Life News Новостной агрегатор

#государство — страница 34

Тег: #государство · сбросить

Архив раздела #государство, страница 34. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.


Aqorda » публикация №32444
Aqorda » публикация №32444

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Президенттің пікірінше, Түркістан туралы айтқанда күллі түркінің рухани темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи тұлғасына тоқталмау мүмкін емес – Әзірет Сұлтан түркілік рух пен ислам өркениетін үйлестіре білді. Оның мәдени мұрасы Ұлы далада ғана емес, Анадолы жерінде де өшпес із қалдырды. Түркі әлеміне ортақ көптеген ғұламалар Әзірет Сұлтанның ізбасары саналады. Осы тұста әйгілі Юнус Эмрені ерекше атап өткеніміз жөн. Тұғырлы тұлғаның туындыларынан Ясауи ілімінің ықпалын анық көруге болады. Осындай үндестік қазақтың бас ақыны – хакім Абайдың шығармаларынан да байқалады. Түптеп келгенде, ұлы ғұламаның ғибратты жолы ұлтқа бағдар, ұрпаққа өнеге екені сөзсіз. Мен Ұлыстың ұлы күнінде киелі Түркістанға арнайы барып, Әзірет Сұлтан рухына құран бағыштадым. Сол сапарымда мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу туралы маңызды бастама көтердім. Бұл марапатты Қазақстанның дамуына айрықша еңбек сіңірген еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табыстау қажеттігі жөнінде айттым. Соған сәйкес тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл – шын мәнінде, беделі биік, бағасы жоғары марапат. Біз бұл орденді әзірлеген кезде ашық жасыл түске басымдық бердік. Асыл дінімізде осы түстің орны ерекше. Ал оның құрамындағы күміс – тазалықтың нышаны. Бір сөзбен, бұл – Әзірет Сұлтанның ұлағаты мен тағылымын дәріптейтін марапат. Жалпы, біз өз елімізде Қожа Ахмет Ясауидің бай мұрасын жүйелі түрде және кең ауқымда зерттеу жұмысын белсенді түрде жүргіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы Түркия Президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттау туралы шешім қабылдағанын, Режеп Тайип Ердоған – бұл орденнің тұңғыш иегері екенін атап өтті. – Мұның символдық мәні өте зор. Бұл марапат – ұлы бабамыз салған рухани бауырластық пен тарихи әділдік жолының жарқын үлгісі. Қадірлі Президент мырза, Сіздің Қазақ еліндегі беделіңіз өте жоғары. Халқымыз Сізді сыйлайды, жақсы көреді, қолдайды. Қадірлі досым, осы жоғары марапатты Сіздің түркі әлеміндегі көшбасшылық рөліңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыз. Сондай-ақ еліміздің Сізге және түрік жұртына деген шынайы құрметі, зор ризашылығы деп біліңіз. Өзіңізге зор денсаулық, ал барша түрік халқына амандық пен бақ-береке тілеймін! Қазақ-түрік достығы мәңгі болсын! – деді Президент. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32443
Aqorda » публикация №32443

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Глава государства вручил Президенту Турции орден Qoja Ahmet Yasaui ✔️Касым-Жомарт Токаев в своей речи назвал Реджепа Тайипа Эрдогана дальновидным лидером, ведущим свой народ вперед, и влиятельным политиком мирового уровня. – Благодаря эффективным реформам, реализованным по Вашей инициативе, Турция уверенно встала на путь устойчивого развития и процветания, добилась значительных успехов, стала влиятельной и могущественной державой. Мы искренне рады достижениям братского турецкого народа и неизменно желаем ему дальнейших успехов. Президент Эрдоган – выдающийся государственный деятель, последовательно отстаивающий принципы справедливости и ответственности в глобальной политике. Ваша концепция «Мир больше пяти» получила широкую известность. Это, безусловно, смелый призыв против неравенства в системе международных отношений. Кроме того, Вы играете особую роль в укреплении сотрудничества тюркского и исламского мира. Без преувеличения можно сказать, что Вы являетесь одним из самых авторитетных лидеров тюркского мира. Вы прилагаете неустанные усилия во имя укрепления духовного и политического единства братских стран. Благодаря прямой поддержке уважаемого Реджепа Тайипа Эрдогана Организация тюркских государств в короткие сроки превратилась во влиятельное объединение. Активизировалась деятельность таких важных институтов, как ТЮРКСОЙ, Парламентская ассамблея тюркских государств, Тюркская академия, Фонд тюркской культуры и наследия, Тюркский инвестиционный фонд. Мы высоко это ценим, – сказал Президент Казахстана. ✔️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан и Турцию связывают многовековые исторические узы. – У нас единые происхождение и вера, схожий менталитет. Имеющее глубокие корни братство казахского и турецкого народов сегодня переросло в стратегическое партнерство. Вы вносите неоценимый вклад в укрепление наших дружеских отношений и продвижение общих ценностей. От себя лично и от имени всего казахского народа позвольте выразить Вам искреннюю благодарность за это. Великая степь является прародиной тюркских народов, а Туркестан – ее сакральным наследием и духовной столицей. Этот священный город – символ единства и колыбель нашей самобытной цивилизации. Поэтому мы приняли решение провести именно в Туркестане неформальный саммит Организации тюркских государств, который начнет свою работу завтра. Уверен, что эта встреча будет способствовать дальнейшему сближению братских стран и укреплению их взаимодействия, – отметил Глава нашего государства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32442
Aqorda » публикация №32442

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. – Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды. Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек етіп жүрсіз. Қадірлі Режеп Тайип Ердоғанның тікелей қолдауының арқасында Түркі мемлекеттері ұйымы қысқа мерзім ішінде ықпалды құрылым ретінде қалыптасты. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестициялық қоры секілді маңызды институттардың жұмысы жандана түсті. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды. – Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен түрік жұртының тереңнен тамыр тартатын бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұласты. Сіз достық қарым-қатынасымызды нығайтуға, ортақ құндылықтарымызды дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сол үшін өз атымнан және барша Қазақ елі атынан Сізге зор алғыс айтамын. Ұлы дала – түбі бір түркі халықтарының атажұрты, ал, Түркістан – оның қастерлі қазынасы, рухани астанасы. Киелі шаһар тұтастығымыздың нышаны, төл өркениетіміздің алтын бесігі саналады. Сондықтан біз ертең өз жұмысын бастайтын Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістан төрінде өткізуді жөн көрдік. Алқалы жиын ағайын елдердің арасын жақындатып, ықпалдастығын күшейте түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32441
Aqorda » публикация №32441

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇹🇷Президент Турции выразил уверенность в том, что новая Конституция, получившая всенародную поддержку на республиканском референдуме, обеспечит дальнейшее укрепление единства Казахстана 🟦Реджеп Тайип Эрдоган также отметил, что турецко-казахские отношения укрепляются во всех сферах в рамках расширенного стратегического партнерства. – В ходе встречи мы обменялись мнениями по многим вопросам: от торговли до сотрудничества в отраслях энергетики, оборонной промышленности, транспорта и логистики. Мы также обсудили глобальную повестку дня. Подтвердили намерение довести двусторонний товарооборот до 15 млрд долларов. Для достижения этого показателя считаем важным обеспечить реализацию Плана действий из 67 пунктов, принятого на 14-м заседании Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству в Астане 15 апреля. Мы продолжим оказывать поддержку компаниям в сфере инвестиций. Считаю, что такие мероприятия, как сегодняшний бизнес-форум, объединяющие деловые круги двух стран, имеют большое значение для углубления наших торгово-экономических связей, – сказал лидер Турции. 🟦На заседании Совета с казахстанской стороны также выступили заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, председатель правления АО «Самрук-Казына» Нурлан Жакупов, с турецкой стороны – министр иностранных дел Хакан Фидан и министр торговли Болат Омер. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32440
Aqorda » публикация №32440

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇹🇷Режеп Тайип Ердоған республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция Қазақстанның ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді 🟦Сонымен қатар Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты. – Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті. 🟦Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Сауда министрі Болат Омер баяндама жасады. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32439
Aqorda » публикация №32439

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Отдельно в выступлении было подчеркнуто интенсивное развитие культурно-гуманитарных контактов между двумя странами 🟦В турецкой провинции Газиантеп, пострадавшей от мощного землетрясения в 2023 году, казахстанская сторона построила новую школу имени Ходжи Ахмеда Яссауи. 🟦Достигнута договоренность об открытии школ фонда «Маариф» в Астане и Алматы. 🟦В настоящее время порядка 14 тысяч граждан Казахстана обучаются в Турции, тогда как около 260 турецких студентов получают высшее образование в нашей стране. 🟦В ближайшее время в Шымкенте на базе педагогического университета начнет работать филиал турецкого университета Гази. 🟦В настоящее время турецкий бизнес эффективно представлен в ряде регионов Казахстана. 🟦Учитывая высокий потенциал туризма, Касым-Жомарт Токаев призвал турецких партнеров поделиться своим передовым опытом и инвестировать в развитие данной отрасли в Казахстане. 🟦Продолжает активно укрепляться партнерство в медицинской сфере. Турецкие фармацевтические гиганты Abdi İbrahim и Nobel запустили предприятие в нашей стране. 🟦Компания Orzax Group приступит к возведению завода по производству биологически активных добавок в Туркестанской области. 🟦Компания YDA Group участвует в строительстве многопрофильных больниц в Туркестане и Петропавловске. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32438
Aqorda » публикация №32438

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның мәдени-гуманитарлық байланыстары жылдан жылға күшейіп келе жатқанын жеткізді 🟦Атап айтқанда, 2023 жылы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Газиантеп провинциясында Қазақстан бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды. 🟦Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептерін ашу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. 🟦Қазақстанның 14 мыңға жуық азаматы Түркияда оқиды, ал 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда. 🟦Жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркиядағы Гази университетінің филиалы өз жұмысын бастады. 🟦Қазақстанның бірқатар аймағында туризм саласына маманданған түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатыр. 🟦Мемлекет басшысы бұл бағытта әлі де көптеген мүмкіндік бар екенін алға тартып, түрік бауырларымызды Қазақстанмен озық тәжірибесін бөлісуге, елімізге инвестиция салуға шақырды. 🟦Денсаулық сақтау саласындағы серіктестік те қарқынды дамып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ірі фармацевтика алпауыттары – Abdi İbrahim және Nobel компаниялары Қазақстанда өндіріс желілерін іске қосқанын атап өтті. 🟦Көп ұзамай Orzax Group компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыттың құрылысын бастайды. 🟦YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салып жатыр. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32437
Aqorda » публикация №32437

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Отдельное внимание на заседании было уделено кооперации в сфере сельского хозяйства 🟦В 2025 году торговля продукцией АПК выросла более чем на 25%, составив почти 360 млн долларов. 🟦Реализуется ряд инвестиционных проектов, в том числе компанией Tiryaki Agro – по производству глютена и компанией Alarko Holding – по строительству тепличного комплекса. 🟦Турецкой стороне также было предложено принять Дорожную карту по активизации взаимной торговли сельхозпродукцией на 2026-2028 годы. 🟦Далее в выступлении было отмечено, что в текущей геополитической ситуации возрастает стратегическая значимость транспортно-логистической сферы. 🟦Глава государства обратил внимание на растущий интерес других стран к Транскаспийскому международному транспортному маршруту и призвал турецкие компании к активному участию в проектах по увеличению грузоперевозок через порты Курык и Актау. 🟦Казахстан уделяет особое внимание сотрудничеству в области авиации. Компания TAV Airports Holding планирует развивать международный аэропорт Алматы как логистический хаб в Центральной Азии, и наша страна готова оказать всестороннюю поддержку этому проекту. 🟦Касым-Жомарт Токаев также рассказал о масштабной работе по улучшению инвестиционного климата. 🟦Он пригласил турецких партнеров к реализации проектов в несырьевых отраслях. 🟦Кроме того, были обсуждены перспективы взаимодействия в сферах энергетики, горнодобывающей промышленности, цифровизации и искусственного интеллекта, оборонного комплекса. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32436
Aqorda » публикация №32436

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастыққа айрықша мән берілді 🟦Былтыр екі елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі тауар айналымы 25 пайыздан асып, 360 миллион долларға жуықтаған. 🟦Бірқатар инвестициялық жоба іске асып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев Tiryaki Agro қолға алған глютен мен крахмал өндірісін, Alarko Holding салып жатқан жылыжай кешенін мысалға келтірді. 🟦Түркия тарапына Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын жандандыру жөнінде 2026-2028 жылдарға арналған жол картасын қабылдау ұсынылды. 🟦Жиында қазіргі геосаяси жағдайда көлік-логистика саласының стратегиялық маңызы арта түскеніне назар аударылды. 🟦Мемлекет басшысы бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне өзге елдердің қызығушылығы артып келе жатқанына тоқталып, түрік компанияларын Құрық, Ақтау порттары арқылы жүк тасымалын ұлғайтуды көздейтін жобаларға белсенді атсалысуға шақырды. 🟦Қазақстан авиация саласындағы ынтымақтастыққа да айрықша мән беріп отыр. Сондықтан Алматы халықаралық әуежайын Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде дамытуды көздеп отырған TAV Airports Holding компаниясының бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетіледі. 🟦Бұл ретте Мемлекет басшысы елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар, инвесторларға арналған жеңілдіктер жөнінде мәлімет берді. 🟦Сонымен қатар Түркия бизнесмендерін шикізаттық емес жобаларды бірлесе іске асыруға үндеді. 🟦Жиында энергетика, тау-кен, цифрландыру және жасанды интеллект, қорғаныс өнеркәсібіндегі өзара тиімді серіктестік аясын одан әрі кеңейту перспективасы қарастырылды. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32435
Aqorda » публикация №32435

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Стороны обсудили дальнейшее укрепление торгово-экономического сотрудничества 🟦По итогам прошлого года товарооборот вырос на 8,8%, превысив 5,4 млрд долларов. 🟦Касым-Жомарт Токаев считает важным создание благоприятных условий для расширения объемов торговли и дальнейшей диверсификации товарообмена. 🟦Как сообщил Глава нашего государства, Казахстан уже сейчас может увеличить объем экспорта в Турцию по 34 видам товаров на общую сумму более 630 млн долларов. 🟦Президент выразил уверенность в том, что партнерство между финансовыми центрами и цифровыми торговыми платформами двух стран, а также результаты казахско-турецкого бизнес-форума, проходящего в Астане, будут способствовать дальнейшему углублению торгово-экономических связей. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32434
Aqorda » публикация №32434

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

Тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты тереңдету мәселесін талқылады 🟦Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 миллиард доллардан асқан. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-саттықты әрі қарай жандандыруға қолайлы жағдай жасап, алыс-берісті әртараптандырудың маңызына тоқталды. 🟦Президенттің айтуынша, Қазақстан Түркияға қазірдің өзінде 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 630 миллион доллардан асады. 🟦Бұл ретте Мемлекет басшысы екі елдің қаржы орталықтары мен цифрлық сауда платформалары арасындағы серіктестіктің, сондай-ақ бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақ-түрік бизнес-форумының нәтижесі сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі тереңдете түсетініне сенім білдірді. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32433
Aqorda » публикация №32433

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Касым-Жомарт Токаев и Реджеп Тайип Эрдоган провели шестое заседание Совета стратегического сотрудничества высокого уровня 🟦Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем выступлении подчеркнул, что Казахстан считает Турцию братским государством, важным и надежным партнером. Президент отметил, что, связывающие наши страны глубокие исторические узы служат сегодня прочной основой для дальнейшего укрепления незыблемой дружбы двух народов. – В настоящее время казахско-турецкие отношения динамично развиваются в духе расширенного стратегического партнерства. Между нашими государствами нет каких-либо разногласий и противоречий. Крепнут межгосударственные и межправительственные связи. Наше межпарламентское сотрудничество также находится на высоком уровне, что подтверждает присутствие группы депутатов и членов партий в составе турецкой делегации. Интенсивно расширяются двусторонние экономические связи. Турция входит в число наших крупнейших инвесторов. На сегодняшний день из Вашей страны в нашу экономику привлечено 6 млрд долларов инвестиций. Инвестиции Казахстана в Турцию также выросли и приблизились к 2,5 млрд долларов. Кроме того, Турция входит в пятерку наших основных торговых партнеров. Культурно-гуманитарные связи двух народов служат бесценным связующим звеном наших отношений. Мы заинтересованы в сохранении этих позитивных тенденций и расширении масштабов взаимодействия. Сегодня мы примем Декларацию «О вечной дружбе и расширенном стратегическом партнерстве». Безусловно, этот важный документ придаст новый импульс развитию казахско-турецких отношений. Нас объединяют общие устремления, поэтому есть все основания утверждать, что перед нами открываются огромные перспективы и возможности, – сказал Касым-Жомарт Токаев. 🟦По словам Президента Казахстана, сегодня Турция вступила в новый этап социально-экономического развития, достигнув значительных успехов в различных сферах. – Благодаря Вашей взвешенной и дальновидной политике влияние Анкары на мировой арене неуклонно растет. Турция, обладающая мощной экономикой и авторитетной дипломатией, признана «золотым мостом», соединяющим Европу и Азию, а также весь тюркский мир. Мы расцениваем достижения Турции как результат Ваших неустанных усилий, направленных на защиту национальных интересов, – заявил Глава государства. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32432
Aqorda » публикация №32432

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізді 🟦Мемлекет басшысы Түркия Қазақстан үшін бауырлас ел, маңызды әрі сенімді серіктес саналатынын атап өтіп, тамыры терең байланыстар қос халықтың мызғымас достығын одан әрі нығайтуға ықпал етіп отырғанын айтты. – Қазіргі таңда қазақ-түрік екіжақты қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып жатыр. Елдеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Мемлекетаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығайып келеді. Парламентаралық ықпалдастығымыз да жоғары деңгейде. Түрік делегациясының құрамында бір топ депутаттың және партия мүшелерінің болуы – соның айқын дәлелі. Сонымен қатар екі елдің экономикалық ынтымақтастығы күшейе түсті. Түркия ірі инвесторларымыздың қатарына кіреді. Осы уақытқа дейін Сіздің еліңізден экономикамызға 6 миллиард доллар инвестиция тартылды. Қазақстанның Түркияға салған инвестициясы да өсіп, 2,5 миллиард долларға жуықтады. Сондай-ақ Түрік елі – негізгі бес сауда серіктесіміздің бірі. Қос халықтың мәдени-гуманитарлық байланыстары қарым-қатынасымыздың алтын арқауы саналады. Біз осы игі үрдісті сақтап, өзара ықпалдастығымыздың аясын кеңейте беруге мүдделіміз. Бүгін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларацияны қабылдаймыз. Осы маңызды құжат қазақ-түрік қатынастарын дамытуға тың серпін беретіні анық. Бұл мәселе бойынша екі елдің де ниет-тілегі – бір, сондықтан әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де мол деп айтуға толық негіз бар, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Қазақстан Президенті бүгінде Түркия әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, түрлі салада елеулі табысқа қол жеткізгеніне назар аударды. – Сіздің салиқалы, сарабдал саясатыңыздың нәтижесінде Түркияның әлемдегі ықпалы мен беделі арта түсті. Түрік елі қуатты экономика мен салмақты дипломатияның арқасында Еуропа мен Азияны, күллі түркі дүниесін жалғаған алтын көпір ретінде танылып отыр. Мемлекетіңіздің жетістіктері – Сіздің ұлт мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегіңіздің жемісі деп білеміз, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32431
Aqorda » публикация №32431

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Глава государства Касым-Жомарт Токаев и Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган провели переговоры в узком составе 🇰🇿Президент Казахстана тепло поприветствовал Главу Турции. – Ваше Превосходительство, г-н Президент, мой дорогой брат, я очень рад видеть Вас в столице Казахстана. Прежде всего, хотел бы выразить свою искреннюю признательность за то, что Вы приняли мое приглашение и посетили Казахстан с государственным визитом. Можно с уверенностью заявить, что Ваш визит имеет исключительное значение, является историческим событием. Безусловно, Ваш нынешний визит придаст мощный импульс сотрудничеству двух стран. Казахстан и Турцию связывают неизменно дружеские, братские отношения, вечное партнерство. Между нашими государствами нет каких-либо противоречий и разногласий, – заявил Глава государства. Касым-Жомарт Токаев с удовлетворением напомнил о договоренностях, достигнутых в ходе его прошлогоднего официального визита в Турцию. – В Анкаре было проведено пятое заседание Совета стратегического сотрудничества высокого уровня, по итогам которого были приняты очень важные решения. Сегодня состоится шестое заседание Совета, также пройдет масштабный бизнес-форум. С Вами в Астану прибыла представительная делегация. Убежден, что Ваш визит будет успешным. Сегодня мы делаем большой шаг к светлому будущему нашего взаимного сотрудничества, – подчеркнул он. 🇹🇷В свою очередь Президент Турции поблагодарил Главу нашего государства за теплый прием. – Прежде всего, я хотел бы выразить Вам признательность за приглашение посетить землю предков. Вы оказываете нам исключительное гостеприимство. Тот почет, с которым встретили мою делегацию, когда с момента пересечения границы в воздушном пространстве Казахстана нас сопровождали самолеты, доставил нам огромную радость. Безусловно, мы этого не забудем. Уверен, что сегодняшний визит внесет весомый вклад в укрепление единства наших братских народов, – сказал Реджеп Тайип Эрдоган. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32430
Aqorda » публикация №32430

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді 🇰🇿Қазақстан Президенті Түркия басшысына ілтипат көрсетті. – Жоғары мәртебелі Президент мырза, қадірлі бауырым, Өзіңізбен Қазақстанның елордасында жүздескеніме өте қуаныштымын. Ең алдымен, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапарыңыздың мән-мағынасы ерекше, өте жоғары деп айтсақ артық болмайды. Себебі бұл, шын мәнінде, тарихи оқиға. Бұл сапар елдеріміздің ынтымақтастығына үлкен серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Екі ел арасында тек қана достық, бауырластық, мәңгілік серіктестік қарым-қатынас қалыптасқан. Арамызда ешқандай түйткіл немесе шешілмеген мәселе жоқ. Қош келдіңіз! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда, Мемлекет басшысы былтыр Анкараға жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алды. – Біз Анкарада Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның бесінші отырысын өткіздік. Өте маңызды шешімдерге қол жеткіздік. Бүгін Кеңестің алтыншы отырысы болады. Ауқымды бизнес форум өтеді. Өзіңізбен бірге Астанаға үлкен делегация келді. Сондықтан сапарыңыз ойдағыдай өтеді деп ойлаймыз. Осылайша, өзара ынтымақтастығымыздың жарқын болашағына зор қадам жасаймыз, – деді Қазақстан Президенті. 🇹🇷Режеп Тайип Ердоған бауырлас қазақ елінің көрсеткен құрметіне алғыс айтты. – Ең әуелі, бауырымыздың атажұртқа арнайы шақырғанына ризашылығымды білдіргім келеді. Бізге айрықша қонақжайлық танытып отырсыздар. Қазақ елінің шекарасынан өткеннен қапталдаса ұшқан ұшақтармен қарсы алып, менің делегацияма үлкен құрмет көрсеттіңіздер. Бұл бізді ерекше қуантты. Әрине, мұны ұмытпаймыз. Бүгінгі сапар бауырлас халықтардың ынтымағын арттыруға зор септігін тигізеді деп сенемін, – деді Түркия Президенті. t.me/aqorda_resmi


Aqorda » публикация №32426
Aqorda » публикация №32426

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Во Дворце Независимости состоялась торжественная церемония встречи Президента Турецкой Республики Реджепа Тайипа Эрдогана, прибывшего с государственным визитом в Казахстан Президент Касым-Жомарт Токаев лично встретил лидера Турции. В честь высокого гостя перед Дворцом Независимости истребители Сил воздушной обороны Республики Казахстан выполнили демонстрационный полет, оставив за собой красно-белый дымовой шлейф, окрасивший небо в цвета турецкого флага. Затем Касым-Жомарт Токаев и Реджеп Тайип Эрдоган представили друг другу членов официальных делегаций. Начальник роты почетного караула отдал приветственный рапорт, прозвучали государственные гимны двух стран. t.me/aqorda_resmi





Aqorda » публикация №32414
Aqorda » публикация №32414

Aqorda · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🇰🇿🇹🇷Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия көшбасшысын өзі күтіп алды. Мәртебелі мейманның құрметіне Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің истребителдері Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшты. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. t.me/aqorda_resmi





POLISIA.KZ » публикация №17131
POLISIA.KZ » публикация №17131

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🚨 ІІМ 2012 жылы болған жасөспірім өлімін ашты Өткен жылдардағы қылмыстарды тергеу жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді, ал кінәлілер ерте ме, кеш пе заң алдында жауап береді. Толық ақпарат сайтта. 🚨 МВД раскрыло убийство подростка, совершенное в 2012 году Расследование преступлений прошлых лет продолжается на постоянной основе, а виновные рано или поздно ответят перед законом. Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17130
POLISIA.KZ » публикация №17130

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🧾 ІІМ балалардың интернеттегі қауіпсіздігі бойынша жадынама ұсынды Бұл ережелер әсіресе бала алғашқы смартфонын алған кезде немесе әлеуметтік желіде алғашқы аккаунтын ашқан кезде аса маңызды. Толық ақпарат сайтта. 🧾 МВД представило чек-лист по детской безопасности в интернете Эти правила важны особенно в момент, когда дети получают первый смартфон или создают первый аккаунт в социальных сетях. Подробная информация на сайте.


POLISIA.KZ » публикация №17129
POLISIA.KZ » публикация №17129

POLISIA.KZ · · #новости · #kz · #политика · #telegram · #государство

🔹 ІІМ: Алматыда ауыр қылмыстарға қатысы бар қылмыстық топтың жолы кесілді Ақпарат сайтта. 🔹 МВД: В Алматы нейтрализована криминальная группа, причастная к тяжким преступлениям Информация на сайте.






Архив #государство — страница 34

Это 34-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.