POLISIA.KZ » публикация №17345
🪪 Құжатсыз өткен 33 жыл: ШҚО-да полицейлер тұрғынға құқықтық мәртебесін қалпына келтіруге көмектесті Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне Риддер қаласының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті. Бұл оқиға көші-қон қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі мен азаматтарға көрсетілетін қолдаудың нақты көрінісі болды. Риддер қаласының тұрғыны 33 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Соның салдарынан мемлекеттік қызметтерді алу және күнделікті өмірдегі көптеген мәселені шешу мүмкіндігі шектеліп келген. Азаматтың өтінішінен кейін көші-қон қызметінің инспекторлары жағдайды жан-жақты зерделеп, қажетті құжаттарды жинауға көмектескен. Сондай-ақ жеке куәлікті рәсімдеудің барлық кезеңінде құқықтық қолдау көрсетті. Көптен күткен құжатын қолына алған тұрғын алғысын білдірді. — Бұл мәселені шешемін деген үмітім үзілген еді. 33 жыл бойы құжатсыз өмір сүрдім. Ал қазір жаңа өмір басталғандай сезімдемін. Полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін, — деді ол. Полиция халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары тұрақты негізде жалғасып жатқанын хабарлайды. Жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу немесе қалпына келтіру мәселелері туындаған жағдайда азаматтар аумақтық көші-қон қызметі бөлімшелеріне жүгіне алады. #БІЗДІҢПОЛИЦИЯ *** 🪪 Спустя 33 года: полицейские помогли жительнице восстановить правовой статус в ВКО В департамент полиции Восточно-Казахстанской области поступило благодарственное письмо от жительницы Риддера. Эта история — пример того, как внимательное отношение сотрудников полиции помогает людям преодолеть трудности и восстановить правовой статус. Женщина жила без документов 33 года, что ограничивало ее возможности в повседневной жизни. После ее обращения инспекторы детально изучили ситуацию, помогли собрать необходимые документы и сопровождали ее на всех этапах оформления удостоверения личности. Получив долгожданный документ, жительница поблагодарила полицейских. — Я уже не надеялась, что смогу решить этот вопрос. 33 года я жила без документов, а сейчас чувствую, будто началась новая жизнь. Благодарю полицейских за профессионализм, поддержку и искреннюю заботу, — поделилась она. Полиция отмечает, что работа по оказанию государственных услуг населению продолжается в штатном режиме. При возникновении проблем с документами, удостоверяющими личность, граждане могут получить помощь в любом территориальном отделе миграционной службы. #НАШАПОЛИЦИЯ 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























