POLISIA.KZ » публикация №17443
🚨 ШҚО-да жарықшамдар орнатып, жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды Тексеруге құқық бұзушының өзі әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы негіз болды. Кадрда жеңіл автокөлік жүргізушісінің қос тұтас сызықты кесіп өтіп, қарсы жолаққа шыққаны, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету сияқты қауіпті маневрлер жасағанын көруге болады, сондай-ақ қызыл-көк түсті жарықшамдарды заңсыз пайдаланған. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол облыс орталығының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Азаматқа қатысты бірнеше бап бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Түпкілікті шешім қабылданғанға дейін оның автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылды. Енді қауіпті жүргізуді ұнатқан азаматтың алдағы тағдырын сот шешеді. Қолданылуы мүмкін жауапкершілік шараларының бірі – көлік құралын басқару құқығынан айыру. Полиция мұндай әдейі жасалатын өрескел құқық бұзушылықтар құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін атап өтті. — Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысы заң талаптарын сақтауға міндетті. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады, — деді Өскемен қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Ғабит Абенов. #ЗАҢМЕНТӘРТІП *** 🚨 Лихача со "стробоскопами" привлекли к ответственности в ВКО Основанием для проверки стало видео, опубликованное самим нарушителем в социальных сетях. На кадрах видно, как водитель легкового автомобиля пересекает двойную сплошную линию разметки, выезжает на встречную полосу, проезжает на запрещающий сигнал светофора, а также незаконно использует проблесковые маячки красно-синего цвета. Сотрудники батальона патрульной полиции оперативно установили личность нарушителя. Им оказался 18-летний житель областного центра. В отношении гражданина составлены административные материалы по нескольким статьям, которые направлены в суд. До принятия окончательного решения его автомобиль помещен на специализированную стоянку. Теперь дальнейшую судьбу любителя опасной езды решит суд. Одной из возможных мер ответственности является лишение права управления транспортными средствами. В полиции отметили, что подобные умышленные грубые нарушения находятся на особом контроле правоохранительных органов. — Каждый участник дорожного движения обязан соблюдать требования законодательства. Любые действия, создающие угрозу жизни и здоровью граждан, будут пресекаться в строгом порядке, — отметил командир батальона патрульной полиции УП города Усть-Каменогорска Габит Абенов. #ЗАКОНИПОРЯДОК 📱 POLISIA.KZ
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























