Олжас Бектенов: «Самұрық-Қазына» қоры барлық күш-жігерін Президенттің экономикалық өсім бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыруға жұмылдыруы керек 📌 Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Олжас Бектенов Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттерді жедел орындаудың маңыздылығын атап өтті. «Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша күш-жігерді арттыруды тапсырды. Президент экономикалық өсу, көлік-логистикалық, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Еліміздің инфрақұрылымдық қаңқасын нығайту жолында "Самұрық-Қазына" қоры да маңызды рөлге ие. Барлық жауапты мемлекеттік органдар, оның ішінде Қор басшылығы мен топтың компаниялары өздерінің күш-жігері мен ресурстарын барынша жұмылдырып, аталған ауқымды жұмысқа дереу кірісуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Директорлар кеңесі отырысының күн тәртібінде Қор қызметінің негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды. «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Мемлекет басшысының экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қор соңғы үш жылда жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 35-тен астам инвестициялық жобаны аяқтағанын баяндады. Жаңа энергетикалық қуаттар мен электр желісі инфрақұрылымының нысандары пайдалануға берілді, мұнай-газ саласының нысандары жаңғыртылды, теміржол желілері мен контейнерлік хабтарды қоса алғанда, көлік инфрақұрылымы кеңейтілді. Сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және өңірлерді газбен қамту жобалары жүзеге асырылды. Қордың мәліметі бойынша биыл жалпы құны 3,3 трлн теңге болатын 16 инвестициялық жобаны аяқтау жоспарланып отыр. Көлік саласында «Мойынты – Қызылжар» және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілерінің құрылысы, «Алтынкөл – Жетіген» және «Бейнеу – Маңғыстау» учаскелерін жаңғырту, Достық – Алашанькоу учаскесінде екінші жолдарды салу, сондай-ақ теміржол учаскелерінде автобұғаттау жүйесін енгізу көзделген. Мұнай-газ және энергетика салаларында жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын, Air Liquide Munay Tech Gases компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Павлодар мұнай-химия зауытындағы сутегі өндіру қондырғысының, Алматы ЖЭО-2-нің, Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының, сондай-ақ ENI компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан гибридті электр станциясының құрылысын аяқтау көзделген.
#государство — страница 49
Архив раздела #государство, страница 49. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
🔗 Енді Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет – Біздің Президент @ptrkkz
🧷Біз ел Тәуелсіздігінің мызғымас тұғыры мен іргетасын көздің қарашығындай сақтап, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре түсуге міндеттеміз – Мемлекет басшысы @ptrkkz
🧷 Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алдымызда тұрған аса ауқымды әрі күрделі міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін табанды, нәтижелі еңбек етуіміз керек» @ptrkkz
🧷 Экономикадан бастап қоғамдық құндылықтар жүйесіне дейін – ел өмірінің барлық саласында ауқымды өзгерістер жасалды – Мемлекет басшысы @ptrkkz
⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев: «Парламент мемлекетіміздің басты өкілді органы қоғамның түрлі саласындағы кәсіби мамандарды бір мақсатқа тоғыстырды. Елімізде саяси және заңнамалық тұрғыдан сапасы жоғары парламенттік мәдениет қалыптасты» @ptrkkz
📌 Біздің Президент: «Парламенттің әрбір шақырылымы Қазақстанның алға қарай нық сеніммен қадам басуына зор серпін берді, басқаша айтсақ, ұлтымыздың эволюциялық өрлеу жолының жарқын үлгісіне айналды» @ptrkkz
Депутаттар бірлескен отырыстың кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берді. 📆30 маусым 2026. Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз. 📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Стартовал проект реконструкции автомобильной дороги Жезказган – Караганда Первый заместитель Премьер-министра РК Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в область Ұлытау принял участие в официальной церемонии запуска проекта реконструкции автомобильной дороги Жезказган – Караганда. Общая протяженность автодороги составляет 572 км, из которых 335 км проходят по территории области Ұлытау. В торжественной церемонии начала реализации проекта приняли участие председатель правления АО «НК «КазАвтоЖол» Дархан Имашев, аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, а также представители государственных органов и подрядных организаций. «Это один из самых важных и долгожданных проектов, который находится на личном контроле Главы государства. Сегодня мы официально даем старт его реализации. Согласно плану, завершение проекта намечено на 2029 году. Вместе с тем мы проведем переговоры с подрядными организациями и поставим перед ними соответствующие задачи. Наша главная цель — ускорить темпы строительства и по возможности завершить проект уже в 2028 году», — отметил Нурлыбек Налибаев. Выступая на мероприятии, аким области Ұлытау Дастан Рыспеков подчеркнул стратегическое значение данного проекта для региона. «Эта автодорога соединяет Астану с южными регионами страны через область Ұлытау. Поэтому реконструкции этой республиканской трассы давно ждали не только жители нашего региона, но и тысячи водителей и пассажиров, ежедневно пользующихся этим маршрутом. Решение вопроса финансирования и начало реализации проекта стали по-настоящему долгожданной и радостной новостью. Пользуясь случаем, выражаю искреннюю благодарность Главе государства, Правительству, а также всем, кто принимает участие в реализации этой важной инициативы», — сказал аким области. Реконструкция автомобильной дороги Жезказган – Караганда позволит вывести транспортную инфраструктуру региона на качественно новый уровень, повысить безопасность дорожного движения, улучшить условия для грузовых и пассажирских перевозок, а также станет важным стимулом для дальнейшего социально-экономического развития области Ұлытау. 📱@KZgovernment
Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасының ресми басталуына қатысты. Жобаның жалпы ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Республикалық маңызы бар жол құрылысының басталу рәсіміне «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы, ел үшін айрықша маңызы бар әрі көптен күткен жоба. Бүгін оның құрылысына ресми түрде бастау беріліп отыр. Жоспарға сәйкес жоба 2029 жылы аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, тиісті міндеттер жүктейміз. Негізгі мақсатымыз – құрылыс қарқынын жеделдетіп, жобаны мүмкіндігінше ертерек, яғни 2028 жылы аяқтау», — деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев. Іс-шара барысында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков аталған жобаның өңір үшін стратегиялық маңызына тоқталды. «Бұл жол Астана мен еліміздің оңтүстік өңірлерін Ұлытау арқылы байланыстыратын маңызды көлік дәлізі. Сондықтан республикалық маңызы бар автожолды жаңғыртуды облыс тұрғындары ғана емес, күн сайын осы бағытта қатынайтын мыңдаған жүргізуші мен жолаушы көптен бері күтті. Қаржыландыру мәселесі шешіліп, жобаның нақты жүзеге аса бастауы – барша жұртшылық үшін қуанышты жаңалық. Осы маңызды бастаманың жүзеге асуына қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына, Үкіметке, сондай-ақ жобаны іске асыруға атсалысып жатқан барлық азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін», — деді облыс әкімі. Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту өңірдің көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін жақсартуға, сондай-ақ Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді. 📱@KZgovernment
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Оспанбеков Амирбек Канатбекович освобожден от должности руководителя Представительства Президента Республики Казахстан в Парламенте Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды. ✍️ Распоряжением Главы государства Азильханов Марат Алмасович освобожден от должности заместителя Председателя Ассамблеи народа Казахстана, заведующего Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана Администрации Президента Республики Казахстан. t.me/aqorda_resmi
Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің алаңында Қазпошта қызметінің шарттарын жетілдіру жайы талқыланды 📌 Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселенің бірі – ұлттық пошта байланысы операторы «Қазпошта» АҚ қызметін салықтық реттеудің жекелеген аспектісі. Талқылау түйіні, «Қазпошта» АҚ Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2027 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде әмбебап пошта қызметін қаржыландыруды жетілдіру ісін пысықтауы қажет. ➖ На площадке Проектного офиса внедрения Налогового кодекса обсудили вопросы совершенствования условий деятельности Казпочты 📌Под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина состоялось заседание Проектного офиса внедрения нового Налогового кодекса. Одним из вопросов повестки стали отдельные аспекты налогового регулирования деятельности национального оператора почтовой связи – АО «Казпочта». По итогам обсуждения АО «Казпочта» совместно с Министерством финансов поручено проработать вопрос совершенствования механизмов финансирования универсальных почтовых услуг при формировании проекта республиканского бюджета на 2027 год. 📱@KZgovernment
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. ✍️ Указом Главы государства Карин Ерлан Тынымбайулы назначен первым заместителем Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан. Он освобожден от ранее занимаемой должности. t.me/aqorda_resmi
30 лет законодательной деятельности, развития парламентаризма и взаимодействия с обществом. За три десятилетия Сенат прошел большой путь, став важной частью развития казахстанского общества и законодательной системы страны. Главные цифры, факты и результаты работы Палаты - в нашей карусели. 🚀@senate_kz
30 жыл бойы заң шығару қызметі, парламентаризмді дамыту және қоғаммен өзара іс-қимыл мінсіз жүзеге асырылды. Сенат үш онжылдықта өркендеу жолынан өтті, қазақстандық қоғам мен еліміздің заңнамалық жүйесін дамытудың маңызды бөлігіне айналды. Палатаның басты көрсеткіштері, деректер мен қорытындылар біздің карусельде. 🚀@senate_kz
⚡️Президент: «Особые слова признательности хочу адресовать фракции и всем членам партии AMANAT за активную и созидательную позицию. Вы на деле демонстрируете пример подлинного патриотизма и гражданской ответственности. На недавнем партийном съезде было принято важнейшее стратегическое решение о присоединении к новой партии «Әділет». Всецело приветствую и поддерживаю этот поистине исторический шаг. Консолидация всех прогрессивных общественно-политических сил вокруг общенациональных ценностей и целей придаст значимый импульс проводимым в стране глубинным реформам. В конечном счете, у всех нас одна цель – создание цивилизованного и передового государства, открывающего путь в светлое будущее для молодого поколения. У нас нет другой Родины, кроме Казахстана. Успешное развитие нашей страны нужно только нам самим. Если мы сможем сплотиться как единая нация, мы покорим любые вершины и достигнем всех намеченных целей. Мы укрепим устои нашей священной Независимости и построим Справедливый, Сильный, Безопасный, Чистый и Передовой Казахстан. Я твердо верю в это! Самоотверженно трудиться на этом пути – сыновний долг каждого гражданина. Пусть в нашей стране всегда царят мир и благополучие! Пусть будет вечной наша Родина!» t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Сондай-ақ бүгін мен «AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіздер. Саяси ұйымның таяуда өткен съезінде «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын. Бүгінгі таңда барлық озық әрі жасампаз күштер жалпыұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттарға бірігуде. Мұндай қадам елімізде қолға алынып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін берері сөзсіз. Түптеп келгенде, баршамыздың мұратымыз – бір. Бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын өркениетті әрі озық мемлекет құру. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің ойдағыдай дамуы бізге ғана керек. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек, біз кез келген белесті бағындырамыз, көздеген мақсатымыздың бәріне қол жеткіземіз. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін! Осы жолда аянбай еңбек ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!» t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Курултай – важнейший символ Нового Казахстана. Поэтому в его состав должны войти истинные патриоты, инициативные и государственно мыслящие личности – то есть лучшие из лучших. Ведь именно по работе Курултая народ будет оценивать, насколько результативными оказались реформы. В этот важный момент я хочу еще раз выразить искреннюю благодарность руководству и депутатам Сената и Мажилиса за добросовестный и упорный труд на благо страны. Вы смело поднимали насущные проблемы народа, последовательно отстаивали национальные интересы. Новый этап – это время новых возможностей. Думаю, что ряд депутатов перейдет в состав Курултая и продолжит трудиться во благо страны. Считаю, что и в Қазақстан Халық Кеңесі должны быть такие квалифицированные граждане, как вы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды. Осындай маңызды сәтте мен тағы бір мәрте Сенат пен Мәжілістің басшылығына және депутаттарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Себебі сіздер мемлекетіміздің игілігі үшін адал әрі қажырлы еңбек еттіңіздер. Жұрттың мұң-мұқтажын батыл көтеріп, ұлт мүддесін бәрінен биік қоя білдіңіздер. Жаңа кезең – жаңа мүмкіндіктер уақыты. Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек ете береді деп ойлаймын. Қазақстан Халық Кеңесінде де өздеріңіз секілді білікті азаматтар болуы керек деп санаймын». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Вступление в законную силу новой Конституции – это историческое событие, оказывающее прямое влияние на судьбу нации. Наш Основной закон открывает путь к этапу масштабных общественно-политических процессов. В связи с этим мною будет подписан ряд документов, в том числе Указ о проведении выборов в Курултай. Соответственно, конкуренция между партиями также усилится. Мы как созидательная нация должны провести и эту политическую кампанию на высоком уровне. Предстоящие выборы должны стать примером открытой, честной и справедливой политической конкуренции. Народ Казахстана – это главная движущая сила коренных преобразований, происходящих в обществе. Наши граждане на деле доказывают, что они неравнодушны к будущему страны и способны сделать осознанный выбор в решающий момент. Эти качества присущи исключительно нациям, отличающимся высокой ответственностью, крепким единством, сильным духом и богатой культурой. Участие в выборах означает причастность к делам государственной важности. В этой связи хочу высказать уверенность в том, что наши соотечественники примут самое активное участие в предстоящей электоральной кампании». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Тұғырына қонған Ата заңымыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістер кезеңіне жол ашады. Осыған орай, мен бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоямын. Соған сәйкес партиялар арасындағы бәсеке де жандана түседі. Біз жасампаз ел ретінде осы саяси науқанды да жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс. Қазақстан халқы – қоғамда жасалып жатқан түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Азаматтармыз елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін айқын көрсетіп келеді. Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы және мәдениеті биік ұлттарға ғана тән қасиет. Сайлауға қатысу – елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін». t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Осознанное лидерство вы проявили при продвижении концепции «Адал Азамат» и общенационального проекта «Таза Казахстан», заложивших основы новой прогрессивной общественной этики. Парламентская деятельность стала зримым воплощением принципа «Закон и Порядок», всемерно способствуя его укоренению в государственной политике и превращению в неотъемлемую часть общенациональной идентичности. Наряду с этим депутатский корпус внес весомый вклад в укрепление международных позиций Казахстана как ответственной и влиятельной средней державы. Через активную деятельность в межпарламентских ассамблеях, зарубежные визиты и участие в представительных форумах наши законодатели выстроили доверительный и продуктивный диалог с иностранными коллегами и глобальными институтами. Важнейшим элементом нашей прагматичной внешней политики традиционно являлись Съезды лидеров мировых и традиционных религий. Секретариат этой авторитетной диалоговой площадки долгие годы успешно работал под эгидой Сената. Курултаю, который станет главным законодательным органом, предстоит обеспечить органичную преемственность по всем ключевым направлениям деятельности, сохранить глубокую институциональную память и бережно развивать уникальную парламентскую культуру. Высший представительный орган страны призван внести определяющую лепту в построение Справедливого Казахстана – государства равных возможностей для всех и каждого, а также активно работать в этом направлении. Уверен, что с честью реализуя свою ответственную законодательную миссию, Курултай будет всемерно содействовать утверждению в нашем обществе незыблемых принципов Закона и Порядка, Трудолюбия и Прогресса, Чистоты и Природолюбия». t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы қоғамда жаңа этиканы қалыптастыруға арқау болды. Депутаттар осы жалпыұлттық бастамалардың мән-маңызын халыққа түсіндіруге және іске асыруға белсене атсалысты. Парламенттің қажырлы қызметінің арқасында «Заң мен тәртіп» қағидаты мемлекет саясатында түбегейлі орнығып, ұлт болмысының ажырамас бөлігіне айнала бастады. Сонымен қатар Парламент депутаттары Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға елеулі үлес қосты. Сол арқылы еліміздің жауапты әрі ықпалды «орта держава» ретіндегі рөлі күшейе түсті. Депутаттар парламентаралық ассамблеялардың, шетелдік сапарлар мен форумдар аясында шетелдік әріптестерімен және жаһандық институттармен сенімді әрі нәтижелі байланыс орната білді. Осы тұста Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің жұмысын айрықша атап өту қажет. Беделді диалог алаңының хатшылығы ұзақ жыл бойы Сенат аясында табысты жұмыс істеп келді. Құрылтай басты заң шығарушы орган ретінде барлық бағыт бойынша сабақтастықты және институционалдық дәстүрді сақтап, жылдар бойы қалыптасқан бірегей парламенттік мәдениетті жоғалтпай, оны одан әрі дамытуға баса мән беруге тиіс. Еліміздің жоғары өкілді органы – Құрылтайдың негізгі мақсаты – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру ісіне атсалысу және осы бағытта белсенді жұмыс істеу. Бір палаталы өкілді орган өзінің заңнамалық миссиясын табысты орындай отырып, қоғамда Заң мен Тәртіп, Еңбексүйгіштік, Тазалық, Қоршаған ортаны қорғау сынды мызғымас құндылықтарды орнықтыра түсуге барынша ықпал етеді деп сенемін». t.me/aqorda_resmi
🇰🇿Бүгін Президенттің қатысуымен ел тарихындағы қос палаталы парламенттің соңғы бірлескен отырысы өтті. Ертеңнен бастап жаңа Ата Заң күшіне енеді. 🧷Осы орайда Мемлекет басшысының парламенттің соңғы отырысында сөйлеген негізгі сөздерін ұсынамыз: — «Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді» — «Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды» — «Тек кейінгі үш жылдың өзінде 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды. Олардың қатарында еліміздің алдағы биік белестерінің сенімді арқауы болатын, тарихи мәні зор конституциялық заңдар мен кодекстер бар» — «Біздің басты мұратымыз – халықтың әл-ауқатын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл көрсеткіштерді ұдайы көтеріп, осы үрдісті үздіксіз жалғастыра беруіміз қажет» — «Құрылтайдың алдында барлық бюрократиялық рәсім түріндегі кедергілерді жою, заң шығару ісінің жеделдігі мен сапасын арттыру, білікті сарапшылардың және консультанттардың қызметін тиімді ұйымдастыру міндеті тұр» — «Шын мәнінде, тиімді жұмыс істейтін қоғамдық институттары болса ғана, Озық және Әділетті мемлекет қалыптасады» — «Сол себепті, мен жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесін құруды ұсындым. Қазақстан Халық Кеңесі мәслихаттардың, қоғамдық кеңестердің, сарапшылар алаңы мен азаматтық қоғам ұйымдары өкілдерінің басын біріктіреді» — «Алдағы екі жылда тағы 200-ден астам өндіріс орны іске қосылмақ. Осы мақсатқа шамамен 3 триллион теңге инвестиция тартылады» — «Қаражат деген уақытша дүние, оның құны жыл сайын төмендеп бара жатыр, ал оны тиімді пайдалану, бұл – нақты нәтижелерге қол жеткізу, тиісті нысандарды өскелең ұрпақтарға аманат етіп қалдыру деген сөз» — «Әлеуметтік мемлекет боламыз деп, қаражатты талан-таражға салуға болмайды. Осындай қысқа, шолақ ойлы саясатты біздің ұрпақтарымыз түсінбейді де, кешірмейді де» @ptrkkz
⚡️Глава государства: «Помимо озвученных мною кодексов и законов, в фокусе деятельности Парламента находился огромный массив и других не менее важных вопросов. За период работы восьмого созыва депутаты подготовили свыше двух тысяч запросов, провели более 30 правительственных часов и 9 парламентских слушаний. Активно и плодотворно действовали профильные комитеты обеих палат. В будущем, с учетом перехода к однопалатному Курултаю, структура его комитетов должна отражать ключевые векторы и приоритеты государственной политики. Все эти годы депутатский корпус кропотливо выстраивал действенную систему «обратной связи» с гражданами через реализацию партийных проектов и регулярные выезды в регионы для встреч с избирателями. В ходе общественных приемов граждан учитывались их требования и решались насущные запросы. Парламент стал подлинным центром притяжения для авторитетных ученых, экспертов и гражданских активистов. Эта уникальная интеллектуальная экосистема опиралась на Клуб экспертов при Сенате и Общественную палату при Мажилисе, которые содействовали организации продуктивного диалога и всесторонней экспертизе законопроектов». t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы: Сегізінші шақырылым депутаттары Үкіметке 2 мыңнан астам сауал жолдады. Сондай-ақ 31 Үкімет сағатын және 9 Парламент тыңдауын өткізді. Қос палатаның комитеттері белсенді әрі жемісті жұмыс істеді. Бір палаталы Құрылтай жүйесіне көшкен соң заң шығарушы органның комитеттері де мемлекет саясатының басым бағыттарын негізге ала отырып, құрылғаны жөн. Осы жылдар ішінде депутаттық корпус азаматтармен ашық әрі тиімді байланыс жүйесін қалыптастырды. Атап айтқанда, партия жобаларын табысты жүзеге асырды. Сондай-ақ тұрақты түрде аймақтарға барып, жұртшылықпен кездесіп отырды. Қоғамдық қабылдаулар кезінде азаматтардың талап-тілектерін назарға алып, өзекті мәселелердің шешім табуына ықпал етті. Парламент беделді ғалымдарды, байыпты сарапшыларды және қоғам белсенділерін ортақ мүддеге біріктірген орталыққа айналды. Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Мәжіліс жанындағы қоғамдық палата осы бірегей зияткерлік экожүйенің берік тірегі болды. Бұл құрылымдар сындарлы диалогті дамытып, заң жобаларын жан-жақты талдауға жол ашты». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Чтобы стать созидательной нацией, стремящейся к новаторству, мы в первую очередь должны опираться на наши незыблемые ценности, богатую историю и культурное наследие. Через несколько дней мы всей страной отметим Национальный день домбры. Это особый праздник, который подчеркивает нашу самобытность и поднимает дух народа, особенно подрастающего поколения. Как писал выдающийся поэт Кадыр Мырза Али, «Нағыз қазақ – домбыра». Действительно, прославляя домбру, мы возносим на пьедестал наше национальное искусство. Домбра, являющаяся нашей священной ценностью, призвана стать уникальным брендом, представляющим наш народ во всем мире. В целом, государство не оставляет без внимания развитие духовной сферы. В это благородное дело весомый вклад внесли и вы – депутатский корпус. Конечно, в рамках одного доклада невозможно передать весь масштаб и фундаментальную значимость проделанной вами работы». t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Қашанда жаңашылдыққа ұмтылатын жасампаз ел болу үшін біз ең алдымен мызғымас құндылықтарымызға, бай тарихымыз бен мәдени мұрамызға арқа сүйеуіміз қажет. Бірнеше күннен кейін бәріміз бір ел болып «Ұлттық домбыра күнін» атап өтеміз. Бұл – болмысымызды айшықтайтын, жұртымыздың, әсіресе, өскелең ұрпақтың рухын көтеретін айрықша мереке. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – домбыра» деп жырлауы тегін емес. Расында, домбыраны ұлықтау арқылы біз төл өнерімізді төрге оздырамыз. Домбыра қастерлі құндылығымыз ретінде ұлтымызды әлемге танытатын бірегей брендке айналуы керек. Жалпы, мемлекет руханият саласын дамытуға әрдайым баса назар аударып келеді. Бұл тағылымды іске депутаттар корпусы – сіздер де зор үлес қостыңыздар. Әрине, сіздер атқарған ауқымды жұмыстың мән-маңызын бір ғана жиынның аясында жеткізу мүмкін емес». t.me/aqorda_resmi.
⚡️Глава государства: «В Казахстане выстроена многоуровневая и адресная система социальной помощи. Эта помощь должна направляться действительно нуждающимся людям. Поддержка оказывается в электронном формате с помощью технологических возможностей «Цифровой карты семьи». Благодаря настойчивости депутатов Парламента решен застарелый, крайне болезненный вопрос работников вредных производств, которые теперь имеют законное право на социальную выплату и переход на более легкий труд с 55 лет и до достижения пенсионного возраста. Широкую общественную поддержку получили ваши законодательные решения по защите прав женщин и детей, снижению уровня закредитованности населения и лудомании в обществе, противодействию наркопреступности и кибермошенничеству. Наша главная стратегическая цель – воспитать высокообразованную, физически и интеллектуально развитую, прогрессивную молодежь, способную на практике воплощать высшие конституционные принципы». t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 49
Это 49-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.