ҚТЖ PRESS » публикация №13374
🗣2026 жылдың бес айында ҚТЖ желісінде 130 млн тоннадан астам жүк тасымалданды ▶️2026 жылғы қаңтар – мамыр қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 131 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% өсті. Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 68 млн тоннаға жетті, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% өсіп, 38,2 млн тоннаны құрады. ▶️Есепті кезеңде ҚТЖ-ның бүкіл желісі бойынша 43,3 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар – мамыр көрсеткішінен 3% артық. Жалпы көлемнің 29,8 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға бағытталса, бұл өткен жылғы деңгейден 2% артық. Экспортқа 13 млн тонна көмір жөнелтілді, өсім 7% құрады. ▶️Астық тасымалдауда оң қарқын байқалды. 2026 жылдың бес айында 6,3 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% артық. Астық экспорты 11% өсіп, 4,9 млн тоннаға жетті. Экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 18% ұлғайып, 1 млн тоннаны құрады. ▶️Ағымдағы жылдың қаңтар – мамыр айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кен тасымалы 8,6 млн тоннаны, құрылыс материалдары 7,1 млн тоннаны құрады. ▶️Жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша өсім тіркелді: 12,1 млн тонна мұнай жүктері (+4,3%), 6,8 млн тонна қара металдар (+11,4%), 9,5 млн тонна темір рудасы (+13,3%) тасымалданды. ▶️Жүк тасымалының тұрақты оң қарқыны теміржол көлігі қызметтеріне жоғары сұраныстың сақталуын және ел экономикасы мен отандық өнімді экспорттық жеткізуді сенімді көліктік қамтамасыз ететіндігін айғақтайды.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























