Республиканской коллегии адвокатов Мади Мырзагараев. ◾️ Участники рассмотрели вопросы обеспечения права граждан на обращение в суд на государственном языке и дальнейшего расширения его применения в правовой сфере. ◾️ В своих выступлениях Досжан Амир, Даулет Акылбеков и Санжар Адилов акцентировали внимание на необходимости повышения качества подготовки материалов досудебного расследования и процессуальных документов на государственном языке, создания общей интеграционной базы, а также совершенствования практики использования государственного языка в правоприменительной деятельности. ◾️ Судья Алматинского городского суда Айгуль Маликова, и.о. заместителя директора Центра судебных экспертиз Министерства юстиции Аслан Алитурлиев и заместитель заведующего отделом развития государственного языка Судебной администрации Нургуль Қарағойшина отметили важность повышения содержательной и языковой точности правовых документов, а также укрепления межведомственного взаимодействия в данной сфере. ◾️ По итогам совещания выработан ряд рекомендаций, направленных на дальнейшее совершенствование применения государственного языка в судопроизводстве и правовой сфере.
Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өткізді. ◾️ Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ҚР Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, жергілікті соттардың судьялары (БКБ арқылы), мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері қатысты. ◾️ Кеңесті аша отырып, А.Мерғалиев сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді сапалы қолдану мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселесі ғана емес, сонымен қатар сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын сақтаудың және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті. ◾️ Талқылауға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Ішкі істер және Әділет министрліктері басшыларының орынбасарлары Алмас Наймантаев, Қайрат Бижанов, Санжар Әділов және Бекболат Молдабеков, Бас прокуратураның қадағалау қызметінің бастығы Дәулет Ақылбеков, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев қатысты. ◾️ Қатысушылар азаматтардың мемлекеттік тілде сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз ету және оның құқықтық салада қолданылуын одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырды. ◾️ Өз сөздерінде Досжан Әмір, Дәулет Ақылбеков және Санжар Әділов сотқа дейінгі тергеу материалдары мен процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау сапасын арттыру, ортақ интеграциялық база құру, сондай-ақ құқық қолдану қызметінде мемлекеттік тілді қолдану практикасын жетілдіру қажеттігіне назар аударды. ◾️ Алматы қалалық сотының судьясы Айгүл Маликова, Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары м.а. Аслан Алитурлиев және Сот әкімшілігінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина құқықтық құжаттардың мазмұндық және тілдік дәлдігін арттырудың, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. ◾️ Кеңес қорытындысы бойынша сот ісін жүргізуде және құқықтық салада мемлекеттік тілді қолдануды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.
Архив ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ — страница 4
Это 4-я страница архива публикаций источника ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.