Вопрос депутата Олжаса Нуралдинова министру финансов Мади Такиеву и представителю АО «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» о причинах снижения налоговых поступлений от квазигосударственного сектора и мерах по предотвращению их дальнейшего сокращения. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Максим Рожин Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровқа ұсынылып отырған нысандардың аумақтық айырмашылығының себебі неде екені және бұл теңгерімсіздіктің халықаралық қатынастар қағидаттарымен қалай үйлесетіні туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровқа келісімге сәйкес елшіліктерді орналастыру үшін жер учаскелері неге бірден реттелмегені және тараптар не себепті қолданыстағы шартқа жаңа келісім жасау туралы шешім қабылдағаны жөнінде сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің мұқтаждықтары үшін Астана қаласы мен Бішкек қаласындағы ғимараттар мен жер учаскелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің және Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің резиденцияларын өзара өтеусіз пайдалануға беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы жөнінде Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыровтың баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді («Экономиканың инклюзивті және орнықты өсуі» даму саясатын қаржыландыруға арналған екінші қарыз) ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады. __ Комитет Мажилиса по финансам и бюджету принял в работу новый законопроект о ратификации Соглашения о займе (Второй заем на финансирование политики развития «Инклюзивный и устойчивый рост экономики») между Казахстаном и Международным Банком Реконструкции и Развития. t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс Үкіметке бюджетке түзету енгізу кезінде шығыстарды қысқартуға тыйым салуды ұсынды Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс бірқатар ұсынымдар әзірледі. …
Мәжіліс Үкіметке бюджетке түзету енгізу кезінде шығыстарды қысқартуға тыйым салуды ұсынды Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау қорытындысы бойынша Мәжіліс бірқатар ұсынымдар әзірледі. Атап айтқанда, Үкіметке парафискалдық төлемдерді жинақтау белгілері бар құрылымдардың тізбесін анықтау, олар үшін деректерді ашудың бірыңғай ережелерін белгілеу және бюджеттік есептілікке енгізу ұсынылды. Бюджетті түзету жұмыстарын жүргізу кезінде секвестрленуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар бойынша қайта бөлу арқылы шығыстарды қысқартуға тыйым салу қажет. Бұдан бөлек, блоктық бюджетті пилоттық режимде енгізудің тиімділігіне талдау жүргізіп, ауқымын одан әрі кеңейту бойынша қажетті шешімдер қабылдау талап етіледі. Сондай-ақ Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобалардың сапалық көрсеткіштерін (халықты қамту, жұмыспен қамту, салық базасы, қызмет көрсету сапасы) аша отырып, мониторингті қамтамасыз ету үшін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін пысықтау қажет. 2026 жылдың ішінде цифрлық теңге тетігін Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобаларға, сондай-ақ даму бюджетінің жобаларына бөлінген қаражатқа тарату ұсынылады. Бұл ретте қаражаттың соңғы алушыға дейінгі қозғалысына өтпелі мониторинг қамтамасыз етілуге тиіс. Сонымен қатар, инвестицияға салықтық преференциялар беру критерийлерін мемлекет үшін экономикалық тиімділікке (жұмыс орындары, экспорт, салық түсімдері) қол жеткізу жөніндегі міндетті шарттармен кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Мемлекеттік қаржының жай-күйі туралы толық көріністі қалыптастыру үшін Жоғары аудиторлық палатамен бірлесіп, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептілік нысандарын пысықтау керек. Бұл ретте бюджеттен тыс қорлар, квазимемлекеттік сектор және мемлекеттік сектордың қарыз алулары бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты ашу бөлігі де қамтылуы тиіс. t.me/mazhilis_kz
Бюджет бойынша Үкімет есебі: экономиканың шикізаттық емес секторының рөлі артып келеді Мәжіліс жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде тұңғыш рет бюджеттік реттеудің жаңа тәсілдеріне көшу жағдайында жүзеге асырылған Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025…
Бюджет бойынша Үкімет есебі: экономиканың шикізаттық емес секторының рөлі артып келеді Мәжіліс жаңартылған Бюджет кодексі шеңберінде тұңғыш рет бюджеттік реттеудің жаңа тәсілдеріне көшу жағдайында жүзеге асырылған Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін назарға алды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, экономикалық өсудің оң динамикасын сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 13%-ға артып, 22,7 трлн теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің экономикаға қосқан үлесі тұңғыш рет тау-кен өндіру секторының үлесінен (11,9%) асып түсіп, 13%-ды құрады. Бұдан бөлек, экономиканың өсуі мұнай өндірісінің ұлғаюы, жоғары инвестициялық белсенділік, ішкі сұраныстың артуы, сондай-ақ құрылыс, көлік және сауда салаларының жедел дамуы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, күрделі сын-қатерлер де сақталып отыр. Жыл қорытындысы бойынша инфляция 12,3%-ға жетіп, болжамды дәлізден айтарлықтай асып кетті. Бұл халықтың нақты табысының төмендеуіне әкелді. Номиналды табыстың өскеніне қарамастан, азаматтар шығыстарының басым бөлігі әлі де тамақ өнімдеріне және борыштық міндеттемелерді өтеуге бағытталып отыр. Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері жалпы алғанда атқарылды. Алайда, салық түсімдеріне қатысты болжам екінші жыл қатарынан орындалмай қалды. 2025 жылы кіріс бойынша жалпы жоспар 336 млрд теңгеге орындалмаған. Жоғары аудиторлық палатаның пікірінше, бұның негізгі себептерінің бірі – шамадан тыс оптимистік болжам жасау үрдісі. Бюджет шығыстары бойынша 303 млрд теңге атқарылмады. Оған екінші жыл қатарынан негізгі себеп республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткіліксіздігі болды. Бұл ретте атқарылу деңгейі 98,8%-ды құрады. 2025 жылы республикалық бюджет сегіз рет түзетілді, бұл жоспарлау сапасының арттыру қажеттігін көрсетеді. Шығыстардың құрылымы іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр: олар – әлеуметтік қолдау, мемлекеттік қарызды өтеу және өңірлерге берілетін трансферттер. Сонымен қатар, бюджеттің атқарылу сапасы мен тиімділігі әлі де төмен деңгейде. 2025 жылы қаржылық заң бұзушылықтар көлемі 4,4 есеге, ал тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің көлемі шамамен 4 есеге өскен. t.me/mazhilis_kz
Жоғары аудиторлық палата төрағасының «ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі бойынша «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Айдос Сарымның сөйлеген сөзі. t.me/mazhilis_kz
📣 15 маусым күні сағат 10:00-де Өскемен қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлының Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесуі өтеді. 📌 Өтетін орны мен анықтама телефоны постта көрсетілген. —— 📣15 июня в 10:00 в г. Усть-Каменогорск состоится встреча Председателя Комитета государственных доходов МФ РК Дуйсембиева Жандоса Жумабаевича с населением Восточно-Казахстанской области. 📌Место проведения, а также телефон для справок указаны в посте.
Серік Жұманғарин ЖІӨ құрылымында жеке инвестициялар басым екенін айтт 📌 Қазақстан экономикасы сапалы өсім көрсетіп отыр, ол өндірістік базаның нақты кеңеюімен қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынатын барлық салымның 80%-дан астамы жеке көздер есебінен…
Серік Жұманғарин ЖІӨ құрылымында жеке инвестициялар басым екенін айтт 📌 Қазақстан экономикасы сапалы өсім көрсетіп отыр, ол өндірістік базаның нақты кеңеюімен қамтамасыз етілген. Негізгі капиталға салынатын барлық салымның 80%-дан астамы жеке көздер есебінен жүзеге асырылады. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың ЖІӨ құрылымы туралы сұрақтарына жауап беру барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджет шығыстарының ұлғаюына қарамастан, экономика ішкі және сыртқы инвесторлар есебінен дамып келеді: негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,7 трлн теңгеге жетсе, тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 14,4%-ға өсіп, $20,5 млрд-ты құрады. Премьер-министрдің орынбасары өнеркәсіп өндірісі мен өңдеу секторын негізгі драйверлер ретінде атады. Машина жасау, химия өнеркәсібі және құрылыс материалдарын өндіру салаларында жоғары қарқын байқалады, бұл еліміздің өндірістік әлеуетінің артып отырғанын көрсетеді. Төлем балансындағы бастапқы кірістің теріс сальдосын Қазақстан экономикасының ашықтығын көрсететін ірі жобаларды аяқталғаннан кейін инвесторлардың пайдасын елден шығаруының табиғи үдерісі ретінде сипатталды. «Қазір біз күресіп жатқан жалғыз мәселе – инфляция. Ұлттық банкпен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп, бұл бағытта тиісті бағдарлама әзірленді, жұмыс жүргізілуде. Инфляция төмендеп келеді, өткен айдың қорытындысы бойынша 10,4%-ды құрады. Осы айда осындай төмендеу үрдісін сақтаймыз деп үміттенемін», — деді Серік Жұманғарин. 📱 @KZgovernment
Выступление руководителя фракции партии «Ақ жол» Азата Перуашева об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Серік Жұманғарин ұлттық компаниялар мен даму институттарын бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді 📌 Мемлекеттік инвестициялық саясат тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар халықаралық озық тәжірибеге сәйкес даму институттарын белсенді тарту…
Серік Жұманғарин ұлттық компаниялар мен даму институттарын бақылау қалай жүргізілетінін түсіндірді 📌 Мемлекеттік инвестициялық саясат тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар халықаралық озық тәжірибеге сәйкес даму институттарын белсенді тарту арқылы да жүзеге асырылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады. Оның айтуынша, республикалық бюджеттің мүмкіндіктері екінші бюджеттік Ережемен шектелген, сондықтан Үкіметтің негізгі міндеті мемлекеттік және жеке секторларда жоғары инвестициялық белсенділік үшін жағдай жасау болып саналады. «Біз елде инвестициялық белсенділіктің жоғары болуы үшін жағдай жасаймыз. Оны барлық институттар жүзеге асыруы керек: жеке және мемлекеттік. Бұл жағдайда даму институттары немесе квазимемлекеттік сектор туралы айтқанда, олар мемлекеттік жоспарлаудың бірыңғай жүйесіне енгізілген. Бізде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары осы жоспарларды орындау қорытындысы бойынша Үкіметте және Парламентте келесі жылдан бастап есеп береді. Сондықтан бұл жүйе корпоративтік басқару қағидаттарымен де тығыз байланысты, өйткені тиісті компаниялардың директорлар кеңестерінде сол саланы басқаратын уәкілетті органдардың өкілдері бар. Сондықтан бұл жағдайда есеп беру вертикалі толық сақталады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 📱 @KZgovernment
Выступление руководителя фракции партии «Respublica» Айдарбека Ходжаназарова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Серік Жұманғарин республикалық бюджет кірістерін қалыптастыру тетіктерін түсіндірді 📌 Экономиканың өсуі бюджетке түсетін салықтар соған пропорционал өсіп жатыр дегенді білдірмейді. Оған сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді, мәселен ҚҚС-ты қайтару, мұнай…
Выступление руководителя фракции ОСДП Асхата Рахимжанова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Серік Жұманғарин республикалық бюджет кірістерін қалыптастыру тетіктерін түсіндірді 📌 Экономиканың өсуі бюджетке түсетін салықтар соған пропорционал өсіп жатыр дегенді білдірмейді. Оған сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді, мәселен ҚҚС-ты қайтару, мұнай кірістерін бөлу сияқты бірқатар себептер бар. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде депутаттың қазынаға 3 трлн теңгеден астам қаражат кем түскені туралы сұрағына жауап берген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин хабарлады. Оның айтуынша, кірістердің қорытынды нәтижесіне энергия ресурстарының әлемдік бағасы мен ұлттық валюта бағамының долларға қатысты ауытқуы айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, вице-премьер отандық мұнай секторынан түсетін кірістердің толық көлемде тікелей Ұлттық қорға жіберілетініне арнайы назар аударды, сол себепті олар республикалық бюджетке стандартты салық түсімдерін есептеу кезінде есепке алынбайды. «2025 жылы бюджетке ҚҚС түсімі 6,1 трлн теңгені құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Бірақ осыған қарамастан, біз бюджет жоспарын 656 миллиард теңгеге орындаған жоқпыз. Өйткені жоспарда ҚҚС қайтаруға 877 миллиард теңге қарастырылған, ал біз 1 трлн 354 млрд теңге қайтардық. Сол себепті де осындай проблема бар», — деп атап өтті Серік Жұманғарин. 📱 @KZgovernment
Выступление руководителя фракции НПК Магеррама Магеррамова об отчетах Правительства Республики Казахстан и Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан об исполнении республиканского бюджета за 2025 год. t.me/mazhilis_kz
Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталады 📌 Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтау жоспарланып отыр, ал айдың соңына дейін орталық өңірдегі негізгі жобалардың…
Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жол биыл толығымен аяқталады 📌 Қазақстанда жол инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтау жоспарланып отыр, ал айдың соңына дейін орталық өңірдегі негізгі жобалардың бірі — «Қарағанды – Жезқазған» автожолының құрылысын бастау көзделуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттардың сұрақтарына жауап беру барысында айтты. «Шынында да, өткен жылдың соңында «Қызылорда – Жезқазған» автожолының 216 шақырымының құрылысы аяқталды. Биыл Ұлытау мен Қызылорда арасындағы жолды толық аяқтап, оны халық игілігіне беретін боламыз. Сонымен қатар «Қарағанды – Жезқазған» автожолы — аса маңызды жобалардың бірі. Жолдың ұзындығы 575 шақырым, құны 524 млрд теңгені құрайды. Оның құрылысын да осы айдың соңына дейін бастаймыз және алдағы екі жыл ішінде сапалы түрде аяқтаймыз», — деді Нұрлыбек Нәлібаев. Жалпы еліміз бойынша биыл 11 мың шақырымнан астам жол күрделі, орташа жөндеумен және қайта жаңартумен қамтылған. Сондай-ақ, жұмыстар жаңа көпірлер салу мен абаттандыруды қоса алғанда, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда да жүргізілуде. Алдағы жобалардың қатарында ұзындығы 765 шақырым, құны 725 млрд теңге болатын «Бейнеу – Сексеуіл» жолының құрылысы бар. Сондай-ақ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін жаңғырту шеңберінде «Ақтөбе-Қызылорда» учаскесі екінші санаттан бірінші санатқа ауыстырылатын болады. Ол бойынша жұмыстарды биыл бастау жоспарлануда. Одан бөлек, Жаңаөзеннен Түрікменстанмен шекараға дейінгі жолды жаңғырту және жол инфрақұрылымының басқа да маңызды объектілерін аяқтау жалғастырылмақ. 📱 @KZgovernment
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөнінде Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Еркін Әбілдің қосымша баяндамасы. t.me/mazhilis_kz
🇰🇿 Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері Каспий теңізі акваториясында штурмандық жорық өткізді Әскери теңізшілер Каспий теңізінің орталық бөлігінде кемелерді басқару және теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты бірқатар оқу-жауынгерлік міндеттер кешенін орындады. Жорыққа қатысушылар вахталық ауысымдар құрамында әрекет етіп, штурмандық вахтаны өз бетінше атқару дағдыларын жетілдірді. 🇰🇿 Военнослужащие Военно-морских сил совершили штурманский поход в акватории Каспийского моря В центральной части Каспия военные моряки отработали комплекс учебно-боевых задач, связанных с управлением кораблями и обеспечением безопасности мореплавания. Участники похода выполняли действия в составе вахтенных смен и закрепили навыки самостоятельного несения штурманских вахт. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com
Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Қаржы министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдеріне жалған жұмысқа орналастыру фактілері бойынша қанша іс сотқа жеткені және мұндай заңсыз схемалардың қайталануына жол бермеу үшін қандай цифрлық бақылау тетіктері енгізілетіні туралы сұрақ қойды t.me/mazhilis_kz