ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ » публикация №6789
Қазақстанның Жоғарғы Сотына Түркияның кассациялық сотының делегациясы келді 🎥 Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері Ұйымының жоғары соттарының екінші конференциясына қатысу үшін Қазақстанға келген Түркия кассациялық сотының төрағасы Омер Керкезмен кездесті. ◾️ Кездесуге ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық және қылмыстық сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов пен Назгүл Рахметуллина, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және оның бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов қатысты. ◾️ Түрік делегациясының құрамында азаматтық істер жөніндегі палатаның төрағасы Шерафеттин Озюрур, кассациялық соттың судьялары, сондай-ақ Елшілік өкілдері болды. ◾️ Қонақтарға ілтипат білдіре отырып, А.Мерғалиев Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастық пен сындарлы кәсіби диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. ◾️ Ол аталған кездесу серіктестік байланыстарды нығайту және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша озық тәжірибелермен алмасу үшін тағы бір мүмкіндік болғанын атап өтті. ◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы қонақтардыҚазақстанның сот жүйесінің ерекшеліктерімен, сот жүйесіндегі өзгерістермен, оның ішінде кассациялық соттардың құрылуымен және қазіргі жағдайда Жоғарғы Соттың рөлінің өзгеруімен таныстырды. ◾️ Өз кезегінде О.Керкез Қазақстан соттарында жүргізіліп жатқан реформалар мен цифрландырудың қол жеткізілген деңгейін жоғары бағалады. ◾️ Қонақтар қазақстандық тәжірибеге үлкен қызығушылық танытып, бірқатар сұрақ қойып, оларға толық жауаптар алды. ◾️Тараптар сот ісін жүргізуде цифрлық технологияларды дамыту, судьялар корпусы үшін білім беру бағдарламалары, заманауи IT-шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. ◾️ Түрік әріптестер Қазақстанның сот жүйесінің негізгі цифрлық өнімдерімен және оларды сот қызметінде қолдану практикасымен таныс болды. ◾️ ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратына экскурсия барысында Н.Ахметзакиров сот отырысы залдарын жарақтандыру туралы айтып, Интернет-соттың және барлық соттардың қызметін талдау және мониторингілеу жөніндегі Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстырды. ◾️ Қонақтарға отандық IT-әзірлемелердің мүмкіндіктері, жасанды интеллект элементтерін пайдалану тетіктері және ауқымды деректерді талдау құралдары көрсетілді. Олар судьяның сот отырысының электронды залындағы жұмысын көре алды және іс жүзінде цифрландыру сот төрелігінің, сондай-ақ сот әкімшілендіруінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қалай ықпал ететіндігімен танысып шықты. ◾️ Тараптар Қазақстан мен Түркияның сот органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүдделілігін растады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























