ҚТЖ PRESS » публикация №13399
🗣Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда 🔵Бельгия астанасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ҚР-ның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан мен ЕО байланысын нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты Халықаралық бизнес-конференция өтуде. 🔵Іс-шара Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдерінен 100 астам жоғары дәрежелі қатысушыларды біріктірді. Олардың ішінде: Еуропалық парламент депутаттары; Еуропалық комиссия өкілдері; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Үкіметінің басшылары; «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы; халықаралық қаржы институттарының (ЕҚДБ, ЕИБ) өкілдері; ірі көліктік-логистикалық компаниялар, жүк иелері және салалық қауымдастықтар. 🔵Конференцияда ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, Еуропалық парламенттің, ҚТЖ басшылығының өкілдері, сондай-ақ DHL Global Forwarding, Alstom, DB Cargo, HHLA International, RHENUS, Hellmann Worldwide Logistics, Ahlers Logistics және A.P. Moller – Maersk сияқты ЕО жетекші логистикалық корпорацияларының топ-менеджменті негізгі баяндамалар жасады. Конференция Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық Кеңес Президентінің шақыруымен Бельгия Корольдігіне ресми сапары аясында өтуде. 🔵Бұл алаң жоғары деңгейдегі стратегиялық диалогтың практикалық жалғасы болып табылады. Мемлекет басшысының сапары аясында Еуропалық Кеңес Президенті Антонио Коштамен; Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен; Бельгия Премьер-Министрі Барт де Вевермен маңызды келіссөздер жоспарланған. 🔵Қатысушылар назарында Орта дәлізді дамытудың стратегиялық мәселелері, оның ішінде ТХКБ-ның өткізу қабілетін арттыру; теміржол, порт және терминалдық инфрақұрылымды жаңғырту; логистикалық процестерді цифрландыру; еуразиялық кеңістікте тұрақты жеткізу тізбегін қалыптастыру және басқалар бар. 🔵Пікірталас барысында Орта дәлізді Еуропалық Одақтың Global Gateway жаһандық бастамасымен интеграциялауға, сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия арасындағы көлік және цифрлық байланысты кеңейтуге ерекше назар аударылады. 🔵Делегаттардың жоғары мәртебесі және ҚР Президентінің күн тәртібімен синергия Еуразия мен ЕО арасындағы негізгі транзиттік-логистикалық хаб мәртебесін Қазақстанға бекіте отырып, Еуропалық институттардың, халықаралық қаржы ұйымдары мен бизнестің орта дәлізді дамытуға өсіп келе жатқан қызығушылығын растайды. 🔵Анықтама: Еуропалық кеңес – бұл ЕО елдерінің мемлекет және үкімет басшылары кіретін орган. Ол Еуропалық одақ дамуының негізгі саяси бағыттары мен стратегиялық басымдықтарын анықтайды, бірақ әдетте заңдар қабылдамайды. Еуропалық комиссия – ЕО-ның атқарушы органы. Ол заң жобаларын әзірлейді, Еуропалық Одақ заңдарының орындалуын қадағалайды, ЕО бюджетін басқарады және жекелеген елдердің орнына бүкіл одақтың мүдделерін білдіреді.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























