🚌 ІІМ республикалық “Автобус” іс-шарасын қорытындылады Толық ақпарат сайтта. ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚌 МВД подвело итоги ОПМ "Автобус" Информация на сайте. ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Олжас Бектенов провел заседание Совета ЕАБР: утверждена Стратегия развития банка на 2027-2031 годы 📌 Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов провел заседание Совета Евразийского банка развития. Рассмотрены итоги деятельности организации за 2025…
Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің…
Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің…
Олжас Бектенов ЕАДБ кеңесінің отырысын өткізді: банктің 2027-2031 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразия даму банкі кеңесінің отырысын өткізді. Жиында банктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары қаралып, 2027-2031 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясы бекітілді. Олжас Бектенов биыл Еуразия даму банкінің құрылғанына 20 жыл толатынын атап өтіп, банк қызмет еткен жылдары қатысушы мемлекеттердің экономикаларының дамуына елеулі үлес қосқанын, сондай-ақ оның алдағы уақытта да одан әрі серпінді дамуына сенім білдірді. Бүгінде ЕАДБ жеті елді біріктіреді, 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің жинақталған портфелінде жалпы инвестиция көлемі $19,6 млрд болатын 326 жоба, ал банк серіктестері жобаларға тартқан қаражатты қоса есептегенде, экономикаға салынған инвестициялардың жиынтық көлемі $64 млрд-тан асты. Отырыс барысында ЕАДБ кеңесінің Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген мүшелері сөз сөйледі. ЕАДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАДБ инвестицияларының көлемі $2,6 млрд-қа жетті. Қаржыландырудың басым бөлігі энергетика, көлік-логистика және химия өнеркәсібі салаларындағы жобаларға бағытталған. Банктің «жасыл» жобалар портфелі бір жылда 17%-ға өсіп, $1 млрд-ты құрады. Сонымен қатар ЕАДБ-ның Техникалық жәрдем қоры мен Цифрлық бастамалар қоры су ресурстарын үнемдеу, жасанды интеллект технологияларын дамыту ісін жеделдету, АӨК секторын дамыту және басқа да жобаларды жүзеге асыруға $40 млн көлемінде қаржы бөлді. Банктің қазіргі инвестициялық портфеліндегі Қазақстанның үлесі $4,2 млрд немесе 65%-ды құрайды. Қазіргі таңда банктің қатысуымен елімізде 46 жоба жүзеге асырылуда. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған қолданыстағы стратегиясының мерзімінен бұрын орындалуы болды. Жыл соңына қарай ЕАДБ-ның 2022-2026 стратегиясы шеңберінде жинақталған инвестициялары жоспарланған $10,9 млрд-тан асып, $12,2 млрд деңгейіне жетеді деп күтілуде. 2022-2026 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына $5,2 млрд бағытталды, бұл көрсеткіш алдыңғы 15 жыл ішінде тартылған инвестиция көлемімен шамалас.
Верховный Суд Казахстана посетила делегация Кассационного суда Турции ◾️ Председатель Верховного Суда Казахстана Асламбек Мергалиев провел встречу с председателем Кассационного суда Турции Омером Керкезом, прибывшим в Казахстан для участия во Второй конференции высших судов Организации тюркских государств, прошедшей в Туркестане. ◾️ Во встрече приняли участие председатели гражданской и уголовной коллегий Верховного Суда РК Нурсерик Шарипов и Назгуль Рахметуллина, руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров и его первый заместитель Шакир Шаяхметов. ◾️В состав турецкой делегации вошли председатель палаты по гражданским делам Шерафеттин Озюрур, судьи Кассационного суда, а также представители посольства. ◾️Приветствуя гостей, А.Мергалиев подчеркнул высокий уровень двустороннего сотрудничества и конструктивного профессионального диалога между судебными органами Казахстана и Турции. ◾️ Он отметил, что состоявшаяся встреча стала еще одной возможностью для укрепления партнерских связей и обмена передовым опытом по вопросам, представляющим взаимный интерес. ◾️ Председатель Верховного Суда ознакомил гостей с особенностями судебной системы Казахстана, преобразованиями в судебной системе, в том числе с созданием кассационных судов и изменением роли Верховного Суда в современных условиях. ◾️В свою очередь О.Керкез высоко оценил проводимые в судах Казахстана реформы и достигнутый уровень цифровизации. Гости проявили большой интерес к казахстанскому опыту, задав ряд вопросов, на которые получили подробные ответы. ◾️ Особое внимание стороны уделили вопросам развития цифровых технологий в судопроизводстве, образовательным программам для судейского корпуса, внедрению современных IT-решений. ◾️ Турецкие коллеги ознакомились с ключевыми цифровыми продуктами судебной системы Казахстана и практикой их применения в судебной деятельности. ◾️ В ходе экскурсии по зданию Верховного Суда РК Н.Ахметзакиров рассказал об оснащении залов судебных заседаний, ознакомил с работой Интернет-суда и Ситуационного центра по анализу и мониторингу деятельности всех судов. ◾️ Гостям продемонстрированы возможности отечественных IT-разработок, механизмы использования элементов искусственного интеллекта и инструментов анализа больших данных. Они смогли увидеть работу судьи в электронном зале судебного заседания и на практике ознакомиться с тем, как цифровизация способствует повышению эффективности и качества правосудия, а также судебного администрирования. ◾️ Стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и укреплении профессиональных контактов между судебными органами Казахстана и Турции.
Қазақстанның Жоғарғы Сотына Түркияның кассациялық сотының делегациясы келді 🎥 Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері Ұйымының жоғары соттарының екінші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген Түркия кассациялық сотының төрағасы Омер Керкезмен кездесті. ◾️ Кездесуге ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және қылмыстық сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов пен Назгүл Рахметуллина, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және оның бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов қатысты. ◾️ Түрік делегациясының құрамында азаматтық істер жөніндегі палатаның төрағасы Шерафеттин Озюрур, кассациялық соттың судьялары, сондай-ақ Елшілік өкілдері болды. ◾️ Қонақтарға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен сындарлы кәсіби диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. ◾️ Ол аталған кездесу серіктестік байланыстарды нығайту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша озық тәжірибелермен алмасу үшін тағы бір мүмкіндік болғанын атап өтті. ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы қонақтардыҚазақстанның сот жүйесінің ерекшеліктерімен, сот жүйесіндегі өзгерістермен, оның ішінде кассациялық соттардың құрылуымен және қазіргі жағдайда Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруімен таныстырды. ◾️ Өз кезегінде О.Керкез Қазақстан соттарында жүргізіліп жатқан реформалар мен цифрландырудың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалады. ◾️ Қонақтар қазақстандық тәжірибеге үлкен қызығушылық танытып, бірқатар сұрақ қойып, оларға толық жауаптар алды. ◾️Тараптар сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды дамыту, судьялар корпусы үшін білім беру бағдарламалары, заманауи IT-шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. ◾️ Түрік әріптестер Қазақстанның сот жүйесінің негізгі цифрлық өнімдерімен және оларды сот қызметінде қолдану практикасымен таныс болды. ◾️ ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратына экскурсия барысында Н.Ахметзакиров сот отырысы залдарын жарақтандыру туралы айтып, Интернет-соттың және барлық соттардың қызметін талдау және мониторингілеу жөніндегі Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстырды. ◾️ Қонақтарға отандық IT-әзірлемелердің мүмкіндіктері, жасанды интеллект элементтерін пайдалану тетіктері және ауқымды деректерді талдау құралдары көрсетілді. Олар судьяның сот отырысының электронды залындағы жұмысын көре алды және іс жүзінде цифрландыру сот төрелігінің, сондай-ақ сот әкімшілендіруінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қалай ықпал ететіндігімен танысып шықты. ◾️ Тараптар Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүдделілігін растады.
📂Құрметті оқырман, Сенат отырысының құжаттарын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеп алуға болады 📂Уважаемые подписчики, документы заседания Сената вы можете скачать по этой ссылке @senate_kz
🚨 ШҚО-да жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды Тексеруге құқық бұзушының өзі әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы негіз болды. Кадрда жеңіл автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сияқты қауіпті маневрлер жасағанын көруге болады, сондай-ақ қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Қолданылуы мүмкін жауапкершілік шараларының бірі – көлік құралын басқару құқығынан айыру. Полиция мұндай әдейі жасалатын өрескел құқық бұзушылықтар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті. — Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы заң талаптарын сақтауға міндетті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады, — деді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ғабит Абенов. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚨 Лихача со "стробоскопами" привлекли к ответственности в ВКО Основанием для проверки стало видео, опубликованное самим нарушителем в социальных сетях. На кадрах видно, как водитель легкового автомобиля пересекает двойную сплошную линию разметки, выезжает на встречную полосу, проезжает на запрещающий сигнал светофора, а также незаконно использует проблесковые маячки красно-синего цвета. Сотрудники батальона патрульной полиции оперативно установили личность нарушителя. Им оказался 18-летний житель областного центра. В отношении гражданина составлены административные материалы по нескольким статьям, которые направлены в суд. До принятия окончательного решения его автомобиль помещен на специализированную стоянку. Теперь дальнейшую судьбу любителя опасной езды решит суд. Одной из возможных мер ответственности является лишение права управления транспортными средствами. В полиции отметили, что подобные умышленные грубые нарушения находятся на особом контроле правоохранительных органов. — Каждый участник дорожного движения обязан соблюдать требования законодательства. Любые действия, создающие угрозу жизни и здоровью граждан, будут пресекаться в строгом порядке, — отметил командир батальона патрульной полиции УП города Усть-Каменогорска Габит Абенов. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
Бурабайға жол тартудың ең жайлы жолы – Burabay Express! Табиғаты көркем Бурабайға сапарыңызды жағымды әсерден бастаңыз. №887/888 Burabay Express туристік пойызы сізді әйгілі курортқа қысқа уақытта әрі жоғары жайлылықпен жеткізеді. 🌲 Көкшетаудың көркем өлкесіне саяхаттап, таза ауа мен әсем табиғат аясында демалысыңызды ерекше өткізіңіз. 🚆 Пойыз сейсенбі және сәрсенбі күндерінен басқа күн сайын қатынайды. 📍 Нұрлы жол – Курорт Бурабай Жөнелту: 10:48 Келу: 13:51 📍 Курорт Бурабай – Нұрлы жол Жөнелту: 14:35 Келу: 17:42 🎟 Билет бағасы: ▪️ 1-сынып – 6 272 теңге ▪️ 2-сынып – 4 234 теңге ▪️ 3-сынып – 3 541 теңге Burabay Express-пен саяхаттаңыз және Бурабайдың қайталанбас сұлулығын жақыннан тамашалаңыз! ➖➖➖ Незабываемый отдых в Бурабае начинается с Burabay Express! Туристический поезд Burabay Express №887/888 - идеальный выбор, чтобы получить незабываемые и атмосферные эмоции от дороги до курорта Бурабай в кругу друзей или близких. 🚆Электропоезд курсирует ежедневно, кроме вторника и среды. 📍Отправление со ст. Нурлы жол в 10:48, прибытие на ст.Курорт Боровое в 13:51. 📍Отправление со ст.Курорт Боровое в 14:35, прибытие на ст.Нурлы жол в 17:42. 🎟️Стоимость билетов: ▪️1 класс 6272 тенге; ▪️2 класс 4234 тенге; ▪️3 класс 3541 тенге. Счастливого пути!
🔴Қайырлы таң, құрметті оқырман! Бүгін сағат 10:00-де Сенаттың кезекті отырысы өтеді, еске саламыз. Шараны төмендегі сілтеме арқылы тікелей эфирден көре аласыздар. Көрсетілген уақытқа жақын қосылыңыздар. 🔴Доброе утро, уважаемые подписчики! Напоминаем, что очередное заседание Сената пройдет сегодня в 10:00. Вы можете посмотреть трансляцию мероприятия в прямом эфире по ссылке, приведённой ниже. Подключайтесь ближе к указанному времени. @senate_kz
Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның жұмысы қорытындыланды. Отырыста Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Палата мүшелеріне заң шығару қызметіне белсенді әрі нәтижелі атсалысқандары үшін алғыс білдіріп, негізгі жетістіктерге тоқталды. Айта кетейік, Сегізінші шақырылым барысында Қоғамдық палата 30 отырыс өткізіп, оның ішінде 10 көшпелі жиын ұйымдастырды. Нәтижесінде Мәжілістің салалық комитеттері мен мемлекеттік органдарға 500-ден астам ұсыныс жолданды. Қоғамдық палата ел дамуының өзекті мәселелері бойынша ашық әрі сындарлы диалог алаңына айналып, заң шығару процесіне белсенді үлес қосты. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Быть готовым к переменам, постоянно развиваться, искать новые возможности и оставаться верным своим принципам. Эти четыре правила Маулен Ашимбаев назвал ключевыми ориентирами для молодых профессионалов в условиях стремительно меняющегося мира. По его словам, сегодня особенно важно рассчитывать на собственные знания, опыт и профессиональные компетенции. Именно они помогают сохранять устойчивость в условиях глобальной неопределенности и находить новые возможности для роста и развития. Спикер Сената также подчеркнул, что главным принципом для каждого гражданина остается служение своей стране и вклад в развитие Казахстана. 🚀@senate_kz
Павлодарда өткен Жобалық кеңсенің көшпелі отырысында жылу беру маусымына дайындық пен Ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Павлодарда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының Жобалық кеңсесінің көшпелі отырысын өткізді. Қатысушылар өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын, жергілікті атқарушы органдардың қатысу рейтингтерін, сондай-ақ бұрын берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады. ➖ Подготовку к отопительному сезону и реализацию Нацпроекта МЭКС обсудили на выездном заседании Проектного офиса в Павлодаре Заместитель Премьер-министра Канат Бозумбаев провел в Павлодаре выездное заседание Проектного офиса Национального проекта «Модернизация энергетического и коммунального секторов». Участники обсудили подготовку регионов к предстоящему отопительному сезону, ход реализации проектов модернизации коммунальной инфраструктуры, рейтинги вовлеченности местных исполнительных органов, а также исполнение ранее данных поручений. 📱@KZgovernment
В Астане состоялась презентация книги о реформах Главы государства «Логика реформ. Семь глав казахстанской истории будущего». Автором издания выступил Спикер Сената Парламента. Как отметил Маулен Ашимбаев, книга посвящена осмыслению масштабных преобразований, реализуемых в Казахстане по инициативе Президента страны Касым-Жомарта Токаева. Это не просто анализ реформ, а приглашение к размышлению о путях развития страны, философии перемен и роли каждого гражданина в построении Справедливого Казахстана. 🚀@senate_kz
Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысында Қазақстан-Түрікмен ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары қаралды 📌Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Нөкерғұлы Атағұлыевтің тең төрағалығымен Экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, мұнай-газ салаларын және білім беру, мәдениет мәселелерін талқылады. ҚР вице-премьері Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан екіжақты қатынастардың барлық бағытын дамытуға дайын екенін атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды. ➖ Текущее состояние и перспективы развития казахстанско-туркменского сотрудничества рассмотрены в ходе заседания Межправкомиссии 📌Под сопредседательством заместителя Премьер-министра – руководителя Аппарата Правительства Республики Казахстан Галымжана Койшыбаева и заместителя Председателя Кабинета Министров Туркменистана Нокергулы Атагулыева состоялось заседание казахстанско-туркменской Межправительственной комиссии по экономическому, научно-техническому и культурному сотрудничеству. Стороны обсудили вопросы торгово-экономического сотрудничества, промышленной кооперации, сельского хозяйства, транспортно-логистической сферы, нефтегазовой отрасли, образования и культуры. Вице-премьер РК Галымжан Койшыбаев отметил готовность Казахстана к развитию всего комплекса двусторонних отношений. По итогам заседания подписан итоговый протокол. 📱@KZgovernment
🔹 Қазақстан мен Оңтүстік Корея парламентаралық диалогты нығайтуда 🔸 Казахстан и Южная Корея укрепляют межпарламентский диалог 🔹 Kazakhstan and South Korea Strengthen Inter-Parliamentary Dialogue @PressMFAKZ
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам цифровизации, защиты персональных данных, дорожного движения и регулирования передовых технологий на транспорте» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования исполнительного производства» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам развития машиностроения и транспорта» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. **** ✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам науки, наукоемких территорий, социального обеспечения, образования, здравоохранения и воинской службы» Текст Закона публикуется в печати. t.me/aqorda_resmi
📍 Брюссель, Бельгия 📅 2026 жылғы 22 маусым Брюссель қаласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға арналған халықаралық бизнес-конференция өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында ұйымдастырылып, оған Еуропаның мемлекеттік органдарының, қаржы институттарының және DHL, Maersk, ЕҚДБ сияқты жетекші логистикалық компаниялардың 100-ден астам өкілі қатысты. Конференция 2026 жылғы Орта дәліздің даму перспективаларын және Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайту мәселелерін талқылауға арналған негізгі алаңдардың біріне айналды. Іс-шара аясында бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойылды. Қазақстанның Көлік министрлігі мен SITA әуежайларды цифрландыру және биометриялық технологияларды енгізу туралы келісімге келді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе – Ұлғайсын автожолы жобасы бойынша ЕҚДБ-мен қарыз келісіміне қол қойды. KTZ Express румындық Мидия портындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Midia Marine Terminal компаниясымен келісімге қол қойып, сондай-ақ Maersk компаниясымен контейнерлік тасымалдарды дамыту бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді. Сонымен қатар, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов бастаған делегация жылжымалы құрамды жаңғырту және көлік саласын цифрлық трансформациялау мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді. Конференция қорытындысы Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлінің артып келе жатқанын және еуропалық серіктестердің Орта дәлізді дамытуға жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетті.