UKIMET » публикация №24631
Қазақстан «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінде экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды 📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үрімші қаласында «Қытай – Еуразия» IX халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты. «Қытай – Еуразия» көрмесі дәстүрлі түрде Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын Батыс Қытай орталығының ең ірі көлік-логистикалық және сауда хабы ретінде Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының (ШҰАА) мәртебесін нығайтатын, «Белдеу және жол» бастамасының негізгі халықаралық алаңының бірі. Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Қазақстан вице-премьері Серік Жұманғарин іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған қытай тарапына алғысын білдірді. Ол көрменің сауда-экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жобаларды іске қосуда беделді алаңға айналғанын атап өтті. ➖ Казахстан представил экспортные возможности на IX международной выставке «Китай – Евразия» 📌 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин принял участие в торжественной церемонии открытия IX международной выставки «Китай – Евразия» в г. Урумчи. Выставка «Китай – Евразия» традиционно выступает одной из ключевых международных площадок инициативы «Пояс и путь», укрепляя статус Синьцзян-Уйгурского автономного района как крупнейшего транспортно-логистического и торгового хаба центра западного Китая, соединяющего рынки Азии и Европы. Выступая на открытии, вице-премьер Казахстана Серик Жумангарин поблагодарил китайскую сторону за высокий уровень организации мероприятия. Он отметил, что выставка стала авторитетной площадкой для укрепления торгово-экономического сотрудничества, укрепления деловых контактов и запуска новых совместных проектов. 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























