Комитет государственных доходов РК » публикация №11791
📹 Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) Салық төлеуші кабинеті арқылы қалай толтыруға болады? Бұл бейнероликте 250.00-нысандағы декларацияны Салық төлеуші кабинеті арқылы қалай толтырып, тапсыру керектігін кезең-кезеңімен көрсетеміз. Еске саламыз, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке тұлға тұрғылықты жері бойынша бір рет тапсырады. Бұл талап сайланбалы немесе мемлекеттік лауазымға кандидаттарға және олардың жұбайларына қолданылмайды. Сайланбалы лауазымдарға, оның ішінде депутаттыққа кандидаттар және олардың жұбайлары декларацияны кандидаттарды ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша тапсырады. ▶️ Бейнероликті көріп, декларацияны қатесіз толтыру үшін сақтап қойыңыз.
#новости · #kz · #политика · #telegram · #государство





























