ҚТЖ PRESS » публикация №13394
✅ҚМГ мен ҚТЖ Қазақстандағы мұнай өнімдерінің логистикасына өтпелі цифрлық бақылауды қамтамасыз етті 🔵«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) мұнай өнімдерін жеткізу тізбегінің цифрлық мониторингін белсенді дамытуды жалғастыруда. Осы бағыт шеңберінде ҚМГ диспетчерлік‑талдау орталығының (ДТО) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) жүйелерімен интеграциясы іске асырылды. 🔵ҚМГ ДТО мұнай өңдеу зауыттарын қоса алғанда, компанияның барлық активтерінен жедел деректерді жинап, жөнелту бағытын қадағалайды және мұнай өнімдерін теміржол станцияларына жеткізу уақытын есептейді. 🔵2025 жылдың соңында ҚМГ ДТО жүйелерін ҚТЖ «Бас есептеу орталығы» филиалының елішілік орналасу және мұнай өнімдерін импорттау жөніндегі деректерімен интеграциялау жүргізілді. Бұл Қазақстан аумағы бойынша мұнай өнімдерінің қозғалысы мен көлемін, соның ішінде импорттық т/ж жеткізілімдерін (күн сайын) бүкіл жүру бағыты бойынша сағат сайын қадағалауға мүмкіндік берді. 🔵Әрбір вагон-цистерна қозғалысының визуалдық мониторингі іске асырылды: жүйе тиеуден бастап вагонның орналасқан жерін, сондай-ақ тасымалдаудың әрбір кезеңіндегі (келу, жөнелту, тиеу, түсіру және т.б.) күндер мен мәртебелерді көрсетеді. 🔵Цистерналардың тоқтап қалуының автоматты мониторингі енгізілді. Жүйе станциялардағы кідірістерді тіркейді, бұл логистиканың проблемалық аймақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерінің талдамалық рейтингі қалыптастырылуда. 🔵Жалпы, ҚМГ-ның ҚТЖ жүйелерімен интеграциясы логистиканы цифрландырудағы маңызды қадам болды, бүкіл Қазақстан бойынша мұнай өнімдерін жеткізу тізбегін жедел мониторингілеуге және неғұрлым дәл басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. 🔵Жоба екі ірі ұлттық компанияның тиімді өзара іс-қимылы мен үйлесімді жұмысының арқасында іске асырылды. 🔵Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысы жариялаған цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылды.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























