Life News Новостной агрегатор

UKIMET — страница 13

Источник: UKIMET · сбросить

Архив материалов источника UKIMET, страница 13. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.


UKIMET » публикация №24642

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Мәди Такиев: Елімізде 198 мектеп және 655 денсаулық сақтау нысаны салынды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық жобаларды жүзеге асыру нәтижесін баяндады. «Ұлттық жобалар аясында 198 мектептің және 655 денсаулық сақтау объектісінің құрылысы аяқталды. 10 мыңнан астам студенттер үшін 30 жатақхана пайдалануға берілді. 7,5 мың колледж студенті, 23,6 мың жоғарғы оқу орындары студент–магистранттары мен докторанттары, жатақханамен қамтамасыз етілді», — деді министр. Сондай-ақ ол 20 жоғары оқу орны базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталғанын және «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілгенін айтты. Ал Astana Hub экожүйесінде 2,2 мыңнан астам компания тіркелген. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24641

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Бюджет шығыстары 25,5 трлн теңгені құрады: 9,3 трлн әлеуметтік салаға бағытталды 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелердің 100%-ға орындалғанын баяндады. «Республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады. Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды.Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», — деп атап өтті қаржы министрі. Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталды. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24640

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Республикалық бюджеттің кірістері 2025 жылы 21,4 трлн теңгені құрады 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев республикалық бюджеттің кірістері туралы баяндады. «Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері, жоспардың 99%-ына орындалып, 21,4 трлн теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджеттің меншікті кірістері, трансферттерді есептемегенде, 15,3 трлн. теңгеге жетті. Салықтық түсімдер 2,2 трлн теңгеге немесе 17,5%-ға өсті», — деді Мәди Такиев. Негізгі жұмыс, орнықты мұнайға қатысы жоқ кіріс базасын кеңейтуге, салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға және тиімсіз жеңілдіктерді қысқартуға бағытталады. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24639

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Ұлттық қор активтері $73,8 млрд-қа жетті — Қаржы министрлігі 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев Ұлттық қордағы жинақтар туралы есеп берді. «Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың соңында $73,8 млрд-қа жетті, оның ішінде $63,9 млрд-ы – валюталық қордың активтері», — деді министр. Одан бөлек, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 2026 жылы әр балаға $130,7-ден келсе, 3 жылдың ішінде $370,6 жиналды. Қазір Ұлттық Банкпен бірге осы есеп-шоттардағы пайдаланылмай тұрған қаражатты басқару жайы пысықталуда. 📱 @KZgovernment


UKIMET » публикация №24638

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өсті 📌 ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5%-ға өскенін хабарлады. «Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің ұлғаюы $15 млрд-ты құрады. Бұл ретте инфляция 13% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды», — деп атап өтті министр. Ол сондай-ақ еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асқанын хабарлады. Мақсат – әлемдік орташа көрсеткіш, 40%-ға жету. ➖ Экономика Казахстана выросла на 6,5% На совместном заседании палат Парламента РК министр финансов Мади Такиев сообщил, что по итогам 2025 года экономика страны продемонстрировала рост на 6,5%. «В стоимостном выражении увеличение внутреннего валового продукта составило $15 млрд. Для сравнения, в 2024 году рост ВВП составлял 5%. При этом инфляция сложилась на уровне 13%. Среднемесячная заработная плата составила 442 тыс. тенге, безработица в течение года оставалась на уровне 4,6%», — подчеркнул министр. Он также добавил, что доля оплаты труда в ВВП ориентировочно превысил 30%. Цель – достичь среднемирового показателя – 40%. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24635

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қытайдан Еуропаға құрлықпен жөнелтілетін барлық жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді 📌 IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара сауда мен инвестицияны арттыруға, сондай-ақ БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін растады. ➖ Через Казахстан проходит 85% сухопутных грузоперевозок из Китая в Европу: Серик Жумангарин провел переговоры с вице-премьером КНР 📌 На полях IX Международной выставки «Китай – Евразия» заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин провел двустороннюю встречу с заместителем Премьера Госсовета КНР Дином Сюэсяном. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы дальнейшего укрепления стратегического партнерства, реализацию совместных инвестиционных проектов, развитие транспортно-логистической инфраструктуры и расширение торгово-экономического сотрудничества. Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам инвестиционного сотрудничества. За годы независимости Китай инвестировал в экономику Казахстана порядка $30 млрд прямых иностранных инвестиций, став одним из крупнейших инвесторов страны. По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему укреплению всестороннего стратегического партнерства, расширению взаимной торговли и инвестиций, а также углублению взаимодействия в рамках ООН, Шанхайской организации сотрудничества и формата «Центральная Азия – Китай». 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24631

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды 📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. «Қытай – Еуразия» көрмесі дәстүрлі түрде Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Батыс Қытай орталығының ең ірі көлік-логистикалық және сауда хабы ретінде Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) мәртебесін нығайтатын, «Белдеу және жол» бастамасының негізгі халықаралық алаңының бірі. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қытай тарапына алғысын білдірді. Ол көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосуда беделді алаңға айналғанын атап өтті. ➖ Казахстан представил экспортные возможности на IX международной выставке «Китай – Евразия» 📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин принял участие в торжественной церемонии открытия IX международной выставки «Китай – Евразия» в г. Урумчи. Выставка «Китай – Евразия» традиционно выступает одной из ключевых международных площадок инициативы «Пояс и путь», укрепляя статус Синьцзян-Уйгурского автономного района как крупнейшего транспортно-логистического и торгового хаба центра западного Китая, соединяющего рынки Азии и Европы. Выступая на открытии, вице-премьер Казахстана Серик Жумангарин поблагодарил китайскую сторону за высокий уровень организации мероприятия. Он отметил, что выставка стала авторитетной площадкой для укрепления торгово-экономического сотрудничества, укрепления деловых контактов и запуска новых совместных проектов. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24630

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов провел заседание Совета ЕАБР: утверждена Стратегия развития банка на 2027-2031 годы 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел заседание Совета Евразийского банка развития. Рассмотрены итоги деятельности организации за 2025…


UKIMET » публикация №24629

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің…


UKIMET » публикация №24628

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің…


UKIMET » публикация №24623

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары қаралып, 2027-2031 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясы бекітілді. Олжас Бектенов биыл Еуразия даму банкінің құрылғанына 20 жыл толатынын атап өтіп, банк қызмет еткен жылдары қатысушы мемлекеттердің экономикаларының дамуына елеулі үлес қосқанын, сондай-ақ оның алдағы уақытта да одан әрі серпінді дамуына сенім білдірді. Бүгінде ЕАДБ жеті елді біріктіреді, 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің жинақталған портфелінде жалпы инвестиция көлемі $19,6 млрд болатын 326 жоба, ал банк серіктестері жобаларға тартқан қаражатты қоса есептегенде, экономикаға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі $64 млрд-тан асты. Отырыс барысында ЕАДБ кеңесінің Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген мүшелері сөз сөйледі. ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАДБ инвестицияларының көлемі $2,6 млрд-қа жетті. Қаржыландырудың басым бөлігі энергетика, көлік-логистика және химия өнеркәсібі салаларындағы жобаларға бағытталған. Банктің «жасыл» жобалар портфелі бір жылда 17%-ға өсіп, $1 млрд-ты құрады. Сонымен қатар ЕАДБ-ның Техникалық жәрдем қоры мен Цифрлық бастамалар қоры су ресурстарын үнемдеу, жасанды интеллект технологияларын дамыту ісін жеделдету, АӨК секторын дамыту және басқа да жобаларды жүзеге асыруға $40 млн көлемінде қаржы бөлді. Банктің қазіргі инвестициялық портфеліндегі Қазақстанның үлесі $4,2 млрд немесе 65%-ды құрайды. Қазіргі таңда банктің қатысуымен елімізде 46 жоба жүзеге асырылуда. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуы болды. Жыл соңына қарай ЕАДБ-ның 2022-2026 стратегиясы шеңберінде жинақталған инвестициялары жоспарланған $10,9 млрд-тан асып, $12,2 млрд деңгейіне жетеді деп күтілуде. 2022-2026 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына $5,2 млрд бағытталды, бұл көрсеткіш алдыңғы 15 жыл ішінде тартылған инвестиция көлемімен шамалас.


UKIMET » публикация №24622

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында жылу беру маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын, жергілікті атқарушы органдардың қатысу рейтингтерін, сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады. ➖ Подготовку к отопительному сезону и реализацию Нацпроекта МЭКС обсудили на выездном заседании Проектного офиса в Павлодаре Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел в Павлодаре выездное заседание Проектного офиса Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Участники обсудили подготовку регионов к предстоящему отопительному сезону, ход реализации проектов модернизации коммунальной инфраструктуры, рейтинги вовлеченности местных исполнительных органов, а также исполнение ранее данных поручений. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24620

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды 📌Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, мұнай-газ салаларын және білім беру, мәдениет мәселелерін талқылады. ҚР вице-премьері Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан екіжақты қатынастардың барлық бағытын дамытуға дайын екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. ➖ Текущее состояние и перспективы развития казахстанско-туркменского сотрудничества рассмотрены в ходе заседания Межправкомиссии 📌Под сопредседательством заместителя Премьер-министра – руководителя Аппарата Правительства Республики Казахстан Галымжана Койшыбаева и заместителя Председателя Кабинета Министров Туркменистана Нокергулы Атагулыева состоялось заседание казахстанско-туркменской Межправительственной комиссии по экономическому, научно-техническому и культурному сотрудничеству. Стороны обсудили вопросы торгово-экономического сотрудничества, промышленной кооперации, сельского хозяйства, транспортно-логистической сферы, нефтегазовой отрасли, образования и культуры. Вице-премьер РК Галымжан Койшыбаев отметил готовность Казахстана к развитию всего комплекса двусторонних отношений. По итогам заседания подписан итоговый протокол. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24616

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысындағы энергетикалық және инфрақұрылымдық бірқатар нысанның жұмысымен танысты 📌ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор стратегиялық және өндірістік бірқатар нысанды аралап, жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Ең алдымен, Премьер-министрінің бірінші орынбасары еліміздегі ең ірі стратегиялық кен орындарының бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнына барды. Жоба операторы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы халықаралық консорциум аясында жұмыс істеп жатыр. Өз кезегінде Нұрлыбек Нәлібаев мұнай-газ саласының ел экономикасы үшін стратегиялық маңызына тоқталып, оның өнеркәсіптік өсудің негізгі драйверлерінің бірі ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Ол компания жұмысын жоғары бағалап, ҚПО ұжымына Қарашығанақ кен орнын игеруде табыс тіледі. Бұдан бөлек, Премьер-министрінің бірінші орынбасары өңірге жұмыс сапары аясында «Жайықжылуқуат» кәсіпорнында болды. «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар мен кешенді іс-шаралар жоспары таныстырылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары 95%-ға орындалды. Өңірге жұмыс сапары аясында Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын қадағалады. ➖ Нурлыбек Налибаев ознакомился с работой энергетических и инфраструктурных объектов Западно-Казахстанской области 📌 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в рамках рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область посетил стратегические и производственные объекты, а также ознакомился с ходом реализации ключевых инфраструктурных проектов региона. В первую очередь вице-премьер прибыл на Карачаганакское нефтегазоконденсатное месторождение — один из крупнейших стратегических объектов страны. Оператор проекта, компания Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО), осуществляет деятельность в рамках международного консорциума. Нурлыбек Налибаев подчеркнул стратегическую важность нефтегазовой отрасли для экономики страны, особо отметив её роль как одного из ключевых драйверов промышленного роста. Кроме того, первый заместитель Премьер-министра посетил предприятие «Жайыктеплоэнерго», где ему презентовали результаты выполненных работ и комплексный план мероприятий в рамках национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Также Нурлыбек Налибаев посетил строительную площадку железнодорожного вокзала Уральска и проконтролировал ход работ. Модернизация объекта, проводимая в соответствии с поручением Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию железнодорожной инфраструктуры, завершена на 95%. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24615

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жұмысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа…


UKIMET » публикация №24608

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жұмысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа чемпиондарының 17-ші жыл сайынғы кездесуінің ашылу салтанатына қатысып, Моңғолия Премьер-министрімен, Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрімен, сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форумның Президенті және бас директорымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді. Форум жұмысына Үкімет басшылары, ірі компаниялар мен сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты. Күн тәртібі технологиялық трансформация, инвестициялық ынтымақтастық, цифрландыру, ЖИ және экономикалық өсудің жаңа драйверлерін іздеу мәселелерін қамтиды. Моңғолия Премьер-министрі Ням-Осорын Учралмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамыту, өнеркәсіп кооперациясы, тау-кен металлургиясы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыштық технологиялар саласындағы әріптестік мәселелері талқыланды. Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың биыл сәуір айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ екі ел басшылары қойған өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін жеткізу міндетін жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Олжас Бектенов пен Ням-Осорын Учрал өзара қызығушылық тудыратын экономиканың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендерін жеткізді Бангладеш Халық Республикасының Премьер-министрі Тарик Рахманмен кездесу барысында сауда және инвестиция, көлік-логистика, цифрландыру салаларындағы ынтымақтастық мәселесіне назар аударылды. Қазақстан Премьер-министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан және мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге, Әділетті Қазақстан құруға бағытталған реформалар еліміздің орнықты экономикалық өсуіне, инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қажетті жағдай жасап отырғанын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша қазақ-бангладеш ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілік және экономиканың басым салаларында жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайындық расталды. World Economic Forum президенті және бас директоры Алоис Цвингимен келіссөздер барысында цифрлық трансформация, жасанды интеллект, инвестициялар тарту, адами капиталды дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форуммен жүйелі сараптамалық әріптестікке көшуге мүдделілігі айтылды. Сондай-ақ «Бәйтерек» инвестициялық холдингі арқылы ынтымақтастыққа қызығушылық танылды. Бүгінгі таңда Қазақстанда инвестициялық ахуалды жетілдіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларының кең ауқымы қолжетімді. Altyn Visa арнайы визалық режимі енгізілуде, салықтық және кедендік преференциялар қолданылады. Жобаларды сүйемелдеу «бір терезе» қағидаты арқылы жүзеге асырылады. 📱@KZgovernment


UKIMET » публикация №24602

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📊 Исполнение республиканского бюджета на 1 июня 2026 года 🔹 Поступления в республиканский бюджет составили 9,4 трлн тенге. 🔹 Доходы без учета трансфертов достигли 7,4 трлн тенге, что составляет 100,9% к плану отчетного периода. 🔹 Налоговые поступления составили 7,2 трлн тенге или 100,5% к плану. План перевыполнен на 38,6 млрд тенге. 🔹 Неналоговые поступления сложились на уровне 166,2 млрд тенге, что соответствует 120,1% к плану. Перевыполнение составило 27,9 млрд тенге. 🔹 Из Национального фонда привлечен гарантированный трансферт в размере 1,4 трлн тенге. 🔹 Расходы республиканского бюджета исполнены на 11,1 трлн тенге, или 97,4% к плану отчетного периода. 🔹 Дефицит республиканского бюджета сложился на уровне 1,7 трлн тенге, или 0,9% ВВП. 🔹 Регионам в полном объеме перечислены субвенции на сумму 2,2 трлн тенге. 📌 В целом исполнение доходной части республиканского бюджета сохраняется выше плановых показателей, а финансирование регионов осуществляется в полном объеме.


UKIMET » публикация №24596

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

📊 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы 🔹 Республикалық бюджетке түскен түсімдер – 9,4 трлн теңге. 🔹 Трансферттерді есепке алмағандағы кірістер 7,4 трлн теңгені құрап, есепті кезең жоспары 100,9%-ға орындалды. 🔹 Салықтық түсімдер – 7,2 трлн теңге немесе жоспардың 100,5%-ы. Жоспар 38,6 млрд теңгеге асыра орындалды. 🔹 Салықтық емес түсімдер – 166,2 млрд теңге, жоспардың 120,1%-ы. Жоспардан тыс түсім көлемі 27,9 млрд теңге болды. 🔹 Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1,4 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тартылды. 🔹 Республикалық бюджет шығыстары 11,1 трлн теңгені құрап, жоспар 97,4%-ға орындалды. 🔹 Республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 0,9%-ын құрады. 🔹 Нысаналы трансферттер бойынша өңірлерге 187,4 млрд теңге бөлінді, оның 174,5 млрд теңгесі игерілді. 📌 Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы жоспарлы деңгейден жоғары сақталып, өңірлерді қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілді.


UKIMET » публикация №24595

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Далянь қаласында Премьер-министр «Бір белдеу, бір жол» бастамасына арналған сессияға қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Олжас Бектенов Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан шамамен 1,7 млрд тұтынушысы бар нарыққа қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.…


UKIMET » публикация №24594

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов обсудил с руководителями крупных китайских компаний сотрудничество в АПК, промышленности, цифровизации и автомобилестроении 📌 На полях 17-й ежегодной встречи Всемирного экономического форума «Летний Давос» в Китае Премьер-министр Республики…


UKIMET » публикация №24593

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады 📌 Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының…


UKIMET » публикация №24592

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады 📌 Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының…


UKIMET » публикация №24582

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен АӨК, өнеркәсіп, цифрландыру және автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастықты талқылады 📌 Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов өнеркәсіп пен цифрландыру саласында жетекші орындарға ие қытайлық ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді. Олардың ішінде, Yulin Irrigation бас директоры Ци Юбо, Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэй, SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхун, Jinyi Holding Group директорлар кеңесінің төрағасы Цзинь Пэн, Guangzhou Automobile Group директорлар кеңесінің төрағасы Фэн Синья, CATL компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Цэн Юйцюн, CISDI Engineering вице-президенті Юн Лю бар. Қазақстан үшін басым салаларда – АӨК, өнеркәсіп, көмір химиясы, автомобиль жасау және дата-орталықтар құруда жаңа шетелдік жобаларды іске қосу перспективаларына назар аударылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер шеңберінде шетел инвестицияларын тарту, өндірістерді локализациялау және технологиялар трансфертінің мүмкіндіктері қаралды. Yulin Irrigation компаниясының бас директоры Ци Юбомен кездесуде Қазақстанда заманауи ирригациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды, оның ішінде Қызылорда облысында ирригациялық жабдықтарды құрастыру жобасы да бар. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және ирригациялық инфрақұрылымды дамыту – Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Еліміз заманауи суару технологияларын енгізу арқылы аграрлық сектордың өнімділігін арттыруға мүдделі. Yulin Irrigation – қазіргі заманғы суару жүйелерін әзірлеуге, өндіруге, енгізуге және сервистік қолдауға маманданған ҚХР-дағы ирригациялық жабдықтарды жетекші өндірушілердің бірі. Xiamen Wanli Stone директорлар кеңесінің төрағасы Ху Цзиньпэймен көмір химиясы, металлургия және минералды шикізатты терең өңдеудегі ынтымақтастық перспективалары қарастырылды. Жобада көмірді жартылай кокс, сутегі және жоғары сапалы мұнай өнімдеріне айналдыратын, сондай-ақ молибден, германий және рений сияқты сирек металдарды терең өңдейтін қосылған құны жоғары «көмір–электр энергиясы–химия–металлургия» интеграцияланған тізбегін құру көзделген. SuperX AI Technology Limited директорлар кеңесінің төрағасы әрі CEO Хуан Чэньхунмен Қазақстанда заманауи деректер орталықтарын құру жоспары талқыланды. Компания ЖИ-инфрақұрылымдарға және жоғары тығыздықтағы деректерді өңдеу орталықтарына арналған шешімдерді дамытумен айналысады әрі Қазақстанда 2026-2029 жылдары кезең-кезеңімен іске қосылатын, қуаты 1 ГВт-қа дейін жететін AI Data Center кластерін құруға мүдделі. ЖИ-кампус салу, энергиямен жабдықтауды және цифрлық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтары үшін серверлік жабдықтар мен технологиялық шешімдерді жеткізіп беру көзделіп отыр. Экономиканың барлық секторларына жасанды интеллектіні енгізу және цифрландыру Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. Сондай-ақ Президенттің Жарлығымен еліміздің технологиялық дамуының жаңа басымдықтарын айқындайтын 2029 жылға дейінгі «Цифрлық Қазақстан» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр ұсынысты егжей-тегжейлі зерделеу және инвестормен өзара іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.


UKIMET » публикация №24581

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс…


UKIMET » публикация №24580

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс…


UKIMET » публикация №24579

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов обсудил с Премьером Госсовета КНР Ли Цяном вопросы экономического сотрудничества и выступил на сессии инициативы «Один пояс, один путь» 📌 В рамках рабочего визита Премьер-министра Республики Казахстан Олжаса Бектенова в Китайскую Народную Республику…


UKIMET » публикация №24578

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс…


UKIMET » публикация №24574

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс…


UKIMET » публикация №24570

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы сессиясында сөз сөйледі 📌Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен кездесу өтті. Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын, қазақ-қытай ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын, оның ішінде сауданы дамыту, инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту, АӨК, көлік-логистика және басқа да салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚР Премьер-министрі Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша қабылданған Конституцияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстан құруға бағытталған бастамалары бекітілген. Атап айтқанда, «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында шетелдік инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, инвестициялық ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және заң үстемдігі кепілдіктерін арттыру жөніндегі шаралар күшейтілді. «Қазақстан мен Қытайды өзара құрмет пен қолдауға негізделген достық және ынтымақтастық байланыстырады. Бүгінде екіжақты қатынастар мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында дамып, жаңа «алтын отызжылдық» кезеңіне қадам басты. Мемлекеттеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Си Цзиньпин арасындағы берік сенімге негізделген сындарлы диалог серіктестіктің үлгілі моделіне айналған мемлекетаралық қатынастардың орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші болып отыр», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов. ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян стратегиялық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. «Кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейде тығыз байланыс орнады, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайын кездеседі. Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік өзара қолдау мен тату көршілік үлгісіне айналып, ұдайы тереңдей түсуде. Қазіргі халықаралық жағдайда екі ел сенімді серіктестер ретінде ортақ дамудың игілігі жолында бірлесіп жұмыс сітеу үшін өзара үйлестіруді нығайтуы қажет. Қытай тарапы саяси өзара сенімді нығайтуға, даму стратегияларын үйлестіруге және екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын», — деп атап өтті Ли Цян. Қытай Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі саналады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі $48 млрд-тан асты, ҚХР-дан тартылған тікелей инвестиция көлемі – $2,8 млрд. Агроөнеркәсіп кешендегі екіжақты сауда көрсеткіштері тұрақты өсім көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысына сәйкес, аталған бағыт бойынша тауар айналымы 36%-ға өсіп, $1,9 млрд-тан асты. Көлік-логистика саласында Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық тасымалында шешуші рөл атқарады: республика аумағы арқылы жүк ағынының 85%-дан астамы өтеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен ҚХР арасындағы теміржол тасымалы 11% өсіммен 35,6 млн тоннаға жетті.


UKIMET » публикация №24567

UKIMET · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Серік Жұманғарин Кабулда Герат және Құндыз провинцияларының губернаторларымен кездесті 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құндыз провинциясының губернаторы Маулави Насрулла Матимен және Герат провинциясының губернаторы Нұр Ахмад Исламжармен кездесулер өткізді. Серік Жұманғарин атап өткендей, Герат пен Құндыз – Қазақстан ең тығыз сауда-экономикалық байланыс жасайтын провинциялар. Герат губернаторымен әңгіме барысында көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту және өзара сауданы кеңейту мәселелері талқыланды. Құндыз губернаторымен кездесуде бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды. ➖ Серик Жумангарин встретился в Кабуле с губернаторами провинций Герат и Кундуз 📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Республики Казахстан Серик Жумангарин провел встречи с губернатором провинции Кундуз Маулави Насруллой Мати и губернатором провинции Герат Нуром Ахмадом Исламджаром. Как отметил Серик Жумангарин, Герат и Кундуз являются провинциями, с которыми Казахстан поддерживает наиболее тесные торгово-экономические связи. В ходе обсуждения с губернатором Герата обсуждены вопросы развития транспортно-логистического сотрудничества и расширения взаимной торговли. На встрече с губернатором Кундуза обсуждены перспективы реализации совместных инвестиционных проектов. 📱@KZgovernment


Архив UKIMET — страница 13

Это 13-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.