UKIMET » публикация №24596
📊 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы 🔹 Республикалық бюджетке түскен түсімдер – 9,4 трлн теңге. 🔹 Трансферттерді есепке алмағандағы кірістер 7,4 трлн теңгені құрап, есепті кезең жоспары 100,9%-ға орындалды. 🔹 Салықтық түсімдер – 7,2 трлн теңге немесе жоспардың 100,5%-ы. Жоспар 38,6 млрд теңгеге асыра орындалды. 🔹 Салықтық емес түсімдер – 166,2 млрд теңге, жоспардың 120,1%-ы. Жоспардан тыс түсім көлемі 27,9 млрд теңге болды. 🔹 Ұлттық қордан республикалық бюджетке 1,4 трлн теңге көлемінде кепілдендірілген трансферт тартылды. 🔹 Республикалық бюджет шығыстары 11,1 трлн теңгені құрап, жоспар 97,4%-ға орындалды. 🔹 Республикалық бюджет тапшылығы 1,7 трлн теңгені немесе ЖІӨ-нің 0,9%-ын құрады. 🔹 Нысаналы трансферттер бойынша өңірлерге 187,4 млрд теңге бөлінді, оның 174,5 млрд теңгесі игерілді. 📌 Жалпы алғанда, республикалық бюджеттің кірістер бөлігінің орындалуы жоспарлы деңгейден жоғары сақталып, өңірлерді қаржыландыру толық көлемде қамтамасыз етілді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























