Ақтөбеде автогаз құю бекетінде көлік өртенді: Жалыннан балалармен қосқанда үш адамның денесі табылды Оқиға 19 маусым күні кешке болған. Өрт небәрі 8 минутта сөндірілгенімен, көлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Өрт сөндірушілер жалында станцияға тарамауының алдын алған. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр. t.me/stankznews
Stan.kz — страница 14
Архив материалов источника Stan.kz, страница 14. Более ранние публикации этого издания в ленте Life News. Свежие — на первой странице.
Енді Қазақстанда түнгі 12-де от шашу атып, туған күн тойлайтындар жазаланады Ішкі Істер министрлігі тұрғындардан шағым көбейгендіктен тексеріске шығатынын алға тартты. Тұрғындардың айтуынша, көпқабатты үйлердің ауласында дәл осындай жағдайлар өзгелерді ұйықтатпай мазаны алады. Бос бөтелкелер мен пиротехника қалдықтарын да аяқ астында қалдыратындар бар. Полиция ескертуге көнбегендерге 22 мың теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты. Егер қайталанса, әкімшілік жазаның көлемі екі есеге ұлғаяды. Туған күнді шуламай тойлаңыздар… t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 Мексика құрамасы футболдан әлем чемпионатының плей-оффына шыққан алғашқы команда атанды 🔶 Америкалық FOX Sports телеарнасы әлем чемпионатында Өзбекстанды Қазақстанмен шатастырды 🔶 Блогер Жанәбіловтердің тәркіленген сегіз көлігі сатылымға шығарылды, десе де аукционға жеке тұлғалар қатыса алмайды 🔶 Қазақстанда 1 шілдеден бастап тауарлық газ бағасы 33% өседі 🔶 Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіштен "Елбасы" сөзі әлі алынбаған 🔶 Ақтөбеде кәмелетке толмаған қызды зорлаған педагог 15 жылға сотталды t.me/stankznews
Таразда жігітті әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен сәт видеоға түсіп қалды Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше адамның жас жігітті көлікке отырғызуға тырысқаны көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, оны Тараздағы «Парасат» колледжінде емтихан тапсырып жатқан жерінен алып кеткен. Жамбыл облысының шақыру комиссиясы жігіттің 2006 жылы туған әскери қызметке шақырылушы азамат екенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол жинақтау пунктіне барудан бас тартқандықтан, мәжбүрлі түрде жеткізілген. Дегенмен кейін жігіт әскерге өз еркімен бара жатқанын мәлімдеді. t.me/stankznews
Шымкентте жеке үйден өрт шығып сегіз баланың анасы тірідей жанып кетті Қайғылы жағдай қала іргесіндегі Қайнарбұлақ шағын ауданында болған. Перзенттерінің көз алдында отқа оранған ананы аман алып қалу мүмкін болмады. Ауруханада ажал құшқан келіншек күйеуімен бірге үйде көрпе-төсек тігіп нәпақа тапқан екен. Үй ауласындағы бейнекамераға жазылған бұл кадрларды бей-жай қарау мүмкін емес. Жалын ішінен жүгіріп шыққан келіншек денесінің 80%-ын күйік шалғанын да түсінбеген сыңайлы. Ал далада қалған күйеуі оны құтқарамын деп жалаң аяқ от кешіп, әйеліне жүгіре бергенін айтады. Сегіз баласы бар Боранбаевтар отбасы көрпе-төсек тігіп, нәпақа тауып отырған. Үйдің ауласынан цех ашып, жұмыс істеген екен. Куәгерлердің айтуынша, алдымен мақта өртеніп, санаулы сағаттар ішінде баспананың күллі көкке ұшқан. Бір сәтте жан-жары, баспанасы мен кәсібінен айырылған Айдос Боранбаев сегіз баласымен далада қалды. Екі аяғы күйіп, жүре алмай қалған жігіт ағасы жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. t.me/stankznews
Сәбиін көтеріп, курьер болып жүрген ана естеріңізде ме? Еңбек министрлігі оны тауып, жағдайын анықтаған. Министр Асқарбек Ертаевтың сөзінше, әйел күйеуі және баласымен бірге 19 мамыр күні Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Күйеуінің IT саласы бойынша жоғары…
✍🏻Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды ▪️ Жануарлар дүниесі, орман және аңшылық шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; ▪️ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; ▪️ Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдарға қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланатын болады. t.me/stankznews
🚔Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырады Қызметтік көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. “Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қызметтік Jac маркалы автокөлік қызметтік жарықтары қосулы күйде қиылыстан өту…
🇺🇲🇮🇷 АҚШ пен Иран ақыры келісімге қол қойды Олар соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын ашу туралы меморандумға қол қойды. Келісімге қол қойылғанын Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді. Рәсім қашықтан, электрондық форматта өткен.…
⚡️ERG Service зауытында жұмысшы қаза тапты Компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 19 маусымда Ремонт-механикалық металлпрокат зауытының электрболат балқыту цехында жазатайым оқиға болып, соның салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты. «ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Компания сонымен қатар қаза болған қызметкердің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. t.me/stankznews
Әйел полиция көлігіне тас лақтырып қашып кетпек болған Бұл жағдай Алматыда болған. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан әйелдің полиция көлігіне тас лақтырғаны, кейін қашып бара жатқанын көруге болады. Алайда ол ұзап кете алмады. Оны полицейлер лезде ұстап алды. Полиция оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартты. Полицейлердің айтуынша, әйелдің әрекеті себепсіз әрі оғаш көрінген. Оның психологиялық күйін бағалау үшін оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған. t.me/stankznews
⚖️ Жасөспірім қызды зорлаған педагог 15 жылға сотталды Оқиға Ақтөбеде болған. Сот мәліметінше, ер адам қыз баланы пәтеріне шақырған. Алғашында екеуі өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түскен. Кейін ер адам оны жібермей, қолынан қысып, күштеп шешіндіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен. Прокурор сотталушыға 16 жылға соттау жазасын сұрады. Қылмыс жәбірленушінің жауаптары мен сараптама қорытындысымен дәлелденді. Ол 15 жылға сотталды. Оған қоса педагог болуға және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды. t.me/stankznews
Шахмұрат Мүтәліп пен Нұрлан Жақыпов ERG компаниясының басқарушылар кеңесінің құрамына кірді Eurasian Resources Group сайтында олар "Қазақстан Республикасының өкілдері" бөлімінде кеңес мүшелері ретінде көрсетілген. Кеңес құрамына Шухрат Ибрагимов және Президент…
Назарбаевқа қойылған ескерткіште “елбасы” мәртебесі әлі алынбаған Бұл ескерткіш Астанада орналасқан. Ондағы “елбасы” сөзін тұрғындар байқаған. Ал бұл атаққа қатысты заңның күші 2023 жылы жойылған. Қоладан құйылған мүсін 2021 жылдың жазында тұңғыш президенттің 81 жылдығына орай қойылған еді. Ондағы гранит тұғыртаста «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ» деп жазылған. Алайда «Елбасы» атауының ескерткіште сақталуы қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. t.me/stankznews
"10 миллион теңге ұсынды": Әл-Фарабидегі жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі айыпталушыға кешірім бермегенін айтты Әл-Фараби даңғылында болған жол апатында қаза тапқан 20 жастағы Т.К-ның әкесі сотталушыны кешірмейтінін және оған қатаң жаза тағайындалуына…
Міне, қайсар мінез деген осы... 😍❤️🔥 Желіде Түркияда қыдырып, парапланға мініп, әндеткен әженің видеосы тарады. Кадрдан әженің әуеге көтерілсе де әндетіп тұрғанын көруге болады. Қызы Алма Жаналинаның айтуынша, әженің жасы 74-те. Көпшілік осылай ержүрек болып қартаю бұйырсын деп тілеп жатыр. Оқырмандар арасында видеоны жасанды интеллект көмегімен жасалған деп ойлағандар да табылды. Алайда видеоны соңына дейін көргендер оның расымен де шын видео екеніне көз жеткізген. t.me/stankznews
📉 1 шілдеден бастап газ бағасы 33% қымбаттайды Мұны Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев айтты. Оның сөзінше, соңғы айларда газ өндіру азайғанымен, баға өскен жоқ. Ал газ өндіру көлемінің азаюына Теңіз кен орнындағы техникалық ақау себеп болған. Десе де бұл халықты газбен қамтуға әсер еткен жоқ дейді. Себебі ұлттық оператор QazaqGaz тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз еткен. Министрлік мәліметінше, газ бағасының өсуіне алдағы жылыту маусымына дайындалу және ескірген газ желілерін жаңарту себеп. t.me/stankznews
❓💬 Неге Жанәбілов шартты жаза алды, ал оның әйелі нақты мерзімге сотталды Мұны адвокат Гаухар Айтжанова айтты. Оның сөзінше, Төлегеноваға тағайындалған жаза бұл прокурордың талабы. Бұл бізге ұсынылған шарттар, біз соған келістік дейді адвокат. t.me/stankznews
🇺🇿🇨🇴 “Өзбекстан” “Колумбия” құрамасына есе жіберді Кездесу 3:1 есебімен Колумбияның пайдасына шешілді. Ал Өзбекстан құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы голын соқты. Өзбекстан құрамасы келесі ойынын 23 маусым Португалияға қарсы өткізеді. t.me/stankznews
Бұған дейін талай сынға ұшыраған «ҚазАвтоЖол» енді жүргізушілерді сынады 😁 Олар жолда тәртіп бұзған жүргізушілердің видеосын таратты. Кадрдан жол жиегінде дәрет сындырып, қақырып-түкірген адамдарды көруге болады. Компания мәліметінше, жыл сайын жол бойындағы қоқысты жинауға, дәретханаларды күтіп ұстап, демалыс аймақтарын тазалауға шамамен 1 миллиард теңге жұмсалады. Себебі жүргізушілер мен жолаушылар жол жиегіне қоқыс тастап, белгіленбеген жерде темекі шегеді. Тіпті кей тұрғындар тас жол маңына құрылыс қалдықтарын, өлекселерді тастай салады екен. Сосын дәл осы адамдар жол бойынан жағымсыз иіс шығатынын, қоқыс шашылып жататынын айтып шағымданады дейді. Сол үшін "ҚазАвтоЖол" осындай әрекет жасайтын адамдардың видеосын көрсетуді жөн көрген сияқты. t.me/stankznews
Мексика плей-оффқа шықты Осылайша олар әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алған алғашқы команда атанды. Олар А тобының екінші турында Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді. Дәл осы мүмкіндік плей-оффқа өтуге жол ашты. А тобының екі турдан кейінгі турнирлік кестесі: 🔶 Mexico – 6 ұпай; 🔶 South Korea – 3 ұпай; 🔶 Czech Republic – 1 ұпай; 🔶 South Africa – 1 ұпай. Бұған дейін Мексика құрамасы Оңтүстік Африканы 2:0 есебімен ұтқан еді. t.me/stankznews
Міне, үлгі боларлық іс 😍 Елордада 11-сынып түлектері салтанатты мектеп бітіру кешінен бас тартып, қайырымдылық жасады. Олар ауруханада онкология бөлімінде ем алып жатқан балаларға қолдау көрсетті. Түлектер балаларға сыйлықтар мен ойыншықтар алып, жылы лебіздерін жолдады. Олар «Сен қаһармансың», «Бүгін мен мектепті аяқтасам, ертең сен де аяқтайсың» деген жазуы бар плакаттар ұстап, ем қабылдап жатқан балаларға жігер сыйлады. t.me/stankznews
🇰🇿🌐 Бейсенбі күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды 🔶 АҚШ пен Иран ақыры соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды 🔶 Еңбек министрі сәбиін арқалап, курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді, айтуынша отбасының жағдайы жақсы, көлігі бар екен 🔶 Алматыда ер адам бір бөлмелі пәтерге 990 адамды заңсыз тіркеп, ақшалай сыйақы алып отырған, ол 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді 🔶 Тоқаев медицина қызметкерлерімен кездесті, онда қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді, оған қоса денсаулық сақтау саласында маман тапшы екенін айтты 🔶 Банкаралық төлемдерге арналған бірыңғай QR-код жүйесі 19 шілдеде іске қосылатын болды 🔶 Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 250 мың доллар сыйақысын алды, Үкімет ақыры сыйақыны беру туралы қаулыны шығарды t.me/stankznews
📞Тоқаев телефон арқылы Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстары әкімдерінің есебін тыңдады Облыс басшылары мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. 🔹Тоқаев Серік Шәпкеновке, Ербол Қарашөкеевке, Нұрдәулет Қилыбайға және Дастан Рыспековке аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдері қажет екенін ескертті. 🔹Облыстардың экономикалық әлеуетін арттыру және азаматтар мүддесіне қатысты әлеуметтік мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдау тапсырылды. 🔹Өңір басшыларына экологиялық ахуалды бақылауда ұстау, криминогендік құбылыстармен, заңды қасақана бұзу әрекеттерімен батыл түрде күрес жүргізу жөнінде тапсырма берілді. t.me/stankznews
Шерзат Болаттың өлімі: Алматы облысында бірнеше түлға қызметінен босап, полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды Талғарда 16 жасар Шерзат Болатты өлтіру бойынша резонанстық іс аясында Алматы облысының бірнеше жоғары лауазымды полицейлері отставкаға…
Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистияға кімдер ілігуі мүмкін: Министрлік түсіндірді ІІМ мәліметінше, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасағандарға қолданылады. Сондай-ақ залал келтірілмеген немесе толық өтелген жағдайда ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандар да рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Ведомствоның мәліметінше, амнистия 15 мыңнан астам адамға, оның ішінде 1,5 мың сотталғанға қатысты болуы ықтимал. Ал әкімшілік амнистия аясында 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтар бойынша орындалмаған айыппұлдарды есептен шығару көзделген. Бұл шара азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге, нотариустарға, адвокаттарға және жеке сот орындаушыларына қатысты болмақ. ІІМ дерегінше, тек ведомство желісі бойынша 17 млрд теңгеден асатын шамамен 1 млн әкімшілік айыппұл рақымшылыққа ілігуі мүмкін. t.me/stankznews
🇰🇿🇵🇰Тоқаев Пәкістан премьері Шахбаз Шарифке хат жолдады Мемлекет басшысы оны АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қол қойылуына дәнекер болған дипломатиялық әрекетінің нәтижелі аяқталуымен құттықтады. Президент осы тарихи келісімге қол жеткізуге ықпал еткен Пәкістанның конструктивті рөлін жоғары бағалап, Шахбаз Шарифтің көреген көшбасшылығын және оның қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу қағидатын дәйекті түрде жақтайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы аталған уағдаластық Таяу Шығыста және тұтас әлемде ұзақмерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәнге ие екеніне назар аударды. t.me/stankznews
Шахмұрат Мұтәліп пен Нұрлан Жақыпов ERG компаниясының басқарушылар кеңесінің құрамына кірді Eurasian Resources Group сайтында олар "Қазақстан Республикасының өкілдері" бөлімінде кеңес мүшелері ретінде көрсетілген. Кеңес құрамына Шухрат Ибрагимов және Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр да бар. Бұған дейін Мүталип ERG-нің 39,3% акциясын сатып алған. t.me/stankznews
Қазақстанда әскери қызметкерлер енді тұрғын үй төлемін тек баспанаға ғана емес, басқа мақсаттарға да пайдалана алады Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өзгерістер 15 сәуірде күшіне енген. Жаңа нормаларға сәйкес тұрғын үй төлемдерін енді: - тұрғын үй сатып алуға; - ипотекалық қарызды өтеуге; - тұрғын үй құрылыс жинақтарын толықтыруға; - кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алу төлеміне; -тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеуге де пайдалануға болады. t.me/stankznews
👀 "Бес айдан бері жалақы алған жоқпын" дейді Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Мәнерлеп сырғанаушы мұны Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты. Сөзінше, қазір жаңа маусымға дайындықты бастайтын уақыт келді. Алайда қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер…
Архив Stan.kz — страница 14
Это 14-я страница архива публикаций источника Stan.kz. Свежие материалы в этой подборке — на первой странице. Все источники ленты доступны со главной.