Глава государства выступил на церемонии награждения работников СМИ ✔️Президент Касым-Жомарт Токаев поздравил участников церемонии с Днем работников средств массовой информации и выразил им свои теплые пожелания. – Безусловно, этот профессиональный праздник имеет особое значение в жизни страны. Главное призвание журналистов – информировать общество, отражать чаяния и помыслы людей. Вы поднимаете самые насущные вопросы, волнующие народ, и преданно служите его интересам. В эпоху передовых глобальных технологий на прессу возлагается благородная миссия по обеспечению населения оперативной, качественной и достоверной информацией, объективной аналитикой. Государство высоко ценит вашу неустанную деятельность во благо страны. Я как Президент сегодня хочу выразить признательность всем представителям медиасферы, – подчеркнул Глава государства. t.me/aqorda_resmi
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалық етуімен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге қатысты заңды екінші оқылымда қарады. Құжаттарға түзетулер енгізіліп, олар жаңа редакциясымен Мәжіліске қайтарылды. Депутаттар сонымен қатар психологиялық қызмет, жергілікті өзін-өзі басқару, кедендік реттеу, қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, әлеуметтік саясат, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты заңдарды мақұлдады. Сенат отырысында трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп басқару, ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастық және Еуразиялық экономикалық одақ пен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестікке қатысты халықаралық келісімдер де ратификацияланды. 🚀@senate_kz
🇰🇿 Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады ▫️Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады ▫️Мен «Дәстүрлі…
🇰🇿 Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады ▫️Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады ▫️Мен «Дәстүрлі медианың дәурені өтті» деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді. Олардың басты артықшылығы – мәселені терең талдап, шолу мен сараптама ұсына алуында ▫️Ақпараттық кеңістікте қарабайыр тақырыптар қаптап, ұсақ-түйекті сөз қылу көбейген заманда сапалы әрі өзекті журналистиканың маңызы еселеп артады ▫️Осы салада нағыз кәсіби маман болу дегеніміз – «қолдан жасалған» айқай-шу немесе даңғаза жасау емес, бұл – ең алдымен өзекті мәселені жан-жақты білу және тақырыпты жетік меңгеру деген сөз ▫️Журналистер қауымын жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі деп айтсақ, қате болмайды ▫️Қазақстанның дамыған және озық ел болғаны өзімізге ғана керек. Біздің басқа еліміз жоқ. Сондықтан қазіргі және келер ұрпақтың алдында аса маңызды міндет тұр. Бұл – Отанымызды өнегелі мемлекетке айналдыру ▫️«Қалам елді түзейді» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда, біз сіздерге – журналистер қауымына зор үміт артамыз. Ақпарат саласының қызметкерлері қашанда ұлт сапасын жақсартатын құндылықтарды дәріптеу ісіне белсене атсалысуы қажет деп санаймын ▫️Медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс ▫️Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес ▫️Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр. Қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, соның ішінде кез келген заңсыз ақпаратты жедел анықтау және бұғаттау жұмысын қолға алу өте маңызды ▫️Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек ▫️Қазақ халқы әдептен аттамаған, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Жақынына жанашыр көзбен қарап, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған. Біздің шынайы болмысымыз – осы ▫️Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді @ptrkkz
🎥 Бүгін Ақорада БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімін түсіріп тұрған сәтте аға телеоператор Жаңабай Ахметов Президент қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалін алды @ptrkkz
Президент поблагодарил работников средств массовой информации за деятельное участие в построении Справедливого, Чистого, Безопасного и Сильного Казахстана – Вы способствуете укоренению в обществе принципов «Закон и Порядок», «Адал азамат», а также популяризации концепции «Таза Қазақстан». Тем самым вы вносите существенную лепту в обновление образа жизни и сознания нашего народа. Уверен, что и в дальнейшем специалисты информационной сферы продолжат с высокой самоотдачей трудиться во благо страны. Сегодня я подписал Указ о награждении лучших специалистов медиасферы высокими государственными наградами за значительный вклад в развитие журналистики и телевидения Республики Казахстан. Среди награжденных есть и ветераны отрасли, посвятившие всю свою сознательную жизнь информационной сфере. В этом контексте мне хочется особо отметить Зулкию Жуматову – одного из первых профессионалов национального телевидения, знаменитого диктора, которая вела самый первый эфир на казахском языке. Наш народ с особым почтением относится к легенде журналистики, которая отметила уже 106-й день рождения. Поэтому я принял решение о награждении Зулкии Мукановны орденом «Құрмет». В этом зале также присутствуют признанные специалисты, которые своими усилиями повышают престиж отечественных медиа. В их числе такие известные журналисты, как Ертай Ашыкбаев, Татьяна Корецкая, Кайрат Мусакулов, Кымбат Досжан, на которых равняется молодое поколение представителей прессы, – подытожил Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Президент бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлеріне Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Күшті Қазақстанды құру ісіне орасан зор үлес қосып келе жатқаны үшін алғыс айтты – Сіздер қоғамда «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарын орнықтыруға, сондай-ақ «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын кеңінен дәріптеуге белсене атсалысып келесіздер. Сол арқылы халқымыздың болмыс-бітімін және санасын жаңғыртуға зор еңбек сіңіріп жүрсіздер. Алдағы уақытта да ақпарат саласының мамандары ел игілігіне қызмет ете береді деп сенемін. Мен бүгін Қазақстан Республикасының журналистикасы мен телевизиясының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін медиа саласының үздік мамандарына жоғары мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Марапатталған азаматтардың арасында саналы ғұмырын ақпарат саласына арнаған ардагер қызметкерлер де бар. Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді. Бүгінгі таңда 106 жасқа келген ардақты тұлғаны халқымыз айрықша құрметтейді. Сондықтан мен Зұлқия Мұқанқызына «Құрмет» орденін табыстау туралы шешім қабылдадым. Сондай-ақ қазір ортамызда отандық медианың мәртебесін арттырып жүрген тәжірибелі азаматтар отыр. Олардың қатарында Ертай Ашықбаев, Татьяна Корецкая, Қайрат Мұсақұлов, Қымбат Досжан сынды танымал журналистер бар. Тілшілердің жас буыны сіздерге қарап бой түзейді, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
По поручению Президента в этом году впервые ключи от квартир будут вручены и журналистам, работающим в областях ✔️Глава государства подчеркнул, что в сфере журналистики во все времена трудились мудрые, истинно патриотичные граждане, которые ставили интересы нации превыше всего. – Они внесли огромный вклад в пробуждение самосознания, укрепление морального духа народа, занимались просветительством, призывая соотечественников к знаниям и науке. Вы достойно продолжаете славный путь, проложенный старшим поколением. Еще раз выражаю вам огромную благодарность. Государство неизменно поддерживает работников медиасферы и уделяет особое внимание улучшению их социальных условий. Стало доброй традицией ежегодное вручение ключей от квартир работникам средств массовой информации в канун профессионального праздника. Только за последние три года в Астане жильем были обеспечены 200 журналистов. Теперь мы расширяем масштабы этой инициативы. Считаю, что требует должного внимания труд региональных корреспондентов, которые неустанно работают на информационном поле. Поэтому по моему поручению в этом году впервые ключи от квартир будут вручены и журналистам, работающим в областях. В целом, в нынешнем году по всей стране жилье получат 66 работников информационной сферы. Поздравляю вас! – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады ✔️Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. – Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында ғана 200 журналист баспаналы болды. Енді бұл бастаманың ауқымын кеңейте түсуді көздеп отырмыз. Әсіресе, сапалы хабар таратып, қажырлы қызмет етіп жүрген аймақ тілшілерінің еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан менің тапсырмаммен осы жылы алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Жалпы, биылдың өзінде бүкіл еліміз бойынша ақпарат саласының 66 қызметкеріне баспана беріледі. Бәріңізге құтты болсын деймін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
🔆 Министрлер сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына бейілдігін растады. Қазақстан тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын таныстырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиландтың сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Сапар аясында Алматы қаласында екі елдің мемлекеттік органдары мен іскер топтарының өкілдері қатысатын Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтеді. Форум қорытындысы бойынша сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар құжаттарға қол қою жоспарлануда. 🔆 Министры также обменялись мнениями по актуальным вопросам международной и региональной повестки, подтвердив приверженность принципам международного права и Уставу ООН. Казахстанская сторона представила инициативу Президента Касым-Жомарта Токаева по созданию Международной водной организации под эгидой ООН. По итогам переговоров подписан Совместный план действий между внешнеполитическими ведомствами Казахстана и Таиланда на 2027–2028 годы. В рамках визита в Алматы также состоится Казахстанско-таиландский бизнес-форум с участием представителей государственных органов и деловых кругов двух стран. По итогам мероприятия ожидается подписание ряда документов, направленных на расширение торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества. 🔆 The ministers also exchanged views on current regional and international issues, reaffirming their commitment to the principles of international law and the UN Charter. The Kazakh side presented President Kassym-Jomart Tokayev’s initiative to establish an International Water Organization under the auspices of the United Nations. Following the talks, the foreign ministries of Kazakhstan and Thailand signed a Joint Action Plan for 2027–2028. As part of the visit, a Kazakhstan-Thailand Business Forum will also be held in Almaty, bringing together representatives of government agencies and business communities from both countries. The forum is expected to conclude with the signing of several agreements aimed at expanding bilateral trade, economic, and investment cooperation. @PressMFAKZ
Глава государства: «Современные журналисты призваны быть мощным прожектором просвещения, озаряющим путь нации к прогрессу» ✔️Касым-Жомарт Токаев осудил популяризацию в СМИ и соцсетях показного праздного образа жизни. – Недопустима популяризация показной роскоши и культа «легких денег», которые сбивают подрастающее поколение с верного жизненного пути, искажают мировоззренческие ценности и ориентиры. Молодежь должна видеть в медиапространстве наглядные, убедительные примеры созидательного труда, честного заработка и высокой внутренней культуры, а не иллюзорный мир демонстративного расточительства и бестолковой праздности. Современные журналисты призваны совмещать в себе две важнейшие роли: быть беспристрастным зеркалом, правдиво, объективно отражающим действительность, и мощным прожектором просвещения, озаряющим путь нации к прогрессу. Сейчас мы, сплотившись как единая нация, строим процветающее, современное, иными словами, прогрессивное государство. Однако это не означает, что можно предавать забвению наши исконные ценности. Необходимо возрождать благородные качества, присущие нашему народу. Это должны глубоко понимать наши граждане, особенно молодежь. Очевидно, что страна, обладающая высокой культурой, будет пользоваться признанием и авторитетом во всем мире. А настоящая культура начинается с простых правил: соблюдения моральных принципов как дома, так и на людях, умения правильно вести себя в обществе, уважения к другим. Казахи никогда не переступали черту приличия, всегда чтили старших и заботились о младших. Относились к ближнему с состраданием, протягивали руку помощи оступившимся. В этом и заключаются наши истинные черты. Поэтому недопустимы любые действия, ущемляющие честь и достоинство человека, а также угрожающие его безопасности. Я постоянно говорю о том, что мы как прогрессивная страна должны укоренять в обществе цивилизованные этические нормы, основанные на наших традициях. Усиление работы в данном направлении – задача особой важности. Народная мудрость гласит: «Қалам елді түзейді». Мы возлагаем большие надежды на вас – журналистское сообщество. Считаю, что работники информационной сферы должны принимать самое активное участие в продвижении ценностей, способствующих совершенствованию качества нации, – отметил Президент. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы: «Бүгінгі журналистер ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек» ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев сән-салтанатты өмір мен «жеңіл ақша» культін дәріптеу дұрыс емес деп санайды. – Өйткені бұл өскелең ұрпақты адастырып, олардың дүниетаным құндылықтары мен өмірлік мұратына теріс ықпал етеді. Жастар медиакеңістіктен ысырапшылдық пен мәнсіз ырду-дырдуға толы алдамшы өмірді емес, керісінше, жасампаз еңбектің, адал табыстың, ішкі мәдениеттің нағыз үлгісін көруі керек. Бүгінгі журналистер екі маңызды рөлді қоса атқаруға тиіс: яғни олар шындықты боямасыз көрсететін айна, сонымен қатар ұлтты өркениетке жетелейтін ағартушылық жолдағы шамшырақ болуы керек. Қазір біз біртұтас ұлт болып, өркендеген, заманауи, яғни озық мемлекет құрып жатырмыз. Бірақ бұл – төл құндылықтарымызды ұмыту деген ұғым емес. Біз жұртымызға тән игі қасиеттерді жаңғырта түсуіміз керек. Мұны азаматтарымыз, әсіресе, жастарымыз терең түсінуі қажет. Мәдениеті жоғары елдің әлемдегі мәртебесі де, беделі де биік болары айқын. Ал нағыз мәдениет үйде де, түзде де әдеп сақтау, көпшілік ортада өзін дұрыс ұстау, басқа адамдарды құрметтеу, сыйлау сияқты қарапайым қағидалардан басталады. Қазақ халқы әдептен аттамаған, әрдайым үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген. Жақынына жанашыр көзбен қарап, жығылғанға демеу, сүрінгенге сүйеу болған. Біздің шынайы болмысымыз – осы. Сондықтан адамның ар-намысына нұқсан келтіретін, қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекетке жол бермеу қажет. Біз озық ел ретінде қоғамда салт-дәстүрімізге негізделген өркениетті этикалық нормаларды орнықтыра түсуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Осы бағыттағы жұмысты күшейту – айрықша маңызы бар міндет. «Қалам елді түзейді» деген сөз бекер айтылмаған. Осы орайда, біз сіздерге – журналистер қауымына зор үміт артамыз. Ақпарат саласының қызметкерлері қашанда ұлт сапасын жақсартатын құндылықтарды дәріптеу ісіне белсене атсалысуы қажет деп санаймын, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
➰«Таиланд – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Бүгінгі келіссөздер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін және елдеріміздің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте растады», - деді Е.Көшербаев. Келіссөздер барысында ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, цифрландыру, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды. Қазақстан өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін пайдалануға дайын екенін растады. ➰«Таиланд является одним из ключевых партнёров Казахстана в Юго-Восточной Азии. Сегодняшние переговоры подтвердили высокий уровень взаимопонимания и нацеленность наших стран на реализацию новых совместных проектов в торгово-экономической, инвестиционной и гуманитарной сферах», – отметил Е.Кошербаев. В ходе переговоров рассмотрены перспективы взаимодействия в сферах сельского хозяйства, пищевой промышленности, цифровизации, логистики и туризма. Казахстан подтвердил готовность использовать потенциал Транскаспийского международного транспортного маршрута для развития торговых связей между регионами. ➰“Thailand is one of Kazakhstan’s key partners in Southeast Asia. Today’s talks reaffirmed the high level of mutual understanding and our countries’ shared commitment to implementing new joint projects in the fields of trade, investment, and humanitarian cooperation,” said Minister Kosherbayev. The ministers also reviewed prospects for cooperation in agriculture, the food industry, digitalization, logistics, and tourism. Kazakhstan reaffirmed its readiness to leverage the potential of the Trans-Caspian International Transport Route to strengthen trade links between the two regions. @PressMFAKZ
Глава государства остановился на роли журналистов в борьбе с распространением дезинформации – Современные технологии породили «ботофермы», которые целенаправленно засевают цифровое поле семенами раздора. Распространение откровенной лжи и клеветы, которые теперь буднично называют дипфейками, сформировало опасный феномен «постправды», где объективные факты подменяются управляемыми эмоциями и злонамеренными провокациями. Для подрыва общественной солидарности и согласия, компрометации государственных институтов используются инструментарии искусственного интеллекта. Поддельные цифровые копии публичных лиц практически неотличимы от оригиналов, и данные технологии уже активно осваиваются разного рода мошенниками и деструктивными силами. Поэтому ответственные работники медиасферы должны стать частью «иммунного ответа» государства на эти гибридные, опаснейшие по своей сути вызовы, угрозы. Вашу роль здесь трудно переоценить, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️Президент отметил, что в Казахстане созданы все необходимые условия для деятельности СМИ. – В Казахстане созданы все условия для плюрализма мнений, законодательно закреплены свобода слова и запрет на цензуру. Однако свобода не имеет ничего общего со вседозволенностью. Всем, кто пытается манипулировать общественным мнением, используя медиасферу в корыстных интересах, пора усвоить простую аксиому: ваши права заканчиваются там, где начинаются права и человеческое достоинство другого гражданина. Всем нам предстоит кардинально повысить уровень медиаграмотности в обществе, чтобы люди умели распознавать спекуляции и «отделять зерна правды от плевел кривды». Важно также поставить технологии искусственного интеллекта на службу безопасности и правопорядку, используя их для оперативного выявления и блокировки противоправного контента. Мы как страна, где царят Закон и Порядок, обязаны выстроить жесткий заслон правовому нигилизму, радикализму и пропаганде чуждых нам ценностей. Это очень важная задача, – подчеркнул Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы журналистердің жалған ақпарат таратуға қарсы күресте атқаратын рөліне тоқталды – Заманауи технологиялар цифрлық алаңда алауыздықты әдейі ушықтыратын «ботофермалардың» пайда болуына түрткі болды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты. Оны қазір дипфейк деп атайды. Яғни объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады. Сондықтан медиа саласының қызметкерлері жауапкершілік танытып, мемлекеттің аталған гибридті, аса қауіпті қатерлерге төтеп беруіне атсалысуға тиіс. Осы орайда сіздердің еңбектеріңіз орасан, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Президент Қазақстанда БАҚ қызметіне қажетті жағдай жасалғанын айтты. – Елімізде пікір алуандығы мен сөз еркіндігі бар, ал цензураға заң жүзінде тыйым салынған. Алайда, сөз бостандығы дегеніміз жүгенсіздікке және тәртіпсіздікке жол беру деген сөз емес. Сондықтан қоғамдық пікірді өздерінің теріс пиғылына пайдаланып, медиа саласында айласын асырғысы келетіндер мына бір қарапайым қағиданы жадында ұстауы қажет: бірде-бір адам шексіз құқық иесі емес. Басқаша айтсақ, өз құқыңды білу және сақтау өзгенің құқын бұзу немесе ар-ожданын таптау деген сөз емес. Алдымызда адамдар жалған ақпараттың жетегінде кетпей, күрішті күрмектен ажыратуы үшін медиасауаттылықты барынша арттыру міндеті тұр. Қоғам қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет, соның ішінде кез келген заңсыз ақпаратты жедел анықтау және бұғаттау жұмысын қолға алу өте маңызды. Біз Заң мен тәртіпке бағынатын ел ретінде құқықтық нигилизмге, әсірешілдікке, яғни, радикализмге және халқымыздың болмысына жат құндылықтарды насихаттау ісіне түбегейлі тосқауыл қоюымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇷 Қазақстан мен Таиланд екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстанға ресми сапармен келген Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткеомен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында тараптар саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды кеңейтуге және өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың тұрақты оң серпінін қанағаттанушылықпен атап өтіп, практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады. 🇰🇿🇨🇷 Казахстан и Таиланд укрепляют двустороннее сотрудничество Министр иностранных дел Республики Казахстан Ермек Кошербаев провёл переговоры с Заместителем Премьер-министра – Министром иностранных дел Королевства Таиланд Сихасаком Пуангкеткео, прибывшим в Казахстан с официальным визитом. В ходе встречи стороны обсудили вопросы развития политического диалога, торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества, а также взаимодействия в культурно-гуманитарной сфере. Особое внимание было уделено расширению транспортно-логистической взаимосвязанности и укреплению межрегиональных связей между Центральной и Юго-Восточной Азией. Главы внешнеполитических ведомств с удовлетворением отметили устойчивую положительную динамику двусторонних отношений и подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем расширении практического сотрудничества. 🇰🇿🇨🇷 Kazakhstan and Thailand Strengthen Bilateral Cooperation Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Yermek Kosherbayev held talks with Deputy Prime Minister – Minister of Foreign Affairs of the Kingdom of Thailand Sihasak Phuangketkeow, who arrived in Kazakhstan on an official visit. During the meeting, the parties discussed the development of political dialogue, trade, economic and investment cooperation, as well as collaboration in the cultural and humanitarian spheres. Particular attention was paid to enhancing transport and logistics connectivity and strengthening interregional ties between Central and Southeast Asia. The two Foreign Ministers welcomed the steady positive momentum in bilateral relations and reaffirmed their mutual commitment to further expanding practical cooperation. @PressMFAKZ
Касым-Жомарт Токаев: «Газеты и телеканалы успешно эволюционируют, развиваются в соответствии с требованиями времени, осваивают новые форматы и создают инновационные мультимедийные платформы» ✔️Президент напомнил, что в преддверии судьбоносного для всей страны события завершит свою работу VIII сессия Парламента. – Я приму участие в совместном заседании палат: подведу итоги работы, проделанной в этот исторический период, и остановлюсь на основных целях и задачах нового этапа развития страны. Мы, народ Казахстана, как созидательная и прогрессивная нация, устремлены в будущее. Я твердо верю, что, укрепляя единство и солидарность, мы достигнем всех поставленных целей на этом масштабном пути, – сообщил Глава государства. ✔️По мнению Касым-Жомарта Токаева, для успешной реализации своей в высшей степени ответственной миссии отечественные СМИ должны повышать собственную конкурентоспособность в международном медийном сообществе. – Медиаиндустрия первой столкнулась с вызовами цифровой эпохи и в то же время стала частью цифровой матрицы – качественно новой категорией общественного бытия. Тотальная трансформация рынка выдвинула на передний план новостные порталы, социальные сети и мессенджеры. Печатная пресса и аналоговое телевидение лишились прежней монополии. Таково реальное положение дел. Однако говорить о безвозвратном «закате» классических медиа было бы опрометчиво. Мы видим, как традиционные газеты и телеканалы успешно эволюционируют, развиваются в соответствии с требованиями времени, осваивают новые форматы и создают инновационные мультимедийные платформы. Их уникальное преимущество – в интересной аналитике, эксклюзивных обзорах и экспертной подаче. В эпоху информационного пустозвонства, мелкотемья, примитивизма ценность качественной и актуальной журналистики возрастает многократно. Поэтому, на мой взгляд, традиционные СМИ в обозримом будущем не утратят своей роли информационного компаса или даже идеологического путеводителя в бурных водах событийного океана, – полагает Президент. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді» ✔️Президент ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды оқиға қарсаңында Парламенттің 8-ші шақырылымы өз жұмысын аяқтайтынын еске салды. – Қос палатаның бірлескен отырысына міндетті түрде қатысамын: тарихи кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылап, ел дамуының жаңа кезеңіндегі негізгі мақсат-міндеттерге тоқталып өтемін. Біз, Қазақстан халқы жасампаз әрі озық ойлы ұлт ретінде алысқа көз тігеміз. Осы даңғыл жолда берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды күшейтіп, барлық мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, отандық бұқаралық ақпарат құралдары өздеріне жүктелген жауапты миссияны жоғары деңгейде атқару үшін халықаралық медиа қоғамдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тиіс. – Медиаиндустрия цифрлық дәуірдің сын-қатерлерімен алғашқылардың бірі болып бетпе-бет келді. Осылайша, цифрлық матрицаның – қоғам өміріндегі жаңа санаттың бір бөлігіне айналды. Нарықтың түбегейлі өзгеруі салдарынан жаңалықтар порталы, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер алдыңғы қатарға шықты. Мерзімді баспасөз бен телевизия бұрынғы үстемдігінен айырылды. Қазіргі жағдай осындай. Алайда мен «Дәстүрлі медианың дәурені өтті» деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, газеттер мен телеарналар жаңа форматқа көшіп, инновациялық мультимедиялық платформа құрып, заман талабына сай дамып келеді. Олардың басты артықшылығы – мәселені терең талдап, шолу мен сараптама ұсына алуында. Ақпараттық кеңістікте қарабайыр тақырыптар қаптап, ұсақ-түйекті сөз қылу көбейген заманда сапалы әрі өзекті журналистиканың маңызы еселеп артады. Сондықтан, менің ойымша, дәстүрлі БАҚ қым-қиғаш уақиғалар нөпірінде қоғам үшін ақпарат айдынындағы компас, тіпті идеологиялық бағдар рөлін алдағы уақытта да атқара береді, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Глава государства отметил, что новая Конституция – это ориентир для народа, незыблемая основа справедливого общества и надежная гарантия устойчивого развития страны – Главными принципами Основного документа являются защита Суверенитета и Независимости страны, неукоснительное соблюдение прав и свобод граждан, обеспечение принципа «Закон и Порядок», укрепление общенационального единства и солидарности. В Конституции развитие образования, науки и инноваций было определено в качестве стратегического направления деятельности государства. Среди приоритетов также названы повышение благосостояния населения, утверждение ценностей созидательного патриотизма и трудолюбия, необходимость бережного отношения к природе. Буквально через пару дней, 1 июля, Конституция вступит в силу, и Казахстан откроет новую эпоху своего развития. Я глубоко убежден, что новый Основной закон в качестве прочного политико-идеологического фундамента государства долгие годы будет служить во имя благополучия наших граждан. Только мы по-настоящему заинтересованы в том, чтобы Казахстан стал прогрессивной и успешной страной. Другого дома у нас нет, поэтому перед нынешними и будущими поколениями стоит важнейшая задача – превратить нашу Родину в передовое государство. Наши потомки, возможно, поймут и простят нам отдельные ошибки, ведь не ошибается только тот, кто ничего не делает. Но если мы нанесем ущерб Суверенитету, не сможем отстоять Независимость, наши дети и внуки никогда нам этого не простят. Независимость – это священная ценность, которая для нас превыше всего. Однако для сохранения Независимости и дальнейшего развития страны, прежде всего, необходимо обеспечить мир и стабильность в обществе, так как без этого невозможен прогресс. Фундаментом нашего государства является справедливость. Это понятие не имеет ничего общего с иждивенчеством или апатичностью, напротив, оно олицетворяет созидательный труд, – считает Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы жаңа Конституция – халқымыздың темірқазығы, әділетті қоғамның мызғымас тұғыры және орнықты дамудың берік кепілі екеніне назар аударды – Негізгі құжатта еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігін қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, Заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлік пен татулықты нығайту басты қағидаттар ретінде бекітілді. Конституцияда білім мен ғылымды, инновацияны және адам капиталын дамыту стратегиялық бағыт деп танылды. Сонымен қатар халықтың әл-ауқатын арттыруға, жасампаз отаншылдық пен еңбексүйгіштік идеясын дәріптеуге, табиғатқа қамқорлықпен қарауға басымдық берілді. Бірнеше күннен соң, яғни 1 шілдеде Конституциямыз заңды күшіне енеді. Қазақстан түбегейлі жаңа дәуірге қадам басады. Конституция еліміздің саяси және идеологиялық арқауы ретінде ұзақ жыл бойы халық игілігіне қызмет етеріне сенемін. Қазақстанның дамыған және озық ел болғаны өзімізге ғана керек. Біздің басқа еліміз жоқ. Сондықтан қазіргі және келер ұрпақтың алдында аса маңызды міндет тұр. Бұл – Отанымызды өнегелі мемлекетке айналдыру. Немерелеріміз ағымдағы кейбір олқылықтарымызды, қателерімізді кешіруі мүмкін. Себебі әр жұмыс, әр еңбек қатесіз болмайды. Бірақ Егемендігімізге зиян келтіріп, Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ, олар бізді ешқашан кешірмейді. Өйткені Тәуелсіздік – бәрінен қымбат қастерлі құндылық. Ал Тәуелсіздікті сақтап, елімізді одан әрі дамыту үшін ең алдымен қоғамымызда татулық пен тұрақтылық болуы қажет. Онсыз ештеңе болмайтыны айдан анық. Мемлекетіміздің тұғыры – әділеттілік. Бұл ұғымның масылдыққа, селқостыққа ешқандай қатысы жоқ. Керісінше, әділеттілік, бұл – еңбекқорлық ұғымына жақын түсінік, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Президент высоко оценил вклад журналистов в принятие новой Конституции ✔️По словам Касым-Жомарта Токаева, есть все основания называть средства массовой информации голосом нации и зеркалом общества. ✔️Ведь именно благодаря отечественной прессе наши сограждане и все мировое сообщество узнают о сути проводимых в стране масштабных преобразований. – Казахстанские журналисты, глубоко осознавая возложенную на них ответственность, безупречно исполняют свой профессиональный долг. В марте мы успешно провели конституционную реформу. На общенациональном референдуме граждане сделали свой исторический выбор, предопределивший будущее государства. В результате всенародного волеизъявления был принят главный документ страны – новая Конституция. Несомненно, разработка и принятие Основного закона – это сложнейший процесс, который продемонстрировал зрелость нашей нации, обладающей высоким духом и уверенной в своем светлом будущем. Мы прошли долгий путь к достижению этой цели. Была сформирована специальная Конституционная комиссия, а каждая статья Основного закона была тщательно выверена с точки зрения соответствия интересам народа. Особо стоит отметить, что существенную роль в сплочении людей во имя общей цели сыграли работники масс-медиа. Работники информационной сферы держали общество в курсе событий, публикуя качественные и содержательные материалы о деятельности Конституционной комиссии, обеспечивая всесторонний анализ вносимых поправок. Это убедительно подтверждают и прямые трансляции, экспертные материалы, содержательные интервью в ходе кампании. В целом, журналисты в полной мере продемонстрировали свой профессионализм. Быть признанным специалистом в этой сфере означает не создавать искусственно информационный шум или сочинять лозунги, а, прежде всего, обладать глубокими знаниями по актуальной проблематике и безупречно владеть материалом. Заседания Комиссии в онлайн-режиме набрали более миллиона просмотров в социальных сетях. Таким образом, обсуждение законопроекта превратилось в общенациональную дискуссию, к которой активно подключились все неравнодушные граждане. В частности, через цифровые системы e-Government и е-Өтініш было получено более тысячи обращений, что стало практическим воплощением концепции «слышащего государства». Ни одна значимая инициатива не осталась без внимания членов Конституционной комиссии, все они были тщательно изучены. Опыт разработки и обсуждения проекта Основного документа вывел диалог между государством и гражданами на качественно новый уровень. В составе Комиссии были и авторитетные представители СМИ. Все это дает право заявить, что журналистское сообщество входит в число соавторов принятого Основного закона, – сказал Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент жаңа Конституцияны қабылдауға журналистердің қосқан үлесін жоғары бағалады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарын ұлттың үні, қоғамның айнасы деуге толық негіз бар. ✔️Өйткені өз азаматтарымызбен қатар, күллі әлем қауымдастығы елімізде жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің түпкі мәнін, ең алдымен, отандық медиа арқылы танып, біледі. – Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан журналистері осы жауапкершілікті терең сезініп, кәсіби міндеттерін жемісті атқаруда. Наурыз айында біз – бәріміз бір ел болып, конституциялық реформаны табысты жүзеге асырдық. Жалпыұлттық референдум кезінде халқымыз мемлекеттің келешегін айқындайтын тарихи таңдауын жасады. Еліміздің бас құжаты – жаңа Конституциямыз өз тұғырына қонды. Ата заңды әзірлеу және қабылдау оңай шаруа емес екені анық. Бұл – бірлігі бекем, рухы биік және жарқын болашаққа деген сенімі зор ұлттың ғана қолынан келетін бірегей қадам. Біз осы мақсатқа жету үшін ұзақ жолды жүріп өттік. Арнайы Конституциялық комиссия құрып, Негізгі заңның әр бабын ел мүддесі тұрғысынан мұқият сараладық. Бүкіл жұртты бір мұратқа ұйыстырған ортақ істе медиа саласы мамандарының маңызды рөл атқарғанын ерекше атап өту қажет. Журналистер қауымы Конституциялық комиссияның қызметі туралы сапалы және мазмұнды хабарлар таратты. Сондай-ақ Ата заңға енгізу үшін ұсынылған түзетулерге қатысты жан-жақты талдау жұмысын жүргізді. Науқан кезіндегі тікелей эфирлер, сараптамалық материалдар мен танымдық сұхбаттар – соның айқын дәлелі. Жалпы, журналистер өз кәсібилігін толығымен көрсетті. Осы салада нағыз кәсіби маман болу дегеніміз – «қолдан жасалған» айқай-шу немесе даңғаза жасау емес, бұл – ең алдымен өзекті мәселені жан-жақты білу және тақырыпты жетік меңгеру деген сөз. Комиссия отырысының әлеуметтік желідегі эфирлері де миллионнан астам қаралым жинады. Осылайша, Ата заң жобасын талқылау жалпыұлттық деңгейдегі пікірталасқа ұласты. Бұл іске елге жанашыр азаматтарымыз түгел қатысты. Мәселен, «e-Government» және «е-Өтініш» цифрлық жүйесі арқылы мыңдаған өтініш келіп түсті. Түптеп келгенде, мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты көрінісі екені сөзсіз. Конституциялық комиссия мүшелері салмақты әрі ұтымды ұсыныстардың ешқайсысын назардан тыс қалдырған жоқ, оның бәрі мұқият зерделенді. Бас құжаттың жобасын дайындау және оны талқылау тәжірибесі мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасын мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Комиссия құрамында масс-медианың беделді өкілдері де болды. Сондықтан журналистер қауымын жаңа Ата заңымыздың тең авторларының бірі деп айтсақ, қате болмайды, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі ✔️Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi