ҚТЖ PRESS » публикация №13405
🗣Қазақстанның көлік саласына инвестициялар 🔵Брюссельде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан және ЕО байланысын нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты халықаралық бизнес-конференция өтті. 🔵Іс-шара 2026 жылы мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттарының және Еуропаның жетекші көлік-логистикалық компанияларының 100 астам өкілдерін біріктіре отырып, Орта дәлізді дамыту перспективаларын талқылауға арналған ірі халықаралық алаңдардың біріне айналды. 🔵Форумның практикалық нәтижесі Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамытуға бағытталған жалпы сомасы 462 млн АҚШ долларын құрайтын төрт уағдаластыққа қол жеткізу болды. 🔵Атап айтқанда, SITA мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасында биометриялық сәйкестендіруді қоса алғанда, мемлекеттік әуежайларды кешенді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында «Ақтөбе – Ұлғайсын» жобасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды. 🔵ҚТЖ-ның еншілес компаниясы – KTZ Express Румынияның Мидия портында бірлескен жобаны іске асыру туралы Midia Marine Terminal компаниясымен келісімге қол қойды. Жоба Қара теңіздегі маршруттың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 🔵Сонымен қатар, KTZ Express және A. P. Moller – Maersk ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту және маршрутқа қосымша жүк ағындарын тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді. 🔵Іс – шараға Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Еуропалық инвестициялық банктің өкілдері, сондай-ақ DHL Global Forwarding, HHLA International, RHENUS, Hellmann Worldwide Logistics, Ahlers Logistics и A.P. Moller – Maersk жетекші халықаралық компанияларының басшылары қатысты. 🔵Конференцияда сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қазақстанның көлік инфрақұрылымын және халықаралық терминалдық желіні одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларын ұсынды, олардың Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту үшін маңыздылығын атап өтті. 🔵Іс-шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық кеңес президенті Антонио Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапары аясында өтуде. 🔵Конференция қорытындысы Қазақстанның трансқұрлықтық логистикадағы көшбасшылығын бекіте отырып, Еуропалық әріптестердің Орта дәлізді дамытуды жеделдетуге дайындығын растады.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























