ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6654
Жоғарғы Сотта сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану: проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өткізді. ◾️ Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ҚР Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, жергілікті соттардың судьялары (БКБ арқылы), мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, заң қоғамдастығының өкілдері қатысты. ◾️ Кеңесті аша отырып, А.Мерғалиев сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді сапалы қолдану мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселесі ғана емес, сонымен қатар сот төрелігінің қолжетімділігін қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтарын сақтаудың және қоғамның сот жүйесіне деген сенімін нығайтудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті. ◾️ Талқылауға Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы мониторингі агенттігі, Ішкі істер және Әділет министрліктері басшыларының орынбасарлары Алмас Наймантаев, Қайрат Бижанов, Санжар Әділов және Бекболат Молдабеков, Бас прокуратураның қадағалау қызметінің бастығы Дәулет Ақылбеков, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев қатысты. ◾️ Қатысушылар азаматтардың мемлекеттік тілде сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз ету және оның құқықтық салада қолданылуын одан әрі кеңейту мәселелерін қарастырды. ◾️ Өз сөздерінде Досжан Әмір, Дәулет Ақылбеков және Санжар Әділов сотқа дейінгі тергеу материалдары мен процессуалдық құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау сапасын арттыру, ортақ интеграциялық база құру, сондай-ақ құқық қолдану қызметінде мемлекеттік тілді қолдану практикасын жетілдіру қажеттігіне назар аударды. ◾️ Алматы қалалық сотының судьясы Айгүл Маликова, Әділет министрлігі Сот сараптамалары орталығы директорының орынбасары м.а. Аслан Алитурлиев және Сот әкімшілігінің мемлекеттік тілді дамыту бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина құқықтық құжаттардың мазмұндық және тілдік дәлдігін арттырудың, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. ◾️ Кеңес қорытындысы бойынша сот ісін жүргізуде және құқықтық салада мемлекеттік тілді қолдануды одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























