🇹🇷Реджеп Тайип Эрдоган сообщил, что в ходе сегодняшних переговоров были всесторонне обсуждены вопросы сотрудничества в различных отраслях экономики 🟦Президент Турции также отметил, что работа по укреплению взаимодействия между деловыми кругами двух стран будет продолжена. – Значение Среднего коридора, проходящего через Каспий и являющегося современным аналогом Шелкового пути, растет с каждым днем. Мы совместно с Казахстаном и другими партнерами продолжим стимулировать развитие этого коридора для продвижения грузоперевозок. На пространстве от Средиземного моря до Центральной Азии мы намерены вывести наши связи на новый уровень под лозунгом единства в языке, мыслях и делах. Мы считаем нашей общей ответственностью передачу будущим поколениям культурных ценностей тюркского мира, идей великих личностей, их трудов и духовного наследия, – заявил турецкий лидер. t.me/aqorda_resmi
#государство — страница 33
Архив раздела #государство, страница 33. Здесь продолжаются ранее опубликованные материалы по теме. Самые свежие — на первой странице тега.
🇹🇷Режеп Тайип Ердоған бүгінгі келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланғанын жеткізді 🟦Сондай-ақ Түркия Президенті екі елдің іскерлік орталары арасындағы ықпалдастықты арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін айтты. – Жібек жолының бүгінгі баламасы ретінде Каспий арқылы өтетін Орта дәліздің маңызы күн санап артып келеді. Біз Қазақстанмен және басқа да серіктестерімізбен бірге бұл дәлізді тауар тасымалын ілгерілету үшін ынталандыруды жалғастырамыз. Жерорта теңізінен Орталық Азияға дейінгі аумақта тілде, пікірде, істе бірлік ұранымен байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеруге ниеттіміз. Түркі әлемінің мәдени қазыналарын, ұлы тұлғалардың идеяларын, шығармалары мен рухани мұрасын болашақ ұрпаққа аманаттауды ортақ жауапкершілігіміз деп білеміз, – деді Режеп Тайип Ердоған. t.me/aqorda_resmi
Президент Казахстана отметил, что первая леди Турции Эмине Эрдоган в рамках Организации Объединенных Наций инициировала важнейший проект Zero Waste и проводит масштабную работу – Хочу особо отметить, что эта инициатива созвучна с реализуемым в нашей стране общенациональным проектом «Таза Қазақстан». Поэтому мы активно поддерживаем столь значимое начинание г-жи Эмине, – заявил Глава государства. 🟦Касым-Жомарт Токаев сообщил, что обменялся мнениями с турецким лидером по актуальным мировым проблемам. – В нынешний сложный период мы выразили обеспокоенность в связи с обострением вооруженных конфликтов. Предметом нашего разговора стало также ослабление международного права и снижение влияния универсальных организаций. Мы пришли к общему выводу о необходимости усиления роли Организации Объединенных Наций, строгого соблюдения ее резолюций и Устава, обеспечения верховенства международного права и приверженности принципу справедливости. Мы отметили необходимость решения всех споров и конфликтов мирным путем через дипломатические переговоры. Казахстан и Турция и впредь будут продолжать взаимодействие в рамках международных организаций. Мы объединим наши усилия во имя обеспечения глобальной стабильности и безопасности, – подчеркнул Глава государства. 🟦Касым-Жомарт Токаев считает, что укрепление стратегического партнерства Казахстана и Турции – это общая цель и устремление наших народов. – Мы будем расширять наше многогранное сотрудничество, передавая будущим поколениям наше братство, имеющее глубокие исторические корни. Считаю это священным долгом двух народов. Уважаемый г-н Президент! Дорогой брат и друг! Искренне благодарю Вас и членов делегации за содержательные переговоры. Пусть крепнет наше единство! Пусть дружба Казахстана и Турции будет вечной! – заключил Глава нашего государства. t.me/aqorda_resmi
Президент Түркия елінің Бірінші ханымы Эмине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында аса маңызды «Zero Waste» жобасын ұсынып, ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды – Осы бастама елімізде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасымен үндес екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан біз Эмине ханымның аса қажетті жобасын белсенді түрде қолдаймыз, – деді Мемлекет басшысы. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған мырзамен әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты. – Қазіргідей күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығып тұрғанына алаңдаушылық білдірдік. Халықаралық құқықтың және әмбебап ұйымдар ықпалының әлсіреуі туралы ой бөлістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейту, оның қарарлары мен жарғыларын қатаң сақтау, халықаралық құқық үстемдігін қамтамасыз ету және әділдік қағидатын ұстану мәселесіне қатысты ортақ байламға келдік. Барлық дау-дамайлар мен жанжалдарды дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өттік. Қазақстан мен Түркия алдағы уақытта да халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын жалғастыра береді. Біз жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіреміз, – деді Мемлекет басшысы. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестігін нығайту – халықтарымыздың ортақ мақсат-мұраты екенін атап өтті. – Біз тарихи тамыры терең бауырластығымызды келешек ұрпаққа аманат етіп, қазіргі сан-салалы қарым-қатынасымызды нығайта береміз. Бұл қос халықтың алдында тұрған қасиетті парыз деп санаймын. Құрметті Президент мырза! Ардақты бауырым, досым! Өзіңізге және делегация мүшелеріне мазмұнды келіссөздер үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ынтымағымыз арта берсін! Қазақстан мен Түркияның достығы мәңгі болсын! – деді Қазақстан Президенті. t.me/aqorda_resmi
По мнению Касым-Жомарта Токаева, культурно-гуманитарные связи – это золотой мост казахско-турецких отношений – Этот важный вопрос неизменно находится в центре внимания. Особое место уделяется контактам в сфере образования и науки. Сегодня в провинции Газиантеп, пострадавшей от землетрясения (6 февраля 2023 года), состоялась церемония открытия новой школы, построенной Казахстаном. Это яркое проявление поддержки и искреннего отношения казахского народа к Турции. Следует особо отметить, что в рамках визита профильные министерства подписали меморандум об открытии в Астане и Алматы двух школ фонда «Маариф». Уверен, эти учебные заведения станут фундаментальными образовательными центрами, воспитывающими интеллектуальное новое поколение. Дано поручение о выделении соответствующих земельных участков для строительства этих школ. Мы без промедлений приступим к строительству. Успешно развивается и сотрудничество в сфере высшего образования. Сейчас в Турции обучаются около 14 тысяч наших граждан. Около 260 турецких студентов получают образование в вузах нашей страны. В скором времени при Педагогическом университете в Шымкенте начнет работу филиал турецкого университета Гази. В будущем Казахский национальный университет имени аль-Фараби планирует открыть филиал в Турции. Мы продолжим эти благие начинания и будем укреплять наши связи в сферах образования, медицины и туризма, – поделился планами Президент. 🟦Глава государства акцентировал внимание на том, что между Казахстаном и Турцией установились прочные отношения, основанные на взаимном уважении, братстве и дружбе. – Безусловно, большая заслуга в этом принадлежит Президенту Реджепу Тайипу Эрдогану, который вносит значительный вклад в укрепление единства двух стран. Он также прилагает огромные усилия для усиления казахско-турецкого взаимодействия в общественно-политической, социальной и культурно-гуманитарной сферах. Поэтому я принял решение наградить моего дорогого друга и брата Реджепа Тайипа Эрдогана орденом Qoja Ahmet Yasaui, названным именем видного духовного лидера тюркского мира. Это решение отражает огромное уважение со стороны Казахстана к народу и Президенту Турции. Хочу особо подчеркнуть, что г-н Эрдоган стал первым кавалером этой высокой награды, – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мәдени-гуманитарлық байланыс – қазақ-түрік қатынасының алтын көпірі – Бұл маңызды мәселе әрдайым назарда болады. Соның ішінде білім және ғылым саласының орны ерекше. Бүгін Газиантеп провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтар үшін Қазақстанның атынан салынған жаңа мектептің ашылу рәсімі өтті. Бұл – қазақ халқының түрік еліне көрсеткен қолдауы мен ыстық ықыласының айқын көрінісі. Сапар аясында тиісті министрліктер Астана мен Алматыда «Маариф» қорының екі мектебін ашу туралы меморандумға қол қойғанын айрықша атап өткен жөн. Осы мектептер саналы ұрпақ тәрбиелейтін іргелі білім ордасы ретінде қызмет етеді деп сенемін. Бұл мектептердің құрылысына тиісті жер телімдерін беру жөнінде тапсырма берілді. Көп созбай құрылысты бастаймыз. Жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық та табысты дамып келеді. Қазір 14 мыңға жуық азаматымыз Түркияда оқып жатыр. Сондай-ақ 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда. Жақында Шымкент қаласындағы педагогикалық университеттің жанынан Түркияның Гази университетінің филиалы жұмыс істей бастайды. Алдағы уақытта әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Түркияда филиал ашуды жоспарлап отыр. Біз бұл игі бастамаларды жалғастырып, білім беру, медицина, туризм саласындағы байланысымызды нығайта береміз, – деді Президент. 🟦Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия арасында өзара құрмет пен сыйластыққа, бауырластық пен достыққа негізделген берік қарым-қатынас орнағанына назар аударды. – Бұл – Президент Режеп Тайип Ердоғанның тікелей қолдауының арқасы екені сөзсіз. Режеп бей екі елдің бірлігін бекемдеуге айрықша үлес қосуда. Сондай-ақ қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық саладағы қазақ-түрік ықпалдастығын күшейтуге мол еңбек сіңіріп келеді. Сондықтан мен қадірлі досым, бауырым Режеп Тайип Ердоғанды түркі әлемінің рухани көсемі – Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттадым. Мұны барша қазақ елінің түрік жұртына және Түркия Президентіне деген зор құрметінің көрінісі деуге болады. Ердоған мырза осы беделді награданың тұңғыш иегері екенін ерекше атап өткім келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
Глава государства сообщил, что во время переговоров с Президентом Турции особое внимание было уделено вопросам энергетического комплекса – На фоне текущей ситуации на нефтегазовом рынке достигнута договоренность об углублении сотрудничества в этой отрасли. Мы приветствуем планы компании Turkish Petroleum Corporation выйти на рынок Казахстана. Наша страна заинтересована в совместной реализации крупных проектов. В числе приоритетных направлений двустороннего взаимодействия – горнодобывающий комплекс. Турецкие компании обладают богатым опытом в разработке месторождений полезных ископаемых, переработке металлов и производстве лития. В связи с этим я призвал предпринимателей братской страны принять активное участие в наших крупных проектах. Еще одна важная отрасль – сельское хозяйство. В этой отрасли реализуется ряд инвестиционных проектов, в том числе с участием компаний Tiryaki Agro и Alarko Holding. Кроме того, мы с Президентом Турции договорились в ближайшее время принять Дорожную карту, направленную на увеличение взаимной торговли сельскохозяйственной продукцией. Этот шаг будет способствовать росту экспорта зерновых культур. Известно, что Турция широко применяет современные агротехнологии. Мы готовы укреплять сотрудничество в данном направлении, – заявил Касым-Жомарт Токаев. 🟦По словам Президента, развитие информационных технологий, использование передовых цифровых подходов в экономике – это требование времени. – Недавно я подписал Указ о внедрении цифровых технологий и искусственного интеллекта в систему среднего образования. Считаю это исключительно важным шагом, сделанным для будущего нашей страны. В частности, мы уделяем особое внимание адаптации системы образования под способности каждого ученика, защите их персональных данных, развитию цифровой инфраструктуры и повышению квалификации педагогов в области передовых технологий. Казахстан рассматривает развитие сферы искусственного интеллекта и цифровизации как стратегический приоритет. В этой сфере предприниматели двух стран реализовали ряд успешных проектов. В частности, стоит отметить казахско-турецкие цифровые платформы. Компания Kaspikz вдохнет новую жизнь в деятельность турецкой компании Hepsiburada. А Freedom Holding участвует в формировании цифровой экосистемы и брокерских услуг на рынке Турции. Наряду с этим подписан меморандум между турецкой биржей Borsa Istanbul и Международным финансовым центром «Астана». Все это, несомненно, еще больше усилит взаимодействие двух стран в сфере цифровой торговли, – выразил уверенность Глава государства. t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Түркия Президентімен келіссөз кезінде энергетика кешеніне қатысты мәселелерге ерекше тоқталғанын жеткізді – Мұнай-газ нарығындағы жағдайды ескере отырып, осы бағыттағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаластық. Turkish Petroleum Corporation компаниясы Қазақстан нарығында жұмыс істеуге ниет білдіріп отыр. Біз мұны құптаймыз. Еліміз ірі жобаларды бірлесе жүзеге асыруға мүдделі. Сонымен қатар біз тау-кен саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән беріп отырмыз. Түрік компанияларының кен орындарын игеру, металды қайта өңдеу және құйма өндірісі саласындағы тәжірибесі мол. Осыған орай, бауырлас елдің кәсіпкерлерін еліміздегі ірі жобаларға белсене атсалысуға шақырдым. Тағы бір маңызды сала – ауыл шаруашылығы. Бұл бағытта бірқатар инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Соның ішінде Tiryaki Agro және Alarko Holding компанияларының жұмысын атап өткім келеді. Сонымен қатар біз Түркия Президентімен жақын арада ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасын ұлғайтуға арналған Жол картасын қабылдауға келістік. Бұл қадам дәнді-дақыл экспортын арттыруға ықпал етеді. Түркияның заманауи агротехнологияны кеңінен қолданып жатқаны белгілі. Біз осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Президенттің айтуынша, ақпараттық технологияларды дамыту, экономиканың түрлі саласында озық цифрлық тәсілдерді қолдану – заман талабы. – Жуырда мен Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Мұны еліміздің болашағы үшін жасалған өте маңызды қадам деуге болады. Нақтырақ айтқанда, біз білім беру жүйесін әрбір оқушының қарым-қабілетіне сай бейімдеу, олардың дербес деректерін қорғау, цифрлық инфрақұрылымды дамыту және озық технологияны меңгерген педагогтерді даярлау мәселесіне баса мән беріп отырмыз. Қазақстан жасанды интеллект пен цифрландыру саласын дамытуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Бұл бағытта екі ел кәсіпкерлері бірқатар табысты жобаларды жүзеге асырды. Әсіресе, қазақ-түрік цифрлық платформаларын атап өткен жөн. Kaspikz компаниясы Түркияның Hepsiburаda компаниясының жұмысын жандандырады. Ал Freedom Holding Түркия нарығында цифрлық экожүйе мен брокерлік қызметті қалыптастырады. Сондай-ақ «Борса Ыстанбұл» түрік биржасы мен Астана халықаралық қаржы орталығы меморандумға қол қойды. Мұның бәрі екі елдің цифрлық сауда саласындағы ықпалдастығын одан әрі күшейтері сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
Президент подчеркнул, что Турция входит в число крупнейших инвестиционных партнеров Казахстана – На сегодняшний день турецкие предприниматели инвестировали в экономику нашей страны около 6 млрд долларов. Вложения Казахстана в экономику братской Турции также растут, достигнув порядка 2,5 млрд долларов. На сегодняшний день в Казахстане работают порядка 4 тысяч турецких компаний, деятельность которых служит залогом нашего долгосрочного партнерства. Турция также входит в пятерку крупнейших торговых партнеров нашей страны. Объем двусторонней торговли вырос на 8,8% и превысил 5 млрд долларов. Конечно, учитывая потенциал наших экономик, есть все возможности для увеличения данного показателя. Уверен, что казахско-турецкий бизнес-форум, в котором мы сегодня с г-ном Реджепом Тайипом Эрдоганом примем участие, будет способствовать наращиванию торгово-экономического сотрудничества двух стран. Мы всегда готовы оказать поддержку турецким инвесторам как открытым и надежным партнерам. Приглашаем турецкие компании к участию в крупных долгосрочных стратегических проектах, — сказал Глава государства. 🟦Касым-Жомарт Токаев заявил, что в соответствии с новой Конституцией в Казахстане гарантируется и равным образом защищается собственность всех форм, а также обеспечена защита прав инвесторов. – Помимо этого, наши турецкие друзья могут воспользоваться национальной программой Altyn Visa. Предпринимателям и специалистам, получившим эту визу, предоставляются налоговые и миграционные льготы. В текущих геополитических условиях стратегическая роль транспортно-логистического комплекса приобретает особое значение. На сегодняшний день отмечается устойчивый рост грузопотока между двумя государствами. По итогам прошлого года объем железнодорожных перевозок увеличился на 35%, а автомобильных – на 5%. Наши страны можно назвать мостом, прочно связывающим Восток и Запад. Нам необходимо максимально использовать это общее достояние. Поэтому мы с уважаемым г-ном Реджепом Тайипом Эрдоганом договорились о повышении потенциала Среднего коридора посредством реализации ряда проектов. Считаю, что это решение полностью отвечает интересам обоих народов. В то же время стратегически важным направлением остается сфера воздушного транспорта и грузоперевозок. Компания TAV Airports Holding намерена превратить международный аэропорт Алматы в логистический хаб Центральной Азии. Мы в свою очередь готовы оказать всестороннюю поддержку данному проекту. Рассчитываем на тесное сотрудничество с турецкими инвесторами в реализации и других инициатив в сфере транспорта и логистики. Правительство Казахстана готово предоставить специальные преференции турецкому бизнесу, – отметил Президент. t.me/aqorda_resmi
Президент Түркия еліміздің ірі инвесторларының қатарына кіретінін атап өтті – Бүгінге дейін түрік кәсіпкерлері экономикамызға 6 миллиард доллар көлемінде қаражат салды. Қазақстанның да бауырлас мемлекетке салған инвестициясы өсіп, шамамен 2,5 миллиард долларға жетті. Қазір елімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді. Бұл – біздің ұзақ мерзімге арналған серіктестігіміздің кепілі. Сондай-ақ Түркия – еліміздің ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Екі ел арасындағы алыс-беріс 8,8 пайызға өсіп, 5 миллиард доллардан асты. Әрине, экономикамыздың әлеуетін ескеретін болсақ, бұл көрсеткішті арттыруға толық мүмкіндік бар. Бүгін біз қатысқалы отырған Қазақстан-Түркия бизнес форумы екі елдің сауда-экономикалық ықпалдастығына тың серпін береді деп сенеміз. Біз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайынбыз. Сондықтан түрік компанияларын ұзақ мерзімге арналған ірі стратегиялық жобаларға атсалысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы. 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстанда барлық меншік түріне кепілдік берілетінін мәлімдеді. – Соның ішінде шетелдік меншік пен инвесторлардың құқығы жан-жақты қорғалады. Бұған қоса, түрік бауырларымызға Қазақстанның Altyn Visa бағдарламасын қолдануға болады. Бұл визаны алған кәсіпкерлер мен мамандарға салық және көші-қон мәселесіне қатысты жеңілдіктер беріледі. Қазіргі геосаяси жағдайда көлік-логистика саласының стратегиялық маңызы арта түскені анық. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы жүк тасымалы тұрақты дамып жатыр. Былтыр теміржол арқылы жүк тасымалы 35 пайызға, автокөлік арқылы жүк тасымалы 5 пайызға ұлғайды. Біздің елдерімізді Шығыс пен Батысты жалғайтын көпір деуге болады. Осы ортақ игілігімізді барынша тиімді пайдалану қажет. Сондықтан қадірлі Режеп Тайип Ердоған мырзамен нақты жобалар арқылы «Орта дәліздің» әлеуетін арттыруға уағдаластық. Бұл қос халықтың мүддесіне толық сай келеді. Осы ретте, әуе тасымалы мен «cargo» саласының маңызы ерекше екенін айта кету керек. TAV Airports Holding компаниясы Алматы халықаралық әуежайын Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде дамытуды көздеп отыр. Біз бұл жобаға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен қатар түрік инвесторларын көлік-логистика саласындағы басқа да жобаларға белсене атсалысуға шақырамыз. Үкіметіміз Түркия кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер ұсынуға әзір, – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Глава государства провел пресс-конференцию по итогам переговоров с Президентом Турции 🟦Касым-Жомарт Токаев прежде всего выразил искреннюю признательность Реджепу Тайипу Эрдогану за принятие приглашения и посещение нашей страны с визитом. – Добро пожаловать в братский Казахстан! Ваш государственный визит в Казахстан – огромная честь для нас. У наших народов – общие исторические корни. Поэтому Ваш сегодняшний визит имеет особое значение. Казахстан рассматривает Турцию как важного стратегического партнера. Казахский и турецкий народы связывают многовековые братские узы, схожие культурные и духовные ценности. Нас объединяют искреннее стремление к благополучию друг друга, общность целей и четкое видение будущего. Наша главная задача – укрепление единства наших народов и повышение их благосостояния. Сегодня Турция – это влиятельное в мировой политике государство с динамичной экономикой и высоким авторитетом на международной арене. Безусловно, это заслуга Президента Реджепа Тайипа Эрдогана, и это признано во всем мире. Еще раз подчеркну, что значительное упрочение авторитета Турции и большой прогресс достигнуты благодаря дальновидному руководству и неустанным усилиям ее Президента. Кроме того, считаю, что в основе этих достижений лежат непреходящие ценности турецкого народа: мудрость, трудолюбие, мужество и нерушимая сплоченность, – сказал Президент Казахстана. 🟦По словам Главы государства, в последние годы многогранное двустороннее взаимодействие демонстрирует высокую динамику развития. – Межгосударственные и межпарламентские связи вышли на качественно новый уровень. Сегодня состоялось 6-е заседание Совета стратегического сотрудничества высокого уровня. Заседание прошло продуктивно. Определены приоритетные сферы взаимодействия, которые придадут дополнительный импульс нашему партнерству. Мы договорились о дальнейшем укреплении наших политических, торгово-экономических и культурно-гуманитарных связей. Подписан ряд важных межправительственных документов, обеспечивающих правовую основу для достижения намеченных целей. Главное, мы приняли Декларацию «О вечной дружбе и расширенном стратегическом партнерстве», которая призвана вывести казахско-турецкое сотрудничество на качественно новый уровень. Этот исторический документ, по сути, является уникальным символом единства двух народов и их устремленности к светлому будущему, – акцентировал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесудің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Мәртебелі Режеп Тайип Ердоғанға шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгені үшін шынайы ризашылығын білдірді. – Атажұртқа тағы да қош келдіңіздер деймін! Сіздің Қазақстанға ат басын бұрып, мемлекеттік сапармен келуіңіз – біз үшін зор мәртебе. Қазақ пен түрік – тамыры бір туысқан халықтар. Сондықтан бұл сапардың мәні де, мазмұны да айрықша. Түркия – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Екі елді ғасырлар бойы қалыптасқан бауырластық байланыстар, ортақ мәдениет пен рухани құндылықтар біріктіреді. Біз – бір-бірімізге шынайы тілеулес елдерміз. Мақсатымыз – бір, бағыт-бағдарымыз – айқын. Ең басты міндет – халықтарымыздың ынтымағын күшейтіп, табысын арттыру. Бүгінде Түркия – әлемде саяси ықпалы зор, экономикасы қуатты, халықаралық абырой-беделі жоғары мемлекет. Бұл Президент Режеп Тайип Ердоғанның арқасы екеніне бүкіл әлем куә, бұған ешкімнің күмәні жоқ. Тағы да атап өту қажет: Түркияның биік белестерге шығып, зор табысқа жетуі оның жоғары басшысының көреген көшбасшылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ мұның түп-тамырында түрік халқының даналығы, еңбекқорлығы, батылдығы мен бірлігі жатыр деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті. 🟦Мемлекет басшысы соңғы жылдары екі мемлекет арасындағы сан қырлы ықпалдастық жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталды. – Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығая түсті. Біз бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткіздік. Нәтижелі кеңес болды. Өзара серіктестікке серпін беретін басым бағыттарды айқындадық. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды одан әрі нығайтуға уағдаластық. Осы мақсатты жүзеге асыруға құқықтық негіз болатын маңызды үкіметаралық құжаттарға қол қойдық. Ең бастысы, қазақ-түрік қатынасын жаңа деңгейге көтеретін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларацияны қабылдадық. Бұл тарихи құжат, шын мәнінде, халықтарымыздың бірлігі мен болашаққа деген ұмтылысының бірегей нышаны екені анық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. t.me/aqorda_resmi
🤝 Члены официальных делегаций обменялись следующими межгосударственными, межправительственными и межведомственными документами: 1. Протокол о внесении изменений в Договор между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой о правовой помощи по гражданским делам от 13 июня 1995 года; 2. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о создании, функционировании и деятельности культурных центров; 3. Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики о взаимном поощрении и защите инвестиций; 4. Инвестиционное соглашение между Правительством Республики Казахстан и компанией TAV Holding; 5. Меморандум между Министерством науки и высшего образования Республики Казахстан и Министерством культуры и туризма Турецкой Республики о намерении учреждения совместной программы «Абай-Акиф»; 6. Меморандум о намерениях между Министерством просвещения Республики Казахстан и Министерством национального образования Турецкой Республики по открытию двух школ Турецкого Фонда «Маариф» в Республике Казахстан; 7. Меморандум о сотрудничестве между Республиканским государственным предприятием на праве хозяйственного ведения «Телерадиокомплекс Президента Республики Казахстан» Управления делами Президента Республики Казахстан и Телерадиокомпанией Турции (TRT); 8. Соглашение о сотрудничестве по финансированию строительства многопрофильной больницы; 9. Соглашение о сотрудничестве между АО НК «КазМунайГаз» и Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı по вопросам оказания нефтесервисных услуг; 10. Меморандум о взаимопонимании по вопросам совместной реализации нефтегазовых проектов между АО НК «КазМунайГаз» и Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı; 11. Меморандум о взаимопонимании между Международным финансовым центром «Астана» и Стамбульским финансовым центром; 12. Соглашение о создании совместного предприятия по производству и обслуживанию беспилотных летательных аппаратов «АНКА»; ✍️ В ходе государственного визита Президента Турции также были подписаны следующие документы: 1. Меморандум о взаимопонимании по сотрудничеству в целях развития между Казахстанским агентством международного развития (KazAID) и Турецким агентством по сотрудничеству и координации (TIKA); 2. Меморандум о взаимопонимании между Биржей Международного финансового центра «Астана» (Astana International Exchange Ltd.) и Акционерным обществом «Стамбульская фондовая биржа» (Borsa Istanbul Anonim Şirketi). t.me/aqorda_resmi
🤝Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты: 1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттама; 2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды құру, аталған мәдени орталықтардың жұмыс істеуі және қызметі туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түркия Республикасы Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім; 4. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен TAV Holding компаниясы арасындағы инвестициялық келісім; 5. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі арасындағы «Абай-Акиф» бірлескен бағдарламасын құру ниеті туралы келісім; 6. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасы Ұлттық білім министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасында «Маариф» Түрік қорының екі мектебін ашу ниеті туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасына қарасты «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Түркия Телерадио корпорациясы (ТРТ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 8. Аурухана құрылысын қаржыландыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім; 9. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай сервисі қызметтерін көрсету мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім; 10. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Türkiye Petrolleri Anonim Ortaklığı арасындағы мұнай-газ жобаларын бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 11. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Ыстанбұл қаржы орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 12. «АНКА» ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім; ✍️Сонымен қатар Түркия Президентінің мемлекеттік сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Қазақстандық халықаралық даму агенттігі (KazAID) мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) арасындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 2. «Астана» халықаралық қаржы орталығының биржасы (Astana International Exchange Ltd.) мен «Ыстанбұл қор биржасы» акционерлік қоғамы (Borsa Istanbul Anonim Şirketi) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. t.me/aqorda_resmi
✍️ По итогам двусторонних переговоров и шестого заседания Совета стратегического сотрудничества высокого уровня Казахстана и Турции Президент Касым-Жомарт Токаев и Президент Реджеп Тайип Эрдоган подписали Декларацию о вечной дружбе и расширенном стратегическом партнерстве между Республикой Казахстан и Турецкой Республикой t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
✍️Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Президенту Касым-Жомарту Токаеву и Президенту Реджепу Тайипу Эрдогану представили ряд совместных инвестиционных проектов двух стран ✔️ В частности: ➤ в области Абай компания Miryıldız намерена построить горно-обогатительный комбинат; ➤ в Алматы İskefe Holding планирует запустить производство желатина; ➤ в Туркестанской области Orzax Group создает современное производство биологически активных добавок; ➤ в Актобе компания S Sistem Lojistik совместно с АО «Казпочта» формирует логистический центр на территории международного аэропорта; ➤ в Астане Tiryaki Holding строит завод по глубокой переработке пшеницы и гороха. ✔️Реализация данных проектов позволит привлечь свыше 920 млн долларов инвестиций и создать более 3100 рабочих мест в Казахстане. ✔️Заместитель Премьер-министра Серик Жумангарин доложил главам государств, что на сегодняшний день с участием турецких компаний в нашей стране осуществлено порядка 100 инвестиционных проектов на общую сумму около 4 млрд долларов в различных секторах экономики. ✔️В настоящее время продолжается работа в рамках еще 50 совместных проектов общей стоимостью порядка 4 млрд долларов. Это отражает высокий уровень инвестиционного взаимодействия между Казахстаном и Турцией. t.me/aqorda_resmi
📸 t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға екі ел бірлесе іске асырып жатқан бірқатар инвестициялық жоба туралы мәлімет берілді ✔️Атап айтқанда: ➤ Абай облысында Miryıldız компаниясы кен байыту комбинатын салуға ниетті; ➤ İskefe Holding Алматы қаласында желатин шығаруды жоспарлап отыр; ➤ Orzax Group Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын заманауи өндірісті қолға алды; ➤ S Sistem Lojistik компаниясы «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесіп, Ақтөбе халықаралық әуежайы аумағында логистика орталығын салып жатыр; ➤ Tiryaki Holding Астанада бидай мен асбұршақты терең өңдейтін зауыт құрылысына кірісті. ✔️Аталған жобалар аясында елімізге 920 миллион доллардан астам инвестиция тартылып, 3100-ден аса жұмыс орны ашылмақ. ✔️Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мемлекеттер басшыларына бүгінде түрік компанияларының қатысуымен ел экономикасының түрлі секторында 100-ге жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылғанын баяндады. Олардың жалпы сомасы – 4 миллиард доллар шамасында. ✔️Қазіргі кезде құны 4 миллиард долларды құрайтын тағы 50 бірлескен жобаға қатысты жұмыс жалғасуда. Бұл Қазақстан мен Түркияның инвестициялық ықпалдастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. t.me/aqorda_resmi
Главы Казахстана и Турции приняли участие в церемонии открытия школы имени Ходжи Ахмеда Яссауи 🟦Президент Касым-Жомарт Токаев и Президент Реджеп Тайип Эрдоган в режиме видеоконференцсвязи приняли участие в церемонии открытии школы имени Ходжи Ахмеда Яссауи в Турции. 🟦Современное учебное заведение, расположенное в городе Нурдагы провинции Газиантеп, рассчитано на 32 начальных и 4 дошкольных класса. Общая площадь здания составляет 6 тысяч квадратных метров. 🟦В образовательном комплексе предусмотрены специализированные учебные классы, лаборатории, конференц-зал, библиотека. 🟦На территории обустроены амфитеатр, спортивная площадка, детская игровая зона и беседки, стилизованные под казахские юрты. 🟦В ходе строительства проект был доработан с учетом требований безопасности и действующих норм Турции. 🟦Адаптированные под особенности региона инженерные решения включают повышенную сейсмозащиту, влагоизоляцию и теплосбережение. 🟦Как известно, инициатором строительства школы в регионе, пострадавшем в результате мощного землетрясения 6 февраля 2023 года, является Глава государства Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi
Қазақстан мен Түркия президенттері Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу рәсіміне қатысты 🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты. 🟦Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында орналасқан заманауи білім ошағында 32 бастауыш және 4 мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метр. 🟦Білім беру кешені мамандандырылған оқу кабинеттерімен, зертханалармен, мәжіліс залымен, кітапханамен жабдықталған. 🟦Мектеп аумағында амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары мен қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған шатырлар бар. 🟦Құрылыс барысында жоба Түркияның қауіпсіздік талаптары мен қазіргі нормаларына сай жетілдіріліп отырды. 🟦Өңірдің ерекшелігіне бейімделген инженерлік шешімдер арқылы сейсмикалық қауіпсіздік, ылғалдан сақтау және жылу үнемдеу жүйелері қолданылды. 🟦2023 жылдың 6 ақпанындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен өңірге арналған жаңа мектеп салу бастамасын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көтергені белгілі. t.me/aqorda_resmi
Реджеп Тайип Эрдоган отметил, что он рад быть первым обладателем особого ордена имени духовного наставника Туркестана Ходжи Ахмеда Яссауи – Я принимаю этот орден как знак Вашего глубокого почтения к Турецкой Республике и турецкому народу. В этой связи выражаю благодарность Вам за Вашу дальновидную политику, направленную на укрепление братства между нашими странами. Пусть наше братство и дружба будут вечными! – сказал Президент Турции. t.me/aqorda_resmi
Режеп Тайип Ердоған Түркістанның пірі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ерекше орденнің алғаш рет өзіне берілгеніне қуанышты екенін жеткізді – Бұл орденді Түркия Республикасы және түрік ұлтына деген ілтипатыңыздың белгісі деп қабылдаймын. Осы орайда елдеріміз арасындағы бауырластықты бекемдеу бағытындағы көреген саясатыңыз үшін Сізге, құрметті бауырым, алғыс айтамын. Бауырластығымыз, достығымыз лайым мәңгі болсын! – деді Түркия Президенті. t.me/aqorda_resmi
Президент полагает, что, говоря о Туркестане, невозможно не упомянуть духовный ориентир всего тюркского мира – Ходжу Ахмеда Яссауи – Хазрет Султан сумел гармонично соединить тюркский дух и исламскую цивилизацию. Его культурное наследие оставило неизгладимый след не только в Великой степи, но и в Анатолии. Многие выдающиеся мыслители тюркского мира считаются последователями Хазрета Султана. В этой связи следует особо отметить великого Юнуса Эмре. В его произведениях отчетливо прослеживается влияние учения Яссауи. Такая преемственность заметна и в творчестве великого казахского поэта и мыслителя Абая. Безусловно, духовное наследие знаменитого мудреца служит ориентиром для нации и примером для будущих поколений. В день празднования Наурыза я посетил священный Туркестан и мавзолей Хазрета Султана. В ходе той поездки я выступил с важной инициативой – включить орден, названный именем Ходжи Ахмеда Яссауи, в систему государственных наград. Этой награды должны быть удостоены выдающиеся ученые, государственные и общественные деятели Казахстана и зарубежных стран за особые заслуги в развитии нашей страны. Соответствующий закон был принят, подписан специальный указ. Действительно, это престижная и имеющая исключительную значимость награда. При разработке ордена мы отдали предпочтение светло-зеленому цвету, который имеет особое значение в исламе. Серебро, используемое в его оформлении, олицетворяет чистоту. Одним словом, это награда, призванная прославлять духовные заветы Хазрета Султана. В целом, в нашей стране проводится активная работа по систематическому и широкомасштабному изучению наследия Ходжи Ахмеда Яссауи, – заметил Касым-Жомарт Токаев. ✔️Глава государства сообщил, что принял решение наградить Президента Турции орденом Qoja Ahmet Yasaui. По его словам, Реджеп Тайип Эрдоган станет первым кавалером этого ордена, что имеет глубокое символическое значение. – Этот знак отличия является ярким воплощением принципов духовного братства и исторической справедливости, заложенных нашим великим предком. Уважаемый г-н Президент, Ваш авторитет в Казахстане очень высок. Наш народ уважает, любит и поддерживает Вас. Уважаемый друг, прошу принять эту высокую награду как заслуженное признание Вашей роли лидера тюркского мира. Она также будет служить воплощением искренней признательности нашей страны Вам и всему турецкому народу. Желаю Вам крепкого здоровья, а братскому турецкому народу – благополучия и процветания! – заявил Президент Казахстана. t.me/aqorda_resmi
Президенттің пікірінше, Түркістан туралы айтқанда күллі түркінің рухани темірқазығы – Қожа Ахмет Ясауи тұлғасына тоқталмау мүмкін емес – Әзірет Сұлтан түркілік рух пен ислам өркениетін үйлестіре білді. Оның мәдени мұрасы Ұлы далада ғана емес, Анадолы жерінде де өшпес із қалдырды. Түркі әлеміне ортақ көптеген ғұламалар Әзірет Сұлтанның ізбасары саналады. Осы тұста әйгілі Юнус Эмрені ерекше атап өткеніміз жөн. Тұғырлы тұлғаның туындыларынан Ясауи ілімінің ықпалын анық көруге болады. Осындай үндестік қазақтың бас ақыны – хакім Абайдың шығармаларынан да байқалады. Түптеп келгенде, ұлы ғұламаның ғибратты жолы ұлтқа бағдар, ұрпаққа өнеге екені сөзсіз. Мен Ұлыстың ұлы күнінде киелі Түркістанға арнайы барып, Әзірет Сұлтан рухына құран бағыштадым. Сол сапарымда мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу туралы маңызды бастама көтердім. Бұл марапатты Қазақстанның дамуына айрықша еңбек сіңірген еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдарына, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне табыстау қажеттігі жөнінде айттым. Соған сәйкес тиісті Заң қабылданды, арнайы Жарлыққа қол қойдым. Бұл – шын мәнінде, беделі биік, бағасы жоғары марапат. Біз бұл орденді әзірлеген кезде ашық жасыл түске басымдық бердік. Асыл дінімізде осы түстің орны ерекше. Ал оның құрамындағы күміс – тазалықтың нышаны. Бір сөзбен, бұл – Әзірет Сұлтанның ұлағаты мен тағылымын дәріптейтін марапат. Жалпы, біз өз елімізде Қожа Ахмет Ясауидің бай мұрасын жүйелі түрде және кең ауқымда зерттеу жұмысын белсенді түрде жүргіземіз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. ✔️Мемлекет басшысы Түркия Президентін Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәртебелі орденмен марапаттау туралы шешім қабылдағанын, Режеп Тайип Ердоған – бұл орденнің тұңғыш иегері екенін атап өтті. – Мұның символдық мәні өте зор. Бұл марапат – ұлы бабамыз салған рухани бауырластық пен тарихи әділдік жолының жарқын үлгісі. Қадірлі Президент мырза, Сіздің Қазақ еліндегі беделіңіз өте жоғары. Халқымыз Сізді сыйлайды, жақсы көреді, қолдайды. Қадірлі досым, осы жоғары марапатты Сіздің түркі әлеміндегі көшбасшылық рөліңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыз. Сондай-ақ еліміздің Сізге және түрік жұртына деген шынайы құрметі, зор ризашылығы деп біліңіз. Өзіңізге зор денсаулық, ал барша түрік халқына амандық пен бақ-береке тілеймін! Қазақ-түрік достығы мәңгі болсын! – деді Президент. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Глава государства вручил Президенту Турции орден Qoja Ahmet Yasaui ✔️Касым-Жомарт Токаев в своей речи назвал Реджепа Тайипа Эрдогана дальновидным лидером, ведущим свой народ вперед, и влиятельным политиком мирового уровня. – Благодаря эффективным реформам, реализованным по Вашей инициативе, Турция уверенно встала на путь устойчивого развития и процветания, добилась значительных успехов, стала влиятельной и могущественной державой. Мы искренне рады достижениям братского турецкого народа и неизменно желаем ему дальнейших успехов. Президент Эрдоган – выдающийся государственный деятель, последовательно отстаивающий принципы справедливости и ответственности в глобальной политике. Ваша концепция «Мир больше пяти» получила широкую известность. Это, безусловно, смелый призыв против неравенства в системе международных отношений. Кроме того, Вы играете особую роль в укреплении сотрудничества тюркского и исламского мира. Без преувеличения можно сказать, что Вы являетесь одним из самых авторитетных лидеров тюркского мира. Вы прилагаете неустанные усилия во имя укрепления духовного и политического единства братских стран. Благодаря прямой поддержке уважаемого Реджепа Тайипа Эрдогана Организация тюркских государств в короткие сроки превратилась во влиятельное объединение. Активизировалась деятельность таких важных институтов, как ТЮРКСОЙ, Парламентская ассамблея тюркских государств, Тюркская академия, Фонд тюркской культуры и наследия, Тюркский инвестиционный фонд. Мы высоко это ценим, – сказал Президент Казахстана. ✔️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что Казахстан и Турцию связывают многовековые исторические узы. – У нас единые происхождение и вера, схожий менталитет. Имеющее глубокие корни братство казахского и турецкого народов сегодня переросло в стратегическое партнерство. Вы вносите неоценимый вклад в укрепление наших дружеских отношений и продвижение общих ценностей. От себя лично и от имени всего казахского народа позвольте выразить Вам искреннюю благодарность за это. Великая степь является прародиной тюркских народов, а Туркестан – ее сакральным наследием и духовной столицей. Этот священный город – символ единства и колыбель нашей самобытной цивилизации. Поэтому мы приняли решение провести именно в Туркестане неформальный саммит Организации тюркских государств, который начнет свою работу завтра. Уверен, что эта встреча будет способствовать дальнейшему сближению братских стран и укреплению их взаимодействия, – отметил Глава нашего государства. t.me/aqorda_resmi
🇰🇿🇹🇷Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. – Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің әр жетістігіне қуанамыз. Президент Ердоған – жаһандық саясатта әділдік пен жауапкершілік қағидатын табанды түрде қорғап жүрген аса көрнекті қайраткер. Сіздің «Әлем бестен үлкен» атты тұжырымдамаңыз баршаға белгілі. Бұл халықаралық қатынастар жүйесіндегі теңсіздікке қарсы айтылған батыл үндеу екені сөзсіз. Сонымен қатар Режеп мырза түркі және ислам өркениетінің ынтымақтастығын нығайту ісінде айрықша рөл атқарып келеді. Өзіңізді түркі әлемі мойындаған беделді көшбасшы десек, артық болмайды. Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек етіп жүрсіз. Қадірлі Режеп Тайип Ердоғанның тікелей қолдауының арқасында Түркі мемлекеттері ұйымы қысқа мерзім ішінде ықпалды құрылым ретінде қалыптасты. Сондай-ақ ТҮРКСОЙ, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік ассамблеясы, Түркі академиясы, Түркі мәдениеті және мұрасы қоры, Түркі инвестициялық қоры секілді маңызды институттардың жұмысы жандана түсті. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Қазақстан Президенті. ✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның арасында сан ғасырлық тарихи сабақтастық бар екеніне тоқталды. – Біздің тегіміз бен дініміз – бір, діліміз – ұқсас. Қазақ пен түрік жұртының тереңнен тамыр тартатын бауырластығы бүгінде стратегиялық серіктестікке ұласты. Сіз достық қарым-қатынасымызды нығайтуға, ортақ құндылықтарымызды дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келесіз. Сол үшін өз атымнан және барша Қазақ елі атынан Сізге зор алғыс айтамын. Ұлы дала – түбі бір түркі халықтарының атажұрты, ал, Түркістан – оның қастерлі қазынасы, рухани астанасы. Киелі шаһар тұтастығымыздың нышаны, төл өркениетіміздің алтын бесігі саналады. Сондықтан біз ертең өз жұмысын бастайтын Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістан төрінде өткізуді жөн көрдік. Алқалы жиын ағайын елдердің арасын жақындатып, ықпалдастығын күшейте түседі деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi
🇹🇷Президент Турции выразил уверенность в том, что новая Конституция, получившая всенародную поддержку на республиканском референдуме, обеспечит дальнейшее укрепление единства Казахстана 🟦Реджеп Тайип Эрдоган также отметил, что турецко-казахские отношения укрепляются во всех сферах в рамках расширенного стратегического партнерства. – В ходе встречи мы обменялись мнениями по многим вопросам: от торговли до сотрудничества в отраслях энергетики, оборонной промышленности, транспорта и логистики. Мы также обсудили глобальную повестку дня. Подтвердили намерение довести двусторонний товарооборот до 15 млрд долларов. Для достижения этого показателя считаем важным обеспечить реализацию Плана действий из 67 пунктов, принятого на 14-м заседании Межправительственной комиссии по экономическому сотрудничеству в Астане 15 апреля. Мы продолжим оказывать поддержку компаниям в сфере инвестиций. Считаю, что такие мероприятия, как сегодняшний бизнес-форум, объединяющие деловые круги двух стран, имеют большое значение для углубления наших торгово-экономических связей, – сказал лидер Турции. 🟦На заседании Совета с казахстанской стороны также выступили заместитель Премьер-министра – министр национальной экономики Серик Жумангарин, председатель правления АО «Самрук-Казына» Нурлан Жакупов, с турецкой стороны – министр иностранных дел Хакан Фидан и министр торговли Болат Омер. t.me/aqorda_resmi
🇹🇷Режеп Тайип Ердоған республикалық референдумда халық қолдауына ие болған жаңа Конституция Қазақстанның ынтымағын арттыра беретініне сенім білдірді 🟦Сонымен қатар Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында барлық салада нығайып келе жатқанын айтты. – Қадірлі бауырыммен өткізген кездесуде саудадан бастап энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандағы өзекті мәселелер секілді көптеген тақырыпта пікір алмастық. Біз сауда айналымын 15 миллиард долларға жеткізуге ниетті екенімізді растадық. Осы орайда 15 сәуірде Астанада өткен Үкіметаралық экономикалық комиссияның 14-ші отырысында қабылданған 67 тармақтан тұратын Іс-қимыл жоспарын жүзеге асырудың маңызына тоқталдық. Инвестиция саласында компанияларымызды ынталандыруды жалғастырамыз. Бүгінгі бизнес-форум сияқты іскерлік ортаны біріктіретін іс-шаралар екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту тұрғысынан аса маңызды деп санаймын, – деді Түркия Президенті. 🟦Кеңес отырысында Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Түркия тарапынан Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Сауда министрі Болат Омер баяндама жасады. t.me/aqorda_resmi
Архив #государство — страница 33
Это 33-я страница подборки «государство» в ленте Life News. Вернуться к свежим публикациям по тегу — первая страница. Все темы — на главной.





























