UKIMET » публикация №24635
Қытайдан Еуропаға құрлықпен жөнелтілетін барлық жүк тасымалының шамамен 85%-ы Қазақстан аумағы арқылы өтеді 📌 IX «Қытай-Еуразия» халықаралық көрмесінің аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьер-министрінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөз барысында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тәуелсіздік жылдары Қытай Қазақстан экономикасына $30 млрд-қа жуық тікелей шетелдік инвестиция құйып, еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, өзара сауда мен инвестицияны арттыруға, сондай-ақ БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберіндегі өзара іс-қимылды тереңдетуге дайын екендіктерін растады. ➖ Через Казахстан проходит 85% сухопутных грузоперевозок из Китая в Европу: Серик Жумангарин провел переговоры с вице-премьером КНР 📌 На полях IX Международной выставки «Китай – Евразия» заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин провел двустороннюю встречу с заместителем Премьера Госсовета КНР Дином Сюэсяном. В ходе переговоров стороны обсудили перспективы дальнейшего укрепления стратегического партнерства, реализацию совместных инвестиционных проектов, развитие транспортно-логистической инфраструктуры и расширение торгово-экономического сотрудничества. Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам инвестиционного сотрудничества. За годы независимости Китай инвестировал в экономику Казахстана порядка $30 млрд прямых иностранных инвестиций, став одним из крупнейших инвесторов страны. По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему укреплению всестороннего стратегического партнерства, расширению взаимной торговли и инвестиций, а также углублению взаимодействия в рамках ООН, Шанхайской организации сотрудничества и формата «Центральная Азия – Китай». 📱@KZgovernment
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























