Кабулда су ресурстарын басқару саласындағы алғашқы Қазақстан-Ауғанстан білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы құрылады Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті және Кабул университеті арасында су ресурстарын басқару мен ирригация, климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығын орнықты дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша ниеттестік туралы тиісті келісім жасалды. Құжатқа вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегацияның Ауғанстанға сапары шеңберінде қол қойылды. ➖ Первый казахстанско-афганский образовательный и научно-исследовательский центр в области управления водными ресурсами создадут в Кабуле Соответствующее соглашение о намерениях по сотрудничеству в сфере управления водными ресурсами и ирригации, развития устойчивого сельского хозяйства в условиях изменения климата подписали Казахский национальный университет водного хозяйства и ирригации, Казахский национальный аграрный исследовательский университет и Кабульский университет. Документ подписан в рамках визита казахстанской делегации в Афганистан во главе с заместителем Премьером-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным. 📱@KZgovernment
UKIMET — страница 14
Архив материалов источника UKIMET, страница 14. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Свыше 700 попыток незаконного вывоза ГСМ пресечено в Казахстане 📌 В Казахстане продолжается работа по пресечению незаконного вывоза топлива за пределы страны в рамках обеспечения энергетической безопасности и защиты внутреннего рынка горюче-смазочных материалов. В период действия моратория Министерства энергетики на вывоз ГСМ уже перекрыто 6 нелегальных каналов оттока топлива за границу, изъято свыше 1,5 тыс. тонн ГСМ. В этом году зарегистрировано 8 уголовных дел. Среди них – незаконная переработка 28,5 тыс. тонн неучтенной нефти и контрабандный вывоз свыше 190 тыс. тонн бензина с теневым оборотом более 37,2 млрд тенге. По линии МВД выявляются и пресекаются схемы вывоза топлива с использованием переоборудованных транспортных средств. Также проводится проверка станций техобслуживания, где могут устанавливаться дополнительные баки для вывоза топлива. К примеру, только в Жамбылской области с конца апреля по середину июня зафиксировано 73 случая незаконной установки дополнительных топливных баков и газобаллонного оборудования. В селе Кордай Жамбылской области проверено 16 СТО, по итогам в отношении 6 владельцев приняты соответствующие меры. По линии АФМ принимаются меры по выявлению подложных документов при экспорте продукции нефтепереработки. С начала года проведено 57 мероприятий с отбором проб нефтепродуктов, а также проверки деятельности объектов нефтепереработки. Всего с начала текущего года в рамках межведомственной операции «Переток» Агентством по финансовому мониторингу совместно с Министерством внутренних дел и Пограничной службой КНБ РК пресечено 712 попыток вывоза ГСМ на автомобильных таможенных переходах. Принимаемые меры направлены на предотвращение дефицита нефтепродуктов и на стабильное снабжение потребителей на внутреннем рынке. Уполномоченные органы продолжают работу в данном направлении. 📱@KZgovernment
Правительством одобрен проект по привлечению порядка 180 млрд тенге инвестиций на строительство станций придорожного сервиса 250 станций придорожного сервиса планируется построить в Казахстане 📌 В рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта…
Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады Елімізде 250 жол бойындағы сервис стансасын салу жоспарлануда 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын…
Правительством одобрен проект по привлечению порядка 180 млрд тенге инвестиций на строительство станций придорожного сервиса 250 станций придорожного сервиса планируется построить в Казахстане 📌 В рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию транспортно-логистической инфраструктуры Правительством Республики Казахстан одобрено Соглашение об инвестициях по проекту строительства станций придорожного сервиса с использованием возобновляемых источников энергии между Министерством транспорта и ТОО «Car Park Transformer». Соответствующее постановление подписал Премьер-министр. Общая сумма частных инвестиций составит 179,5 млрд тенге. Проект предусматривает строительство 250 станций придорожного сервиса до 2030 года на площадках отдыха вдоль автомобильных дорог международного и республиканского значения. Первые 50 объектов сервиса будут построены и установлены уже в текущем году. Новые станции будут представлять собой современные многофункциональные комплексы с благоустройством и озеленением прилегающих территорий, включая санитарно-бытовые помещения, пункты торговли и обслуживания, электрозарядные станции, солнечные энергетические установки. Реализация проекта позволит расширить сеть объектов придорожного сервиса, соответствующую международным стандартам, создать современную инфраструктуру для электромобилей и внедрить экологически ориентированные решения в транспортной отрасли. Также строительство станций придорожного сервиса даст импульс развитию социальной инфраструктуры близлежащих регионов. В рамках проекта будет создано 2 тыс. новых рабочих мест. Всего в Казахстане в настоящее время вдоль автодорог международного и республиканского значения функционирует 1 428 объектов сервиса. 📱@KZgovernment
Үкімет жол бойындағы сервис стансаларын салуға шамамен 180 млрд теңге инвестиция тарту жөніндегі жобаны мақұлдады Елімізде 250 жол бойындағы сервис стансасын салу жоспарлануда 📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» ЖШС арасында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, жол бойындағы сервис стансаларын салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр қол қойды. Жобаға тартылатын жеке инвестицияның жалпы көлемі 179,5 млрд теңгені құрайды. Аталған жоба халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы қазіргі бар демалыс алаңдарында 2030 жылға дейін жол бойындағы 250 сервис стансасын салуды көздейді. Оның ішінде алғашқы 50 нысан биыл салынып, пайдалануға беріледі. Жаңа стансалар санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, сауда және қызмет көрсету пункттерін, электрлі көліктерге арналған қуаттау стансаларын, күн энергиясын өндіретін қондырғыларды қамтиды. Сонымен қатар жаңа стансалар іргелес аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген заманауи көпфункционалды кешендер ретінде салынады. Жобаны жүзеге асыру халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандары желісін кеңейтуге, электромобильдер үшін заманауи инфрақұрылым құруға және көлік саласында экологиялық бағдарланған шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол бойындағы сервис стансаларының құрылысы жақын маңдағы өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді. Жоба аясында 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде елімізде халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойында 1 428 сервис нысаны жұмыс істейді. 📱@KZgovernment
📌 Подводим итоги прошедшей недели в воскресном дайджесте 🔸 Заседание Правительства Рассмотрены меры по развитию железнодорожной отрасли и инфраструктуры 🔹 Исполнение поручений Президента: движение по дорогам «Дарбаза – Мактаарал» и «Мойынты – Кызылжар» запустят в ноябре т.г. 🔹 Минтранспорту поручено приступить к разработке новых ж/д проектов. 🔹 Премьер-министр: к 1 июля 30 обновленных ж/д вокзалов должны принять первых пассажиров. 🔹 Правительство ускорит реализацию проектов по расширению международной терминальной сети. 🔹 Олжас Бектенов обратил внимание руководства КТЖ на отставание от плана по транзитным перевозкам и поручил обеспечить достижение утвержденных показателей. 🔹 Премьер-министр отреагировал на жалобы пассажиров на состояние вагонов и поручил в кратчайшие сроки запустить новые Stadler. *** 🔹 Премьер-министр провел совещание по вопросам исполнения поручений Главы государства в области обеспечения устойчивого роста экономики с акцентом на диверсификацию. 🔹 Олжас Бектенов провел совещание по ситуации на рынке нефтепродуктов и поручил усилить контроль на госгранице и пресекать схемы незаконного вывоза ГСМ. 🔹 Премьер-министр на международной конференции в Санкт-Петербурге отметил, что в Казахстане впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи. 🔹 Руководитель Правительства принял участие в V Ташкентском международном инвестиционном форуме. 🔸 Двусторонние встречи 🔹 Президент Черногории Яков Милатович и Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов обсудили торгово-экономическое сотрудничество. 🔹 «Долина ЦОДов»: Правительство Казахстана и IT-гиганты Firebird и NVIDIA подписали пакет соглашений в области ИИ на $10 млрд. 🔹 Олжас Бектенов обсудил с вице-президентом Всемирного банка Сангбу Кимом сотрудничество в области цифровизации и ИИ. 🔸 Заместители Премьер-министра 🔹 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в рамках рабочих поездок ознакомился с реализацией ключевых проектов в Северо-Казахстанской, Туркестанской областях и городе Шымкент. 🔹 Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин провел двустороннюю встречу с Министром дорог и городского развития Ирана Фарзане Садек, а также принял участие в открытии ежегодного бизнес-форума Казахстан-Афганистан в Кабуле. 🔹 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики при Правительстве РК. 📱 @KZgovernment
📌 Аптаны жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз 🔸 Үкімет отырысы Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар қаралды 🔹 Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: «Дарбаза – Мақтаарал», «Мойынты – Қызылжар» жолдары бойынша қозғалыс биыл қараша айында іске қосылады. 🔹 Көлік министрлігіне жаңа теміржол жобаларын әзірлеуге кірісу тапсырылды. 🔹 Премьер-министр: қайта жаңартылған 30 вокзал 1 шілдеге қарай алғашқы жолаушыларды қабылдауы тиіс. 🔹 Үкімет халықаралық терминалдық желіні кеңейту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді. 🔹 Олжас Бектенов ҚТЖ басшылығының назарын транзиттік тасымалдау жоспарының кешігуіне аударды және бекітілген көрсеткіштерге қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырды. 🔹 Премьер-министр вагондардың жай-күйіне қатысты жолаушылар шағымына жауап беріп, қысқа мерзімде Stadler компаниясының жаңа вагондарын іске қосуды тапсырды. *** 🔹 Премьер-министр Мемлекет басшысының әртараптандыруға баса назар аудара отырып, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету туралы тапсырмаларын орындау мәселесі бойынша кеңес өткізді. 🔹 Олжас Бектенов мұнай өнімдері нарығындағы ахуал бойынша кеңес өткізіп мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейтуді және жанар-жағармайды заңсыз әкету схемаларының жолын кесуді тапсырды. 🔹 Премьер-министр Санкт-Петербургте өткен халықаралық конференцияда Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өтті. 🔹 Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты. 🔸Екіжақты кездесулер 🔹 Черногория Президенті Яков Милатович пен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 🔹 «ДӨО алқабы»: Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды. 🔹 Олжас Бектенов Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сангбу Киммен цифрландыру және ЖИ саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады. 🔸Премьер-министрдің орынбасарлары 🔹 Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапарлары шеңберінде Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. 🔹 Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран Ислам Республикасы жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен екіжақты кездесу өткізді, сондай-ақ Кабулда жыл сайын өтетін Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумының ашылуына қатысты. 🔹 Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 📱 @KZgovernment
Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында экотуризмді дамыту мәселелерін талқылады 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді. Іс-шараға 50-ден астам отандық және шетелдік әлеуетті инвестор қатысып, өңірде жүзеге асырылады деп жоспарланған инвестициялық жобалар талқыланды. Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, экотуризмді дамыту, табиғи аумақтарды сақтай отырып туристік инфрақұрылымды жетілдіру және инвестиция тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Көшпелі кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға және инвесторларға экотуризмді дамытуға бағытталған жобаларды жедел іске асыру, инвесторлармен өзара іс-қимылды күшейту, ұлттық парктің халықаралық туристік тартымдылығын арттыру және барлық жобалардың сапалы әрі белгіленген мерзімде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. ➖ Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма 📌 Первый заместитель Премьер-министра Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область провел выездное совещание в Государственном национальном природном парке «Сайрам-Угам», посвященное вопросам развития экологического туризма. В мероприятии приняли участие более 50 потенциальных отечественных и зарубежных инвесторов, с которыми обсуждены инвестиционные проекты, планируемые к реализации в регионе. В рамках поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева на совещании особое внимание было уделено вопросам развития экотуризма, совершенствования туристической инфраструктуры при сохранении природных территорий, а также привлечения инвестиций. По итогам выездного совещания ответственным государственным органам и инвесторам даны поручения по оперативной реализации проектов, направленных на развитие экотуризма, усилению взаимодействия с инвесторами, повышению международной туристической привлекательности национального парка и обеспечению качественной реализации всех проектов в установленные сроки. 📱@KZgovernment
Көлік, логистика, ТМК және сауда: Серік Жұманғарин Ауғанстан басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады 📌Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кабулға сапары барысында Ауғанстан Премьер-министрі Мұхаммед Хасан Ахундпен және Премьер-министрдің орынбасары Абдул Гани Барадармен келіссөздер жүргізді. Тараптар ауқымды гуманитарлық, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселесін талқылады. Серік Жұманғариннің Ауғанстан Премьер-министрімен кездесуі екі ел арасындағы гуманитарлық және іскерлік байланыстардың белсенді дамуының соңғы төрт жылында алғаш рет өткізілді. Мұхаммед Хасан Ахунд қазақстандық делегацияны жылы қарсы алып, ауған халқына дәйекті қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды, атап айтқанда, қаржы саласында өзара есеп айырысу үшін іске асыруға кедергі келтіретін қолданыстағы кедергілерді талқылады. Оларды жоюдың нақты шаралары әзірленді. Сауда, көлік, өнеркәсіп, телекоммуникация және гуманитарлық өзара іс-қимыл салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілік расталды. ➖ Транспорт, логистика, ГМК и торговля: Серик Жумангарин обсудил перспективы сотрудничества с руководством Афганистана 📌Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Казахстана Серик Жумангарин в ходе визита в Кабул провел переговоры с Премьер-министром Афганистана Мохаммадом Хасаном Ахундом и заместителем Премьер-министра Абдулом Гани Барадаром. Стороны обсудили широкий круг вопросов гуманитарного, торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества. Встреча Серика Жумангарина с Премьер-министром Афганистана состоялась впервые за последние четыре года активного развития гуманитарных и деловых связей между двумя странами. Мохаммад Хасан Ахунд тепло приветствовал казахстанскую делегацию и выразил признательность Президенту Казахстана за последовательную поддержку афганского народа. По итогам переговоров стороны обсудили существующие барьеры, препятствующие реализации достигнутых договоренностей, в частности, в финансовой сфере для взаимных расчетов. выработали конкретные меры по их устранению. Подтверждена взаимная заинтересованность в дальнейшем расширении сотрудничества в сферах торговли, транспорта, промышленности, телекоммуникаций и гуманитарного взаимодействия. 📱@KZgovernment
Серік Жұманғарин Кабулда Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты 📌Бүгін Кабулда Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрі Хаджы Нуриддин Азизи жыл сайынғы Қазақстан-Ауғанстан бизнес форумын ашты. Бұл жолы форум Кабулда өтті. Форумға агроөнеркәсіп кешені, технология, машина жасау, химия өнеркәсібі мен IT саласындағы 50-ден аса компания, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор өкілдері қатысуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $541,8 млн-ды құрады. Сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында сауда айналымын қысқа мерзімде $3 мkрд-қа жеткізу міндеті тұр. ➖ Серик Жумангарин открыл казахстанско-афганский бизнес-форум в Кабуле 📌 Заместитель премьер-министра - министр национальной экономики Серик Жумангарин и министр промышленности и торговли Афганистана Хаджи Нуриддин Азизи в Кабуле открыли ежегодный бизнес-форум Казахстан-Афганистан. В этот раз форум прошел в Кабуле. В форуме принимают участие более 50 казахстанских компаний, представляющих агропромышленный комплекс, технологии, машиностроение, химическую промышленность и IT-сектор, представители государственного и квазигосударственного сектора. Объем двусторонней торговли по итогам 2025 года составил $541,8 млн. В целях дальнейшего развития торгово-экономических отношений стоит задача довести торговый оборот до $3 млрд в короткие сроки. 📱@KZgovernment
Нұрлыбек Нәлібаев Шымкентте жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың барысымен танысты 📌Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында қалалық ортаны дамыту, өндірістік әлеуетті арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобамен танысты. Сапар аясында Нұрлыбек Нәлібаев Қала күні мерекесіне орай ашылған жаңа Жапон саябағының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, мегаполис тұрғындары мен қонақтары жиналды. Аумағы 2,3 гектарды құрайтын жаңа қоғамдық кеңістік бұрынғы «Кең баба» саябағының орнында бой көтерген. Өткен жылы мемлекет меншігіне қайтарылған аумақ заңсыз нысандардан тазартылып, кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ жұмыс сапары аясында Нұрлыбек Нәлібаев Шымкент әуежайының жаңа терминалы мен екінші ұшу-қону жолағы құрылысының барысымен танысты. Айта кету керек, бұл жоба қаланың әуежайын халықаралық деңгейдегі заманауи мультимодальды хабқа айналдыру бағдарламасының маңызды бөлігі болып табылады. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 3 шақырымнан асады, ал ені 75 метрді құрайды. ➖ Нурлыбек Налибаев ознакомился с ходом реализации крупных проектов в Шымкенте 📌Первый заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в город Шымкент ознакомился с рядом проектов по развитию городской среды, повышению производственного потенциала и модернизации социальной инфраструктуры. В рамках поездки первый вице-премьер принял участие в церемонии торжественного открытия ко Дню города нового Японского парка. В мероприятии приняли участие аким города Габит Сыздыкбеков, жители и гости Шымкента. Новое общественное пространство площадью 2,3 гектара возведено на месте бывшего парка «Кен баба». Территория, возвращенная в государственную собственность в прошлом году, была очищена от незаконных объектов, после чего здесь проведены работы по комплексному благоустройству. Также в рамках рабочей поездки Нурлыбек Налибаев ознакомился с ходом строительства нового терминала аэропорта Шымкента и второй взлетно-посадочной полосы. Проект реализован в рамках программы по превращению аэропорта города в современный мультимодальный хаб международного уровня. Длина взлетно-посадочной полосы превышает 3 км, а ширина составляет 75 м, а прочное покрытие полосы позволяет принимать тяжелые грузовые воздушные суда. 📱@KZgovernment
Қазақстандық дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек: Қазақстан делегациясы Ауғанстанға ауқымды миссиямен барды 📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді. Делегация құрамына Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан тоғыз маман кірді. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы кеңес беріп, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетіп, ауған әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді. Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдаудағы дәйекті саясатының бір бөлігі екенін атап өтті. ➖ Казахстанские врачи и 319 тонн гуманитарной помощи: делегация из Казахстана прибыла в Афганистан с масштабной миссией 📌Казахстанская делегация во главе с заместителем Премьер-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным прибыла в Кабул с гуманитарной и деловой миссией. Казахстан направил народу Афганистана очередную партию гуманитарной помощи общим весом 318,8 тонны, а также группу казахстанских врачей для оказания медицинской помощи населению. В состав делегации вошли девять специалистов ведущих медицинских организаций Казахстана. В рамках Дней казахстанской медицины в Афганистане в течение недели они будут проводить консультации и оказывать практическую медицинскую помощь населению, проводить мастер-классы для афганских коллег. Как отметил Серик Жумангарин, гуманитарная помощь направлена по поручению Главы государства и является частью последовательной политики Казахстана по поддержке народа Афганистана. 📱@KZgovernment
Үкімет мұнай өнімдері заңсыз айналымының барлық схемаларының жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы бір айда 12 тоннаға жуық жанар-жағармай экспорты тоқтатылған. Конверттелген газ бактары бар 54 көлік анықталып, олардың иелері жауапқа тартылды. Бұл жұмыс жалғасуда және жіті бақылауда. ➖ Правительством ведется системная работа по пресечению всех схем незаконного перемещения нефтепродуктов. По данным МВД, только за последний месяц пресечен вывоз около 12 тонн ГСМ. Выявлено 54 автомашины с переоборудованными бензобаками. Их владельцы привлечены к ответственности. Работа продолжается и находится на особом контроле. 📱@KZgovernment
Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын…
Олжас Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды 📌 Премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрліктер мен құқық қорғау органдары басшылығының қатысуымен сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып, мұнай өнімдері нарығындағы қазіргі жағдайы бойынша кеңес өткізді. Жиында энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің баяндамасы тыңдалды. Бүгінде Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ете отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Еліміздегі бензин, дизель және авиациялық отын қоры 1 млн тоннадан асады, бұл тұтынушылардың қазіргі сұранысын толық өтеуге мүмкіндік береді. Мұнай өнімдерімен автожанармай құю стансалары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және отандық әуе тасымалдаушыларына басымдықпен қамтамасыз етілуде. Жанар-жағармай материалдарының тапшылығы байқалмайды. Өндіріс көлеміне, жөнелтуге және қорларға тұрақты мониторинг жүргізілуде. Кеңес барысында мұнай өнімдерін заңсыз әкетудің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін және теміржол көлігімен жеңіл дистилляттарды шығаруға тыйым салу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы қолданыста. Сонымен қатар автокөліктердің мемлекеттік шекараны тәулігіне бір реттен артық кесіп өтуіне шектеу енгізілген. Сондай-ақ ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтың және Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың баяндамалары тыңдалды. Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі мұнай өнімдері нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді: 🟦жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу және ел қажеттілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында шекарадағы бақылауды күшейтіп, барлық қажетті шаралар қабылдау; 🟦 ҰҚК Шекара қызметіне Қаржы министрлігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, мемлекеттік шекарада бақылауды күшейту, мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың барлық схемасын анықтап, жолын кесу; 🟦Энергетика министрлігіне мұнай өнімдерін өндіру, қорлар және тұтыну теңгеріміне тұрақты мониторинг жүргізуді және қажет болған жағдайда қосымша шаралар қабылдау жөнінде жедел ұсыныстар енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. 📱@KZgovernment
Черногория Президенті Яков Милатович пен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌Кездесу барысында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстан мен Черногория…
Черногория Президенті Яков Милатович пен Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады 📌Кездесу барысында Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстан мен Черногория президенттерінің келіссөздері нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін қарады. «Бүгін Сіз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен мазмұнды әрі сындарлы келіссөздер жүргіздіңіз. Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Черногория арасындағы қатынастардың жаңа кезеңін ашатынына сенімдімін. Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың жүзеге асырылуын бақылауына алады», — деп атап өтті Премьер-министр. «Біздің елдердің үкіметтері арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін іргелі құқықтық негіз болатын бірқатар екіжақты келісімдердің жобаларын әзірлеуде. Бұл жерде әңгіме экономикалық ынтымақтастық, әділет саласындағы әріптестік, сондай-ақ цифрландыру саласына қатысты өзара іс-қимыл тұрғысындағы келісімдер туралы болып отыр. Біз Қазақстанның цифрлық трансформация саласындағы жетістіктерін жоғары бағалаймыз, әрі сіздің елдің осы бағыттағы құнды тәжірибесін қабылдай аламыз деп санаймын», — деп атап өтті Яков Милатович. Екіжақты тауар айналымының қазіргі деңгейі ынтымақтастықтың әлеуетін толық аша алмай отырғаны атап өтілді. Екі елдің президенттері белгілеген міндеттер аясында сауда, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, туризм, білім беру салаларындағы перспективалы жобаларға назар аударылды. Агроөнеркәсіп кешенінде Қазақстанның Черногория нарығына ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде ұн, бидай, майлы дақылдар мен терең өңделген өнімдерді экспорттауға дайын екендігі атап өтілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы ғылымын, тұқым шаруашылығын, биотехнологияларды, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығын жүргізудің өзге де орнықты әдістерін дамыту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Көлік-логистика саласында Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы басты транзиттік көпір ретіндегі рөлі атап өтілді. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі өткен жылы 36%-дан астам өсіп, 77 мың ЖФЭ контейнерін құрады. Черногорияның стратегиялық тұрғыдан тиімді орналасуын және оның Адриатикалық теңізге қолжетімділікті қамтамасыз етуге қаншалықты үлес қосатынын ескере отырып, кездесуге қатысушылар сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейтудің кең мүмкіндіктері барын атап өтті. Сонымен қатар TХКБ-ның қуатын Бар портымен жұптастыру жайы талқыланды, бұл Оңтүстік және Орталық Еуропаға жаңа мультимодальды дәліз құруға мүмкіндік береді. Цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастық перспективаларына назар аударылды. Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді, олардың 90%-дан астамы бүгінде онлайн режимде қолжетімді. Бұл бағытта бірлескен GovTech және ЖИ-бастамаларын құру арқылы цифрлық трансформация, ЖИ, мемлекеттік басқару мен инновациялар саласындағы әріптестікті кеңейту бойынша елеулі әлеует бар. Олжас Бектенов Черногория делегациясына елдегі қалыптасқан инвестициялық климат туралы ақпарат берді. Негізгі шаралардың қатарында 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңарту, инвестициялық штабтың жұмысы және Бас прокуратура жанындағы салалық комитет қызметі шеңберінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды күшейту, шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режимін енгізу бар. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзіне асыруға толық дайын екенін растады. 📱@KZgovernment
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жаңа Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің 18-ші отырысында құжаттағы ең көп талқыланатын нормалардың бірі – нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылған ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және кәсіпшілік балық аулау өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды. Бұл жерде әңгіме экспорт кезінде осындай өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын 80%-ға азайтуды көздейтін Салық кодексінің 484-бабының нормасы туралы болып отыр. Салалық қауымдастықтармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және экспорттаушылармен талқылау барысында экспорттық жеткізілімдер бойынша ҚҚС-ты толық өтеу мүмкіндігін сақтау отандық аграрийлерді қолдаудың қосымша шарасы ретінде қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Жобалық кеңсе отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС сомасын түзету қолданылмайды деген шешім қабылданды. Яғни, Салық кодексінің 484-бабының осы нормасы жойылады. ҚҚС-ты қайтаруға қойылатын талаптардың негізділігі «пирамида әдісі» деп аталатын салықтық тексерумен расталады. Бұл тауар қозғалысының және салық төлеудің бүкіл тізбегін – ауыл шаруашылығы өндірушісінен экспорттаушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай тексерудің оң нәтижелері болған жағдайда экспорттаушы бұрын төленген ҚҚС-ты толық көлемде қайтара алады. ➖ На заседании Проектного офиса внедрения нового Налогового кодекса под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрена одна из наиболее обсуждаемых норм нового Налогового кодекса – порядок применения льготы по НДС в отношении сельскохозяйственной продукции, продукции рыбоводства и промыслового рыболовства, использованных в целях облагаемого оборота по нулевой ставке. Речь идет о норме статьи 484 Налогового кодекса, предусматривающей уменьшение на 80% суммы НДС, относимого в зачет по такой продукции при экспорте. В ходе обсуждения с отраслевыми ассоциациями, сельхозтоваропроизводителями и экспортерами было отмечено, что сохранение возможности полного возмещения НДС по экспортным поставкам станет дополнительной мерой поддержки отечественных аграриев и позволит сохранить конкурентоспособность казахстанской продукции на внешних рынках. По итогам заседания Проектного офиса принято решение, что для экспортеров сельхозпродукции не будет применяться корректировка суммы НДС, относимого в зачет. То есть данная норма статьи 484 Налогового кодекса будет отменена. Обоснованность требований на возврат НДС будет подтверждаться налоговой проверкой с применением так называемого «методапирамиды», который позволяет проследить всю цепочку движения товара и уплаты налога – от сельхозпроизводителя до экспортера. При положительных результатах такой проверки экспортер сможет получить возврат ранее уплаченного НДС в полном объеме. 📱@KZgovernment
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту…
Впервые на конституционном уровне закреплена преемственность тысячелетней истории Великой Степи – Олжас Бектенов на конференции в Санкт-Петербурге 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов выступил на пленарном заседании международной конференции…
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту…
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту…
Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі халықаралық конференцияның пленарлық отырысында сөз сөйледі. Іс-шараға Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов, Түрікменстанның білім министрі Джумамырат Гурбангелдиев қатысты. Олжас Бектенов өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің, сондай-ақ Достастыққа мүше барлық елдер көшбасшыларының тікелей қолдауымен және қатысуымен креативті индустриялар мен мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастықты дамыту ТМД-ның күн тәртібіндегі неғұрлым өзекті әрі сұранысқа ие бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Қазақстан мәдениет пен шығармашылық қызметті қолдауды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары деңгейінде бекіте отырып, аталған жұмысқа дамудың стратегиялық бағыты ретінде мән береді. «Биыл наурыз айында Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша жаңа Конституция қабылданды, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Ата заңымыз мемлекеттілікті нығайтуға, «Заң мен Тәртіп» қағидаты негізінде Әділетті және Озық Қазақстанды құруға бағытталған. Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгенін атап өткім келеді. Мамыр айында Астанада өткен «Алтын Орда» дала өркениетінің моделін зерттеуге арналған халықаралық симпозиум маңызды оқиға болды, оған әлемнің 20-дан астам елінің тарихшылары мен мәдениеттанушылары қатысты. Одан бөлек жаңа Конституцияда зияткерлік және шығармашылық қызметті қорғауға кепілдік берілген. Осы негізде Қазақстанда креативті индустрия қарқынды дамып келеді. Жаңа нарықтар, жаңа жұмыс орындары қалыптасып, ұлттық креативті өнімді экспорттау мүмкіндіктері кеңейтілуде», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бүгінгі таңда мәдениет пен креативті индустриялар экономикалық өсудің маңызды факторларына айналуда. Қазақстанда креативті индустрия 40-тан астам қызмет түрін қамтиды, салада 150 мың адам еңбек етеді. Креативті сектордағы жалпы қосылған құн көлемі соңғы жылдар ішінде төрттен біріне артып, $3 млрд құрады. Қазақстан кино, музыка, дизайн, ойын индустриясы мен цифрлық контентті дамытуда айтарлықтай нәтижелер көрсетуде. Отандық фильмдер, сериалдар, музыкалық және цифрлық өнімдер шетелдік нарықтарға шығып, халықаралық аудиторияны еліміздің бай мәдени мұрасымен таныстыруда, осылайша Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуда.
«Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің арқасында шалғай аудандағы 300-ден аса кәсіпкер бизнесті дамыту бойынша кеңес алды 📌 Абай облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин шалғайдағы елді мекендегі кәсіпкерлердің облыс орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызмет пен консультация алуына көмектесетін «Даму» қорының мобильді фронт-офистерінің жұмысымен танысты. Мобильді фронт-офис дегеніміз мамандандырылған шағын автобус. Онда «Даму» қорының консультанттары, әкімдіктердің, екінші деңгейдегі банктердің, «Атамекен» ҰКП, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ және консалтингтік ұйым өкілдері ауыл-қалаларға барады. Кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жергілікті жерде кеңес алып, қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға өтінім бере алады. ➖ Благодаря мобильным фронт-офисам «Даму» более 300 предпринимателей из отдаленных районов получили консультации по развитию бизнеса 📌 В ходе рабочей поездки в область Абай заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин ознакомился с работой мобильных фронт-офисов Фонда «Даму», которые помогают предпринимателям из отдаленных населенных пунктов получать государственные услуги и консультации без необходимости выезда в областные центры. Мобильный фронт-офис представляет собой специализированный микроавтобус, на котором консультанты Фонда «Даму», представители акиматов, банков второго уровня, НПП «Атамекен», АО «Аграрная кредитная корпорация», АО «КазАгроФинанс» и консалтинговых организаций выезжают в города и села. На местах предприниматели могут получить консультации по действующим мерам государственной поддержки, а также подать заявки на участие в программах финансирования. 📱 @KZgovernment
Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.…
Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды. Кездесу барысында Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл сенімге, өзара түсіністікке және бауырлас халықтар арасындағы берік достыққа негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі екені атап өтілді. Екі мемлекеттің басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беріп отырғаны айтылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 16,2%-ға артып, $4,8 млрд-қа жетті. Биылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 42,1%-ға артық. Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика саласындағы өзара ықпалдастықты нығайту, сондай-ақ энергетика, су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды. Форум жұмысына Өзбекстан мен Албания президенттері, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ бизнес, халықаралық даму банктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрақты экономикалық даму, инвестициялар тарту және инновациялар енгізу мәселелері талқыланды. Форумда сөз сөйлеген Олжас Бектенов Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді қолдайтынын атап өтті. Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар орнықты әртараптандырылған экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Инвестициялық ахуалды жақсартуға және іскерлік белсенділікті арттыруға ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әділетті әрі қуатты мемлекет құрудың берік негізі қаланып, бұл еліміздегі іскерлік ортаны одан әрі жетілдіруге және инвестициялық тартымдылықты арттыруға қосымша мүмкіндік жасайды. Қазіргі таңда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы жаңартылды. Шетелдік капитал тарту көлемін кеңейту үшін Kazakh Invest ұлттық компаниясының басым нарықтарға қатысуы күшейтілуде. Бас прокуратура жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті бизнестің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін елде болу шарттарын жеңілдетуді көздейтін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режимі енгізілуде. Бірлесіп қабылданған бұл шаралар инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және Қазақстандағы жоғары технологиялы жаңа салалардың дамуын жеделдетуге бағытталған. ҚР Премьер-министрі цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Қазақстан жаңа буынның IT-экожүйесін белсенді қалыптастыруда: екі суперкомпьютер пайдалануға берілді, Аlem.аі халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Орталық Азиядағы цифрлық хабқа айналуға бағытталған «ДӨО алқабы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны дамытуға әлемдік IT алпауыттары – Firebird және NVIDIA қазірдің өзінде $10 млрд көлемінде инвестиция салып отыр. 📱@KZgovernment
Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті 📌 Астанада Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның басшылығымен Үкімет жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Құрамы жаңартылған комиссияның алғашқы отырысына мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, сондай-ақ тіл білімі саласындағы танымал ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Отырыс барысында комиссия мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі есептерін тыңдады. Атап айтқанда, оқу-ағарту жүйесіндегі мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, 2023–2029 жылдарға арналған Тіл саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды. ➖ В Правительстве состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики 📌 Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой состоялось заседание Комиссии по реализации государственной языковой политики при Правительстве РК. В первом заседании Комиссии в обновленном составе приняли участие представители государственных органов, депутаты Парламента, руководители общественных организаций, а также известные ученые и эксперты в области языкознания. В ходе заседания члены Комиссии заслушали отчеты центральных и местных исполнительных органов о реализации государственной языковой политики. В частности, рассмотрены вопросы совершенствования методики обучения государственному языку в системе просвещения, расширения сферы применения казахского языка и увеличения доли казахоязычного контента в рамках реализации Концепции языковой политики на 2023-2029 годы. 📱@KZgovernment
Қазақстан мен Иран көлік дәлізін, порт инфрақұрылымын және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге келісті 📌ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Иран Ислам Республикасы Жол және қаланы дамыту министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Иран президентінің 2025 жылғы желтоқсандағы Қазақстанға ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықты іске асыруды, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуды, порт инфрақұрылымын кеңейтуді, өзара сауда көлемін ұлғайтып, екі ел арасындағы көлік-логистикалық байланысты жетілдіруді талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыруды тездетіп, инвестор тарту жұмысын жедел үйлестіруді қамтамасыз ету мен көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды жандандыру ниетін растады. ➖ Казахстан и Иран договорились ускорить развитие транспортных коридоров, портовой инфраструктуры и инвестиционного сотрудничества 📌Заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики РК Серик Жумангарин провел двустороннюю встречу с делегацией Исламской Республики Иран во главе с Министром дорог и городского развития Фарзане Садек. Стороны обсудили реализацию договоренностей, достигнутых главами государств в ходе официального визита Президента Ирана в Казахстан в декабре 2025 года, развитие международного транспортного коридора «Север - Юг», расширение портовой инфраструктуры, увеличение объемов взаимной торговли и совершенствование транспортно-логистических связей между двумя странами. По итогам встречи стороны подтвердили намерение ускорить реализацию договоренностей, достигнутых на высшем уровне, обеспечить оперативную координацию работы по привлечению инвесторов, активизировать развитие транспортно-логистической инфраструктуры. 📱@KZgovernment
Жаздың соңына дейін «ҚТЖ» АҚ пойыздары спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі 📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша көлік министрлігі мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов жолаушылар пойыздарын жаздың соңына дейін интернет желісіне толық қосу жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бүгінгі таңда интернет Нұрлы жол - Семей пойызында іске қосылған, сондай-ақ Алматы - Павлодар, Павлодар - Түркістан және Нұрлы жол - Атырау құрамдарында терминалдар орнатылуда. Бұған дейін жаңа технологияның техникалық дайындығы Астана - Алматы және Астана - Өскемен бағыттарында Eutelsat OneWeb және Starlink жүйелерін пайдаланған екі пилоттық жоба арқылы расталған болатын. «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жолаушылар пойыздарын интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жұмысты бастаймыз. Мен тек жолаушылар пойыздары, оның ішінде ұлттық тасымалдаушының пойыздары туралы айтып отырмын. Біздің жоспарымыз - жаздың соңына дейін негізгі бағыттарды спутниктік интернетпен қамтамасыз ету», — деді Әнуар Ахметжанов. ➖ До конца лета поезда АО «КТЖ» будут обеспечены спутниковым интернетом 📌По итогам заседания Правительства состоялась пресс-конференция с участием руководства Министерства транспорта и АО «НК «КТЖ». Отвечая на вопросы журналистов, заместитель председателя правления КТЖ Ануар Ахметжанов сообщил, что пассажирские поезда до конца лета планируется полностью обеспечить доступом к сети интернет. По его словам, на сегодняшний день интернет уже запущен в поезде Нурлы жол - Семей, также идет установка терминалов на составах Алматы - Павлодар, Павлодар - Туркестан и Нурлы жол - Атырау. Ранее техническую готовность технологии подтвердили два пилота с использованием систем Eutelsat OneWeb и Starlink на направлениях Астана Алматы и Астана - Оскемен. «По поручению Главы государства начинаем масштабную работу по обеспечению интернетом наших пассажирских поездов. Я говорю только о пассажирских поездах, поездах национального перевозчика. По нашим планам, до конца лета мы планируем основные все маршруты обеспечить спутниковым интернетом», — сообщил Ануар Ахметжанов. 📱@KZgovernment
Архив UKIMET — страница 14
Это 14-я страница архива публикаций источника UKIMET. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.