ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6666
◾️ Қылмыстық қудалау органы екі сотталушыға аса ірі мөлшердегі есірткі затын кейіннен өткізу мақсатында сатып алуға және тасымалдауға оқталды деген айып таққан (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 297-бабының 3-бөлігі 1),3) тармақшалары). ◾️ Тергеу нұсқасы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның құқық қорғау органдары бірлескен арнайы операция - бақылаудағы есірткі жеткізілімін жүргізген. ◾️ Мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін гашиш тәркіленіп, оның орнына жалған зат қойылған, кейін ол жасырын орынға орналастырылған. ◾️ Айыптау тарапының мәліметінше, сотталушылардың бірі белгісіз адамнан жасырын орынның координаттарын алған. ◾️ Кейін ол екінші сотталушымен бірге барып, жасырылған қапты алған кезде полиция қызметкерлері оларды ұстаған. ◾️ Прокурор екі сотталушының әрқайсысына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. ◾️ Сотталушылар өз кінәларын мойындамаған. Олардың айтуынша, олар қаптың ішінде кедендік рәсімдеуден өтпеген дәрі-дәрмектер бар деп ойлаған және оны алып келгені үшін ақша алмақ болған. ◾️ Тараз қаласының №2 соты іс бойынша елеулі процессуалдық заң бұзушылықтарды анықтады. ◾️ Атап айтқанда, сотталушылардан тәркіленген зат сараптамаға жіберілген затпен сәйкес келмеген. ◾️ Сондай-ақ іс материалдарында бақылаудағы жеткізілімді жүргізудің заңдылығы мен мақсатын растайтын құжаттар болмаған. Бұған қоса, Қырғызстан құқық қорғау органдарынан алынған мәліметтер сотқа ұсынылмаған. ◾️ Сот айыптау тарапы сотталушылардың есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар екенін дәлелдейтін жеткілікті дәлелдемелер ұсынбады деген қорытындыға келді. Барлық күмән олардың пайдасына шешілді. ◾️ Нәтижесінде сотталушылар қылмысқа қатысқаны дәлелденбегендіктен ақталып, заңсыз қылмыстық қудалау салдарынан келтірілген зиянды өтеу құқығына ие болды. ◾️ Прокурор үкімге шағым түсіргенімен, апелляциялық сот алқасы оны өзгеріссіз қалдырды. ◾️Шешім заңды күшіне енді. ◾️ Адвокаттың әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметіне сәйкес, оның қорғауындағы азаматтар сот залында бірден босатылған. ◾️ Ер адамдар әділ шешім қабылдағаны үшін көздеріне жас ала отырып, сотқа алғыстарын айтқан. https://t.me/jambyl_sottary
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























